Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы «Келешек» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі Джиренбаева А.С.
Тақырыбы: «Ұлы жеңіс жасасын!»
Мақсаты:Балаларға батырлық,ерлік туралы түсінік беру, бала бойына батырлық жігерлік қасиеттерді қалыптыстыру. Рухани отансүйгіштік сезімді дамыту, сөйлеу мәдениетін, тілдік қорын байыту.
Көрнекіліктер: Суреттер,дәстүрден тыс сурет салу.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
-Сәлеметсіңдер ме , балалар?
-Бүгінгі көңіл-күйлерін қалай?
-Бүгін бізде ерекше күн, бізге қонақтар келеді. Қонақтарымызды қарсы алып, амандасып алайықшы
Дөңгеленіп, тұрайық!
Шеңберді біз құрайық
Қол ұстасып бәріміз
Ақтілекті жолдайық!
Әлемде нұр тыныштық
Әрбіт бейбіт күн ыстық
Қайырлы таң бақшамыз
Қайырлы күн достарым!
Оқу іс-әрекеттің барысы: Балалар біздің бүгінгі іс-әрекетіміз біздің әрқайсымыздың жадымызда өшпес із қалдырған Ұлы Жеңіс күніне байланысты болады..
Жеңіс күні бүкіл бүкіл адамзат аңсаған күн, жеңістің туын тіккен 1945 жылғы 9-мамыр азаттық күрестің айбынды күні.
-Балалар, батыр деп біздер кімдерді айтамыз?
-Елін ,жерін қорғайтын адамды.
-Дұрыс айтасыздар, батыр деген олар дұшпанға қарсы тұратын елін, жерін қорғайтын батыр ағаларымызды айтамыз. Мәншүк Мәметова сонымен қатар мерген Әлия Молдағұлова апаларымыз, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Талғат Бигельдинов ағаларымыз елімізді қорғаған халық қаһарманы.
(Тәрбиеші Ұлы Отан соғыс батырларымен таныстырып өтеді.
Топқа бөліну
-ұшақ
-Көгершін
1.Топ жетекшісімен ойын «Сиқырлы жұлдызша»
1 топ Шарты: Ұлы Отан соғысының батырларын есімін суреттерге қарап, жұлдызшаға жабыстыра отырып баяндайды.
2 топ:Шарты Сызықтар арқылы әскери көліктерге жету.
2. Құрылымдалған ойын «Кім жылдам»
1 топ:Шарты: Отан соғысы қаһармандарының ескерткіштері қай қалада орналасқанын Қазақстан картасына ескерткіштерін орналастырады.
2топ Пазыл ойыны
Шарты:Берілген сурет қиындыларынан суретті құрастырып шығарады.
Сергіту сәті
Достық бізге тым ыстық,
Бірлік-байлық, ырыс-құт.
Жарқырасын күніміз,
Жаса-жаса тыныштық.
Ойлан тап ойыны
1 топ:Шарты:әскери және әуе көліктерін марбелес тасымен әсемдиді
2-топ: Шарты:Әскери әуе шарларын ретімен орналастыр.
- Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміздің есімін ешуақытта ұмытпауымыз керек. Жеңіс күні құтты болсын.
-Күндіз күлкі, түнде ұйқымыз тыныш болсын деген тілекпен, бүгінгі «9 мамыр – Жеңіс күні » атты ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз, бізге балалық шақ, бейбіт өмір әперген Ұлы Жеңіске арналады. Жыл сайын 9 мамыр күні адамдар ескерткіштерге барады. Олар жауынгерлердің тас мүсініне айналған бейнелеріне гүлшоғын қойып, батырлар есімін еске алады.
-Батырлар туралы тақпақтарды кім біледі және Ұлы жеңіске байланысты?
9 мамыр – Жеңіс Күні – ең қымбатты, қуанышты да қайғылы, мәртебелі мейрам, халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі болып табылады.
Алтын ұяң-Отан қымбат
Құт-берекең -атаң-қымбат
Туып өскен елің қымбат.
Кіндік кескен жерің қымбат Мадияр
2.Бақыт сыйлап жатады әр күн
Санамызға жарық берген
Әкелері аталардың
Бұл жеңісті алып келген Айым
3.Әлия,Мәншүк апамыз
Бауыржандай атамыз
Фашистерден Отанды
Қорғап батыр атанды Мариям
4.Оқ астында зулаған
Туған жермен бір болып
Жау алдында тұрды олар ,
Жиырма сегіз мың болып Маржан
5.Елге қауіп төнбесін
Егестен адам өлмесін
Есен аман болайық,
Енді соғыс болмасын...
Өртенбесін туған ел
Шайқалмасын асқар бел,
Шайқалмасын шалқар көл...
6.Барша халық жеңіс күнін тойлайды
Жас сәбилер думандатып ойнайды
Ардагерлер көздеріне жас алып
Ұрпақтарының амандығын ойлайды Аяла
7.Жауынгер біздің саңлақтар
Жауды жеңген саңлақтар
Ардақты Отан ел үшін
Бақытты туған жер үшін Әмір
8.Кең байтақ жеріміз
Татулық тұрағы
Бауырмал еліміз
Ынтымақ ұраны Дарын
9.Туған жерде толамыз
Ертең жігіт боламыз
Отан ортақ үйіміз
Көңілді ән мен күйіміз Манас
10.Отан -жерім,Отан-суым
Отан қуат нәр береді.
Отан ұран,Отан-туым
Отан мәңгі гүлденеді Айсезім
11.Анамыздай тілеуі ақ,
Отан бізде біреу-ақ
Ол-біздің Қазақстан! Аруна
12.Жан біткендей жас тауға,
Шуақ ойнап арайлы
Күн күлімдеп аспанда,
Мамыр әні тарайды Аяна

-
Еркін ойын Дәстүрден тыс сурет салу әдісі арқылы алаудың суретін салады.
Кері байланыс: «Зымыран» әдісі
Тексерген: ____________________________
Күні: _________________
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Ұлы жеңіс жасасын!»

шағым қалдыра аласыз