Теңдесі
жоқ Ұлы Жеңіс
9-
мамыр! Бұл күн - өте
маңызды және салтанатты күн.
1941
жылдың 22- маусымында фашистік Германия
Совет Одағына қарсы соғысты бастаған
еді. Осы күні басталып, төрт жылға
созылған сұрапыл соғысқа Кеңес Одағы
құрамындағы қазақтар да қатысты.
Өз
ұрпағының бейбіт заманда өмір сүруін
қалаған солдаттарымыздың, отан үшін
жас өмірлерін қиюға дайын болған
ардагерлеріміздің қатары сиреді, әрине,
бұл жайт көңілге қаяу салады. Дегенмен
уақыт өз дегенін алары xақ.
Қазақтың
ұлы ақыны Абай атамыз «Қалың елім,
қазағым, қайран жұртым»деп текке
айтпаған. Қазақ елі аштықты да, жоқтықты
да, небір сұрапыл дүниені де көрді, бірақ
өмірге деген құштарлық пен азаттық
аңсары еңсесі түскен елді қайыра түлетіп,
қайтадан тәуекел тұғырына қондырып
отырды.
"Бәрі
де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!-деген
ұранды ту қып ұстаған майдангер
азаматтарымыздың зор ерліктері ел
жадында. Осы батырларымыздың арасында
даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы,
зерттеуші, қоғам қайраткері Мәлік
Ғабдуллин, қазақтың қаһарман қыздары
Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова
және тағы басқа батырларымыздың есімдері
ұлықталып, Кеңес Одағы батыры атағын
алғандығын білеміз. Бұл батырларымыздың
асқан ерліктері мен табандылығы
қазақ ақын-жазушыларымыздың
жырлары мен әңгімелерінде ерекше
суреттеледі. Бұл көркем шығармалар,
жеке жинақтар жас ұрпақтың тәрбиесінде ерекше
орын алады,яғни балаларды патриотизимге,
шыншылдыққа, олардың тариxқа үңіле
отырып болашаққа сенімін арттыруға
үйретеді.
Бабалар
аңсаған бейбіт ғұмырды біз бағалай
білуіміз керек. Қазақ арасында ІІ
Дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен
батырлар жетерлік. Білектесіп, иық
тірескен ержүрек кешегі жігіттердің
арқасында бүгін біз бейбіт ғұмыр
кешудеміз. Рахмет сіздерге абзал жанды
ардагер қариялар! Әрине, қазіргі кезде
емін-еркін өмір сүріп жатқанымыз біздің
ата-бабалармыздың ерен еңбегінің
нәтижесі екенін білуіміз керек. Бұл
ұғымды жас буынның бірі түсінсе, бірі
түсіне бермейді. Әрине,көпке топырақ
шашпаймыз,дегенменде кейбір жастар өзі
туып өскен жердің қадірін,ана тілін
ұмытып, өз руxаниятын жоғалтуда. Ана
тілі - қай
уақытта да қастерлі, құдіретті ұғым.
Біз өз еліміздің дамуына үлес қосушы
ретінде адами тұрғыда алдымен өзімізді
сыйлап, туған тілімізді қадір тұтып,
мақтан ете білуіміз қажет. Қазақстан
мемлекет болып қалыптасуы үшін ана
тілінің рөлі басым болуы шарт. Ана
тілінен бөлек басқа да мәселелер
жетерлік. Ұлттық қауіпсіздік, ішкі және
сыртқы тыныштық, ұлттық экономика,
зайырлы мемлекет болғандықтан түрлі
этностық және діни топтардың келісімі
мен татулығы, конституцияны қадірлеп
сақтау және тағы басқа мәселелер мемлекет
дамуы мен саяси үлкен аренаға шығуына
септігін тигізеді.
Кемел
ойы мен үлкен күш- жігерінің арқасында
тәуелсіздікке қол жеткізген
ата-бабаларымыздың жолымен жүріп, өз
еліміздің дамуына үлес қоса білсек,
мемлекетіміз одан да шарықтап, дербес
әрі дамыған 30 елдің қатарына кіреді
деген нық сенімдемін. Бұл шақта өз басым
мамандықты дұрыс таңдап, сол маман иесі
ретінде сапалы білімге қол жеткізіп
және осы білімімді мемлекет
дамуы үшін жұмсауым керек..Әйгілі алаш
ардақтысы Міржақып Дулатов айтпақшы
"Қай елдің баспасөзі мықты болса,сол
елдің болашағы мықты". Болашақ
журналист ретінде менің міндетім - ақпарат
құралдарын дұрыс пайдалана отырып
бұқараға бұрмалаусыз шынайы ақпарат
жеткізу.Әрине, барлығы болашақтың
еншісінде. Әр адам армандай білсе, сол
арманға табан тіреп, әрекет жасай білсе,
мемлекетіміз түрлі салада жетістікке
жетіп ,жан-жақты дамитыны сөзсіз. Туған
жеріміздің суын ішіп, топырағын басып
жүрген соң оның дамуына үлес қосу - әрбір
азаматтың парызы. Еліміздің гүлденіп,
мемлекетіміздің қуаты артып, xалқымыздың
денсаулығы мықты болып, бақытты өмір
сүргенін бәріміз де көргіміз келеді.
Бұл бүкіл қазақ елінің арманы емес пе!..
Кешегі
тариxын ұмытпаған елдің ғана болашағы
жарқын болады. Бүгінгі бейбіт күнге
жеткізген майдангерлеріміздің ерлігі
ешқашан ұмытылмайды. Қан майданның
төрінде жаумен жанын қия айқасқан
батырларымыздың рухына бас ие мәңгілік
тағзым етеміз.