Материалдар / "Ұлы дала тарихы"атты зияткерлік сайыс 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ұлы дала тарихы"атты зияткерлік сайыс 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл өтілген зияткерлік сабақ 9сыныптар үшін өте тиімді. Себебі 6-7-8-9 сыныптарда өтілген тақырыптар мен жылдардан сұрақтар көп кездеседі.Және тұлғаны тануда оның еңбектеріне баға беруде оқушылар бір бірімен пікір алмасып білімдерін шыңдайды. Естен шыққан тақырыптарды еске түсіріп оқушылардың білімін шыңдауға өте тиімді деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Ақпан 2019
2908
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Дінмұхамед Қонаев атындағы №9 жалпы орта мектебі»

каммуналдық мемлекеттік мекемесі



















Сайыс сабақ



Тақырыбы: "Ұлы дала тарихы"атты зияткерлік сайыс

















Жауапты: Карикбаев Б









2018-2019 оқу жылы

Күні: 12.12.2018ж

Қатысатын сыныптар: 9 – шы сынып оқушылары

Пән мұғалімі: Карикбаев Бакдаулет
Сабақ тақырыбы: "Ұлы дала тарихы" зияткерлік сайыс сабағы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ғылым, білімге жетелейтін ХХІ ғасыр идеалы білімді жас ұрпақ қалыптастыру. Оқушылардың тарих сабағыннан алған білімдерін тиянақтап, тарихи танымдылығын арттыру. Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік жолындағы қиыншылықтарымен, тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі қол жеткізген үлкен табыстармен таныстыру.

Дамытушылық: Бабалардың ерлік рухын сезіндіру, азаматтық тәрбие беру арқылы тарихты оқып – үйренуге және ұлттық намыс қалыптастыру.Оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды Отанын, тілін, жерін сүюге, ұлттық салт-дәстүрмен ұлттық рухқа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап,топпен және жеке жұмыс.

Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, карта

Сайыстың кезеңдері:

І-кезең «Тарихи реттілік»

ІІ-кезең. «Жұмбақ жылдар»

ІІІ-кезең. «Сәйкестендіру»

ІV-кезең «Тұлғаны таны»

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті әріптестер, оқушылар бүгінгі «Ұлы дала тарихы» танымдық сайыс сабағына қош келдіңіздер! Елбасы өзінің «Ұлы даланың Жеті қыры» мақаласында, төл тарихын білетін, бағалайтын жә­не мақтан ететін халықтың болашағы зор бо­лады деп сенетінін және өткенін мақтан тұ­тып, бүгінін нақты бағалай білу және бо­лашаққа оң көзқарас таныту - елі­міз­дің табысты болуының кепілі екенін халқымызға паш етті. Ендеше тарихқа тұнған Ұлы даламызда болып өткен оқиғалардың беттеріне сайысымыз арқылы үңілейік.Кезекті сайысымызға қатысатын топтармен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Әр топ өз топтарының аты мен эмблемасын таныстырып өтеді. Жақсы қорғаған топқа қосымша ұпайлар қойылады.

1-топ 9 «А» сынып ­­­­­­­_____________

2-топ 9 «Ә» сынып _____________

3-топ 9 «Б» сынып _____________

4-топ 9 «В» сынып _____________

5-топ 9 «Г» сынып _____________

6-топ 9 «Е» сынып _____________

Сайыстың барысы:

І-кезең «Тарихи реттілік»

Шарты: Оқушылар болған оқиғаларды уақытына қарап, ең ертесінен бастап орналасыру керек. Тапсырма 6-сыныптан алынған.

Әр топқа тапсырмалар тарқатылып беріледі, әр сұрақтың дұрыстығы 1 ұпаймен есептеледі. Тапсырманы экранда берілген дұрыс жауаптар арқылы топтар басқа топтың жұмысын тексереді. Аз ұпай жыинаған топ сайыстан шығарылады. Бірдей ұпай жинаған топтарға қосымша сұрақтар қойылады. Тапсырманы орындауға 3 минут уақыт беріледі.

Тапсырма: №1

1. Қоланы игеру.

2. Рулық қауымның шығуы

3. Алғаш «Аң стилі» таралған уақыты

4. «Есік обасы» ашылған уақыты

5. Ашель кезеңі

6. Ботай тұрағының мерзімі.

7. Жер бетінде күрт жылыну басталды.

8. Каталаун даласындағы шайқас.

Дұрыс жауаптары:

1. Ашель кезеңі- Б.з.б 800-140 мыңжылдықтар

2. Рулық қауымның шығуы -«Саналы адамның» шығу уақыты (30-40 мыңжылдық)

3. Жер бетінде күрт жылыну басталды- Б.з.б 13мың жыл бұрын

4. Ботай тұрағының мерзімі- Б.з.б 3-2 мыңжылдықтар

5. Қоланы игеру- Б.з.б 2-1мыңжылдық ралығын қамтиды.

6. Алғаш «Аң стилі» таралған уақыты-Б.з.б 8-3ғасырлар аралығы

7. Каталаун даласындағы шайқас-Галлия 451жыл

8. «Есік обасы» ашылған уақыты- 1969жыл К.Ақышов археолог-ғалым



ІІ-кезең. «Жұмбақ жылдар»

Тапсырма:№2
Шарты: Топтарға Түркі дәуірімен Қазақ хандығы кезінде билік еткен билеушілердің жылдары жазылған тапсырма тарқатылады.Оқушылар берілген жылдарда хандардың билік еткен жылдарын тауып жазу керек.Әр дұрыс жауап 1ұпаймен бағаланады. Тапсырма 7-сыныптан алынған.

Аз ұпай жинаған топ сайыстан шығарылады. Тапсырмаға 5минут уақыт беріледі.

Жылдар

Билеушілер

1

1312-1342жж


2

1511-1518жж(1523ж)


3

618-630жж


4

1538-1580жж


5

1428-1468жж


6

1206-1227жж


7

1582-1598жж


Дұрыс жауаптары:

Жылдар

Билеушілер

1

1312-1342жж

Өзбек хан

2

1511-1518жж(1523ж)

Қасым хан

3

618-630жж

Тон қаған

4

1538-1580жж

Хақназар хан

5

1428-1468жж

Әбілқайыр хан

6

1206-1227жж

Шыңғыс хан

7

1582-1598жж

Тәуекел хан



ІІІ-кезең. «Сәйкестендіру»

Тапсырма:№3

Шарты: Топтарға Қазақ даласында болып өткен көтерілістердің болған жылдары мен басшылары жазылған тапсырмалар тарқатылады. Оқушылар көтеріліс басшыларын жылдары мен салыстыру керек. Әр дұрыс жауап 1ұпаймен бағаланады. Тапсырма 8-сыныптан алынған.

Аз ұпай жинаған топ сайыстан шығарылады. Тапсырмаға 5минут уақыт беріледі.

1

1837-1847жж


А

Орал, Торғай көтерілісі

2

1868-1869жж

Ә

И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы

3

1783-1797жж

Б

Маңғыстау көтерілісі

4

1822-1825жж

В

Қасым Абылайұлы мен Саржан Қасымұлы

5

1825-1836жж

Г

Кенесары Қасымұлы

6

1836-1838жж

Ғ

Сырым Датұлы

7

1870ж

Д

Жоламан Тіленшіұлы

Дұрыс жауаптары:

1-Г 2-А 3-Ғ 4-Д

5- В 6- Ә 7-Б

ІV-кезең «Тұлған таны»

Тапсырма:№4 Шарты: Тақтада берілген суреттерді оқушылар таңдай отырып тұлғаны танып жауап беруі керкек. Топтың ойлануына 5 мин уақыт. Дұрыс жауап берген топ жеңімпаз атанады. Тапсырма 9-сыныптан алынған.

Бұл кезеңге мынадай критерилер қойылады:

1. Тұлғаның билік етен кезіңін табу.

2. Тұлғаның ерекшелігі.

3. Қазақ елі үшін жасаған еңбегі немесе жағымсыз жағы.

1. 2. 3.

Сайысымыздың нәтижесін шығаруға әділ қазылар алқасына сөз береміз!

Ойынды қорындылап, жеңіске жеткен оқушыны марапаттау. Жеңімпаз топ ұпай сандары арқылы анықталады.

Жеңіске жеткен топ:

І орын___________________

ІІ орын___________________

ІІІ орын___________________


Мұғалімнің қорытынды сөзі: Ал балалар бүгінгі : «Ұлы дала тарихы» зияткерлік сайыс сабағымызды аяқтайық. Қазақстанның болашағы сендер болған соң білімді де тәрбиелі ұрпақ ретінде еліміздің көркеюіне үлестеріңді қосасыңдар деген сенімдемін.

Құрметті қонақтар,ұстаздар, оқушылар бүгінгі  «Тарих- ғасырлар куәсі» атты тарих апталығының шеңберінде өткізіліп отырған «Ұлы дала тарихы» атты зияткерлік сайыс сабағын келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет келесі кездескенше еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Тексерілді: 12.12.2018ж









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!