«ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАРЫ»
М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі
Бейсенова Еркеназ Нұрланқызы
Жетекшісі:Баяхметова Ляззат Сансызбаевна
«Көпшіліктің санасында тарихи үдерістер, негізінен, тұлғаландыру сипатына ие болатыны белгілі. Көптеген халықтар өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы бабаларының есімдерін мақтан тұтады. Мысалы, өткен дәуірлердегі Тутанхамон, Конфуций, Ескендір Зұлқарнайын, Шекспир, Гете, Пушкин және Джордж Вашингтон сияқты дүниежүзіне белгілі тұлғалар бүгінде «өз мемлекеттерінің» баға жетпес символдық капиталы саналады әрі сол елдердің халықаралық аренада тиімді ілгерілеуіне септігін тигізіп отыр. Ұлы дала әл-Фараби мен Яссауи, Күлтегін мен Бейбарыс, әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді. Сондықтан, біз біріншіден, атақты тарихи тұлғаларымыз бен олардың жетістіктерінің құрметіне ашық аспан астында ескерткіш-мүсіндер қойылатын «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашуымыз керек», - деп Елбасымыз өз мақаласында жазды.
Елбасымыз біріншіден, «Ұлы дала есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябақты жасау, екіншіден, қазіргі әдебиеттегі, музыка, театр саласы мен бейнелеу өнеріндегі ұлы ойшылдар мен ақындар, ел билеген тұлғалардың галереясын ашу, үшіншіден, «Ұлы дала тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік серияларды шығарып, тарату жұмыстарын жүйелендіру және жандандыру қажеттігі туралы баяндады.
Ұлы тұлғалар – өздерінің саяси немесе рухани еңбегі арқылы қоғам қажеттіліктерін анағұрлым толық қанағаттандыра алып, оның дамуына айтарлықтай әсер еткен, атқарған қызметі өз мемлекетінің аясынан шығып, бүкіл әлемге пайдасын тигізіп, баршаға әйгілі болған адамдар. Сондықтан кез келген мемлекет тарихы ұлы тұлғалар ісінің призмасы арқылы анағұрлым айқын, әрі әсерлі көрінетіні тегін емес. Оның үстіне, тарихтың өзі де кейде осы тұлғалармен сәйкестендіріледі.
Адамзат қоғамының тарихында, ұлттар қоғамының тарихында басты рөлді ұлы тұлғалар атқарады.Қазақ тарихында есімдері алтын әріппен жазылған «Ұлы тұлғалар» жетерлік. Ата-бабамыз дала бостандығын сүйе отырып, тарихтың қатал кезеңдерінде салт-дәстүр мен тіл, дін, ділімізді жоғалтпай бізге сыйлады. Қазіргі тәуелсіз ел болуымыздың себепкері – Ұлы тұлғалар.
Ел..! Көптеген халықтардың,адал жандардың басын қосып,бірлік пен татулықта ұстап тұратын киелі сөз. Ал сол елді қолдайтын да, қорғайтын да,елін ,жерін сүйіспеншілікпен аялайтын да дана,шешен,ақын жанды –дара тұлға. Міне,мен де ақын жанды дара тұлға ретінде Абай Құнанбайұлы атамызды мақтан тұтар едім. Неге? Өйткені , ол қазақ халқы үшін ,қазақ халқының өскелең ұрпақтары үшін білім негізін қалап,халықты білімге, парасаттылыққа ,тәлім-тәрбиеге шақыра отырып,білімге құштарлығын оята білді. Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді,алып келе бермек..!Қазақ топырағынан көкірегі ояу,көзі ашық,ойшыл азаматтар бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгерген ,өз шығармаларын көпке ортақ тілде жазатын,кейінгі ұрпаққа аманат етіп,мұра етіп қалдыра білетін азаматтарымыз саусақпен санарлық деуге болады.Олардың ішінде аты әлемге танылған ұлы ғұламаларымыз-Әбу Насыр әл-Фараби мен Абай атамыз.Биыл 2020 жылы «Әлемнің екінші ұстазы»атанған,күллі түркі жұртының бас ойшылы, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде, Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жылдығы мемлекеттік деңгейде тойлану үстінде.Бізде бұл атаулы күндерді өз арамызда аталарымызға арнап түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, халқымыздың тарихынан тағылым алып, ұлы бабаларымызды әрдайым ұлықтап жүруді біздің парызымыз деп білемін.Біз үшін бұл мерейтойлардың маңыздылығы ерекше.Тарихи датаны ақыл парасатпен,салиқалы деңгейде атап өткізуге өз үлесімді қосып жүрмін.Ұлы тұлғаларды тағылымдары мен ойтолғамдары бізге келешекке қанат бітірердей әсер береді. «Тарихын білмеген, түбін білмес» деген қанатты сөзді санамызға сіңіріп,өсіп келеміз.
Менің ойымша,Әл-Фараби мен Абайдың мұрагерлік сабақтастығы шығармашыл адамдардың шабытын шарықтататыны белгілі,ғұлама ойшылдардың өмірлері келешек ұрпаққа үлгі,ғылымға әкелген үлестері орасан зор деп айта аламын.Абай мен Әл-Фарабидің арасындағы ұқсастығына тоқталсам,әр кезеңнің ғасырға бергісіз біртуар адамдары сол секілді қазақтың маңдайына біткен ұлы тұлғалары міне осылар деп айтар едім.Өсиет етіп қалдырған ғибрат сөздерінді үлкен үндестік,ұқсастық бар.Ғұлама, дана, дара, кемеңгер ойшылдардың ғибрат сөздері мен ой-толғамдары күні бүгінге дейін маңызын жоғалтпаған халықтың асыл мұрасы,әдебиетіміздің айнасы іспеттес.Екі ойшылға ортақ Фараби«Әрбір адамның дүниеде өз орны бар»,десе Абайдың жаңаша көзқарасы «Сен де бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та,бар қалан!»,-деп әрбір адамның өмірде өзінің орны бар екенін тілге тиек еткен.Демек бұл ойшылдардың мақсаты қараңғы халықты алға сүйреу,барынша халыққа көмек қолын созу деп түсінемін. Абайдың жүріп өткен жолы сара жол,біз осы жолмен жүрсек адаспаймыз.Білімге жастайынан құмар Абай өз бетінше білім алуға шындап кірісіп,тіл үйрене бастаған,бұл өте жақсы қасиет.Бай-қуатты отбасынан шықса да киімге қызықпады,қолына тиын- тебен түсе қалса, газет,журналдар сатып алып,ауылындағы өзінен кейінгі шәкірттеріне алып барып беретін.Қазір бізде керісінше барлығы дайын,әрқайсымызда ұялы телефон,интернет,дайын кітапты алып оқығысы келмейтін адамдар жетерлік.Біздің қоғамдағы, айналамыздағы мәселелер әр алуан.Есебін тауып өмір сүру,көштен артта қалмау, тағысын тағы толып жатқан шырмауы шешуге келе бермейтін мәселелерге толы десек те болады.
Қорыта келе,“Біз үшін бұл мерейтойлардың маңызы ерекше. Тарихи датаны ақыл-парасатпен, салиқалы деңгейде өткізуге баса мән беру керек. Негізгі мақсат – ұлы тұлғалардың тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу. Үкіметке қажетті шаралар әзірлеуді тапсырамын”, – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұлы даланың Ұлы тұлғалары

шағым қалдыра аласыз