«Ұлы даланың жеті қыры»
Сонау жылдар бойы тәуелсіздікті аңсаған ата-бабаларымыздың асыл арманы орындалып, еліміз көктемнің алғашқы әсем гүліндей көркейіп жатыр. Қайран қазақ осы күнге дейін қаншама қиыншылықты, соғысты, ашаршылықты, барлық қайғы-қасіртті бастан кешірді. Осындай сынақтардың арқасында еліміз талай есеңгіресе де, Аллаһ берген ризық-несібеміз еселене береді. Қазақстан деген жас болса да, бас болған еліміз отыз жылдың ішінде қаншама оқиғалардың себепшісіне айналды. Отыз жыл ішінде қуанышы мен қайғысы қатар жүріп, құдды бір орда бұзар отыз жасар азаматтың тағдырын кешкендей болды. Тәуелсіздік – біз үшін көптен күткен асыл арман. Қаншама батырдың қанымен, аналарымыздың көз жасымен, найзаның ұшымен, білектің күшімен келді. Ата-баба арманын орындап, аманатқа қиянат жасамадық. Дегенмен ата-бабамыздың сан ғасырлық тарихы мен сол тарихты қалыптастыруда жеткен ерең еңбегін ұмытуға болмайды. Осы орайда еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың қараша айында халыққа «Ұлы даланың жеті қыры»-атты мақаласын жолдады. Бұл мақаланың түпкі мақсаты - еліміздің тамыры тереңге жайылған тарихы мен бір ғасырда бір туар тұлғалар өмірін ұштастыру болатын. Себебі еліміздің әрбір шақырым жері тарихқа лық толы. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы қоғамда резонанс тудырып, тарих сахнасынан ойып тұрып орын алатын керемет бастама болды. Біз тек өзімізбен ғана шектеліп қалмай, күллі әлемге тарихымызды, мәдениетімізді паш етуіміз керек. Шекара тек біздің миымызда ғана. Ал біздің басты мақсатымыз сол шекараны бұзып, таным көкжиегімізді кеңейту. Дана халқымыз «бұлақ көрсен көзін аш»-деп тегін айтпаған екен. Бұл бастаманы қолдап, оны өскелең ұрпаққа қалай болса да танытуымыз керек. Дәл осы мақсатпен еліміздің тұңғыш президенті тарихымызды жіктеп, даралап берген Ұлы даланың жеті қырына жеке тоқталып өтейік.
Қазақ халқы ежелден бері «жеті» санын ерекше жақсы көреді. Мәселен жеті ата, жеті нан, жеті қазына сыңды мысалдар қазақ тарихы мен мәдениетінде өте көп кездеседі. Қазақ үшін жеті саны қашан болса да киелі саналады. Осы тұста біздің жаңа бастамамыз да жеті бағыттан тұрады. Негізінен тарау «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт»- деп аталады. Яғни бұл тарау арқылы еліміздің көне тарихындағы ежелгі адамдардың ойлап тапқан құрал-саймандары әлі күнге дейін өзекті екендігін байқауға болады. Ең бірінші бағытты оқу арқылы еліміздегі атқа міну мәденитінің құндылығын ескеруге болады. Бұл бағыт «Атқа міну мәдениеті»- деп аталады. Тарихқа үңілетін болсақ, ең алғашқы жылқылар осы біздің ұлы даладағы «Ботай» мәденитінен тараған. Бүгінгі күні атқа міну жастар арасында сәнге айналды. Біздің мәдениетіміз бен салт-дәтүрлеріміздің сәнге айналып, жастар арасында қызығушылықтың өсуі - біз үшін үлкен мәртебе болып саналады. Екінші бағыт – «Ұлы даладағы ежелгі металлургия». Біздің еліміздің асты да, үсті де түрлі өнім, қазба байлықтарға толы. Осы арқылы ежелгі заманнан бері технологияның қарқынды дамыған жері Ұлы дала екендігін біле аламыз. Қазір тіпті бізден өндірілетін қазба байлықтарға шетелдік ірі компаниялар мен инвесторлар көз тігіп отыр. Өзімізден шығып жатқан қазба байлық, шикізат көзін тек ұлт мүддесі үшін қолдануымыз керек. Сондықтан да бізге болашақта білікті де білімді мамандар керек болады. Үшінші бағыт «Аң стилі»-деп аталады. Халқымыз бұрыннан табиғат ананы қадірлеп, ерекше жақсы көрген. Біздің ата-бабаларымыз табиғатпен өзара үндестікте болып, өздерін табиғаттың бір бөлігі ретінде санаған. Тіпті Ұлы дала мифологиясында жануарлар ерекше құрметтеліп, әртүрлі наным-сенімдерде қолданылған. Осыған орай «аң стилі» қалыптасып, әлем бойынша тарихи феноменге айналды. Төртінші бағыт – «Алтын адам». Ұлы даланың тарихынан сыр шерткен бұл құнды жәдігер «Қазақстандық тутанхамон» деген атқа ие болды. Осы арқылы дала халқының өзара әлеуметтік топтарға бөлініп, жоғары лауазымды, төре тұқымынан шыққандарды өзгеше жерлегендігін білуге болады. Асыл тастармен безендіріліп жасалған киімі, сауыты мен қару-жарағы қалың жұртты тамсандырды. Ең қызығы, алтын адамның жанынан табылған күміс кеселерден бұрын сонды ешкім оқып көрмеген жазулар анықталды. Ғалымдардың айтуы бойынша бұл жазу Орталық Азия аумағынан табылған жазулардың ішіндегі ең көнесі екен. Бесінші бағыт «Түркі әлемінің бесігі»-деп аталады. Осылай аталуының өзіндік себетері бар. Себебі, біздің Ұлы далада ең алғаш түркі қауымы қалыптаса бастады. Дәл осы Ұлы даладан бастау алған түркі мәдениеті батыс пен шығысқа кеңінен қанат жайды. Ер түріктің бесігі біздің жерімізде қаланғандықтан әлемдік тарихта алар орнымыз ерекше болып табылады. Алтыншы бағыт барлығымыз үшін ең маңызды әрі тарих сахнасының гүлі болған «Ұлы Жібек жолы»-деп аталады. Ұлы Жібек жолының құндылығы ешқашан түспейтіні айдан анық. Бұл жол арқылы әртүрлі халықтар арасында достық қарым-қатынастар орнап, жаһандық аренада сауданың дамуына алып келді. Еліміздің орналасқан жері ыңғайлы әрі Еуразия құрлығының қақ ортасында болғандықтан, сауда жолының дамуына зор ықпалын тигізді. Осы арқылы түрлі елдердің мәдениеттерімен алмасып, қоғамда даму үрдісі қарқынды түрде жүрді деп айта аламыз. Ең соңғы жетінші бөлім «Қазақстан- алма мен қызғалдақтың отаны»-деп аталады. Біздің еліміздің керемет табиғатының негізін алма мен қызғалдақ құрайды. Әлемге әйгілі «апорт» алмасы біздің елімізден бастау алады. Тіпті еліміздегі бас қаладан кейінгі жас әрі жасыл қала Алматының атауы да осы алмаға байланысты. Қазір елімізде қызғалдақ гүлінің отыз беске жуық түрі бар. Барлық дүниежүзіне кеңінен таралған қызғалдақтардың өзі біздің елдің қызғалдақтарының тікелей ұрпағы болып табылады. Қазақтың қаны сінген қара топырағымызда өсіп шыққан алма мен қызғалдақ барлық жұртты тамсандырып, қоғамда қазақи құндылықты қалыптастырды.
Өз ойымды қорытындылай келе айтатын болсам, біздің елдің ерекше тарихы әрбір жанды қызықтырып, әсресе Ұлы дала перзенттері үшін бағалы болары сөзсіз. Себебі Қазақстан ол – Ұлы даланың елі. Осындай көз тоймастай табиғаты бар, тамыры тереңге жайылған тарихы мен қайталанбас мәдениеті бар елде өмір сүріп жатқанымызға қуаныштымын. Еліміздің тұңғыш басшысы жолдаған жолдауы мен берген бағыт-бағдары біз үшін қараңғы түндегі жарық ай болары айқын. Бұл бастамада халқымыздың өткені де, бүгіні де толық қамтылған. Ұлы дала елі - біздің халқымыздың ертеңі мен бүгінің ұштастыратын жарқын болашақтың алтын кілті. Сан ғасырлар бойы ата-бабалар армандап өткен аманатын көзіміздің қарашығындай сақтап, оны өскелең ұрпаққа жеткізу – ол біздің басты мақсат-мүддеміз. Біз қайсар мінезді қазақтың асыл тұқымы мен Ұлы дала ерлерінің ұрпақтарымыз. Ендеше осы даланы көркейтіп, адал еңбекпен, ешқандай көзбояушылықсыз игі қызмет ету керекпіз. Себебі біз Мағжан сенген жастар мен Міржақып оятқан қазақ балаларымыз. Ұлы дала бізге Аллаһтың берген үлкен сыйы. Бұл – біздің болашағымыз. Көк аспанымыз ашық, тәуелсздігіміз тұғырлы, еліміз ғұмырлы, жастарымыз саналы болғай!
Малик Дина Азаматқызы, 11 «Ә» сынып оқушысы
Алматы облысы / Талғар қаласы, Жамбыл Жабаев атындағы №6 орта мектеп
Номинация : «Ұлы даланың жеті қыры»
Жетекші : Альниязова Жанар Сағидуллақызы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз