"Ұлы Даланың жеті қыры" мақаласы және ондағы Ұлы Жібек жолының рөлі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ұлы Даланың жеті қыры" мақаласы және ондағы Ұлы Жібек жолының рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы




1-тоқсан

7-ші сабақ.

І-бөлім. ӨРКЕНИЕТ:ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ІІ-тарау: Дала мен қала: өзара қарым-қатынас және өзара әсері

Сабақтың тақырыбы:

«Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы және ондағы Ұлы Жібек жолының рөлі

Сабақтың мақсаты:

Картаны пайдаланып, Ұлы Жібек жолының Қазақстан аумағындағы бағыттары мен жолдарын зерттеу;

Қазақстан аумағында қалалардың пайда болуы мен дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлін талдау.

Сабақтың барысы.

Қысқаша конспект.

Балалар! 2018 жылы қараша айында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияланды. Онда «Ұлы Даланың» жеті қыры бар екенін талдады. Олар: «Атқа міну мәдениеті», «Ұлы Даладағы ежелгі металлургия», «Аң стилі», «Алтын адам», «Түркі әлемінің бесігі», «Ұлы Жібек жолы», «Қазақстан-алма мен қызғалдақтың Отаны». Мақалада Ұлы Жібек жолын бір қыр ретінде қарастыра келе былай деді: « Ұлы Жібек жолы. Еліміздің географиялық тұрғыдан ұтымды, яғни Еуразия құрлығының кіндігінде орналасуы ежелден әртүрлі мемлекеттер мен өркениеттер арасында транзиттік «дәліздердің» пайда болуына септігін тигізді. Біздің дәуірімізден бастап бұл құрлық жолдары Үлкен Еуразияның Шығысы мен Батысы, Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы сауда және мәдениет саласындағы байланыстардың трансконтинентальды желісіне – Ұлы Жібек жолы жүйесіне айналды.

Бұл жол халықтар арасындағы жаһандық өзара тауар айналымы мен зияткерлік ынтымақтастықтың қалыптасып, дамуы үшін орнықты платформа болды.

Керуен жолдарын мінсіз ұйымдастырып, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Ұлы дала халқы ежелгі және орта ғасырлардағы аса маңызды сауда қатынасының басты дәнекері саналды. Дала белдеуі Қытай, Үнді, Парсы, Жерорта теңізі, Таяу Шығыс және славян өркениеттерін байланыстырды.

Алғаш пайда болған сәттен бастап, Ұлы Жібек жолы картасы, негізінен, Түрік империяларының аумағын қамтыды. Орталық Еуразияда түркілер үстемдік құрған кезеңде Ұлы Жібек жолы гүлдену шегіне жетіп, халықаралық ауқымда экономиканы өркендетуге және мәдениетті дамытуға септігін тигізді»-деді.



Сабақ барысында орындалатын тапсырмалар:

Сұраққа жауап беріп негіздеу.










Кестені орындау.

Себептерін көрсету.





Ақпараттар мен мәліметтерді талдау.






Картамен жұмыс.



































1-сабақ.

1-тапсырма. Ұлы Жібек жолы неліктен Еуразия құрлығында «транзиттік дәліздердің» құрылуына септігін тигізді? Негіздеңдер.

1-негіз.

2-негіз.

3-негіз


2-тапсырма. Ұлы Жібек жолындағы тауар айналымы мен зияткерлік ынтымақтастықтың қалыптасқанына қатысты төрт себептерін көрсетіңдер.

1-ші себебі:

2-ші себебі:

3-ші себебі:

4-ші себебі:













3-тапсырма. Интернет ресурстарын пайдалан отырып, Ұлы Жібек жолы арқылы өткен керуендер туралы ақпараттар мен мәліметтердің бірнешеуін талдаңдар.

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––


4-тапсырма. Ұлы Жібек жолы картасы Түрік империясының аумағын қамтығанын дәлелдеңдер.

Қазақстанның контур картасына Ұлы Жібек жолының Түрік империясының жерлерін қамтығанын көрсетіңдер.





Сабақты қорытындылау:

  1. Ұлы Жібек жолы аталуының себебі неде?

  2. Ұлы Жібек жолының батсауы болған ел?

  3. Ұлы Жібек жолы арқылы сатылған басты тауарлар қандай?

  4. Неліктен жібек матасына үлкен баға берілді?

  5. Ұлы Жібек жолының Қазақстан мен әлем тарихына қосқан үлесін қалай бағалар едіңдер?

  6. Көпес деген кім?

  7. Рабад деген не?

Үйге тапсырма:

§5-6 оқу. Өз таңдауларыңа қарай, әр сабақтан бірнеше тапсырмаларды орындап, оны пән мұғаліміне кері байланыс үшін жіберіңдер. Кері байланысты «Kundelik kz» жүктеп немесе «Whats app» арқылы жіберсеңдер болады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.11.2020
632
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі