Ұлы даланың ұлылары

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлы даланың ұлылары

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс шараның сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы

МКҚК Сервис және жаңа технологиялар колледжі











Сыныптан тыс шара


«Ұлы даланың ұлылары»























Орал қ




Тақырыбы: ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫЛАРЫ

Тобы: №24 « Кондитер»

Түрі: театрландырылған

Мақсаты: қазақ халқының өткен килы-қилы кезендерінің тарихына шолу жасай отырып, ұлы тұлғалардың рухты тағылымдарын зерделей келе ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлік үлгісімен тәрбилеу, отансүйгіштікке балу; ел тәуелсіздігінің 21 жылындағы жеткен бірегей табыстармызды жете түсіндіру арқылы елбасының ұйымдастыру көргендігін, бейбітшілікті, еңбекшіл, ұлттық татулықты ту ету мақтанышына сүйсіндіру арқылы іздену мен шығармашылық қабілетін дамыту.

Көрнекілігі: тақырыбы мазмұнға лайықтанып жазылады; Қазақстан Республиканың картасының бейнесі ерекшеленіп сызылады; адам бейнесіндегі тас мүсіннің суреті тақырыптың дәл ортасынан орын алып қойылады, қанатты сөздер жазылып ілінеді, көк түсті рәміз бейнесіндегі сурет салынып ілінеді, ол безендіру тақтасының мәні мен сәнін келтіреді.


Барысы.

1-жүргізуші:

Көңілдің көтеріңкі сезімімен,

Әдеби кештің қызығымен,

Ән қанатында қалықтап,

Шат сезіммен шарқтап,

Ұлылардың рухына тағызым ете отырып

Ұлық мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

2-жүргізуші: Бүгін сахнада №24топ оқушылары әдеби кешіміздің жоспары бойынша өнер-білімдерін көрсетеді.

1-жүгізуші:

Біздер бүгін Отан жайлы баяндаймыз,

Ұлылардың өмірі жайлы жырлаймыз.

Енді біз “ Ұлы даланың” ұлыларын

Сахна төріне шақырайық,

Не деріне назар салып тыңдайық.

Қарсы алыңыздар!

Оқушылар ретімен тұлғалардың кейпінде олардың суреттерін ұстап сахна төріне шығып келеді.

(“Сары арқа” күйі естіліп тұрады.)

2-жүргізуші:

Қазақ халқының ХV ғасырдағы

Тарихи арпалысына толы,

Жер бетінде бар болуы, не жоқ болуы,

Жанкешті тынымсыз заман еді.

Заман ағысының жарық жұлдыздары

Хан Жәнібек пен Керейге сөз берейік

Хан Керей мен Жәнібек:

Қазақ хандығының тарихы 1466-1847 жылдарды қамтиды. Қазақ хандарының әулеті Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы ханнан тарайды. Ең әуелі ағалы-інілі біздер 1466 жылы Шу өзенінің бойындағы “Қозыбасы” деген жерде Қазақ хандығының щаңырағын көтерген едік.

1-жүгізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсен менше сүй” деп Абай айтқандай келесі кезекті әсем әнге берейік!

(Ән: “Сарыжайлау”)

2-жүгізуші:

Қазақстан салтанаты жарасқан,

Бір туысқан, бір-біріне қарасқан.

Бір кездері алғашқы хандықты құрған жер,

Бір кісідей маңдай терін төккен жер.

Ендігі кезекті жерім деп жылаған, елім деп еңіреген қазақтың қамқоршы хандары Қасым, Есім, Тәке хандарға сөз берейік. Хандар: Қасым, Есім, Тәуке.


Қасым хан:

Мен Жәнібек ханның баласымын. XVI ғасырда Қазақ хандығының іргесін кеңейтіп іргелі мемлекетке айнлдырдым. Қазақ тарихына қосқан үлесім: алғаш рет құқықтық ғұрыптарды бір жүйеге келтіріп жұртты ережеге үйреттім. Халық мені құрметтеп “Қасымның қасқа жолы” деген атақ-мәртебе берген еді.

Есім хан:

Мен Қасымның “Қасқа жолын” сақтай отырып әскери міндеттерді күшейтіп, тәртіп бұзушыларға қолданылатын жазаны орындаттыра отырып қоғамдық тәртіпті күшейттім. Жұрт оны ықыласпен қарсы алып, маған “Есімнің ескі жолы” деген мәртебе берді.

Тәуке хан:

Мен Тәуке ханмын. Ел басқарған тұста Қасым мен Есімнің ғұрыптық ережелерін кеңейтіп өзіндік бір “Тәукенің жеті жарғысы” деген атақ-мәртебе сыйлады.

(“Қара жорға” биі)

1-жүргізуші.

Ержүрек ел қайтпайтын от пен судан,

Еңбек етсе аққан тер бетін жуған

Небір дана ақын мен батырларды

Халқы үшін қаһарман қазақ туған.

Қазақтың дана билері мен төбе билері сөйлейді.

Төле би:

Мен Төле би Әілбекұлымын. Ұлы жүздің аумағында халық атынан ру-тайпалардың өзара берекесіз жанжалдар мен дауларды әділеттікпен шешуге күш салып, шешендік пен тапқырлық құдыретімді көрсете білдім. “Жеті жарғы” заң жинағын жасауға күш жігерімді аямадым. Халық мені “Төле би – Төбе би” деп құрметтеді.

Қазыбек би:

Мен Қазыбек Келдібекұлымын. Орта жүзбен тағдырлас мемлекеттер арасындағы мәмлегерлік істі бастап Жоңғар хандығына бірнеше рет сапармен бардым. 1740 жылы 90 биді басқарып Жоңғар хандығына барып Абылайды тұтқыннан босатып әкелдім. “Жеті жарғы” заңын біздер құрметтеп “Қаз дауысты Қазыбек” деп атап кетті.

Әйтеке би:

Мен Әтеке Байбекұлымын. Кіші жүздің ішкі жағдайындағы дау-жанжалдар мен жер дауы, жесір дауы сияқты күрделі мәселенің басын ашып әділ шешімдер қабылдауда басшылық еттім. «Жеті жарғы» заңын жасауға бар күш-жігерімді аямадым. Халық маған сеніп, «Кемеңгер тұлға, көреген Әйтеке» деп құрметпен қарады.

2жүргізуші:

Тәуелсіздік – қазақ халқының

Сан ғасырлық арманы.

Біздің туысымыз – тәуелсіздік

Біздің тілегіміз –бейбітшілік.


Ендеше ХVІІІ ғасырдың тәуелсіздік жаршылары қазақтың атақты да айбарлы хандары

Әбілқайыр Абылай және ХІХ ғасырдағы Кенесары сөз алады.

Тәуелсіздік жаршылары, қазақтың атақты да, айбарлы хандары: Әбілқайыр, Абылай, Кенесары.

Әбілқайыр хан:

ХVІІІғасырдың І жартысында қазақ жеріне төнген сыртқы жаулардың қысымы шегіне жетіп, мемлекет ыдырай бастаған кезде мен Кіші жүзді басқардым. Бұл кезеңде Жоңғария мен Орта Азия хандықтарының шапқыншылығынан елді қорғап, Ресей патшасына арқа сүйеп ол елдің бодандығын қабылдауды ұйғардым.

Абылай хан:

Азан шақырып қойған есімім –Әбілмансұр.Мен көрегенді, ақылды, саясаткер,өткір ойлы, дарынды дипломаттық қабілетімен жұртқа танылдым. Ел басқарған тұста шекара кеңейіп, халықтың мерейі тасып, рухы асқақтады. 1711-1781жылдары Қазақ хандығын біртұтас мемлекетке айналдырдым.

Кенесары хан:

Мен Кенесары Қасымұлымын. ХІХ ғасырдың І жартысында қазақтың ұлы даласында отаршылдыққа қарсы күресті басқардым. Менің төңірегіме топтасқан батырлар мен халықтың мақсаты сыртқы жауларға тойтарыс беріп, мемлекетті қалпына келтіруге ұмтылғандар еді. Бізге ең құндысы Тәуелсіздік болған еді.


1-жүргізуші:

Бір-біріне қимайтын аласаны,

Ынтымағы сан ұлттың жарасады.

Қоғамның тату-тәтті бірлігінде

Қазақстан елімнің болашағы.

Ендігі кезекте ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлиханов, ұлы ақын Абай Құнанбаев, ағартушы педагог Ы.Алтынсарин сөз алады.


Шоқан Уәлиханов:

Мен Шоқан Уәлихановпын. Шын есімім – Мұхаммедқанафия.

Бес жасымнан хат танып, алғашқы білімімді қазақ мектебінде алдым. Жастайымнан тілге құмарланып араб, парсы тілдерін, кейінірек неміс, ағылшын, француз тілдерін жетік меңгердім. Көптеген ғылыми еңбектер жазылды, үш мәрте саяхатқа шығып, Орта Азияны зерттеп, жан-жақты ғылыми тұжырымдамалар берілді.


Абай Құнанбаев:

Мен Абаймын. Шын есімім –Ибраһим.Өмірімнің өткелінде көптеген өлеңдер жаздым. 50-ге жуық қарасөздердің жинағын шығарып, өз шығармаларымда жастарды білімге-өнерге, ғылымға шақырып, қазақ халқының болмысын зерделедім. Мені халқым «Қазақтың ұлы ақыны, кемеңгер ойшыл, жазба әдебиетінің негізін салушы » деп ұлықтан тарихқа жазып қалдырды.


Ыбырай Алтынсарин:

Мен Ыбырай Алтынсаринмін.Бала шағымда мектепті алтын медальмен бітірдім. Өз тілімді құрметтеп, өзге тілге де құмар едім. Орыс, араб, татар, парсы тілдерін жетік меңгердім. Қазақ балаларына арналған оқулық жаздым.Қазақ даласында бірінші болып қыз балаларды білімге тарттым. Мені қазақ халқы «Ағартушы педагог, жазушы, ғалым, балалар әдебиетінің шебері» деп құрметтейді.



2-жүргізуші:

Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде,

Деп жылар сорлы қазақ мен өлгенде.

Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді

Тарихтың түкпірінен сөз келгенде.-деп халқымыздың қаһарман перзенті Бауыржан Момышұлы жазған. Тарихымыздың КСРО дәуірінің басталуы мен барысы және аяқталуы кезеңінің мәртебелі бірегей үш тұлғасы: Әлихан Бөкейхан, Бауыржан Момышұлы, Дінмұхаммед Қонаев.

Әлихан Бөкейхан:

Мен Әлихан Бөкейханмын. 1920жылдары Қазақстанда көптеген саяси ағымдар мен партияларқұрылды. Олардың ықпалдысы Алаш Орда еді. Біздің мақсат: Қазақстанның жеке мемлекет болып құрылуы, өз тілін, әдет-ғұрпын сақтап өркениетке жетуді аңсадық.Менің төңірегімде А.Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай, Міржақып Дулатұлы сияқты зиялылар топтасқан еді. Кеңес үкіметі бізді таратып қуғынға ұшыратты.


Бауыржан Момышұлы:

Мен Бауыржан Момышұлымын. ССРО-Герания соғысы жылдарында 1млн. 200мың қазақстандық армия қатарына алынды. Мәскеу, Ленинград, Сталинград шайқасында қазақтың батыр ұлдары мен қыздарының өшпес ерліге тарихта алтын әріптермен жазылды.


Дінмұхаммед Қонаев:

Мен Дінмұхаммед Ахмет Қонаевпын. 1960 жылы Қазақ КСР-і партия ұйымының І хатшысы болып сайландым. 1962 жылдан бастап екі жыл Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы қызметін атқарып 1964 жылдан бастап Қазақстан КП Орталық Комитетінің І хатшысы болып, 1986 жылдың желтоқсанына дейін қызмет атқардым.

Мен ширек ғасыр ел басқарған тұста қазақ халқының арман тілектерін орындауға тырыстым.


1жүргізуші:

Биіктей бер асқақтап, жомарт халқым,

Өркендей бер, аяқталды тозақты күн.

О,тәңірім бізді баққа жолықтыр!

Бүгін міне, тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр.


2-жүргізуші:

Уа, дариға,

Еркіндік пен егемен!

Қадіріңді түсінбеймін неге мен?!

Байтақ елдің ырысына айналып,

Бақыт нұры себелеп тұр төбеден!

Мұғалім:

Тәуелсіздік мерекесіне арналған әдеби музыкалық кеште саз-әуен мен тарихи-тағлым және ақтаңдақ беттердің қилы-қилы кезеңдерін еске ала отырып, көп нәрсені ортаға салып, сабақ алдыңдар.

Ғасырлар бойы аңсап армандаған Тәуелсіздігімізді қастерлей білейік, қадірлеп жүрейік ағайын! Кешіміз аяқталды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.03.2025
144
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі