400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлы Жеңіс күні-мәңгі ел жадында!

Материал туралы қысқаша түсінік
материал эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШҚО Үржар ауданы Үржар ауылы

«Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп»КММ

Бастауыш сынып мұғалімі: Байсугурова Алия Кабаевна


Тақырыбы: Әбу Насыр әл - Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы
Сабақтың мақсаты:
Фарабидің өмірімен, еңбектерімен таныстыру математиканың маңыздылығын көрсету арқылы оқушы бойындағы білуге деген талпыныс құмарлықты ояту, балалық қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңейте түсу. Өз отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, ұлы тұлғалар өмірін оқыта отырып, халқының мәдениетін қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, топтау
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, мағыналы сөздер,слайдтар
Пәнаралық байланыс: Жаратылыстану, әдебиеттік оқу
І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.

2.Сыныптың тазалығына назар аудару

3.Тәрбие сағатын бастау

Мазмұны: Топқа бөлу:

1-топ .Ғалым

2-топ. Ғұлама

3-топ. Данышпан

Кіріспе сөз.

Сұрақтар:

1.Сендер саналы, білімді азамат болып өсуі үшін өздеріңнің бірінші парыздарыңыз не деп ойлайсыңдар?
1. Білім алу.

2. Отанды сүю.

3. Ана тілін сүю, құрметтеу,

4. Ұлт жанды азамат болу.

5. Атамекенді, туған жерді сүю.

6. Денсаулығы мықты азамат болу.
2.Өздерің айтқандай, туған жерін, ата мекенің, тілін, дінін сүйіп, жақсы білім алып, халқына адал қызмет еткен кімдерді білесіңдер?

Бүгінгі тәрбие сағатымызда біз балалар Әбу Насыр Әл Фараби туралы тереңірек мағлұмат алып, ойымызыд ортамызға саламыз.

Әбу Насыр әл - Фараби – ұлы ғалым, ұлы ақын. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз, ойшыл.
Мың жылдан артық уақыттың қатыгез сынынан мүдірмей өткен адамзат ұлдарының бірі.
Әбу Насыр әл - Фараби – қазақ халқының ежелгі мәдени орталықтарының бірі – аты әйгілі Отырарда дүниеге келген.
Отырарды арабтар Фараб деп атаған. Осыдан барып Әбу Насыр әл – Фараби атанып кеткен.
Әбу Насыр әл – Фараби бастауыш білімді туған қаласы Отырарда алды. Одан соң Хорасанға барады. Фараби ғылымды, көбінесе, өз бетімен оқып үйренген. Ол 150 тарта еңбек жазған. Аристотельдің ой - мақсаттарын дамытып отырған.  

Қазір біз балалар Әбу Насыр Әл – Фарабидің өмірімен жақынырақ таныс болу үшін шағын көрініс тамашалайық

Әл-Фарабидің  — «Ізгілік туралы» аңызы (көрініс)

Автор сөзі:   Әбу Насыр  Әл-Фараби Дамаск қаласына келіп тұрып жатқан кезінде, бір бауға қарауыл болып жұмыс жасайды.Сол бау ішінде отырып ұдайы хикмат – философия ғылымымен айналысады. Әбу Насыр бұл жерде ежелгі дәуір ғалымдарының көзқарастары – шығарма-лары мен оларға жазылған түсініктерден бас алмай оқып отыратын. Ол өзі жарлы кісі еді, тіпті түні бойы ұйықтамай, шығарма жазумен айналысатын, кедейлігі сондай, өзіне қарау-ылдығы үшін беретін шамның нұрын пайдаланатын еді. Біраз уақыт Әбу Насыр осылай өмір сүрді. Кейін оның есімі төңірекке мәлім болып, беделі артады, жазған шығармалары да мәшҺүр болып кетеді. Сөйтіп, оның шәкірттері де көбейеді. Соның нәтижесіде ол өз заманының бірден-бір аса ірі ғалымы дәрежесне ие болды. Оның көптомдық “Музыка туралы үлкен трактат” деген шығармасы көптеген тілдерге аударылған. Фараби трактаттары біздің заманымызға дейін аса жоғары бағаланады.Ғұлама бұл еңбекте математикалық тәсілдер пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге келтірді. Ол тек музыка теориясын ғана жазып қоймай, музыкалық аспаптарды да қолдан жасап, сол аспаптарда керемет ойнай да білген. Қазақ домбырасын дүниеге келтірген асқан музыкант ұлы бабамыз Әбу-Насыр әл-Фараби десек, біз қателеспеген болар едік. Оған бірнеше ғылы-ми дәлелдер, Фараби жасаған музыкалық аспаптар түрі куә бола алады. Музыка саласында да ол білімді болыпты. Әбу Насыр ал-Фараби – жан-жақты дамыған музыкант әрі композитор, мәнерлеп орындаушы әрі теоретик, тарихшы, музыкалық аспаптарды жасаушы шебер болды. Елдің айтуына қарағанда, ол ғажайып бір музыка аспабын жасапты, міне, сол аспаптан адамның жан жүрегін елжіретіп жіберетін сиқырлы бір ражап әуен естіледі дейді. Ол жазған шығармалар, түрлі саладағы еңбектері — бөлек-салақ күйінде шашылып жатады. Еңбектерін ол үлкен дәптерге емес, жеке парақ қағаздарға жазып тастай берген. Осылайша,өнер-білімге құштар,ақылды  жанға ел-жұрты  тыным бермейтін болыпты. Өйткені ,бірі келіп ақыл-кеңес сұраса, бірі дау-дамайды шештіреді екен.Осындай күндердің  бірінде – ақынның үйіне өзін білікті, ақылды санап жүрген бір кісінің теріс қылығын көрген жұрты қатты ренжіп,наздарын айтуға келеді.Оның әрекетін айтып, өзара дауласып қалады да, түсінік беруін өтініп, жүгінеді.

1 оқушы (Ақылжан): -О, ұлы ғұлама, адам несімен сыйлы болады?-деп сұрайды.

Автор: Ғұлама ойланып отырады да, қысқа жауап қайырады.

Әл-Фараби (Нұрбол):  — Көпке пайдалы ісімен, алғыр ақыл-ойымен.

2 оқушы (Нұрайым): -Ақылын жамандыққа жұмсаған адамды дана деуге бола ма?-дейді.

Әл-Фараби:  -Ақыл тек қана адамға пайдасын тигізуі тиіс. Кімде-кім ақылын жамандық үшін пайдаланса, ондай адамды тез аластау керек. Ол-ең қауіпті адам- дейді ғұлама.

Автор: -Осылайша келгендер өздерін мазалаған сұрақтарына жауап алып, жөндеріне кете барыпты.

Әбу Насыр әл-Фараби:«Кімде-кім хикмат білімін оқып үйренуге кіріссе, ол ең алдымен жас болуы, ниеті дұрыс , әдепті, қайырымды адам болуы керек. Ондай кісі адамдарға мейірімді, таза, адал болуы, азғын қылықтардан: күнә, қиянат, зұлымдық пен аярлықтан таза болуы тиіс. Білім жолына түскен жан күнделікті күйбең тіршілікті ойламауы қажет. Білімді кәсіп, өнер етіп алмауы керек әрі оны мал-дүние табу құралы етіп жібермеуі қажет. Кімде-кім мұны керісінше істейтін болса, онда ол кезбояушы саналады.Жалған ақша -таза ақша боп есептел-мейтіні сияқты, жалған сөзде ешқашан мән болмайды. Егер мінез-құлқы біз айтқандай емес, теріс мінезді кісі болса, ол ешқашанда ғалымдар қатарына қосылмайды. Сондай-ақ ,адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты.Кімде-кім өзін өз дәрежесіен жоғары көтермек болса, ондай адамнын, өсу жолына тосқауыл койылады».

Автор сөзі: Осылайша Әбу Насыр әлеуметтік өмірдің шындығына тән –кереметтілік, тұрмыстық құбылыстардың шындығы мен шешендігін көрсете біледі.
Мұғалім : - Ал енді балалар слайдтарға назар аударайық.
ә) Слайдпен жұмыс.
Әбу Насыр әл – Фарабидің суреттерімен таныстыру

Сұрақ – жауп әдісі бойынша балалардың түсінгендерін білу.

- Әбу Насыр әл – Фараби қай жерде дүниеге келген?
- Әбу Насыр бастауыш білімді қайда алған?
- Ол қай елдерде болған?

Топпен жұмыс:

«Жариялау» әдісі (Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 минут) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)
1-топ .Ғалым - Әбу Насыр әл – Фараби қандай ғылымдарды зерттеген

2-топ. Ғұлама – Әбу Насыр әл – Фараби қандай тілдерді білген

3-топ. Данышпан - Әбу Насыр әл – Фарабидің әндері қай елдерде орындалады

Жақсы балалар бәріміз топта белсенді жұмыс жасап, ойымызды жеткізе білдік. Енді біз сұрақтарға жауап беріп, жылдамдығымызды көрсетейік.
І .«Бәйге» Қай топ жылдам және көп сұраққа тез жауап береді.

№

Сұрақтар

1.

Әбу Насыр әл - Фараби кім?

2

Әбу Насыр әл - Фараби өмірі жайлы әңгімеле.

3

Алғашқы білімін қай қалада, қандай тілде алады?

4

Әбу Насыр әл - Фараби замандастары:

5

Отырар қаласы жайлы не білесің?

6

Әбу Насыр әл - Фараби өлеңдерінің негізгі тақырыбы

7

Әбу Насыр әл - Фараби қай жылдары өмір сүрді?

8

Әл - Фарабидің толық аты - жөні

9

Отырар қаласын кезінде қалай атаған?

10

Әбу Насыр әл - Фараби қай тілдерді меңгерген?

11

Әбу Насыр әл - Фараби еңбектерін ата?

12

Әбу Насыр әл - Фараби бойындағы көп қасиеттері мен, дарындылығы

ХІХ ғасырдағы біздің ұлы ақындарымыздан кімге ұқсайды?


ІІ – «Дода»Жұмбақтың шешімін тауып, үш тілге аударып айтыңдар.

1

Қабат - қабат қаптама, Ақылың болса аттама

кітап - книга - bооk

2

Жеті Қазынаның бірі, Адамды қорғап жүретін досы

(ит - собакa - dog).

3

Жүз теңгең болғанша, Жүз..... болсын.

(дос - друг - friend)

4

Тұмсығымен қозғалар,Соңынан аппақ із калар.

бор - мел - chalk

5

Тіс жоқ өзінде, Сөзі бар ізінде

қаламсап - ручка - реп

6

Сағат сайын қағылады, тек мектептен табылады.

қоңырау - звонок - bеІІ

III - «Жорға».Әдебиеттік оқу

1

Жылдың төрт мезгіліне де өлең шығарған ақын

Абай Құнанбаев

2

Әбу Насыр Әл Фараби туралы нешінші сыныптан оқып, білдік

2-ші сынып

3

Әуес көріп жүгірген жас балалар
Беті - қолы домбығып үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы,
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.

Абай Құнанбаев «Қыс»

Математика

1

Екі жарым таяқтың неше ұшы бар?

6 ұшы бар

2

Әсем поездің басынан есептегенде 7 – вагонға отырды. Әлкен поездің соңынан есептегенде 7 – вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған?

Поезда 13 вагон болған

3

Вазалардың біріншісінде 6 өрік, екіншісінде 21 өрік, үшіншісінде 9 өрік бар. Өрікті вазадан вазаға 2 рет қана ауыстырып, қалайша теңестіруге болады?

12 өріктен бөлінеді

4

Отбасында төрт бала бар. Олар 3 жаста, 5 жаста, 9 жаста және 15 жаста.
Арай мен Еңліктің жастарының ең кіші ортақ еселігі Сағидың жасына тең. Меруерттің жасы Еңіліктің жасына еселік сан. Кім неше жаста?

Арай 3, Еңілік 9, Сағи 15, Меруерт 5 жаста

  • Жақсы балалар жылдамдық пен ойлампаздықтарынды көрсете білдіңдер.

Балалар биыл біз тағы да бір Ұлы атамыздың 175 жылдығын тойлаймыз. Ол кім?

  • Абай Құнанбаев.

Әрине балалар, Әбу Насыр әл — Фарабидің көзқарасы Абай Құнанбаевпен үндеседі. Ендеше тақтаға шығып, Венн диаграммасы арқылы Әбу Насыр әл — Фараби мен Абайдың ұқсастығы мен айырмашылығын айқындайық.

Венн диаграммасы

Shape3 Shape2 Shape1





1. Әбу Насыр әл — Фарабидің ерекшелігі- емші-тәуіптілігінде,сазгерлігінде, мергендігінде, өнер-тапқыштығында.
2. Абайдың ерекшелігі-артына өлмейтін сөз қалдыруында, қара сөз жазуында.
3.Екеуінің
ұқсастығы- даналығы, атақ-даңқ қумай , қарапайым халыққа көмегін аямауы,өмір тура-лы пәлсапалық ойларында, мейірімділігінде,ел билеуші үстем тап өкілдеріне қарсы наздарын білдіруі, білімге, оқу-ғылымға шақыруы.

Қорытынды.

Адам баласы тек білім арқылы дүниені таниды, табиғаттың құпия сырларын ашады, ғылымды дамытады, техниканы өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады. Білім арқылы өткен тарихын таниды, одан тағылым алады, болашағын болжап, келешегін белгілейд"Ақыл жастан, асыл тастан" деген сөзді халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күткендіктен айтқан болар. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Қоғам талабына сай өз тілінсүйетін, көп тілде еркін сөйлей білетін білімді, өнерлі, ақыл - парасаты
мол азамат болып өсейік.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
715
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі