жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұлы Жеңіс ұрпаққа аманат!
Ұлы Жеңіс ұрпаққа аманат!
Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетің батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес.
Видио қойылады. Балалар қандай сезімде болдыңдар? 1 минут
Оқушылар жауаптары 5-оқушы
Сабағымыз өзгеше тәсілде өтеді. Ауызша журналды қолданамыз.Журнал беттерін толтыру өздеріңе үйге шығармашылық жұмыс ретінде берілген болатын,
Мұғалім сөзі:
Дәл осы кезде «Отан Ана шақырады» ұранымен бүкіл кеңес халқы соғыста аттанды.
1 топқа сөз кезегін берейік.
Бұл жылдары жүрегі Отаным деп соққан әр азамат барынша күресе білді. Әрбір азамат өз Отанына деген антын орындап шықты.
«Оқ пен оттың ортасында жауынгерлер» журналдың 1 беті.
Ислам
Ұлы Отан соғысы ең ауыр, әрі қан төгісті соғыс болды, біреуді жесір етті, біреуді жетім етті. Балалығы сұрапыл соғыспен қатар келген біздің бүгінгі ата- әжелеріміз сол уақытта ерте есейген еді. Ойын баласына бейнет күнді айырбастайтын күн туды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ халқының азаматтары атақ-даңқын өшпестей қылып тарих бетінде қалдырды. Төлеген Тоқтаров, Нұркен Әбдіров, Бауыржан Момышұлы, Хиуаз Доспанова,Талғат Бигелдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сияқты ел аузында аттары жатталып қалған таңдаулы ұлдарымызбен қыздарымызды қалай мақтаныш етсек те жарасады. «Ел үшін аянба – ерлігіңе сын, жұрт үшін аянба- жігіттігіңе сын деп айтқандай біздің жерлестеріміз де бір кісідей майданға аттанды.
Мирас
Балқаш қаласының тарихында алтын әріптермен жазылып мәңгі есімізде жүретін тұлға – Василий Петрович Спицын.Василий Петрович соғыс алдында біздің қаламызға көшіп келіп,мыс зауытында жұмыс жасады.194 1 жылы әскер қатарына шақыртылды.310 атқыштар дивизиясы құрамында Ленинград түбіндегі соғысқа қатысты.Василий Петровичтың әскери өмір жолы өте қиын және ауыр болды.Ленинградты қорғады,Псков қаласын жаудан азат етті. Даңқ Орденімен 3 рет марапатталды.1975 жылы Балқаш қаласының құрметті азаматты атағын берді.Осы ардагер атамыздың құрметіне көше атауы берілген.
Дильназ:
Николай Георгиевич Подсадник 1922 жылы Витебск облысында туды. Ұлты - белорус. 1944 жылдан КПСС мүшесі. Армия қатарына шақырылғанға дейін Балқаш қаласының М. Горький атындағы № 1 орта мектебінде оқыды.
Ол авиацияны жастайынан жақсы көрді. Осы мақсат оны Орынбор әскери авиация училищесіне алып келді. Николай осында жүргенде соғыс басталды.
Авиация училищесін 1943 жылы бітірген соң Николай Подсадник майданға аттанды. Ол Киевті, Львовты, Кишиневті, Румынияны, Югославия мен Австрияны азат етуге қатысты.
Көрсеткен ерлігі үшін ол қос Қызыл Ту орденімен, екінші дәрежелі. Отан соғысы орденімен марапатталды, 16 рет жоғарғы атаққа ие болды.
Айдана:
Николай Павлович Калмыков 1940 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды. Ол Ұлы Отан соғысын Москва түбіңде бастап, Берлинде аяқтады. Бұл ұрыста көрсеткен ерлігі мен табандылығы үшін коммунист Н.П.Калмыков үшінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Калмыков бастаған зеңбірек расчеты жойқын ұрыста да болды. Жау қоршаудан шығуға жанталасып жекпе-жек ұрысқа келгенде, зеңбірек командирі бес фашисті жайратып, ержүректік пен батырлықтың үлгісін көрсетті.
Н.П. Калмыков бірінші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. Бұдан басқа да "Қызыл Жұлдыз" ордені және 9 медальдің иегері болды. Алғашқы күннен бастап ең қиын да күрделі мамандықты таңдайды.1975 жылы "Балқаш қаласының құрметті азаматы" деген атақ берілді.
2010 ж. 24 ақпан Спортивный тұйық көшесінің атын өзгертіп Н.Калмыковтың атын берді.
Ислам : Мен толықтыра кетсем Балқаштық батырлар Олег Николаевич Щербаков , Миллер Петр,Хоружая Вера.Сонымен қатар Рейстаққа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев та Балқашта білім алған.Бұл есімдер біздің жүрегімізде мәңгі қалады.
2-қатар “Соғыста қарумен, бейбіт күнде қаламмен қызмет еттім...”
Мадина -оқушы
Биыл Жеңіске 70 жыл. Қазақ
халқының даңқын шығарып абыройын асырған ұлдары- екінші
дүниежүзілік соғыстың жауынгерлері, қазақтың көрнекті жазушысылары,
ақындары-
- Бауыржан
Момышұлы
- Малик
Габдуллин
- Қасым
Қайсенов
- Қасым
Аманжолов
- Әзілхан
Нұршайыхов
Аида
Бауыржан
Момышұлы
екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты
жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті
жазушысы.
Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы
Көлбастау
мекені.
1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен,
Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы
маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында
майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады.
Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны
басқарады.
Аманжол
Қасым Қайсенов (1918
-2006)
1918 жылдың 23 сәуірі күні Шығыс Қазақстан
облысы Ұлан ауданының Асубұлақ ауылында, кедей шаруа семьясында
туған. Туған жер қасиеті оның қанында қайнап, тәніне сіңген. Оның
болмысы мен шығармаларынан биіктік пен тазалық лебі
еседі.
Оның шығармалары әлемнің көптеген
халықтарының тілдеріне
аударылды.
Қасым Қайсенов -Тәуелсіз Қазақстанның ең
алғашқы Халық Қаһарманы- Ұлттық
батыры.
Елдос
Ақын Баубек Бұлқышев – 30-40 жылдар жастарының өкілі. Ол қазіргі Қарағанды облысы, Ұлытау ауданындағы "Аманкелді" аулында 1916 жылы дүниеге келді. Болашақ дәуірдің балғын бесігінен жаңа аттанған шағын Баубек әуелі шешесінен, артынан әкесінен айырылып, жетім қалады. Немере ағасының қолында тәрбиеленіп, оқып білім алады.
Дархан «Менің өмір сүргім келеді» шығармасынан үзінді
Мадина
Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап
күшпен жеттік. Ол күш - әрине, "бірлік”. Қаншама халық бір тудың
астына бірігіп күштерін бір арнаға
салды.Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған
мемлекеттердің ортақ
мерейтойы.
Москва, сенің
іргеңді
Ел, ер болып
сақтаймыз
Сенен аяр жан да
жоқ,
Барлығы да сен
үшін,
Саған қауіп
төнгенде
Жау таянып
келгенде,
Қамсыз тыныш
жатпаймыз
Алпыс ұлттың
адамы,
Қол ұстасып үн
қосып,
Қорғауға сені дайынбыз,
-
деп жазған Нүрпейіс Байғанидің өлеңінен
халқымыздың Мәскеу қаласына деген ерекше құрметі
байқалады.
Мұғалім Бәрі де майдан үшін . Қазақстан – майдан арсеналы.
Бұл халық үшін ауыр кезең еді. Дәл осы кезде «Отан Ана шақырады» деген ұранмен бүкіл совет халқы, оның ішінде Қазақсаннан 1 млн. 200 мың адам майданға аттанды. «Бәріде майдан үшін» деген ұран тасталды. Еңкейген кәрі, өрімдей жас, енбектеген балаға дейін елі, жері, Отаны үшін арпалысты. Кір жуып кіндік кескен жері үшін, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін жанған отқа түсіп жалын кескен ер азаматтар ешқашан ұмытылмайды
Олжас
1418 күнге созылған Ұлы Отан соғысында жеңіп шыққанымыздың себептерінің бірі – тыл жұмысындағы еңбекшілердің ерен еңбектерінің нәтижесі еді. Егіншілік пен мал шаруашылығы шеберлерінің қатары өсті.
Жібек
Еңбек майданында да мыңдаған қала еңбеккерлері оның ішінде, әсірісе, әйелдер ерен ерлік үлгілерін көрсетті. Соғыс жылдарында тек қана мыс заводында 2875 әйел еңбек етті. Постникова, Кузнецова, Гуриналар шағылыстыру пештеріне кен тиеушілер, Шираймова, Козловалар паровоз машинистері болып еңбек етті.
Дильназ
Ыстыққа да, суыққа да, аштыққа да төзе отырып Балқаштық еңбек майдангерлері басқыншыларға қарсы соғысқа елеулі үлес қосты. 80 жастағы қарт ақын Шашубай өзінің найзағайдай күркіреген өлеңдермен елге, жауынгерлерге рух беріп жігерлендіре түсті.
Аида
Жаралы жауынгерлерді емдеу үшін қалада 6
әскери госпиталь
ашылды.
1943 жылғы 13-шілде мен 14-тамызда
Қарағандыда ақындар айтысы болып өтті, онда Доскей Әлімбаев,
Шашубай Қошқарбаев, Қайып Айнабеков сынды бүкіл республикаға аттары
мәшһүр халық ақындары мен композиторлары өнер көрсетті.
Еңбекшілерді тылдағы ерлік еңбекке жігерлендіруде айтыстың үлкен
маңызы болды.
Ұлы Отан соғысы кезінде Ресейдің Колгун зауытын Балқаш қаласына ауыстырды. Жер-жерден майданға қажетті құрал-жабдық,азық-түлік жөнелтілді.Майданға керек деген 10 гильзаның 8-і осы зауытта жасалды
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген