Ұлы жеңіс үшін күрескен батыр апаларымызды білесің бе?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлы жеңіс үшін күрескен батыр апаларымызды білесің бе?

Материал туралы қысқаша түсінік
Екінші дүниежүзілік соғыс — әлемді дүр сілкіндірген, ғасырлар бойы адамзат баласының есінде ауыр кезең болып сақталары сөзсіз. Биыл фашистік Германияның рейхстагына ту тігіліп, Ұлы Жеңіске қол жеткізгенімізге 80 жыл толды. Бүгінгі жас ұрпақ үшін сол соғыс тарихтың қараңғы өткелі болып көрінуі мүмкін, бірақ біздің ата-бабаларымызға бұл — өмір мен өлім арпалысқан шындық еді. Ендігі біздің басты парызымыз — өткеннен сабақ алып, қан майданда Отан үшін жанын пида еткен батырларымызды ұмытпау. Бүгін де Ұлы Жеңіске бір ғасырға жуық уақыт өтсе де, әлі де есімдері ұмытылып, ұлықталмай жүрген қаһармандарымыз баршылық. Бұл мақалада солардың бірі — соғыс майданында ерлермен қатар күрескен батыл да батыр қазақ қызы Халида Маманова жайлы баяндағым келеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлы жеңіс үшін күрескен батыр апаларымызды білесің бе?

Немесе Қан майдандағы қайсар қазақ қызы

Екінші дүниежүзілік соғыс — әлемді дүр сілкіндірген, ғасырлар бойы адамзат баласының есінде ауыр кезең болып сақталары сөзсіз. Биыл фашистік Германияның рейхстагына ту тігіліп, Ұлы Жеңіске қол жеткізгенімізге 80 жыл толды. Бүгінгі жас ұрпақ үшін сол соғыс тарихтың қараңғы өткелі болып көрінуі мүмкін, бірақ біздің ата-бабаларымызға бұл — өмір мен өлім арпалысқан шындық еді. Ендігі біздің басты парызымыз — өткеннен сабақ алып, қан майданда Отан үшін жанын пида еткен батырларымызды ұмытпау.

Бүгін де Ұлы Жеңіске бір ғасырға жуық уақыт өтсе де, әлі де есімдері ұмытылып, ұлықталмай жүрген қаһармандарымыз баршылық. Бұл мақалада солардың бірі — соғыс майданында ерлермен қатар күрескен батыл да батыр қазақ қызы Халида Маманова жайлы баяндағым келеді.

Халида Маманованың өмір жолымен танысқанда ерекше әсерге бөлендім. Себебі Халида апамыздың бастан кешкен барлық қияметі және оның оларға төтеп беруі ғажап көрінді. Шынымен де, Халида Маманова өз қабілетін толық ашпаған, нағыз бір ғасырда бір туар тұлға еді. Ол 1918 жылы қазіргі Алматы облысындағы Жансүгіров ауданында ірі байдың әулетінде дүниеге келген. Халида Маманованың әкесі сол заманда көзі ашық, көкірегі ояу азамат болып, өз байлығын қазақ халқын сауаттандыруға жұмсайды. Туған өлкесінде Мамания мектебінің негізін қалап, қарапайым халықтың балаларын тегін оқытады. Әйткенмен, ол кеңес билігінің жүргізген байларды тәркілеу науқанына ұшырап, Пермь қаласына жер аударады. Осы кезде жас Халиданың өмірі түбегейлі өзгереді. Барынан айырылған Мамановтар отбасы азын-аулақ болса да күн көрісін қара жұмыс істеп тауып жүреді. Бірақ сол жылдардағы ауыр дертке шалдығып, алдымен Халиданың екі бауыры, одан соң елге оралар жолда әкесі Есенқұл қайтыс болады. Енді жетім мен жесір болып қалған Халида мен анасы жақын туыстарының көмегімен туған жеріне оралады.Кейін Халида Маманова Семей қаласындағы педагогикалық училищеде фармацевт мамандығына оқуға түседі. Бай тұқымынан екенін жасырып, комсомолға өтеді. Алайда оның бай баласы екенін білген соң, Халиданы оқуының соңғы жылында училищеден шығарып жібереді. Ол еш мойымай, ақырында 1937 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтына түседі. 1941 жылы дәрігерлік дипломын алып, Ұлы Отан соғысына шақырту алады. Қолында дипломы бар маман болса да, Халиданы бай баласы деп соғыста қаза болғандарды көметін ротаға орналастырады. Осындай әділетсіздіктің құрбаны болған батыл қыз Сталинге жеке хат жазып, өзін қан майданның ең алдыңғы шебіндегі айыптылар ротасына жіберуді сұрайды. Ол хатында Сталинге: «Егер мен соғыстан аман қалатын болсам, мені де, отбасымды да қудалауды тоқтатасыздар», — деп батыл талап қояды. Кейін басшылық майданның ең қауіпті тұсына өзі сұранған арудың талабын орындап, Халида 90 күн бойы осы ротада қызмет еткен жалғыз қазақ қызы болып соғысқа қатысады. Ол Сталинград түбіндегі шайқастардан бастап, Балтық жағалауындағы елдерді, Польшаны, Чехословакияны, Австрияны жаудан азат етуге қатысқан. Германияға дейін жеткен ол ерлік істері үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен және бірнеше медальмен марапатталды.Халида Маманова 1943 жылы ақталып шығып, авиациялық батальонда дәрігерлік қызметін жалғастырады. Кейін өз еркімен жылдамдатылған гинекология курсын аяқтап, әйелдер арасында емдеу шараларын жүргізіп, жиырма мыңдай қыз-келіншектің өмірін сақтап қалады.

Халқы үшін барын аямаған, соғыс жылдарында ерлік көрсеткен Халида Маманова ұлы Жеңіске жеткен соң Алматы мен Ақтөбедегі медицина институттарында қызмет атқарады. Кеңестік басшылыққа «Ерлігім үшін отбасымды айыптаудан босатасыздар» деген талап қойып, соғыстан батыр болып оралғанына қарамастан, Мамановтар әулеті үнемі биліктің қарауында болған екен. Осындай батыл да батыр апамыз орта жасқа келген шағында Болгарияда демалыста жүрген кезінде күмәнді жағдайда қайтыс болады.

Мен үшін Халида Маманованың өмір жолы — өшпес ерлік пен үлкен жігер мен қайраттың көрінісі. Оның балалық шағынан басталған қиындықтары, соғыс жылдарында көрген әділетсіздік пен алғаш шетелге шыққанда белгісіз жағдайда қаза болғанын естігенде жан түршігеді. Бірақ ол өмірдің сынағына мойынсынған жоқ, керісінше барша күшімен күресті. Сол үшін Халида Маманова жастарға үлгі болар нағыз қаһарман. Оның есімі мәңгі ұлықталуы керек деп санаймын.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.05.2025
155
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі