Ш.Бектасов атындағы жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
тарих пәні мұғалімі Қонарбаева Үрзада
пәні: Адам.Қоғам.Құқық
сыныбы : 9 «Ә»
Тақырыбы: Әлеуметтік қатынастар
Мақсаты: Әлеумет сөзіне, қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымына сипаттама беріп,әлеуметтік мобилділікке,адамның өзін-өзі ұстауының әлеуметтік нормаларына тоқталу
Көрнекілігі: тірек сөздер, тірек сызбалар,суреттер,
Сабақтың барысы:
|
Саб.кезеңдері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушы іс-әрекеті |
Уақыты |
|
ұйымдастыру |
Сәлемдесіп,оқушылардың назарын сабаққа аударамын. Сыныпта ынтымақтастық көңіл-күй орнатамын. |
Сәлемдеседі,кезекші мәлімдеме жасайды. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. |
3мин. |
|
Білу «Менің білетінім» |
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар беремін 1.Нарық деген не? 2.Ақша деген не? 3.Ұсыныс,сұраныс деген не? 4.Нарықтық қатынастар бойынша қандай деректемелер білесіңдер? |
Сұрақтарға бір-бірлеп жауап береді. Әқайсысы бір мәліметтен келтіреді. |
5мин. |
|
«Ширату» |
Сұрақты-тапсырмалар 1.Тауар құны мен бағасының арасындағы айырмашылықты анықтаңдар 2.Ұсыныс пен сұраныс заңын тұжырымдаңыз 3.Бәсеке және монополия қалай қалыптасатынын көрсет. |
Оқушы әрекеті Венн диаграммасын түзеді Екі түрлі сызбада көрсетеді Шығармашылық жұмыс жасайды (көрініс) |
5мин. |
|
Түсіну |
Жаңа сабақты меңгерту 1.Әлеуметтік құрылым 2.Әлеуметтік қатынастар 3.Тұрғындардың әлеуметтік қамтамасыз етілуі |
Дәптерлеріне тірек сөздерін жазады. «Әлеумет», «зейнетақы», «құрылым», топтар,таптар |
7мин. |
|
«Ой талқы» |
Тапсырма 1.Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымына сипаттама бер 2. «Әлеумет»сөзі қандай мағынада қолданылады? 3.Адамның өзін-өзі ұстауының әлеуметтік нормасы қандай? |
Оқушы әрекеті Тірек сызбада көрсетеді
Қ Ұлтына Біліміне
Сөзжұмбақ жасайды «Әлеумет» сөзіне Шығармашылық жұмыс (көрініс) |
8мин. |
|
Жинақтау |
Сабақты қорытындылау үшін сұрақтар 1.Қазіргі Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең күрделісі не? 2.Зейнетақы деген не? |
Өз ойларын тұжырымдап жауап береді Өз көзқарастарын білдіреді |
5мин. |
|
Рефлексия |
Кері байланыс жасаймын |
Бүгінгі сабақ туралы қандай ой түйгендерін айтады |
3мин. |
|
Бағалау |
Қорытынды баға қоямын |
Бір-біріне бағалау сөздерін айтады |
2мин. |
|
Үйге тапсырма |
Әлеуметтік қатынастар Шығармашылық тапсырма: «Біз мемлекеттен қандай жәрдем аламыз» (эссе жазу) |
Күнделіктеріне,дәптеріне жазып алады. |
2мин. |
Ш.Бектасов атындағы ЖОМ КММ
Жоғары санатты тарих пәні мұғалімі
Қонарбаева Үрзада Тәшімқызы
Кездесу сабағы
10.11.2017 ж.
Қатысқандар: ұлағатты зейнеткер-ұстаз Шыназбекова Хадиша апай(Шыназбек Бектасовтың келіні), мектеп директоры Қойжигитова Қ.,ДТІЖО- Амирова Қ., ,мектеп мұғалімдері, 11-сынып оқушылары
Тақырыбы: Рухани жаңғыру – ұлттық өрлеудің ұлы күші
Мақсаты: Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында мектебіміз атымен аталатын Шыназбек Бектасов жөнінде,ауыл өңірінде мектептің ашылуы жайлы мағлұматтар беріп,ата-баба дәстүрін жалғастырып ұрпақ сабақтастығын оқушылардың бойына дарыту.
Пайдаланылған құрал-жабдықтар: мектептің суреттері,Ш.Бектасов жайлы материалдар және мектебіміздегі(құрылысы ескірген ғимарат ішіндегі) іс-шаралар бейнеленген слайдтар,т.б.
Сабақ барысы:
І Бөлім: Кіріспе
Сабақты ашу,мақсатын түсіндіру
ІІ Негізгі бөлім
1.Өзім оқитын мектебім
2.Шыназбек Бектасовтың өмір деректері (слайдтар арқылы көрсетіледі)
ІІ Бөлім: Қорытынды
1.Келген қонақтарға сөз беру,әңгіме,сұрақтар
2.Кері байланыс жасау
Мұғалім: «Адам – керуен,өмір-жол,ешкімге жат із емес, Жолмен көшкен керуеннің,алды-арты біз емес»,- деп ақын Сәкен Сейфуллин жырлағандай осы керуен жолымен келе жатқан адамға ата-анадан кейінгі қымбат адам – мұғалім.Үйдің тірегі мөлдір бұлақтай ата-ана болса,сол бұлақтың жағасындағы құрағы - ұл мен қыз.Құрақтай құлпырған балаға нәр беретін – ұлт зиялысы Ахмет Байтұрсынов айтқан «Мектептің жаны – мұғалім».
Сондықтан да біз бүгінгі сабағымызды саналы азамат ретінде өзіміз оқып, білім нәрімен сусындап отырған мектебімізге есімі берілген Шыназбек Бектасов сынды тұлғалы азамат жөнінде,оның ғибрат алар өмір деректеріне тоқталуды жөн көрдім. Деседе оған себеп болған, Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы. Онда-тағлымы мол тарихымызды зерделеуге,төлтума мәдениетімізді қолдауға қатысты нақты міндеттерді айқындап берді.Біз санамызды жаңғырту үшін халқымыздың бай мұрасын дәріптеп, өткеннен сабақ алып ата-баба дәстүрімен ұрпақ сабақтастығын жалғауымыз керек. Жалпы рухани жаңғыру жөнінде оқушылардың пікірін тыңдасақ:
1-оқушы: – Ораз Аружан: -Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы қазақ халқының Жаһандану дәуірінде ұлттық рухани дағдарыстан сақтандырады. Елбасы өз сөзінде: «Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде.Әлем бағыты әлі бұлыңғыр,жаңа тарихи кезең басталды»-дейді.Әлем өзгеріп бара жатқаны соншалық,кешегі құндылықтар бүгінде жоғалып бара жатыр.Ал, біздің әлемде теңдесі жоқ руханиятымыз не себепті әлсіреді дегенге жауапты осы мақаладан табамыз. «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодын сақтай білу» Ұлттық код дегеніміз-ұлтымыздың ғасырлар бойы жинаған рухани құндылықтары.
2-оқушы: - Әбдіразақ Сабира: - Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық.
3-оқушы: Қалдыбай Марал: - Егер қазақстандықтар жер жүзін үйден шықпай, терезеден телміріп баға беретін болса, әлемде, құрлықта, тіпті іргедегі елдерде қандай дауыл соғып жатқанын көре алмайды.
4- оқушы: Сәрсенбай Ералы: - Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып қалған қағида емес.Ол үнемі өзгеріп отыратын тірі ағза іспетті.Ол өмір сүру үшін заман талабына сай болу қажет.
5-оқушы: Ділдабек Аружан: - Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады.

6-оқушы: Мақсымқан Роза - Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр алмаса,ол адасуға бастайды.
7-оқушы: Жеңіс Жәудір – Елбасы Жолдауында «Бәсекелестік қабілет» атты тақырыпты көтерді.Адамдар арасындағы бәсекелестік емес,ұлт арасында бәсекелестік болса ғана ел өркендейді. Компьютерді және басқа да шеттілдерін жетік меңгеруіміз керек.Соның нәтижесінде елімізде «Үш тілде білім беру», «Цифрлы Қазақстан» секілді бағдарламалар жүзеге асырылуда.
8-оқушы: Ораз Тоты --«Қазақстандағы 100 жаңа есім» - жобасы Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Жобаның басты мақсаты-Тәуелсіздік дәуірінде еліміздің көркеюіне үлес қосқан ұлтымыздың алтын қорына енуге лайықты жерлестерімізді көпшілікке таныстыру. Басты критерий –Тәуелсіз Қазақстанның көркеюіне қосқан үлесті көрсету.
Мұғалім: - Сабағымыздың ІІ негізгі бөліміне өтеміз.Біз өзіміз оқып,білім нәрімен сусындап отырған мектебіміз жайында тоқталамыз.Біздің мектебіміз Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Жамбыл ауыл әкімшілігіне қарасты «Тегістік» ауылында 1988 жылы ашылып,оған кеңес дәуірі тұсындағы «Бүкілодақтық Лениндік Жастар Одағының 70 жылдығы» атауы берілген екен.(ескі мектеп ғимаратының суреттері слайдта көрсетіледі) Мектепті ашуға негізгі ұйытқы болып,демеу жасаған ауыл тұрғындары еді. Енді сөз кезегін оқушылардың дайындаған материалдарына береміз.
1-оқушы: Сәрсенбай Ералы: - Біздің мектебіміз алғашқыда 8-жылдық мекеп болып 1988жылы ашылды.Оның алғашқы директоры Жамединов Сазан ағай, орынбасары Абаев Ерсін ағай болса,алғашқы мұғалімдері-Оңғаров Жанзақ,Қантөреев Шірінбек, Қарамендиева Ханзада,Абдиева Тасбике,Маханбетова Ырысқал,Бектасов Шоқан т.б.ұстаздар болған. Бұл мектепте 1989 жылдан 2007 жыл аралығында Абаев Ерсін ағай директор қызметін атқарса, 2007-2014 жылдары Арынов Сапар ағай, ал 2014жылдан бері Қойжигитова Қ. апайымыз директорлық қызметін атқарып келеді. Аталған «БЛКЖО-ның 70 жылдығы» мектебіне еліміз тәуелсіздік алған тұста 1993 жылы ауыл азаматы, бар ғұмырын ауыл балаларының сауатын ашуға арнаған 20 ғасырдың 30-40 жылдарындағы алғашқы сауат ашу ісінің бастамашыларының бірі – Шыназбек Бектасовтың есімі берілді. Енді құрбымыз Жеңіс Жәудір Шыназбек Бектасов жайында мағлұматтар береді.
2-оқушы:Жеңіс Жәудір (слайдта Ш.Бектасов жайлы деректер, құжаттары,суреттері көрсетіледі)
Шыназбек Бектасов өзіндік ғибраты мол азамат болды.1904 жылы Иіржар болысы №8 «Қызыл тоғай»ауылында дүниеге келген.20 ғасырдың бірінші ширегінде жаңа заман орнап,сауаттандыру ісі қолға алынған шақта ауыл балаларын мектепте білім алуға шақырды.Өз қызметін 1929 жылы ауыл мұғалімі болып бастағанын мына құжаттардан көреміз(слайдта көрсетіледі).
1930жылы Шымкент қаласында мұғалімдердің 5 айлық курсын оқып, сауатын жетілдіріп,осы жылдың тамыз айында Тегістік бөлімшесінде, кейін 1935 жылы «Қызыл тоғай» бастауыш мектебінде оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарады. 1938-1940 жылдары Шымкент пединститутын аяқтап,1941 жылы Жамбыл атындағы орта мектебінің директоры болады. 1942 жылы Қызыл Армия қатарында болған. 1943 жылы аудандық партия комитетінің нұсқаушысы 1948 жылы Жамбыл 7 жылдық мектебінің директоры болды. Елге жасаған жақсылық еленбей қалмайды деп бекер айтылмаған Ш. Бектасовтың еңбектерін бағалап 1950,1953,1955,1957 жылдары ауылдық және 1953 жылы аудандық кеңеске депутат етіп сайлаған. 1931 жылдан кәсіподақ мүшесі, бастауыш білім қоғамының мүшесі болған. «Маған жақсы мұғалім бәріненде қымбат, өйткені мұғалім- мектептің жүрегі» -дегендей Ш.Бектасов мұғалімдік қызметінде көптеген марапаттарға ие болған: 1954 жылы-«Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» значогімен,1964 жылы «Саяси және біліми ғылымын таратқаны үшін»Грамотасы,1967жылы «Ұлы Қазан революциясының 50 жылдығы»Грамотасы 1966жылы «Знак Почета» КСРО Жоғары Кеңесі орденімен 1970 жылы В.И Лениннің 100жылдығы құрметіне медалімен марапатталған.Міне Шыназбек Бектасов атамыз осындай азамат болған.Кезекті осы мектебіміздің қазіргі дамуы туралы құрбым Марал жалғастырады.
3-оқушы: Қалдыбай Марал –Тегістік ауылында ашылған бұл мектеп 1992-1998 жылдары бастауыш мектеп болып қалдыда,кейіннен ауыл тұрғындарының,мектеп мұғалімдерінің,басшыларының белсенді әрекеті арқасында 1998-2015 жылдары негізгі орта мектебі болған(слайдта мектеп суреттері,өтілген іс-шаралар көрсетіледі) Сондай-ақ 1988 жылы ауыл балалары үшін ашылған мектепке мақта терімге келетін жәрдемшілерге арнап салынған жатаққана орнын ыңғайластырып береді.Осы ыңғайластырылған мектеп ғимаратының өзінде талай бала білім нәрімен сусындады,талай келелі іс-шаралар ,кештер,ашық сабақтар т.б.өтілді. Ал 2015 жыл біздің ауылымыз үшін,біз оқушылар үшін, ұстаздар үшін ең қуанышты жағдай мемлекетіміз тарапынан «100 мектеп,100 аурухана» аясында мектебімізге жаңа ғимарат салынып,жабдықтарымен пайдалануға берілді. Бұлда болса біздің рухани жаңғыруымыздың белгісі деп мен кезекті құрбым Әбдіразақ Сабираға беремін ол сіздерге мектеп ұстаздары, мектебіміз жөнінде мағлұматтар береді.
4-оқушы: Әбдіразақ Сабира – Біз жаңа мектепке 2015жылы көштік. Біз алдымен осындай мектеп салып берген мемлекетімізге, Елбасымыз Н.Назарбаевқа,оның жолдауы аясында жұмыс істеген барша ұстаздарымызға алғысымызды айтамыз. Атап айтсақ мектебіміз кең,жарық,жаңа заманауи үлгіде жасақталған. Мультимедия, компьютер бөлмелері,лингофон(шетел тілдері үшін) кабинеті, физика,химия, технология кабинет бөлмелері мен спорт зал ,асхана жұмыс істесе акт залында неше түрлі іс-шаралар өтілуде. Ал мектебіміз кітапханасы – рухани байлығымыз.
Мұғалім: Мектебіміз заман талабына сай жабдықталған. Жаңа тұрпатты жаңғырудың басты шарты сол – ұлттық кодымызды сақтау.Ұлттық кодымыз – ұлтымыздың ғасырлар бойы жасаған руханияты. Руханияты мықты халық қана «Малым - жанымның садағасы,жаным – арымның садағасы» -дейді. Қазақты жойылып кетуден сақтаған осы намыс, осы принцип. Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып,қанымызға сіңген,бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек.
Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді,міне біздің мектебімізде кемелденіп келеді. Біздің жаңа мектепке көшуіміздің өзі-ақ рухани жаңғырудың бір көрінісі.Міне сондықтанда біздің сабағымызға бүгін осы мектебіміз атымен аталатын Шыназбек Бектасовтың келіні Шыназбекова Хадиша апай кездесуге келіп отыр. Сөз кезегін ұлағатты зейнеткер ұстазға береміз.
Қонақтарға сөз: Шыназбекова Хадиша апай: Мынау бүгінгі көтеріп отырған мәселелеріңді қолдап-қуаттаймын,себебі біздің рухани жаңғыруымыз ұлтымыз үшін өте құнды.Бүгінгі мені шақырғандарыңның өзіне қатты қуандым.Адам зейнетке шыққан соң мектепте не болып жатыр екен деп елеңдеп отырады екенсің.1-Қыркүйекті асыға күтеміз.Сол үшінде мынау мұғалімдерің Қонарбаева Үрзада апайларыңа ерекше рахметімді айтамын. Ауыл балаларына арнап мектеп ашу ісінде менің атамның еңбегі ерекше деуге болады. Атамды көзімізбен көрдік, өте сауатты, көпшіл, ақжарқын,жаны таза жан еді. Үнемі өзінің ақыл-кеңесін айтып отыратын. Ал,енді осы мектеп ауыл тұрғындарының белсенді әрекеті арқасында ашылып,оған директор сайлауда жасырын дауысқа салынды. Нәтижесінде Жамединов Сазан ағай көп дауыс жинап бір жыл директор болды,бірақ денсаулығына байланысты демалысқа шықтыда орнына мектепті Абаев Ерсін ағайларың басқарды.Кейіннен мектепке менің атам Шыназбек Бектасовтың есімі берілді.
Оқушылардың сұрақтары:
1.Ұстаздық жолы ауыр дейді, Сізге ұстаздық қызмет несімен ұнады?
-- Әрине ұстаздық жол ауыр жол,бірақ ол өзінің ауырлығыменде қызық. Жалпы мен өзім балаларға сабақ үйретсем рахатқа бөленетін едім,сол баланың оқып білім алғанынан ләззат алушыем.
2. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп айтқандай ұстаздық жолында есте қалған қызықты оқиғаңызбен бөліссеңіз.
---Ұстаздық қызметімде көптеген жайттар болдығой. Бір күні жолда тұрсам бір кісі менімен сонша жылыұшырай амандасты кім екенін білмеймін,сосын сұрадым «мен танымадым кімсіз» десем, «апай танымадыңызба сіз мені оқытып едіңізғой» деп екуіміз біраз әңгіме-дүкен құрдық.Міне, осының өзі қызық әрі бақыт емеспе?!
3.Қазіргі таңда жастардың қандай болғанын қалар едіңіз,көңіліңіз толама?
-- Әрине мен жастардың қазіргі таңда саутты,білімді,кішіпейіл, рухани жағынан бай болғанын қалар едім. Ал көңіліме келсек әрине оларға көңілім толады. Себебі қаншама жастар бар, еліміздің әр саласында жұмыс жүргізуде.
Мұғалім: Аз өмірді мағыналы кешіп,артында өшпестей із тастап тарихта атын қалдыратын он саусағынан өнер тамған қаншама дарын иелері, қол бастаған көсемдер мен шешендер,ақын-жазушылар т.б.дара тұлғалар баршылық.Сондай тұлғалардың, асыл жандардың туған жер төсіндегі еткен еңбегін,жасалып жатқан құнды еңбектері туралы азда болса баяндап, қазіргі жастар мен кейінгі ұрпаққа өнеге етуді мақсатт еттім. Өз туған ауылымыздан шыққан сауат ашу ісінің бастамашысы - Шыназбек Бектасов кезінде ауыл балаларын оқуға шақырып,ата-аналарын үгіттеген. Сол бір жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдары сауат ашу ісі қолға алынған шақта,күн демей,түн демей мектеп ашып балаларды оқытты. Кез келген ата-ана баласын оқуға оңайлықпен бермеді,оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді,мектепке деп арнайы бір үй дайындап,оқулықтар, дәптер,қалам алдырды. Осындай қиыншылықтармен жұмыс жүргізіп,ауыл балаларының сауатын ашуда бар күш-жігерін жұмсаған Шыназбек Бектасовты туған жеріміздің ұлы тұлғасы деуге болады.Бүгінгі өміріміздің барлық жетістіктері,ұлтымыздың рухани жаңғыруы біздің мемлекеттік тәуелсіздігімізде! Рухани құндылығымыз дамып жетіле берсін!,- деп сабағымызды аяқтап,бүгінгі бізбен кездесуге келген Хадиша апайға, осы сабаққа

қатысқан барша ұстаздарға,оқушыларға алғысымды білдіремін деп, сөз кезегін мектебіміз директоры Қойжигитова Қалыкүл апайға береміз.
Мектеп директоры Қойжигитова Қалыкүл:
- Бүгінгі өтіліп отырған сабақта өте орынды,құнды мәселелер көтерілді деп ойлаймын.Мектебіміз тарихымен терең танысып рухани байыдық десек болады.Осы сабақты өткізген тарих пәні мұғалімі Қонарбаева Үрзада апайға,оқушыларға бүгінгі сабақта кездесуге келген Хадиша апайға рахметімізді айтамыз деп, оқушыларға өзінің үлкен сенімін білдіріп,тілегін айтты.
Сабақ соңында оқушылар естелік үшін қонақтармен суреттерге түсіп, қолтаңба алды
ОҚО Мақтарал ауданы
Ш.Бектасов атындағы жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
жоғары санатты тарих пәні мұғалімі
Қонарбаева Үрзада Тәшімқызы
ЭРУДИТ САБАҚ
Қатысқандар: мектеп басшылары,мұғалімдер,11 сынып оқушылары
тақырыбы: ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ
мақсаты: Қазақ елінің тарихына шолу жасап,ата-бабаларымыздың тәуелсіздік алу жолында сан қатерлерден өткеніне,20 ғасырдың басындағы ұлт зиялыларының қазақ мемлекеттілігін құру жолындағы өзіндік саясатына,тәуелсіздігіміздің ширек ғасырлық жетістіктеріне тоқталу.
Дамытушылығы: оқушыларды шығармашылық ізденіске баулу,тіл мәдениетін қалыптастыру,сөйлеу шеберлігін дамыту,интеллектуалды белсенділігін арттыру.
Тәрбиелілігі:жан-жақты дамыған қазақстан патриоты болуға тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
І бөлім Кіріспе
Сабақты ашу,мақсатын түсіндіру
ІІ Негізгі бөлім
1.Қазақ тарихы – Ұлы дала тарихы (Пердебай Толқын «Қазақ мемлекеттілігі»,)
Әдебиетші: Тасбау Ердәулет «Маханбет жырлары»
2.Азаттық жолындағы күрескерлер тарихынан : Жасұзақ Аяжан «Ұлт зиялылары»,
Әдебиетші: Жаңбырбай Сандуғаш «Міржақып жырлары»
3.Желтоқсан оқиғасына 31 жыл - Қыдырбек Бақдәулет «Желтоқсан жүрегімде»,
Әдебиетші: Камалбекова Айгерім «Желтоқсан алаңы»
4.Тәуелсіздік шежіресі: Құрбан Айда «Тәуелсіздік шежіресі»,
Әдебиетші: Маханбет Қалбике «Тастан берік ,мықты болдың шегеден»
ІІІ бөлім Қорытынды.
Сабаққа қатысушыларға сөз беру.
Мұғалім:
Жаңа даму жолына түскен мемлекетіміз үшін Тәуелсіздік күні – қасиетті мереке. Тәуелсіздік – барша халқымыз үшін ең қадірлі де баға жетпес құндылық. Біздің ата-бабаларымыз егемен ел болуды сан ғасыр армандаған. Сол арман бүгінде орындалды.
Осы тәуелсіздікке жету жолында қазақ халқы өзінің ұлттық намысын,бостандығын қорғау үшін аса елеулі үш оқиғаны басынан өткізді: Біріншісі-13 ғасырдағыШыңғысхан түмендеріне тойтарыс берген Отырар қаһармандығы. Отырарды қорғағандар түгел опат болғанмен ұлтымыздың қайсар рухы күллі әлемге танылды.
Екіншісі -18 ғасырдағы Жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлы жойқын күресіміз.
Үшіншісі - 20 ғасырдың биік белесі. Өзіне жалпақ әлемнің назарын аударған 1986 жылғы 17,18,19 желтоқсандағы оқиғалар. Халқымыздың асқақ рухы бұл жолы да жас қауымның тәуелсіздікті аңсаған талабы арқылы көрініс тапты.Міне содан бері - 31 жыл өтті. Тәуелсіздік жолындағы құрбандар мәңгі есімізде. Ал тәуелсіздік алғанымызға - 26 жыл толды.Қазақ елінің өткеніне көз жүгіртсек айтары мол, тарихы бай. Олай болса кезекті оқушы шығармашылығына берейік.
Оқушылар өз шығармашылықтарын қорғап, бір-бірімен сайысқа түсті..
І-кезеңде Пердебай Толқын қазақ мемлекеттілігінің құрылуы жайлы сөз етекеле қазақ хандығының құрылып даму сатысына үлес қосқан,азулы хандар-Керей мен Жәнібек,Қасым мен Есім,Тәуекел мен Хақназар,Тәуке мен Абылай,Кенесары хандар мен от ауызды, орақ тілді Төле,Қазыбек,Әйтеке сынды билердің өзіндік ел басқарудағы көрегендік саясатына тоқталса,
Әдебиетші өкіл- Тасбау Ердәулет сол жылдардағы әдеби жанрлаға тоқталып,ақын Маханбет жырларын оқыды.
ІІ-кезеңде Жасұзақова Аяжан Азаттық жолындағы күрескерлерге тоқталып, 20-ғасырдың басындағы ұлт зиялыларының қазақ мемлекеттілігін құру жолындағы өзіндік саясатына тоқталып Әлихан Бөкейхановтың, Міржақып Дулатовтың,Ахмет Байтұрсыновтың халыққа айтқан үндеулері мен сөздерінен мысалдар келтірді мысалы А.Байтұрсынов:1913жылы-ақ «қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды»,-деп жазған еді.
Әдебиетші өкіл-Жаңбырбай Сандуғаш сол жылдары туған өлең жырларға тоқталып, Міржақып өлеңдерінен оқыды.
ІІІ-кезеңде Қыдырбек Бақдәулет 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының тарихына тоқталды.Азаттық үшін күрескен ата-баба дәстүрін жалғаған қазақ жастарының еркіндікке ұмтылған бұлқынысы жөнінде баяндай келе, желтоқсаншылардың қалай жазаланғандары,оқудан шығарылып, қамалып,сотталғаны, ату жазасына кесілген екеудің бірі-Қайрат Рысқұлбеков, ал екіншісі-Мырзағұл Әбдіқұлов екені жөнінде бірталай мағлұматтар келтірді.Сондай-ақ осы желтоқсан көтерілісі тәуелсіздікке жасалған бір қадам еді.Желтоқсан оқиғасының ақиқатын жарыққа шығарған ақын-Мұхтар Шаханов екеніне тоқталса,
Әдебиетші өкіл Камалбекова Әйгерім- Желтоқсан оқиғасына көптеген жырлар жазылғанын айта келе «Желтоқсан жырын» оқыды. Әдебиет пәні мұғалімі Қаржауова Айжан ақын М. Шаханотың «Төрт жыл кешіккен шындық» деген өлеңін оқыды.
ІV-кезеңде Құрбан Айда Тәуесіздігіміз туралы баян етті.1991 жылы 16 желтоқсанда жарияланған еліміз тәуелсіздігі сан ғасыр арман болған бабалар аманаты жүзеге асты.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістіктерімізге тоқталып, осы тәуелсіздігіміз баянды болу үшін біз барынша өз оқуымыз бен саналы тәртібімізбен үлес қосамыз деді, біз келешек еліміздің мәңгілік елге айналуы үшін барынша еңбек етеміз десе,
Әдебиетші өкіл-Маханбет Қалбике тәуелсіздік жылдары туындаған шығармаларға тоқталып, Қазақ елінің тәуелсіздігіне байланысты «Тастан берік,мықты болдың шегеден» деген өлең оқыды.
Оқушылар өз шығармашылықтары бойынша бір-біріне сұрақтар қойып, жауап берді,өз ойларымен бөлісті.
Сабақты қорытындылау: Тарих пәні мұғалімі Қонарбаева Ү. – Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігі біздің ата-бабамыз арманы болса, бүгінде ол жүзеге асып,еліміз дәулетті де, сәулетті.Кезінде жерімізді қорғаған батырларымыз ешбір әскери академияны бітірген жоқ,еліміздің тыныштық-берекесін сақтаған билер мен хандарымыз ешқандай Оксфорт пен Гарвордтағы университетті оқыған жоқ,сонда да білектің күшімен найзаның ұшымен елді қорғап келешек ұрпаққа аманаттап кетті.Осынау 26 жылдық тарихы бар тәуелсіздігіміз берік болғай, 26 жылда бір ұрпақ өсіп жетіледі.
Қонақтарға сөз береміз:- Мектеп директоры –Қойжигитова Қалыкүл апай - Мектеп бастауыш сын. бой-ша оқу ісінің орынб.- Дүйсенов Сабыр ағай Тарих пәні мұғалімі –Маханбетов Тоқберген Өзін-өзі тану пәні мұғалімі –Жасұзақова Айгүл апайлар сөзге шығып оқушылардың ой-пікірлеріне баға берді.
Мұғалім: Біз бүгінгі сабағымызда қазақ мелекетінің азаттық жолындағы күресіне тоқталып, тәуелсіз еліміз жайлы деректермен қанықтық,бүгінгі сабақтың ерекшелігі әдебиетпен байланыста өткізуіміз.бір жағынан тарихына, енді бір жағынан әдеби жанрларына тоқталып отырды.
Бүгінгі бостандық – тұғырлы тәуелсіздік те өзінен өзі келіп,бекерден –бекер басымызға қона қалған жоқ.Аңсарлы арман –азаттық үшін миллиондаған адамдардың қаны төгіліп,жаны қиылды,жазықсыз зардап көріп,жапа шекті.Мұны ешқашан ұмытпауға тиіспіз.ОЛ мәңгілік тағзым етер тағдыр-тәлейіміз.
Осы сабағымның басын Елбасымыз Н.Назарбаевтың сөзімен бастап едім, Елбасының сөзімен аяқтамақпын-
«Тыңдай білу заманыңның тынысын,
Төрге оздыру қазағымды-
Ұлы сын.
Мойындатсаң мұратыңды жаһанға,
Сонда ғана...
Пенде емес,
Ұлысың!
Сонда ғана
Ұлықтайды ұлысың!
Осымен сабағымызды аяқтап,Эрудит интеллектуалды сабағымызға қатысқан мектеп басшыларына,атсалысқан оқушыларға,осы сабақтың өтуіне үлес қосқан әдебиетші Қаржауова Айжан апайға алғысымызды білдіреміз.Сөз кезегін мектеп директоры Қойжигитова Қалыкүл апайға береміз. (сабақ қорытындыланды)
«Эрудит» интеллектуалды сабағында

ОҚО Мақтарал ауданы
Ш.Бектасов атындағы жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
жоғары санатты тарих пәні мұғалімі
Қонарбаева Үрзада Тәшімқызы
Тақырыбы: Өз құқығымызды білеміз бе?
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру
Түрі: Кездесу, пікірталас
Көрнекілігі: ҚР конституциялық заңы, балалар құқығы туралы заң
Жүру барысы:
І психологиялық тренинг
ІІ Құқық туралы жалпы түсінік
ІІІ Сенің құқығың – менің құқығым (оқушы құқығы)
ІҮ «Тығырықтан шығар жол қайсы» (Ситуациялық жағдайды шешу)
ҮІ Ойды аяқта (Мақал – мәтелдің жалғасын табу, түсінік беру)
ҮІІ Қорытынды
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар, және кеш қонақтары «Өз құқығымызды білеміз бе?»атты пікірталас кешімізге қош келдіңіздер!
Пікірталастың негізгі мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарды біліп оны тәрбиелеу.
І психологиялық тренинг
Пікірталасымызды бастамас бұрын бір – бірлеріңізге деген қарым – қатынастарыңызды ізгілендіру мақсатында бір-біріңізге жылы лебіздер айтыңыздар.
Сіздерге екі ақ парақша беріледі. Бірінші парақшаға жоғары бағалайтын адами қаситетерді жазып, қалаған адамымызға бересіз. Осыдан кейін кезектесіп, алған парақтарыңызға не жазылғанын дауыстап оқып беріңіздер.
2 ақ парақ берілген. Дәл ортасында дөңгелек қара ноқаты бар. Осы суреттен не көріп тұрсыздар, соны суреттеп беріңіздер. (бұл тренингте аққа қарағанда қара түс көзге шалынады, сондықтан ақ жақсылықтың белгісі болғандықтан оны көре білуіміз керек)
ІІ құқық туралы жалпы түсінік
Енді құқық жөнінде жалпы түсінік бере кетсек. Интерактивті тақтаға назар аударыңыздар
Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жиынтығын әлеуметтік нормалар дейміз
Ә
леуметтік норма
Құқық Мораль
Әлеуметтік нормаларын мемлекеттің пәрменімен заңдастырылған бөлігі құқықтығы, ал мемлекеттің пәрменімен заңдастырылмаған бөлігі моральды құрайды.
Құқық дегеніміз - мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Құқықтың ерекшелігі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлі заң арқылы жауапқа тартылатындағында. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайдығ бірақ көпшіліктің назарына ілігеді. Айналасына жағамсыз пікір туғызады.
Құқықтық нормалар тек қана заңдардан тұрмайды, басқа да нормативтік жарлықтар, үкімет мемлекеттік органдар – нормативтік шешімдер қабылдайды.
1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассабелеясы құқықтарының жалпыға ортақ деклорациясын қабылдады. Ол бойынша адам құқығы 3 топқа бөлінеді.
А
дам құқығы табиғи
құқық
Азаматтық құқық
Экон-қ әлеуметтік мәдени
Біздің елімізде адам құқықтары Ата заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында да көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады.
ІІ Сенің құқығың – менің құқығым. Бұл кезеңде оқушылар өз құқықтары туралыайтып өтеді.
1 оқушы: Еркебулан: баланың өмір сүруіне, жеке басының бостандығына, қадір – қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауына құқылы
2 оқушы Дамира: мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, онің тәнін, жанын жәбірлеуге, дөрекіліктен қорғаудан, оның құқықтарымен бостандықтарына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге саырады.
3 оқушы Зарина: баланың даралық ерекшеліктерін және оны сақтауға құқығы бала туған сәтінен бастап, аты – жөні, ұлты азаматтығы болуға құқылы. Қай ұлтқа жататындығына, тіліне ,біліміне, денсаулығына ата – анасына қатысты мән жайларға қарамастан тең құқылы.
4 оқушы Темірхан:
Әр бала сөз бостандығына және өз ой пікірін айтуға, ар – ождан бостандығына коммерциялық емес ұйымдарға және ҚР – ның заңдарымен етілген бейбіт жиналыстарға қатысуға құқығы бар.
5 оқушы Орнынбек:
Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіне араласуға, рұқсатсыз біреудің үйіне кіруіне ,рұқсатсыз біреудің хаттарын оқуға құқығы жоқ.
6 оқушы Ақзипа:
Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым – қатынас, тәрбие, оқу, шығармашылық тілін таңдап алуға құқығы бар.
Оқушы Бекболат:
Азаматтардың тегін орта білім алуына кепілдің беріледі. Орта білім алу міндетті. Республика азаматтарының конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.
8 оқушы Саят:
Әрбір адам өз пікірі болуына, ойындағысын еркін айтуға құқығы бар. Өз құқықтарыңызды айтып өттіңіздер, қандай міндеттеріңіз бар соған тоқталып өтсек.(оқушылар өз міндеттерін айтады)
ІІІ «Тығырықтан шығар жол қайсы»
Көшедегі көрініс:
Орынбек: Бекболат бүгін ауылда той болып жатыр білесің бе?
Бекболат: ия. Ия айтпақшы Саяттар бүгін жиналайық той қызықтаймыз деген, саған хабарласқан жоқпа?
Орынбек: жүр ендеше солай қарай барайық, бар қызықтан құр қалармыз.
Бекболат: Кеттік жолшыбай Темірланға соға кетейік, ол да баратын шығар.
Орынбек: Темірлан біз той болып жатқан жерге бара жатырмыз. Балалардың барлығы сонда, кеттік жүр бізбен.
Темірлан: жоқ, мен әуелә ата – анама ескертуім керек, әйтпесе алаңдайтын шығар.
Бекболат: Туу, ата – анаңа ескертіп қайтесің, біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба, сұрансаң жібермейдіғой.
Темірлан: балалар, мені жібермейді бара алмаймын. Ол жақтан ішімдік ішкен адамдар кездесіп бірнәрсеге душар болармыз.
Орынбек: онда өзің біл, көп қызықтан құр қаласың.
Бекболат: осы кезден бастап көшеге үйрене бермейсіңбе?.
-
Құрметті ата – аналар осы жағдайға байланысты сіздердің пікірлеріңізді білсек, ата – ана қай жерден қате жіберіп отыр
-
Учаскелік полиция инспекторына осы жағдайда оқушылар және ата – аналар қандай жауапкершілікке тартылады?
Ү Көкейде жүрген сауал
Кездесу кешіміздің қонағы Тегістік Ауылының учаскелк бөлімінің өкілі келіп отыр. Өзіңізді мазалап жүрген сұрақтарыңызға жауап табуға болады.
-
Жасөспірімдердің арасында қандай құқық бұзушылықтар жиі кездеседі.
-
Қылмыстық кодекс дегеніміз не?
-
Камелетке толмағандарға қандай жаза қоладанады.
-
Қазіргі уақытта мектеп жасындағы балалардың түнде көшеге шығу кездеседі. Осыған қандай шара қолданады.
-
Мектеп оқушыларына қандай ақыл – кеңесіңізді берсеңіз.
-
Мектеп психологы Сырайлова Камила апайға мындай сұрақтар
-
Мектеп жасындағы балалардың мінез құлқының ауытқуына қандай жағдайлар әсер етеді.
-
Каметелтке толмаған мектептегі «қиын» балалар туралы не айтар едіңіз
-
Сыныбымыздағы Ақзипаның мінез – құлқын қалай бағамдар едіңіз. Оның кейбір іс – әректінен ауытқушылық байқалмайды ма? Мектептің ішкі ережесін сақтамайтын оқушыларға қандай шаралар қолданыланды. Оны болдармаудың жолдары қалай?
-
Ойды аяқта
(мақал – мәтелдің жартысын тап)
-
Біреуге ор қазба....(өзің тусесің)
-
Заңның құрығы (бәрінен ұзын)
-
Өтірікшінің құрығы ......(бір – ақ тұтам)
-
Тура биде туған жоқ......(туған жоқ)
-
Туғанды биде иман айнасы.....(иман жоқ)
-
Қолыңмен істегенді.......(мойныңмен көтер)
-
Тек жүрсең.....(тоқ жүресің)
-
Заңды силаған...... (еркін жүреді)
Қорытынды: бүгіні пікірталасымызға құқық қорғау қызметкері, мұғалімдер мен оқушылар бас қосуда. Бүгінгі келтірілген статистикалық мәліметерге назар аударсақ проблемалық сұраққа жауап іздесек: жастар арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыру үшін не істеу керек?
Қысқа да тұжырымды ой пікірлеріңізді ортаға салыңыздар
Мектеп пен жанұяда жақсы қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі, мәдениетті білімді адам болуға ұмтылуымыз керек.
Құқықтық сауатсыздық яғни өз құқығы мен міндетін білмей, басқаның құқығын сыйламаудың кесірінен келеңсіз жағдайлар кобеюде. Олай болса құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтейік дегім келеді.
Қол қусырып қарап отырсаңыз,түзу жолдың үстінде де табан астында қаласыз. Болашақта шалыс баспай, өз өміріне жауап беретін ата – анасының емес, букіл алаштың азаматтары болады деген сеніммен бүгінгі пікірталасты аяқтаймыз.
Ш.Бектасов атындағы жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
тарих пәні мұғалімі Қонарбаева Үрзада
Сыныбы: 10 сынып
Пәні: Адам. Қоғам. Құқық
Сабақтың тақырыбы: Адамдардың көпұлтты қоғамдағы өзара әрекеттестігі
Мақсаты: этникалық қауымдастықтарға Қазақстандағы ұлтаралық келісім және ұлттық бірлік жөнінде тоқталу
Дамтыушышлығы: оқушылардың білім – білік дағдыларын, ойлау белсенділігін және шығармашылық қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: тірек – сызбалар, суреттер, постер,жалаушалар
Сабақ түрі: дөңгелек үстел
|
Сабақ кезеңдері |
Мұғалім іс - әрекеті |
Оқушы іс - әрекеті |
Уақ |
|
Ұйымдастыру |
Сәлемдесіп, оқушылардың назарын сабаққа аударамын, сыныпта ынтымақтастық ахуал орнату |
Сәлемдеседі, кезекші мәлімдеме жасайды, бір – біріне сәттілік тіледі |
3 |
|
Білу «Сұраққа жауап» «Ой қозғау» |
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар
|
Сұрақтарға жауап береді. Әрқайсысы отбасы,неке туралы пікірлерін білдіреді, бір – біріне сұрақ береді Шығармашылық тапс. Көрініс көрсетеді |
5 |
|
Сергіту |
«Жалғасын тап» |
Абай өлеңдерінің жалғасын табады. |
2 |
|
Түсіну |
Жаңа сабақты меңгерту
Суреттер бойынша түсінік беру |
Дәптерлеріне тірек сөздерін жазып алады. Этнос, қауымдастық, халық, топ, т,б |
8 |
|
Пікірлесу сұрақтары |
|
Әрбір оқушы өз пікірлерін білдіреді. Постер қорғайды суреттер бойынша әңгіме Өз – тайпалық қауымдастық
Жіктелуі ықпалдас
О |
12 |
|
Ой тұжырым |
Саб.қорыту үшін сұрақтар
|
Сұр-ға жауап беріп,бір – біріне сұрақ береді этногенетика, этнос, Қазақст-ғы ұлтаралық келісім тұрғысынан өз ой пікір-лерін айтып,ой бөлісті. |
5 |
|
Рефлексия |
Кері байланыс жасаймын (жалаушалар беремін) |
Сабақ туралы өз пікірлерін айтып бір – біріне жалауша береді |
3 |
|
Бағалау Үйге тапсырма |
Қорытынды баға беремін. №14 Адамдардың көпұлтты қоғамдағы өзара әрекеттестігі |
Күнделік, дәптерлеріне жазып алады |
2 |

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұлы дала тарихы

шағым қалдыра аласыз