|
|
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Казталов мектеп -лицейінің бастауыш сынып мұғалімі |
|
|
|
Жүргізуші |
1941 жыл, маусым айының 22-сі |
|
|
ФОН |
Кең дала. Бал-бал тастар |
|
|
КӨРІНІС Әкесі 25-30ж Баласы -4/5ж |
Сахнада әке мен ұлы. Бала: Әке, біз мұнда неге келдік? Мына тастар неге қойылған? Әкесі: Балам, бұл тастар - осы өлкені бізге мирасқа қалдырған ата – бабаларымыз. Бала: Мирас деген не? Әкесі: Мирас деген, балам, бабадан қалған аманат. Осы тасқа айналған бабаларымыз өз уақытында дұшпандарымыздан осы кең байтақ өлкемізді өз қандарымен, жандарымен қорғап, бізге мұра ғып қалдырды. Біз сол бабамыздан қалған қасиетті өлкемізді кейінгілерге осы қалпында табыстауымыз керек. Бұл жердің болашақ иесі сен және сенің ұрпақтарың болмақ. Ұқтың ба, батырым? Бала: Ұқтым, әке! Мен де өскенде бабаларым сияқты батыр болып, өз өлкемді бәрінен қорғаймын. Әке: Әп, бәрекелді, батырым! Міне, бұл нағыз азаматтың сөзі! Ал, енді үйге қайтайық. Анаң алаңдап жатқан болар. |
|
1 |
ПОЭЗИЯ |
ТУҒАН ЖЕР |
|
2 |
Ән |
Туған жер |
|
|
ФОН |
Даладағы малшының жалғыз үйінің алды. |
|
|
КӨРІНІС: Анасы -23/25ж |
Анасы: Ия, әкесі мен баласы, қайдан келе жатырсыңдар? Әкесі: Баламды бабаларының басына апарып келе жатырмын. Баласы: Анашым, менің аталарым батыр болған ғой. Мен де өскенде солардай батыр боламын. Анасы: Әумин, құлыным, Аллам ғұмыр жасыңды ұзақ қылғай. (Аттың дүбірінің даусымен бірге айғайлаған адам даусы естіледі) Анасы: (қолын көбегейлеп қарайды) Әкесі, бұл кім болды екен, соншама аттандағаны несі? Әкесі: Тыныштық болса игі еді. Анасы: Ойбой-ау, бұл біздің Мырзабала емес пе? Атты адам: Соғыс!!! Соғыс!!! Елімізге жау шапты!!! Анасы: Не дейді, құдай-ау, соғысы несі? Әкесі: Не дит?! |
|
|
|
МУЗЫКА |
|
|
Жүргізуші |
1941 жылы 22 маусымда сағат тура таңғы 4:00-де неміс-фашист басқыншылары тұтқиылдан КСРО-ға қарсы соғысты бастады. Соғыс туралы суық хабар сол күні- ақ еліміздің барлық қалалары мен ауылдарына лезде тарады. Соғыс мамыражай тіршілік етіп жатқан бейбіт елдің шырқын бұзды. Әкелер, ағалар, тіпті аталар соғысқа аттанды. |
|
|
СТАТИСТИКА |
Соғысқа аттанғандар туралы ( ауданымыздың) |
|
|
Жүргізуші |
Көп кешікпей Қазақстанның, соның ішінде өлкеміздің азаматтары жаппай соғысқа аттанды. Елде қарттар мен әйелдер және балалар ғана қалды. Бұғанағы қатпаған жас балалардан бастап, еңкейген қарттарға дейін барлық адам жеңісті жақындату үшін тылда аянбай еңбек етті. ...................... сынды жүздеген жерлестеріміз еңбек майданында ерен ерліктің үлгісін көрсетті. |
|
|
СТАТИСТИКА: |
тыл еңбеккерлерінің үлесі |
|
3 |
номер |
тылдағы еңбек |
|
|
жүргізуші |
Бұл кезде майдан шебіндегі жерлестеріміз де Отан үшін от кешіп, жанқиярлықпен шайқасты. Атап айтсақ, ...........( жерлестеріміз) |
|
|
ФОН |
Майдангер фотолары |
|
|
номер |
Соғыс туралы |
|
|
Көрініс: Анасы - 25-27ж Баласы - 7ж |
Үй іші. Дөңгелек үстел үстінде шам жанып тұр. Анасы киім жамап отыр. Баласы шалғы қайрап отыр. Баласы: Анашым, Жәдігердің әкесінен хат келіпті. Жәдігер соны балалардың бәріне көрсетіп мақтанды. Әкесі жауды жеңіп жатырмыз, жақында ораламыз депті. Анасы: Лайым, солай болғай ботам. Баласы: Анашым, осы әкем бізге неге хат жазбай қалды? Кеткелі тек екі хат қана жазды. Қайроштың әкесінен 10 хат келіпті. Маған Қайроштың өзі көрсетті. Анасы: Әкеңнің қолы тимей жүрген болар, ботам. Оларға ол жақта қағаз, қаламды кім беріп жатыр дейсің. Бұйырған күні бізге де хат келер, құлыным. Енді шамды сөндіріп жатайық. Әйтпесе майы таусылып қалар. |
|
|
СТАТИСТИКА |
Соғыста қаза болғандар |
|
4 |
Номер |
|
|
|
КӨРІНІС: Анасы -30/31ж Баласы – 8/9ж |
Анасы үйде отыр. Баласы (8 жасар) жүгіріп келеді. Баласы: Анашым, сүйінші!!! Сүйіншіііі !!!! Анасы: Аузыңа май, астыңа тай, құлыным! Не болды, жарығым? Баласы: Соғыс бітіпті!!! Фашистер жеңіліп қалыпты!!! Анасы: Не дейді? Ия, Алллам, мыңда бір шүкір, тәуба, тәуба! Я, Аллам, Арысыммен аман-есен қауыштыра гөр. |
|
|
ФОН: |
Левитанның даусы |
|
|
Жүргізуші |
1945 жыл 9 мамыр. Бұл күн еліміздің Фашистік Германияның қарсылықсыз тізе бүгуі туралы актіге сағат 00:43-те қол қойылды. Бұл хабарды соғыстан әбден қажыған халқымыз зор қуанышпен қарсы алды. Бұл – майдандағы жанқиярлық ерлік пен тылдағы өлшеусіз еңбектің , көпұлтты халқымыздың бірлігінің арқасында келген жеңіс еді. Бұл күні айнала ерекше шаттыққа бөленді. |
|
5 |
Номер |
Ұлттар биі |
|
6 |
Ән |
|
|
|
|
1949 жыл. |
|
|
КӨРІНІС Анасы -34/35ж Баласы -12 ж |
Анасы үйде отыр. Баласы сырттан жүгіріп кіреді. Б: Анашым, Ақоштың әкесі Ақан ағай келіпті!!! А: Не дейді? Ақан келді ме? Қашан келді? Б: Жаңа келді. Осы жаңа келді. Біз ауыл сыртындағы жол бойында ойнап жүргенбіз. Жолда келе жатқан жалғыз жаяуды бірінші мен көрдім. Үстіндегі киімінен жауынгер екенін бірден білдім. Әуелі әкем екен деп қалдым. Әкеме қатты ұқсап кетті. Содан бәріміз алдынан жүгірдік. Бірінші болып оған мен жеттім. Бірақ жақындағанда менің әкем емес, Ақоштың әкесі екенін көрдім. Ақош әкесін көргенде жерге отырып қалды. Ауылдың адамдары Ақоштың үйіне жиналып жатыр. Ақан ағаның бір қолы жоқ екен. Анасы: Еее, байғұс-ай, жарымжан болып оралған екен ғой. Менің Арысым да бір жерде жарасын емдетіп, ауылға қайтатын күнін санап жатқан болар. Я, Аллам, осындай қуанышты бізге де бұйырта гөрші. Қой, балам, мен Майрашқа барайын. Арысы келіп, көзайым болып жатыр ғой. Ақаннан сенің әкеңді сұрайын. Бәлкім, бір хабарын білетін болар. |
|
|
СТАТИСТИКА |
Соғыстан оралғандар |
|
7 |
Ән |
Соғыстан қайтқан солдаттар |
|
|
|
1955 жыл. Жеңіске 10 жыл |
|
|
КӨРІНІС Анасы - 40ж Баласы -18 ж |
Анасы мен баласы үйде отыр. Анасы: Балам, көк серкеге жем-суын уақтылы беріп жүрсің бе? Б: ия, анашым,беріп жүрмін. А: Балам, жем-суын уақытылы беріп жүр. Ертең әкең келіп қалса, ұялмай құрбандыққа шалып, біз де ағайын-туманың басын құрап той жасаймыз ғой. Б: Анашым, әкемнің тірі болса, елге оралатын уақыты болды ғой. Енді Алланың басқа салғанына көнуден басқа амал жоқ. Одан да сол көк серкені сойып, әкеме құран бағыштайық. А: Тәйт әрі, не деп отырсың өзің! Әкең тірі, жарасы жазылмай жатқан болар. «Кебін киген келмейді, кебенек киген келеді» демекші, әкең бұл шаңырақтан кебін киіп кеткен жоқ. Оның оралатынына жүрегім сенеді. Жамандық болса, үкімет әлдеқашан қара қағаз жіберер еді ғой. Аллаға шүкір, ол қараң қалғырды алған жоқпыз. Соңғы келген хатында «мында хат жазатын жағдай жоқ, қағаз да, қалам да тапшы» деп еді ғой. Мәә, оқышы сол хатын. Баласы әкесінің хатын оқып береді |
|
8 |
Поэзия |
Майданнан хат Майданнан хат Амансыңдар ма менің бұл жалғандағы ең қымбаттыларым – Нұрилашым және қоңыр қозым! Халдерің қалай? Ауыл басы аман ба? Көз көрген қарияларымыз қуатты ма? Нұрилашым, сенің қыркүйекте жазған хатыңды қараша айының басында алдым. Хатыңды оқып, сендердің амандықтарыңды, ауыл-аймақтың жағдайын естіп, бір жасап қалдым. Сенен келген хаттарды оқи- оқи әр сөзін жаттап алдым. Шаршаған кезімде төс қалтамнан сенің хаттарыңды алып оқып, күш алып, жігерленемін. Қоңыр қозымның да үшеумізді бейнелеген суретін жүрегімнің тұсында сақтап жүрмін. Аллам, сол суреттегідей үшеумізді аман-есен қауыштырсын. Суретті әп-әсем салғанына қарағанда қоңыр қозым өскенде суретші болар-ау осы. Менен ауылдың әр адамына арнайы сәлем айтарсың. Мен олардың бәрін де сағындым. Тіпті, ауылдың әр талы мен тасын, түтінінің иісін сағындым. Ауылдан кетіп бара жатырғанда алып кеткен жусанымнан түк қалмады. Ол жусаннан қасымдағы 1-2 қазақ бауырларыма да берген едім. Негізі мында қазақтар біразбыз. Бізден басқа ұлт өкілдері де көп. Бәріміз бір үйдің адамдарындай бір – бірімізге бауыр басып кеттік. Кейде сәл саябырсыған кезде бәріміз отырып, өз тілімізде ән айтамыз. Мында орыстың Марина деген 18 жасар жап-жас қызы бар. Соғыстың алғашқы күндерінде ата-анасынан, бауырларынан бір күнде айырылып қалған екен. Соғысқа өзі сұранып келіпті. Ол ән айтқанда тұла бойың тітіркеніп, құйқаңды шымырлатады. Керемет талантты жас. Әттең, мына сұм соғыс болмаса, сахнаның төрінде жүрер еді. Ол болса, қарлығаштың қанатымен су тасығандай, жаралы жауынгерлерлерге жедел жәрдем беріп жүреді. Нұрилаш-ау, мен әр нәрсені бір айтып, көңіл-күйіңді түсіріп жібердім бе? Мен негізі соғыстың біздің рухымызды түсірмегеннін, керісінше асқақтатқанын айтқым келіп еді. Қазір айтсам, сен күлерсің, жаным. Бірақ менің де әжептәуір даусым бар екен. Өткенде басқалар «сен де өз тіліңде бір ән айтып берсеңші» деп қолқалап қоймаған соң, «Сәулем-ай» әнін айтып едім, бәрі ұйып тыңдады. Өзім де таң қалдым, керемет айтқаныма. Оның сыры – сол әнді айтқанда өзің мен қоңыр көзімді көз алдыма елестетіп едім ғой, содан болар... Мен сендердің халдеріңді сұрамай, өзім жайлы жаза беріппін ғой. Өткенде сен хатыңда «өзің туралы көбірек жазшы» деп өтінген соң, «мені уайымдамасын» деп жағдайымның жақсы екендігін білдіріп жатқаным ғой. Нұрилашым, өздеріңнің жағдайларың жақсы ма? Әлі де сауын басында жүрсіңдер ме? Жұмысқа кеткенде қозымды қайда тастап жүрсің? Қасыңа ертпей, көрші Әмина апамның үйіне тастап кет. Солардың бала-шағасының қасында жүрер. Әйтпесе, салқын тиіп, ауырып қалса, өзіңе қиын болар. Өзің де қалың киініп жүр. Менің өзің тоқып берген кеудешемді киіп ал, ол сондай жылы. Отынды не істеп жатырсың? Әкімдік берген қойдың қиы тапшылау болса, Мәкендерге барып, бірге тұрыңдар. Қандай дегенмен туған бауырың ғой. Екі үйдің отынын бір жерден жақсаңдар, біраз үнем болар. Сорпалыққа қой сойып алыңдар, 3-4 саулық қалдырсаң жарайды. Одан көбіне әлің келмей қалар. Нұрилаш, саған хат жазып отырғанда екі парағымның қалай бітіп қалғанын да білмей қалыппын ғой. Сендерге хат жазғанда өзіңмен дидарласқандай, керемет сезімде боламын. Осымен хатымды аяқтайын. Бұл хатты өзіңе 5 күн бойы жаздым. Мында қағаз да, қалам да қат. Әрқайсысымызға екі парақтан бергенмен, қалам жетпейтіндіктен, кезектесіп жазамыз. Қазір Сталинград түбіндеміз. Алда үлкен шайқасқа дайындалып жатырмыз. Жау осы қаланы басып алуға бар күшін салып жатыр. Бірақ, біз олардың жоспарларын жүзеге асырмай, тойтарыс беруге сақадай саймыз. Қазір зеңбірек атудың хас шебері болып алдым. Қасымдағы Ваня атты орыс жігіті екеуміз жаудың танкілерін көздеп атуға берілген тапсырманы мүлтіксіз орындап жүрміз. Біздің атқан оғымыздан жаудың көптеген танкісі қирап жатыр. Сендер уайымдамаңдар, соғыс жақында бітеді. Жау жеңіледі. Өйткені әділет қашан да жеңеді! Сендер де азаматтардың орнын жоқтатпай, сәл шыдаңдар. Азаматтардың ауылға жеңіспен оралатын күні алыс емес. Аман болыңдар. Қоңыр қозымның маңдайынан мен үшін иіскеп қой. Өзіңді күт. Сендерді Аллаға тапсырдым. Алла қорғандарың болсын. Сәлеммен өзіңнің Бәйдібегің. 17 қараша. 1942 жыл |
|
|
СТАТИСТИКА |
Соғыста хабарсыз кеткендер |
|
|
|
1965 жыл. Жеңіске 20 жыл |
|
|
КӨРІНІС: Анасы - 50ж Баласы - 28 ж Немересі -5 ж |
Анасы немересімен үйде әкесінің суретін қолына ұстап отырады. Немересі: Әже, бұл кімнің суреті? Әжесі: Бұл, сенің атаң, ботам. Немересі: Атам ба? Ол қазір қайда? Неге бізбен бірге тұрмайды? Әжесі: Ол алыста жүр. Бұйырса, бір күні сенің де атаң келіп те қалар. Осы кеше ғана радиодан бір жауынгердің аман-есен отбасымен қауышқанын айтып жатты. Байғұс минадан қатты жарақат алып, есінен айырылып қалған екен. Кейін артынан қалған ұрпақтары тауып алып, еліне алып келіпті. Мен де сенің әкеңе қақсап айтып жүрмін, әкеңді іздестір деп. Бәлкім ол да жарақат алып, осы жауынгер құсап «мені қашан тауып алады екен?» деп жәутеңдеп бір емханада жатырған болар. Әкең «іздеу салып жатырмын» дейді. Я, Аллам, Арысымды аман-есен ұрпақтарымен қауыштыра көргейсің |
|
9 |
ӘН |
О, Аналар! |
|
|
|
1975 жыл. Жеңіске 30 жыл |
|
|
КӨРІНІС: Анасы - 60ж Баласы - 38 ж Немересі -15 ж Келіні + 2/3 қария, ауыл адамдары |
Үйдің іші абыр-сабыр. Баласы: Анашым, барлық заттарыңызды түгел алдыңыз ба? Ештеңені ұмытқан жоқсыз ба? Келіні: Апа, мынау дәріңіз. Мұқият салып алыңыз. Уақытында ішіп тұруды ұмытпаңыз. Немересі: Әже, міне көзілдірігіңіз. Киіп алыңыз. Әже: Айналайын, әжесінің қамқоршысынан сол. Келіні: Билеттер мен құжаттарды түгел алдыңыздар ма? Бала: Алдым, алдым. Бәрі түгел. (Осы кезде үйге 2-3 адам кіреді) Келушілер: Ассалаумағаллейкум!!! Бала:Ассалаумағаллейкум, қош келдіңіздер, төрлетіңіздер! Немере: Ассалаумағаллейкум! (Қол беріп амандасады) Келін сәлем салады. Келушілер төрге өтеді. Қария: Ал, Нұрилаш, сені Бәйдібектің бейітін тауып, сонда кетіп бара жатыр деп естіп, ақ жол тілейік деп келдік. Қанша жылдан бері үмітіңді үзбеп едің, үмітің ақталып, енді сол Бәйдібегіңмен кездесуге бара жатыр екенсің. Сапарың оң болсын! Аман барып, сау қайтыңдар. ӘЖЕ: Рахмет, замандас. Жалғызымның арқасында Арысым табылып, өшкенім қайта жанғандай болды. Жалғызым жылдар бойы іздеп, ақыры әкесін тапты. Қанша жыл өтсе де Арысыммен түбі бір кездесетініме көңілім сеніп еді. Бұған да шүкір. Енді еш арманым жоқ. Мына жусанды топырағымен бабаларының бейіті жанынан алдыртып, Бәйдібегіме алып бара жатырмын. Туған жерінің топырағы бұйырмаса да, жусанының жұпарын иіскеп, мауқын бассын. Қария: Еее, бұның жөн болған екен, Нұрилаш! Жар болса, сендей болсын! Олай болса, батамызды берейік. Жолыңды Алла қолдасын, Еш қиындық болмасын! Ата-бабаң риза боп, Қыдыр ата қолдасын. Басына бабаң барып қайт Батасын оның алып қайт Аман жетіп сол жерге Есендікпен жеңіл қайт. |
|
|
Статистика |
Соғыста хабарсыз кеткендердің табылғандары туралы |
|
10 |
номер |
2005 жыл. Жеңіске 60 жыл |
|
|
КӨРІНІС: Баласы - 68ж Оның баласы - 45 ж Немересі -15 ж Келіні -40 жас |
Үй іші. Келіні мен немересі дастархан дайындап жүгіріп жүреді. Келіні: балам,қолға су құятын құманың мен легенің дайын ба? Баласы: дайындап қойдым, анашым! Баласы: Анашым, неге әкем атамды туу алысқа жыл сайын апарып келеді? Бір жыл бармай-ақ қойса болмай ма? Атам алыс жолдан шаршайды ғой. Келіні: Балам, бұл – үлкен әжеңнің өсиеті. Атаңа жылына бір рет үлкен атаңның басына барып тұруды аманаттап кетті. Ал, аманатқа қиянат жасауға болмайды, құлыным. Баласы: Сонда менің үлкен атам батыр болған ба? Оны атам қалай тауып алды? Келіні: Ия, ол кісі батыр болған. 1942 жылы Ресейдің Ростов облысының Коньков хуторының түбінде болған шайқаста ерлікпен қаза тапқан. Сол селоның тұрғындары қаза болған жауынгерлердің бәрін жерлеп, олардың аты -жөндері жазылған құжаттарын бір шыны ыдысқа салып көміп тастаған екен. Бертін келе сол шыны ыдысты диқаншылар тауып алыпты. Сөйтіп біздің елге хабар берген. Бұл кезде атаң да жиі-жиі бұқаралық ақпарат беттерінде әкесіне іздеу салып жүрген еді. Ресейден келген ақпараттан өз әкесінің аты -жөнін тауып алды. Содан үлкен әжеңді алып барды. Ол кісі де үлкен атаңның басына жыл сайын барып тұрды. Баласы: Анашым, атамдар келіп қалды! Келіні: Ойбуйй, «Әңгіме бұзау емізеді» деген, бар, бар, алдарынан шығып, қарсылап ал, балам. (Ішке атасы, баласы, немересі кіреді) Келіні: Есенсіз бе, ата! Атасы: Бақытты бол, шырағым! Келіні: Жақсы жеттіңіздер ме? Балам, атаң мен әкеңнің қолдарына су құй. Тамақ дайын тұр. Алыс жолдан шаршаған боларсыздар, шайға келіңіздер. (Бәрі дастархан басына отырады) Немересі: Ата, үлкен атамның басындағы біз еккен ағаш өскен бе? Атасы: Ия, балам, өскен, үлкен терекке айналған. Баласы: Ағаш түгілі, бір кездері әжем елден апарып еккен жусан да көктеп тұр. Немересі: Сіздерді кездесуге кімдер шақырыпты? Баласы: Бізді кездесуге сол елдің ҰОС-ның ұрпақтары шақырған екен. Олар соғыста қаза болған жауынгерлердің басына үлкен ескерткіш орнатыпты. Сол ескерткішке атамыздың атын ойып жазыпты. Біздерге «Сіздер Қазақ деген батыр халықтың ұрпағысыңдар. Сіздердің бабаларыңыз біздің елді азат етуде өз жандарын құрбан етті» деп ерекше құрмет көрсетті. Баласы: Келесі жылы мен де сіздермен бірге үлкен атама барамын. Атасы: жақсы, құлыным. Бұйырса, барармыз. |
|
|
Номер |
|
|
|
|
2025 жыл. Жеңіске 80 жыл |
|
|
КӨРІНІС: Атасы – 88ж Шөбересі -5 ж |
Бала: Ата, біз мұнда неге келдік? Мына тастар неге қойылған? Әкесі: Балам, мынау кең -байтақ даланы осы тасқа айналған бабаларымыз бізге мұра ғып қалдырды. Біз сол бабамыздан қалған қасиетті өлкемізді кейінгілерге осы қалпында табыстауымыз керек. Осыдан 85 жыл бұрын әкем мені осы жерге ертіп алып келіп, маған аманаттаған болатын. Ол кезде мен дәл сен сияқты бүлдіршін едім. Енді мен бұл аманатымды саған табыстаймын. Бала: Ата, сенің әкең қайда? Атасы: Балам, менің әкем соғыстан оралмады. Бала: Соғыс деген не, ата? Атасы: Соғыс деген – ананы жары мен перзентінен , баланы әкеден айыратын сұм тажал. Сендер -бейбіт заманның ұрпағысыңдар. Бұл жердің болашақ иесі сен және сенің ұрпақтарың болмақ. Бұрын бабаларымыз бұл жерді найзаның ұшымен, қарудың күшімен қорғаса, сендер бұл жерді білімдеріңмен көркейтіп, саналарыңмен сусындатасыңдар. Міне, сол үшін білімге ұмтылып, еңбекке төселу керек. Ұқтың ба, батырым? Бала: Ұқтым, Ата! Мен өскенде туған өлкемді көркейтетін боламын. Сол үшін сабағымды тек 5-ке оқимын. Әке: Әп, бәрекелді, батырым! Міне, бұл нағыз азаматтың сөзі! Ал, енді ауылға қайтайық. Сабағыңнан кешігіп қаларсың. Сенің оқитын мектебің қалай аталатын еді өзі? Бала: Казталов мектеп – лицейі. Атасы: Лицей деген не? Бала: Ата, ол білім мен шабыттың мекені! Атасы: Әп, бәрекелді, ендеше жүр сол біліміңнің мекеніне сені өзім апарып, ұстаздарыңа табыстайын. |
|
|
ФОН |
КМЛ |
|
|
Хор |
«Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» әні |
|
|
ПОЭЗИЯ |
Соғыстың аяқталғанына қанша жыл өтсе де, соғыста қаза болғандар мен соғыс және еңбек ардагерлерінің ерліктері үрпақтың мәңгі есінде сақталады. Енді соғыс болмасын.Әлемде мәңгілік бейбіт өмір орнасын деген мағынада |
Номерлерді, жүргізушілердің сөздерін, статистикалық мәліметтерді оқиға желісіне қарай өздеріңіз қосарсыздар
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына байланысты көрініс сценарийі

шағым қалдыра аласыз