Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ұлы даланың жеті қыры» атты жобаны ата - аналармен таныстыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне ата-анамен жұмыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ұлы даланың жеті қыры» атты жобаны ата - аналармен таныстыру талқылау (ток-шоу)

Мақсаты: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талдау және ел тарихы туралы ата-аналарға түсіндіру. Жобаның балаларға тигізер пайдасы туралы айту. Елдің елдігін ер білдіреді. «Ұлы даланың жеті   қыры» атты маңызды мақала, жас ұрпақтың ұлы тұлғалардың, ойшылдардың өмір дерегімен толықтай таныстыруды көздейтін бағдарламаны ата-ана, балабақша болып жас ұрпаққа түсіндіру.


Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар бүгінгі біздің тарихи зияткерлік ток шоумызға қош келдіңіздер. Бүгінгі біздің тақырыбы «Ұлы даланың жеті қыры» деп аталады. Бағдарламаның негізгі мақсатын түрлі сұрақтар арқылы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талдау болып табылады.

Бағдарламаның негізгі тақырыбын ашу үшін Елбасы ұсынған мақала туралы шағын бейне материалды тамашаласақ. Экранға назар аударайық

ВИДЕО «Ұлы даланың жеті қыры»

Құрметті ата-аналар мен осы бағдарламаны өзімнің практикамда пайдаланып сіздердің балаларыңызға үйретіп көрсем деймін. Сіздердің ойларыңыз қандай?

Көкейлеріңізге келген сұрақтарды қойсаңыздар болады. Бағдарламамызды бастаймыз

«Жапония - күншығыс елі. Корея - таңғы шық елі. Қытай – аспан асты, ал, Қазақстан - ұлы дала елі. Ұлы дала, мәңгілік зеңгір көк аспан. Біртұтас түс біздің елімізді біріктіре түседі», - деді Елбасы соңғы мақаласында.

Мақала - Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының үйлесімді жалғасы. Себебі өткенді ұғыну толыққанды ұлтты қалыптастыру үшін маңызды жағдайлардың бірі болып табылады.

«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы «Киелі Қазақстан» үшін неңдей жаңалық әкелмек?

Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы мақаланың өзінде келетіндей ұлттық сананы жаңғырту туралы. Онда президент бұған дейін саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алғанымызды айта келе, таяу жылдарға белгілеген қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған міндеттемелер тапсырады. Өзіңіз де білетіндей, Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласынан кейін елімізде руханият саласында латын әліпбиіне көшу, «100 жаңа есім», «100 оқулық», «Туған жерге туыңды тік!», «Киелі Қазақстан» сияқты жобалар іске қосылды. Жобалар белгілі бір деңгейде өз жемісін беріп жатыр.

Атқа міну мәдениеті туралы не білесіздер?

Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі.Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді.Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты.

3.Аң стилінің» біздің таримызға қатысты ұандай маңызы бар? Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен етене өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі санаған. Бұл басты тұрмыс қағидаты Ұлы даланы мекендеген халықтардың дүниетанымы мен құндылықтарын қалыптастырды. Өз жазуы мен мифологиясы бар Қазақстанның ежелгі тұрғындарының озық мәдениеті болды.

4.Алтын адам туралы балалар не білу керек

Біздің түп-тамырымызға жаңаша көзқараспен қарауға жол ашып, әлемдік ғылым үшін сенсация саналған жаңалық – 1969 жылы Қазақстанның Есік қорғанынан табылған, өнертанушы ғалымдар арасында «қазақстандық Тутанхамон» деген атқа ие болған «Алтын адам».

Бұл жауынгер талай тылсым құпияның бетін ашты. Біздің бабаларымыз әлі күнге дейін өзінің асқан көркемдігімен тамсандыратын аса жоғары деңгейдегі көркем дүниелер жасаған. Жауынгердің алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін аңғартады. Сонымен бірге бұл жаңалық Дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін бай мифологияны паш етті.

Ұлы Жібек жолының шығу тарихы туралы не білесіз? Не себепті Елбасы өз мақаласына Ұлы Жібек жолын енгізіп отыр?

Алғаш пайда болған сәттен бастап, Ұлы Жібек жолы картасы, негізінен, Түрік империяларының аумағын қамтыды. Орталық Еуразияда түркілер үстемдік құрған кезеңде Ұлы Жібек жолы гүлдену шегіне жетіп, халықаралық ауқымда экономиканы өркендетуге және мәдениетті дамытуға септігін тигізді.
2.Алма мен қызғалдақты не себепті Қазақстанның отаны деп санайды?

Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың тарихи Отаны екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған. Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының Отаны саналады. Дәл осы тұқым ең көп таралған жемісті әлемге тарту етті. Бәріміз білетін алма – біздегі алманың генетикалық бір түрі. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған. Осы танымал жемістің терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың бірі Алматы деп аталды.

Қазақстан аумағындағы Шу, Іле тауларының етегінен әлі күнге дейін жергілікті өсімдіктер әлемінің жауһары саналатын Регель қызғалдақтарын бастапқы күйінде кездестіруге болады. Бұл әсем өсімдіктер біздің жерімізде Тянь-Шань тауларының етегі мен шөлейт даланың түйісер тұсында пайда болған. Қазақ топырағындағы осынау қарапайым, сондай-ақ ерекше гүлдер өз әдемілігімен көптеген халықтың жүрегін жаулап, біртіндеп бүкіл әлемге тарады.

Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар, олардың басым көпшілігі – біздің дала қызғалдағының «ұрпағы». Қазір Қазақстанда қызғалдақтың 35 түрі өседі

Сұрақтарға жауап алынғасын ата-аналар өз алғыстарын айтып тәрбиеші жобасына сәттілік тіледі.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.10.2020
523
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12