жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ұлы даланың қлы өркениеті
Кештің тақырыбы: «Ұлы даланың ұлы
өркениеті»
(үш тілде жазулы
тұрады)
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және
қадірменді қонақтар! «Ұлы даланың ұлы
өркениеті» атты мерекелік кешімізге қош
келдіңіздер!
2
- жүргізуші: Уважаемые учителя, ребята и уважаемые
гости! Добро пожаловать на праздник
«Великие
цивилизации Великой степи»
Фанфары. "Алға,
Қазақстан" әні. Ансамбль "Сюрприз" Би:"
......................"
"Жаужүрек - мың бала" фильмінен үзінді.
1 - жүргізуші: "Сонау сақтар заманынан басталатын біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұрғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қуғын-сүргіндер аз болмады. Мұны ұмытуға хақымыз жоқ. Көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек. Орта ғасырдағы Отырар қаласы әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі – Әбу Насыр әл-Фарабиді дүниеге әкелсе, түркі халықтарының рухани көшбасшыларының бірі Қожа Ахмет Яссауи Түркістан қаласында өмір сүріп, ілім таратқан"
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласынан.
2 - жүргізуші: "Со времен саков в нашей истории было немало драматических моментов и трагедий, смертоносных войн и конфликтов, социально опасных экспериментов и политических катаклизмов. Мы не вправе забывать о них. Необходимо осознать и принять свою историю во всей ее многогранности и многомерности. редневековый Отырар дал человечеству одного из величайших умов мировой цивилизации Абу Насра аль-Фараби, в Туркестане жил и творил один из великих духовных лидеров тюркских народов Кожа Ахмет Яссауи".
из статьи Главы государства Нурсултана Назарбаева .
Музыка ойнайды. Кир патша мен Томирис патшайымның сақ даласындағы айқасынан көрініс. Орындайтындар:
Жеңіс биі (танец победы)
2-бөлім. «Ұлы даланың ұлы есімдері»
"Отан-ана" Батырхан Шукеевтің клипі.
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Абылай хан, Наурызбай батыр, Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Махамбет, Исатай, т.т
1-жүргізуші:
Тарт күйіңді, домбыра!
Төгіл, төгіл тәтгі күй,
Тау суындай сылдыра,
Желпін, желпін жел соқтыр!
Тауда тұман тұрмасын,
Көкте бұлт ыдыра!
Тыңдамаған қоймасын,
Ойды-қырды қыдыра,
Құлшына тарт,
домбыра! - деп Ілияс Жансүгіров жырлағандай, кезекті домбыраға
береміз.
Домбырашылардың орындауында
күй:
3-бөлім. «Ұлы Дала тұлғалары»
1. Ахмет Байтұрсынов: Қазақ әлдеқашан тілінде қандай дыбыстар бар екенін айырған, әр дыбысқа белгілеп таңба арнаған. Оқуымызға онымыз жақсы, жазуымызға тағы жақсы, үйрету жағынан орыстікінен, немістікінен, француздікінен, ағылшындікінен оңай, оңтайлы.
2. Мағжан Жұмабаев:
Чтобы жизнь богатств не унесла,
Ты в порядок приведи дела,
И отвергнув косности закон,
В храм войди наук и ремесла.
3. Әлихан Бөкейхан Алаштың жасампаздығына, ұлттық бірегейлігін сақтап қалудағы қазақтың жанкештілігіне сенім артты. «Озғандарға жету керек, жеткендерімізден озу керек. Дүниенің төріне тырмысқандар, төрден орын алып жатыр. Тырмыспағандар есікте қалып жатыр: есікте қалмай, төрге тырмысалық»
4. Жаханша Досмухамедов родился в 1887 году в семье степняка-скотовода Досмухамеда (Досмагамбета) из казахского рода Каракунан Тана[1]. В 1917 году был председателем Уральского областного казахского комитета, участником Всероссийского съезда мусульман в Москве, на котором его избрали заместителем председателя Всероссийского совета мусульман. Участвовал в подготовке проекта закона об Учредительном собрании Временного правительства. Стал членом правительства Алаш-Орды, провозглашённого на 2-м Все казахском съезде в декабре 1917 года. В 1918—1919 годах возглавлял Западное отделение Алаш-Орды. В марте 1918 года вместе с Х. Досмухамедовым участвовал в переговорах с В. И. Лениным и И. В. Сталиным[3].
5. Ілияс Жансүгіров
Қадірлі, бағасы алтын анам тілі,
Сенімен бағаланған балаң түрі.
Төрт бөліп түн ұйқысын жұбатам деп,
Сенімен әлдилеген анам
мені.
6. Ғаббасов
Халел
На 1-м Всеказахском съезде выдвинут кандидатом в члены Всероссийского съезда. С октября 1917 председатель Семипалатинского областного комитета партии Алаш. На 2-м Всеказахском съезде выступил с докладом о создании Алашской милиции. Избран в состав, правительства Алашорды. С января 1918 года заместитель председателя правления областного земства. 20 марта 1918 года по заданию правительства Алашорды вёл телеграфные переговоры с советским правительством, выдвинул требование о предоставлении национального самоуправления.
7. Мұстафа Шоқай
Мұстафа Шоқай рухы, өкпелі ме екен,
Мариям ару көз жасын төкпеді ме екен.
Жарық жұлдыздар аспаннан ағып барады,
Тұлғалар тағы дүниеден өтпеді ме екен.
8. Тынышпаев
Мухамеджан
(1879—1937) — казахский общественный деятель, депутат Второй Государственной Думы России, премьер-министр Туркестанской автономии, член «Алаш Орды», первый казахский инженер-путеец, активный участник проектирования и строительства Туркестано-Сибирской магистрали.
9. Кенесарин Азимхан Ахметулы — участник движения Алаш Орда. Внук Кенесары Касымова. Окончил Шымкентское городское училище в 1897 г.
В 1905 г. участвовал в написании петиции председателю Совета Министров Российской империи С.Ю.Витте. 12 ноября 1917 г. организовал съезд казахов Аулие–Атинского уезда; гидротехник. В 1930 г. был арестован по обвинению в «национализме». Повторно арестован в 1937 году и приговорен к расстрелу. В 1956 году реабилитирован посмертно.
10. Міржақып Дулатов
Көзiндi аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткiзбей қараңғыда бекер
жасты.
Жер кеттi, дiн нашарлап, хал харам
боп,
Қазағым, ендi жату жарамасты.
12. Әлімхан Әбеуұлы Ермеков (1891 жылы - 1970) — мемлекет және қоғам қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, математикадан тұңғыш қазақ профессоры.
Томскте оқып жүріп орыстың озық ойлы ойшылдарымен, ғалымдарымен танысады. Шоқан Уәлихановтың досы Григорий Николаевич Потанин Әлімханның бойындағы білімге деген талпынысты көріп, тәнті болады. Қарт Потанин Әлімханға ағалық ақыл беріп, оған: «Әлімхан сенің білімің - ол қазақтың білімі. Сол себепті жақсы оқы және өзгелерді оқыт» - деп, үлкен үміт артқан. Осы сөздерді Әлімхан аға өмірлік ұстанымына айналдырып, ақтық демі қалғанша ұлтымызға еңбек етті. Григорий Потанин Ермековке бекер назар аудармағанын уақыт дәлелдеді. Әлімхан Ермеков өз қолымен толтырған анкеталарда ағылшын, неміс, француз, итальян тілдерін білетінін көрсеткен.
2-жүргізуші. Ән: "Алашымын"
1986 жыл.
1-жүргізуші:
Қайрат Рысқұлбеков:
«Мен — қазақпын мың өліп, мың тірілген»,
Құшақ жая таныстым сан тілменен.
— «Жаман үйді қонағы билейді» деп,
Қала жаздап айрылып өз тілімнен.
Өзге тілге еліктеп ел болмайсың,
Қазағымның артық жоқ өз тілінен...
2-жүргізуші:
Желтоқсан – заман толғағы
байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
Тәуелсіздік күні еліміздің
барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі,
осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар
бойы армандап, күтумен өтті.
2 - жүргізуші:
Азат өлкем күндей күлген
шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
Квартеттің орындауында ән «Алға, Қазақ,
жігіттері»
1-жүргізуші:
«Орнында бар оңалар» демекші,
ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел
болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан»
егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120 - дан аса ұлт өкілдері
тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі
керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт
түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам
өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш
тұтады.
4-бөлім.
"Ата-бабам аңсаған тәуелсіздік".
Қазақпын, еңселі елмін
егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде
айтам.
Ұлт көшбасшысы: Н.Ә Назарбаев .
"Лидер наций" фильмінен үзінді.
Архипованың орындауында: "Біздің бабамыз кімнен кем, кімнен
сорлы"
1 - жүргізуші:
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты
«....................................» биі.
Орындайтын
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
5-бөлім.
2-жүргізуші:
Ел баласын
мәпелеп
саялаған
Әр баланы
жан тәнімен
аялаған
Біледі
үлкен кіші бар
еңбегін
Бала үшін
күш жігерін
аямаған.
1-жүргізуші: Қазақ елінің бірінші ханымы, «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Назарбаеваның рухани байлыққа толы, баланың өмірді танытуға бағыттайтын өзін-өзі тану пәні алғаш рет 2001 жылдан бастап сынақ жоба ретінде Қазақстанның мектептеріне енгізіле бастады. Пәні арқылы әр баланың жүрегіне жол таба білген мейірімді ана Сара Алпысқызы «Мен бала жас кезінен әрқашан дені сау әрі бақытты болып өсуін, өмір даналығы мен адамзатқа қызмет ете білу бақытын иегере отырып, өсуін қалаймын. Өзінің кім екендігін, не үшін өмір сүріп, не үшін талаптанатынын пайымдай білсін. Әркім өзін ашып көрсете білуі тиіс» дейді.
........................ кезек беріледі.
"Атамекен" әнімен флешмоб
Екі жүргізуші: Қош сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген