400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлы Жеңіске тағзым ардагерге хат

Материал туралы қысқаша түсінік
Ардагерге хат
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сен құрметте оны!
    Түсіндін, бе, қарағым?
Ол ақшаға сатқан жоқ,  

 Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен ұстап та жүрген жоқ,
Қолтықтағы ұзын таяғын.
Кеше елге қатер төнгенде
Ол жауға қарсы шапты,
Бізді жалмамақ болған ажалды
Өр кеудесімен қақты.
Ол арыстанша алысты,
Өлім соққысын өз үлесіне алды.
Денесін оқ пәршелесе де
Ел намысын қорғап қалды.
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?
Сенің келешегің үшін берді ол
Азаттық, жолында аяғын!

(Әбу Сәрсенбаев)

Армысың құрметті ардагер! Мен-Тәуелсіз Қазақстанның жалынды жастарының бірі,сіздей өз өмірін отан алдында құрбан еткен құрметті ардагер Ислямов Қабдушкенің ұрпағы- Слямова Жұлдыз Тұрғалиқызымын. Бүгінде қазақ елі азат,тәуелсіз егемен мемлекет. Әрине соның бәрі сіздердің арқаларыңыз деп білемін ардақты ардагер!Сонау ел басына күн туған, от кешкен заманда еш қамықпай, ерлік жігерге толы жаныңмен Отанды қорғауға аттандыңдар. Қаншама қайғы қасірет әкелетін сол жылдар дүйім жұртты қан жылатты.Тіптен күнделікті көріп жүретін қағаздан да қорқатын, үрейленетін заманды тудырды. Әжем айтатын естеліктерді еске алсам, атам тіптен кенже балаларының ержеткенін, қызық-қуаныштарын көре алмай кетіпті.Сұрапыл соғыстың зардабы менің әкемнің балалық шағында ойып тұрып орын алатындай қайғыға толы кездерді бастан кешіруіне мәжбүрлепті. Атам соғыс зардабынан аяғынан айырылыпты.Атамды көзбен көрмесемде,шаң басқан сандық түбінде жатқан ескі фотосуреттеріне қарап «осы көрген азаптарымды Аллам сендердің бастарына бермесін ,құлыншағым» деп тілеу тілеп тұратын сияқты көрінеді де тұрады. Қайран атам, тұғырлы тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен қасық қаны қалғанша неміс фашистерімен күресіп қол жеткізген Ұлы Отан соғысының 71 жылдығында ерен еңбегі үшін алған медальдермен кеудесі көмкеріліп, алдыңғы қатарларда отыратын кезіңді көре алмай кеткенің жас немереңнің жүрегін қан жылатады. Атамды өз көзіммен көріп, аялы алақымен маңдайымнан сипағанынан тыс қалсамда, суретіне қарап іштей толқып, жылап алатыным да бар. Атамның Ұлы Жеңіске қосқан үлесі барын сезіп, ерекше масаттамын.Ер жүрек батыр,аталарымыздың арқасында бейбітшілікте отырған жайымыз бар.Жыл сайын көктеммен бірге келетін Жеңіс тойында құрметті ардагерлер қатарында отырып, жиындарға қатысып жас жеткіншектерге өз батасын беретін кезі еді-ау....Шіркін өмірдің зулап зымырап өтуін қарашы..Ол кез оралмасқа кетті....

Дегенмен сіздердей ата-апаларымның, нағыз батыр ерлерімнің арқасында тәуелсіздікдің ауасымен тыныс алудамыз. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған кез келіп, қазіргі ұрпақ сіздердің алдарыңызда бас иіп, тек алғыс пен қошеметтерін жаудыруда. Біз сіздерді мақтан тұтамыз!

Құрметті ардагер! Сіздердің еңбектеріңіз ешқашанда ұмытылмақ емес.Ешкімде,ешқашан ұмытылмайды. Ұрпақтың парызы – бұл күнді мәңгі есте сақтау. Елімізде мәңгі бейбітшілік болсын, Елбасы жасасын, Еліміз жасасын! Аналарда ,балаларда жыламасын,даламыз жұтамасын.Ұланғайыр атырапқа созылған кең даламды, соғыс өрті шарпымасын. Бұл әрине барлық адам баласының арман-тілегі. Бейбітшілік жасасын!

Сіздерге мың алғыс!





Шығыс Қазақстан облысы

Жарма ауданы

Салқынтөбе ауылы

«Маяковский атындағы негізгі мектебі»КММ-сінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Слямова Жұлдыз Тұрғалиқызы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1530
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі