Материалдар / «Ұлы даланың тәуелсіздік идеясы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ұлы даланың тәуелсіздік идеясы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер мен оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қазан 2020
284
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы облысы облысы, Алакөл ауданы

«Бескөл ст. №14 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ



Баяндама

Тақырыбы: «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК ИДЕЯСЫ»










Жазған: Адишева Бибигуль Турсынхановна










2020 жыл

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК ИДЕЯСЫ



Ұлы даланы мекендеген қазақ халқының жер бетіне құрып кетпеу жолындағы сан алуан күресінде қазақ зиялылары, соның ішінде М.Дулатұлының үлкен еңбек сіңірді. Алаштың азаматы М.Дулатұлының туғанына биыл 130 жыл толды. Саналы өмірінің барлығын халқының азаттығы үшін, тәуелсіз мемлекетін құру үшін жұмсады. Бүгін тәуелсіз Қазақстан жағдайында отандық тарихтағы ұлы тұлғалардың ұлт мүддесі үшін атқарған қызметін оқып білудің өзектілігі даусыз. Осы мақаланың негізгі мақсаты – қазақ халқының мәңгілік ел болып қалуы үшін ұлттың негізгі мүдделерін өз еңбектерінде жазып, ұрпаққа қалдырған М.Дулатұлының қоғамдық саяси қызметін оның еңбектері арқылы талдау болып саналады. М.Дулатұлының еңбектерін тәуелсіздік алғаннан кейін отандық тарихшылар, әдебиетшілер мен саясаткерлер талдаулар жүргізе бастады. Оның еңбектерінмен тек қазақстан ғалымдары ғана емес, сонымен қатар, шетелдік ғалымдар да айналысты (У.Томохико)[1].

«Қазақ» газетіне жарық көрген бірнеше мақалалар бүгінгі күн үшін өте құнды. Мысалы, «Мемлекет халы» атты мақаласында автор бүлікшілік шығарған большевиктердің саясатын қатаң сынға алады [2,254]. Еуропадағы хал-ахуалды, төрт жылдық соғыстарды көріп бағалау арқылы жұрттың бәрін бір кісінің баласындай тең көру – сол уақыт кезеңі үшін асығыстық іс деп қорытындыға келеді. Оның халқына айтатыны – қыл көпірдің үстінде тұрып, өзара және көрші елдермен татулықты сақтау. Ал бұл ой қазіргі толеранттылық идеясымен тұспа-тұс. М.Дулатұлының А.Байтұрсынов және Ә.Бөкейхановпен бірлесіп жазған «Алаштың Азаматына» атты ашық хатында халықтың соғысқа қатысуына көну не көнбеу ұстанымдарының жан жақты талдап, натижесінде пайдалысы мен жеңілі – соғысқа қатысуды қолдайды [2,224б]. Алмақтың да салмағы бар деп, қазақты үлкен тәжірибе алуға, ертеңгі күнді жарқын қарсы алуға дайындайды.

М.Дулатұлының еңбектерінде, әсіресе оның поэзиясында әлеуметтік саяси қоғамдық проблемалар көтерілген. Қазақ халқының тәуелсіз ел болу жолындағы басты ісі – ұрпақты оқыту, тәрбиелеу мәселесіне арналған. Екінші үлкен көтерген проблемасы – халық тағдыры. Соның бірі «Азамат» еңбегі. Бұл еңбегінде халқының тағдырына деген алаңдаушылық, оның ішкі жан күйзелісі айқын беріледі. Осы еңбегі оның лирикалық ақын екендігін көрсетеді. Өйткені, ол жаңадан сөз тіркестерін пайдаланып, ақынның бар ішкі жан дүниесі халқына арналады. Осындай сарын «Оян Қазақта» да айтылады. Бұндағы өзекті тақырыптар ел мен жер, дін, оқу-ағарту, жетімдер мен жесірлер, ауылдағы сайлау ісі болып табылады. Өзінің бұл жалынды өлеңі арқылы ақын халықты рухани кемелденудіру жолына жетелегісі келеді. «Оян, қазақ» Қазақстанның барлық аймақтарына кеңінен тарған, ал қазақ оқырмандары бұл шығарманы жаттап алу арқылы қоғам ішінде оқып, оның мазмұнын халық арассында мүмкіншіліктері жеткенше кеңінен насихаттаған. В.Гордлевский «Дала перзенті М.Дулатов туған халқының еркіндігін, азаттығын армандап халқына «Оян, қазақ»-деп ұран тастаған күрескер азамат ақын» деп жазып кеткен.

М.Дулатовтың еңбектін оқи отырып, оның ұстазы А.Байтұрсұновтың ұлт жөніндегі идеясының тұтас бір мақсаты байқалады. Ол мақсат – қазақ жастарын оқыту мен тәрбиелеу. Олардың бұл мақсаты бүгінде өз өзектілігін жойған жоқ. М.Дулатов өз заманында өзімен қатар жүрген, өзіне дейінгі қазақ даласындағы тарихи тқлғаларды бағалай білген қайраткер. Орынборда 1922 жылы шыққан «Труды и общества изучение Киргизского края» деген еңбегінде ол А.Байтұрсынов туралы өмір баяндама жазады. СОл мақалада: «Кез келген орта сияқты, қазақ даласы да жүздеген жылдар бойы өзінің табиғатына лайық перзенттерін туғызып келді. Егер Еуропаның алуан түрлі тамаша табиғаты Ньютон, Маркс, Толстой, рафаэль сияқты ғылым өкілдерін әкелсе, Азияның табиғаты Тимучин, Темірлан, Кенесары, Сырым тәрізді қаһармандарды туғызды». Міне осы жолдарда М.дулатов бүгінгі күнде де өзекті проблема – табиғат пен адам тұтастығын, географиялық ортаның ықпалының зор екенін көрсетеді. М.Дулатовтың еңбектерінің көпшілігі ХХ ғасырдың басында Ұлы далаға енген жаңа қоғамдық экономикалық дағдының, мектердің ашылуы, біртіндеп оқу-білімнің қадірін түсіне бастаған елде ұлттық мүдде – тәуелсіз ел болудың жолы еркіндік, бостандық, мәдениет, білім екендігін жазады. М.Дулатовтың еңбектерінде көтерілген ұлттық мұдде – тәуелсіздік идеясы дүние жүзіндегі азаттық жолында күрескен идеямен үндес санайды. Европаның тарихи тұлғалардың іс әрекетінен үлгі алуды ол жөн деп санайды. Отаршы елдің отаршылдық саясатқа назаланып, отаршы елдегі ұлы тұлғаларды көрмеу қате деп санайды. Оның ойынша әр халықта жақсы адамдар көп. Сол адамдар арқылы ашық, абзал көзқарастарды меңгеруге болады. СОндай адамдардың бірі оның ойынша – Григорий Потанин. Оған арнап мына өлең жазған:

Сұлу мінез, ақ жүрекпен, артық ең,

Қазақ атын шылбырдан сан тартып ең,

Біз ұмытсақ, өлмес айғақ тарих бар,

Атамыздай болған сабыз қартым ең [3].

М.Дулатовтың «Сағыну» деген еңбегінде ол еркіндікті көрсетеді, Ұлы даланы шақырып іздеп, жоғалтқан бостандықты аңсайды. ...

Қандай күйде жатыр екен көрейін,

Ер қазақтың еркін өскен баласын.

Баяғыдай еркіншілік бар ма екен,

Өз көзімен ерке көңілім қарасын...

Бұл еңбек 1914 жылы орыс тіліне аударылған. Еңбекте қазақ елінің рухы, биік жігерін көрсетеді. Осы өлеңді ол романс ретінде Мәскеуде оқыған. М.Дулатовтың «Обалы кімге» еңбегінде биылғы жылы жүз жылдығы тойлағалы отырған 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілісі айтылады. Оның ішінде 25 маусым жарлығына қарсы ел наразылығын баяндайды. Халықтың қазақ даласына жан төзбейтін қайғыны алып келген халықтың қаны судай төккен трагедияны обалы кімге – обалы ақ патшаға арнайды. Даланың Ұлы перзенті М.Дулатов қазақ даласындағы азаттықтан айырылған халықтың жан күйзелісін қобыздың мұңға толы үнін даланың мәңгілік симфониясындай салыстырып, Алашқа «Қайғылы» деген өлең жазады...

Көтерген ақ киізге ханың қайда?

Қиған қас, бидай өңді ханым қайда?

Түнерген сыртқа айбынды іргең бүтін,

Бір кезде басқа қонған бағың қайда?

Бермейтін ел намысын ерің қайда?

Сүйенер қысылғанда белің қайда?

Өйткені айтқаны екі болмайтұғын,

Асыл зат артық туған бегің қайда?

Осы өлең жолдарында қазақ халқының отаршылдық зардабынан ұлттық дәстүрден айырылып бара жатқандығы, ел бастайтын көшбасшының жоқтығы, ел намысын қорғайтын сияқты тарихи ойлармен ұлт намысын қайрап, азаттық жолында күреске шақырды.

Қорыта айтқанда, М.Дулатовтың еңбектерінде, ол саяси мақала болсын, поэзия болсын, Ұы дала елінің мәңгілік мақсаты – оқу-білім, тәрбие арқылы мемлекет құру. М.Дулатов Алаштың арманын көрсетеді және сол жолға жетуде ол қазақтың Абылай, Ағыбай, Кенесары сияқты қазақтың ірі тұлғаларын өз шығармаларына өзек етіп алады. Сондықтан да, Қазақ хандығының 550 жылдығы атап өтіліп жатқан осы жылы Ұлы даланың перзенті Міржақып сияқты және Алаш зиялылары өз дәуірінің теңдесі жоқ көсемсөз шебері, отарлық езгіге қарсы қоғам қайраткері екені оның еңбектерінен айқын көрінеді.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1.http://e-history.kz/kz/publications/view/1644

2. Дулатұлы М. Шығармалары: Мақалалары мен зерттеулер 2-т. – Алматы: Ғылым, 1997. – 224-254б.

3. ХХІ ғасырдағы Алаштың ақ жолы. – Астана, 2015. – 382б.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!