"Ұлы дала елінің болашағы жастар"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ұлы дала елінің болашағы жастар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Болашақ жастарға арналған дөңгелек үстел.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ұлы дала елінің болашағы жастар»

(Дөңгелек үстел)



Дөңгелек үстел өткізу мақсаты: ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында көшбасшылық қабілеті бар, ынталы және талантты жастарды қолдау, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу.

Өткізілген іс-шара түрі: Дөңгелек үстел

Өткізілетін әдіс-тәсілдері: Пікір алмасу, ой бөлісу

Қатысушылар: оқушылар.

Көрнекілігі: Слайд, мақал-мәтелдер, суреттер.

І. Баяндама: «Ұлы дала елінің болашағы жастар»

«Баянды бақыт таймасын халқым басыңнан,

Мол үміт күтем, жас ұрпақ сендей асылдан!» - демекші,  Елбасымыз Халыққа Жолдауында: Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті тұр,- деп, жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын ету, елімізді өркендету үшін білімді жастар керек. Кез келген ел өзінің болашағын өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни жастарға бұйырған - баға жетпес бақыт.

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» Мақаласында кездесетін «бәсекелестік», «білім», «ғылым», «тұтастық», «ұлттық код» сынды сөздердің жастар үшін маңызы зор. Себебі білімдінің мыңды жығар заманы келе жатыр. Сандық Қазақстанның болашағы өсіп келе жатқан ұрпақтың қолында. Себебі ХХІ ғасырдың ұрпағы сандық әлемге етене енбесе, Кеңестік кезеңнің дәмін татқан буынның икемі бірден келе бермейді. Басты талап меңгеру. Қай жағынан келсе де кез келген саланы жіті меңгере отырып, жұмыс жасау.  Мақалада көрсетілген орындалу керек міндеттердің бәрі дерлік жастар алдында тұрған міндеттер. Тіл үйрену, қабілетті болу, ел үшін тер төгу. Елбасының бұған дейін де «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында» деген сөзі де әлі ықпалын жоғалтқан жоқ. Тіпті бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын табатын дана сөз болып қалары анық.  Жастардың билікке келуі, олардың сауаттылығы мен ел басқарудағы әрбір міндеттері маңызды рөл атқарады. Шалалыққа бармас үшін әрбір қазақстандық жастар осы мақаладағы көрсетілген міндеттер мен тапсырмалар негізінде жұмыс жасауы керек.

Көзі ашық, көкірегі ояу кез-келген білімді ұрпақ өз Отанын дамыту жолында аянбай тер төгеді. Қазіргі бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заманда «жалқаулықты жанға серік етіп жатудың» өзі әбестік. Жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағы үшін еңбек ету жастардың басты міндеті.

Жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті саналады. Қандай мықты мемлекет болмасын жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөледі. Келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керек

Қазіргі таңда Қазақстан – өркениетті, дамыған елдер қатарына енген мемлекет.  Тәуелсіздік жастарға жарқын болашаққа жол ашып берді. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету – білімді жастардың қолында.

ІІ. Қорытынды. Дөңгелек үстелге қатысушы талантты көшбасшылар мен сіздерге тақырыпқа байланысты өз ойымды барынша жеткізуге тырыстым. Кезек талантты көшбасшыларда. (Дөңгелек үстелде талантты көшбасшылар өздерінің ойларын, пікірлерін ортаға салды. )



ІІІ. «Кім қалай түсінеді» Мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді талқылау, қолдарыңызға мақал-мәтелдер, қанатты сөздер таратылып беріледі. Әркім Мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді талқылайды. Бұл жерде сіздер өздеріңіздің ойлау қабілеттеріңіз бен сана сезімдеріңіздің қандай деңгейде екендіктеріңізді көрсете аласыздар.

  1. «Мен жанбасам лапылдап,

Сен жанбасаң лапылдап,

Біз жанбасақ лапылдап,

Аспан қалай ашылмақ жастар» Назым Хикмет

  1. «Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді» Ахмет Байтұрсынұлы

  2. «Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті» Ахмет Жұбанов

  3. «Адам болатын бала алысқа қарайды» мақал

  4. «Атың жаман болса, қырың кетер

Балаң жаман болса арың кетер» мақал

  1. «Асығу баланың ісі, аттандыру анаң ісі» мақал

  2. «Бір бала атасына жете туар,

Бір бала атасынан өте туар,

Бір бала кері кете туар» мақал

  1. «Бел астындағыдан бесіктегі бала үміттенеді» мақал.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.11.2018
1213
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі