«Абай атындағы №31 жалпы орта мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесі
ҒЫЛЫМИ ЖОБА:
«Ұлы Жібек жолы жаңа ғасыр әлемінде»

Дайындаған: 9 «Б»сынып оқушысы Шарап Жанна
Ғылыми жетекшісі:тарих пәнінің мұғалімі Сарсенбаева Ақерке
2025-2026 оқу жылы
Мазмұны
Кіріспе
І. Негізгі бөлім
1.1. Ұлы Жібек Жолы және оның Қазақстан тармақтары арқылы өткен жолдары
1.2. Жібек Жолы сауда жолы, достық жолы, ғылым жолы
1.3. Ұлы даланың жеті қыры: Ұлы Жібек Жолы
ІІ. Практикалық бөлім
2.1. Жаңғырған Жібек Жолы
2.2. Сауалнама
IІІ. Қорытынды
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер
«Ұлы Жібек жолы жаңа ғасыр әлемінде»»
атты зерттеу жұмысына
Пікір
«Ұлы Жібек жолы жаңа ғасыр әлемінде»» тақырыбында зерттелген жұмыс кең көлемде талданған. Шарап Жанна аталған тақырып бойынша ізденушілік жұмыстарын жүргізді.
Бұл жобада казіргі таңда балалардың бойына, ойына өзіміздің тарихымызды, Ұлы Жібек Жолы арқылы ғылым, сауда, достық жолына аттап басқан қадамдар жайлы жазылған. Балалардың бойында патриоттық сезім, отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, салт дәстүр, әдет ғұрып, бабаларымыздың өнер өнегесін келешек ұрпаққа жеткізіп, өшіріп алмау туралы мәлімденген.
Оқушы осы жобаны жазарда көп ізденді, сабақтан тыс уақытта жеке компьютерде отырып , кітаптардан, мақалаларды қарап, газет журналдардан біраз ақпарат қарап, ізденді. Жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Жұмыста баяндалған мәселелер әр тақырыпшаға сай іріктелген, мысалдары, дәлелдері жеткілікті.
Жобаны жазушы тақырыпты толық ашуға әрекет еткен. Тәжірибе, дәлелдемелері тиянақталған.
Казіргі заман талабы алға жылжу, жаңа инновациялық технологиялар заманы болғандықтан оқушымның осы жобаны таңдауына және зерттеу жұмыстарын жүргізуге ат салыстым.
Ғылыми жоба барысында оқушым тақырыптың әрбір пунктіне жеке көңіл бөліп толық зерттеу жұмыстарын жүргізіп отырды.
Осы ғылыми жоба бойынша оқушыға көптеген деректер, ақпарат, мысалдар келтіріп, оқу, тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргіздім.
Болашақта шәкіртімнің жан-жақты, жаңа инновациялық технологияларды меңгерген, басқа жасөспірімдерге үлгі болатындай еліміздің біртуар, білімді ел басқарар азаматша болатынына сенім білдіремін.
Жоба жетекшісі:Сарсенбаева Ақерке
Андатпа
Ұлы Жібек Жолы адамзат тарихындағы ең ғажайып ескерткіш болып табылады. Себебі халықаралық деңгейдегі экономикалық байланыстар, мәдени-рухани қарым-қатынас іске асып, нәтижесінде бірнеше мәдениет синтезделіп, өркениетті қоғамның қалыптасуына әсер етті.
Осы жобада Ұлы Жібек Жолының Қазақстандағы тармақтары туралы, яғни Жібек жолы бойындағы ерте және ортағасырлық мемлекеттер, қалалар, керуен сарайлар мен тарихи-мәдени қарым-қатынас жайында зерттеу жүргізген ғалымдар туралы мәліметтер зерттеліп, қарастырылған. Оқушыларға Қазақстан территориясындағы Ұлы Жібек жолының негізгі тармақтарын таныстыру, түсіндіру, керуен жолдарының Қазақстанның ортағасырлық тарихындағы алатын орнын ұғындыру, Жаңғырғын Жібек Жолы туралы мағлұмат беру мақсаты көзделді.
Аннотация
Великий шелковый путь - один из самых запоминающихся памятников в истории человечества. Поскольку международные отношения, культурные и духовные отношения были осуществлены, в результате чего несколько культур были синтезированы и повлияли на формирование цивилизованного общества.
Этот проект исследует тенденции Великого шелкового пути в Казахстане, такие как ранние и средневековые государства вдоль Великого шелкового пути, караван-сараи и исторических и культурных связей. Цель проекта - познакомить детей с основными пунктами Великого шелкового пути в Казахстане, объяснить место караванных дорог в средневековой истории Казахстана, дать информацию о Великом шелковом пути.
Annotation
The Great Silk Road is one of the most
memorable monuments in the history of mankind. Because
international relations, cultural and spiritual relations have been
implemented, as a result of which several cultures have been
synthesized and influenced the formation of a civilized
society.
This project examines and reviews data on the branches of the Great Silk Road in Kazakhstan, about early and medieval states along the Silk Road, caravan and carpentry and historical-cultural relations. The purpose of the project is to acquaint children with the basic points of the Great Silk Road in Kazakhstan, to explain the place of caravan roads in the medieval history of Kazakhstan, to give information about the Silk Road.
КІРІСПЕ
Ұлы Жібек жолы - әлемдік өркениет тарихындағы неғұрлым елеулі жетістіктердің бірі. Керуен жолдарының тарамдалған жүйесі Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуропа мен Азияны кесіп өтіп, ерте дүние мен орта ғасыр дәуірінде сауда байланыстары мен Батыс пен Шығыс мәдениеттері арасындағы тілдесуінің маңызды құралы қызметін атқарды. Жолдың неғұрлым ұзақ үзігі Қазақстан мен Орта Азия арқылы өтті.
Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы. Тарихи жолдың жібек саудасына байланысты "Жібек жолы" атанғаны түсінікті. "Ұлы" сөзінің қосылуы жолдың кең-байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстырып жатуынан. Сондықтан "Ұлы Жібек жолы" болып тарихқа енді.
Қытай жазба деректерінде б.з.б. II-I ғасырларда Үйсін мемлекетінің Қытай өкіметімен қарым-қатынастары жайлы мәліметтер табылған.

Байланыс кезінде олардың араларында жасалған саудада қымбат бағалы жібектің жүргендігі сөзсіз. Қытай деректері бойынша, VI ғасырда Батыс Түрік қағанының және нөкелерінің жібек шапан кигендері белгілі. VI ғасырда жібектің бүкіл Еуразияға әйгілі болған кезеңі. Қазақ жеріндегі көне керуен жолдарының тарихы б. з. д. I мыңжылдықтың орта шеніндегі "далалық сақ жолынан" басталады. Геродоттың жазуы бойынша, жол Қара теңіз маңынан Дон жағалауына дейін, одан Оңтүстік Оралдағы савроматтар жеріне бағытталып, Ертіс бойы мен Алтайға, Зайсан көліне дейін созылған. Қазіргі ғылым мен техниканың тамаша жетістіктері, ғарыштан түсірілген бейнекөріністер Еуразияның бел ортасынан өткен осы көне маршруттың ең қолайлы жол екендігін дәлелдеп отыр. Бір таңғаларлық нәрсе-қазіргі заманғы көлік жүретін жолдар мен темір жол ежелгі дала жолының бағытын дәлме-дәл қайталауы.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Ұлы Жібек Жолы Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өтіп жатқан керуен жолдарының тоғысқан тоқсан торабы, ол сонау ежелгі дәуірдегі орта ғасырдағы осы аймақтардың сауда және мәдени байланыстарының тұсауын кескен аса маңызды қатынас жолы. Жалпы адамзат тарихы бойынша Шығыс пен Батыс халықтарының арасында қалыптасқан бейбіт қарым қатынас сырын жан жақты зерттеп білу қазіргі таңдағы мәдениетті өркендетуге маңызы зор. Осы тұрғыдан алғанда Жібек Жолын көктей өтетін елдердің ғылыми және мәдени топтарының өзара пікір алысуына, мемлекеттер арасында мәмілеге келу байланыстарын орнатуға әсер ететін өзекті мәселе.
Зерттеудің мақсат-міндеттері:
Оқушыларға Қазақстан территориясындағы Ұлы Жібек жолының негізгі тармақтарын таныстыру, түсіндіру, керуен жолдарының Қазақстанның ортағасырлық тарихындағы алатын орнын ұғындыру мақсаты көзделіп отыр.
Зерттеу жұмысының негізгі міндеттері:
-
Ежелгі жолдар мен Ұлы Жібек жолының зерттелу тарихына сараптама жүргізу.
-
Ұлы Жібек Жолының Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына тигізген әсері туралы, осы жол арқылы тауарлар тасумен қатар ғылым, мәдениет, өнердің дамығандығын оқушыларға түсіндіру.
-
Жаңа Жібек Жолы Қазақстанға әлемдік нарықтарға қолжетімділіктің бірегей мүмкіндіктерін ашу, Жібек Жолының экономикалық белдеуін құру идеясын ашып түсіндіру.
Зерттеудің ғылыми құндылығы: зерттеу барысында қолданылған материалдар мен қорытындылар тақырыптың өзектілігін аша түседі.
Зерттеудің кезеңдері: Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты әдеби-тарихи, жүйелі-сипаттамалық, баяндау, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.
Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты сипаттама, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.
Тақырыптың ғылыми жаңашылығы: жаңа деректер мен оқу құралдарын пайдалана отырып Ұлы Жібек Жолының тарихына толық зерттеу жүргізуге тырысу.
І.Негізгі бөлім
1.1 Ұлы Жібек жолы және оның Қазақстан арқылы өткен тармақтары.
Ұлы Жібек жолының қашан пайда болғаны жөнінде нақты ғылыми пікір жоқ. Бірақ, Жібек жолының кейбір жекелеген аудандардағы пайда болған уақыттары б.з.б. ІІІ – ІІ мыңжылдықтармен мерзімделетіні белгілі. Сауда жолында тауар айналымы Бадахшан тауларындағы лазурит жолы Хотан ауданындағы Жаркен-дария өзені маңайынан бастау алатын нефрит жолы арқылы іске асқан. Бадахшанда өндірілген лазурит тастар Иранға, Қосөзенге, Анатолыға, Египет пен Сирияға жеткізіліп отырды. Б.з.б. І мыңжылдықтың басында лазурит тастары Қытайда пайда болды. Лазурит жолы Орталық Азиямен Шығыс Еуропаны, Шығыс пен Жерорта теңізі аймағын байланыстырды.
Осы аталған негізгі бағыттар Қазақстан территориясында бірнеше ондаған тармақтар негізінде іске асып, байланыс түзген. Б.з.б. І мыңжылдықта Дала жолы қалыптасып, іске асты. Тарихтың атасы Геродоттың жазба деректеріне назар аударатын болсақ, Жібек жолының тағы бір негізгі тармағы болғанын байқай аламыз: Қара теңіз жағалауынан Дон жағалауына қарай, одан кейін Орал аймағынан Ертіс бойына қарай, одан әрі Алтай өңірі арқылы Зайсан көліне бағытталған. Бұл аталған жол арқылы бағалы аң терілері, ирандық кілемдер және бағалы металдар тасымалданды.
Ұлы ЖІбек жолының Қазақстандағы тармақтары туралы, яғни Жібек жолы бойындағы ерте және ортағасырлық мемлекеттер, қалалар, керуен сарайлар мен тарихи-мәдени қарым-қатынас жайында зерттеу жүргізген ғалымдар қатарынан Ю.А.Зуевтің «Китайские сведение о Суябе» еңбегінде, В.И.Сарианидің «О великом лазуритовом пути на Древнем Востоке» еңбегінде, Лубо-Лесниченконың «Великий Шелковый путь» еңбегінде, Марко Полоның «Путешествие западных чужеземцев в страны трех Индии» еңбегінде тарқатылып айтылған.
Ұлы Жібек жолы туралы негізгі іргелі зерттеулер қатарында:
-
Байпаков К. Великий Шелковый путь – Алматы: - 2007. – 496 стр.
-
Ахмад Ф.С. Шелковый Путь. – Алматы: 2006. – 218 стр.
-
Байпаков К.М., Савельева Т.В., Чанг К., Средневекоые города и поселения Северо-Восточного Жетысу – Алматы: - 2005. – 188 стр
-
Алимжан Тохтахумов «Мой Шелковый путь», 2006 год.
-
На среднеазиатских трассах Великого Шелкового пути. Очерки истории и культуры. - Т., Фан, 1990.
1.2. Жібек Жолы сауда жолы, достық жолы, ғылым жолы.
Жүздесу мен тілдесу және
алыс-беріс байланыстары б.з.д. ІІІ-ІІ мыңжылдықтарда басталған.
Бадахшан тауынын лазурит және Хотан маңындағы Яркендария өзенінің
жоғарғы жағынан нефрит кен орындары табылып, оларды өндіре бастауға
сәйкес байланыстар реттеліп, жөнге келтіріледі. Қытайдың Хан
патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының
У-ди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық
Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған. Жаң Чян қазіргі
Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң
Чянның сапары жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс
жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де «Жібек жолында» ат
ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың
жібек өнімдерін ала барған; елге қайтарында барған жерлерінің
тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі
мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс
өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Жаң Чян барған
жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне қатысты
түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, жол гүлденіп, көркейе
түсті. Шығыс пен батыстың аралығындағы дәнекерге айналып,
өркениеттерді өзара тоғыстырды. Жолды қорғау және дамыту
мақсатында, Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына қарауылдарын
қойып, әскерлерін әкеле бастаған.
«Жібек жолы» іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта уақыт
ізімен өзгеріп отырған, тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген жол
шығыста Чаң-аннан (қазіргі Ши-ан) басталып, Тарым ойпатынан өтіп,
Памир үстіртінен асып, Орталық Азияны, Батыс Азияны кесіп өтіп,
Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы
7000 шақырымнан асады.
Ұлы Жібек жолы Шығыста Қытай империясынан басталып, Батыста Рим
империясында аяқталды. Жол Қушан, Соғды және Парфия империяларын
басып өткен жүктерді тасымалдап жеткізуді Еуразияның таулы және
далалық аймақтарын мекендеген малшылар іске асырған. Ұлы Жібек
жолын тек аграрлық империяларды XV ғасырдан артық уақыт қойып
тұрған артерия ретінде қарастыру шекті болады, себебі отырықшы
мемлекеттер өзара түйіспей, мұхиттағы аралдар сияқты оқшау тұрған,
түркілердің көшпелі ұлыстары байланыстырып келді. Негізгі мәдени
ауысулар қазіргі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу бойымен өтті, яғни
ареалды өркениеттердің тоғысқан жері деп қарастыруға болады. Ұлы
Жібек жолы бойында еуразиялық көшпелілер біртіндеп өркениеттенуді
бастарынан өткізді, олар өз ордаларын, қалаларын, керуен сарайларын
салып, саудаға бақылау жүргізді. Отырықшы өркениет көшпелілердің
қару-жарақ, ат әбзелдерімен, әр түрлі бұйымдарымен танысып,
өздеріне қабылдады. Қазіргі жаһанданудың алыс үлгісі ретінде Ұлы
Жібек жолы Ұлы географиялық ашуларға дейін өмір сүрген. Өркениеттің
индустриялық толқынына түрлі себептермен ілесе
алмады.
Б.з.б. III-II мыңжылдықтарда Месопатамия жазығынан Инд өзенінің аңғарына, Орта Азия шөлдерінен Жерорта теңізіне дейін аралықта құрылыс және су жолы жүйесі-Месопатам-харап қалыптасты. Ең алыстағы мәдениеттер мен өркениеттерді байланыстырған. Кейін жүйе Ұлы Жібек жолының негізгі тармақтарының біріне айналды.
Орталық Азия халықтарының сауда байланыстары б.з.б. III-II мыңжылдықтардан тамыр алады. Байланыс жолдарының бipi-көктас (лазурит) жолы. Көктас Шығыс елдерінде ертеден асыл тас ретінде жоғары бағаланды. Бадахшан тауынан өңдірілген көктас Иранға, Месопотамияға, Сирияға, Египетке пен Анатолияға жеткізілді. Бадахшан өңірі Бактрия патшалығының иелігінде болатын. Көктас жолы екі мемлекеттің-Бактрия мен Ассирияның арасындағы сауда байланысы болғанын аңғартады. Б.з.б. I мыңжылдықтың басында көктас Қытайға да тасыла бастаған. Азия елдеріне Соғдыдан сердолик (қызыл, қызыл-сары түсті асыл тас), Хорезмнен көгілдір ақық (бирюза) тасылды.
Нефрит өзге елдерге таратуда делдал ретінде қызмет атқарды. Батыс Ганьсу мен Шығыс Түрістанның көп жерін алып жатты. Нефрит жолы Шығыс Түркістанды Солтүстік Қытаймен жалғастырды. Нефрит Қытайда үлкен сұранысқа ие болды. Мемлекеттік, айырым белгілер жасауда және діни рәсімдерде, тұрмыста кеңінен қолданылды.
Дала жолының қызметі б.з.б. I мыңжылдықтың орта шенінде жандана бастаған. Тарихтың атасы Геродоттың (б.з.б. V ғ.) еңбегіде Дала жолы туралы мәліметтер кездеседі Дала жолы Азияны Таулы Алтай және Оңтүстік Сібірмен жалғастырды. Қара теңіз жағалауынан Донға, Оңтүстік Орал тауларына, ары Ертіс, Алтайға дейін жеткен. Ежелгі дәуірде савроматтар (Оңтүстік Оралда), аргиппейлер қоныстанды. Дала жолымен бағалы металл бұйымдар, парсы кілемдері, мал, аң терілері тасылды.
Тауарлар алмасу ежелгі дәуірде стихиялы түрде жүрді; тауарды бір тайпа екінші тайпаға жеткізді, бір аймақтан келесі аймаққа делдалдар арқылы таралды. Жолдардың қалыптасуында тайпалар мен халықтардың миграциясы үлкен рөл атқарды.
Ғұндардың тұсында Шығыс Түркістаннан Солтүстік Моңғолияға баратын жол ашылды. Ғұндарға Соғды елінен, Грек - Бактрия және эллиндік Сириядан тауарлар жеткізілді.
Б.з.б. I мыңжылдықтың ортасында Батыстан Шығысқа әйнек бұйымдар әкеліне бастады. Әйнектен жасалған моншақтар сақ қорғандарынан көптеп табылды. Мөлдір әйнектен жасалған моншақтар мен білезіктер Оңтүстік Памир және Тянь-Шань, Алтай өңіріндегі сақ дәуіріндегі молалардан шықты. Әйнек бұйымдар б.з.б. II мыңжылдықтан бастап Шығыс Жерорта теңізі аймағында өндірілетін.
Жол тораптарының көптеп салынуына Грекия мен Египеттен Орта Азия мен Үндістанға дейін кең-байтақ жерді алып жатқан Ахеменид мемлекеті өзіндік үлес қосқан. Эфестен Суз қаласына дейінгі аралықты жалғаған 2400 шақырымды құрайтын «патша жолы» болды. Ахеменидтік жол тораптарында белгілі қашыктықта байланысшы атты адамдар тұрды, хабарды бірінен біріне айтып, мақсатты жеріне дер кезінде жүргізіп отырған. Байланыс жүйесін ежелгі парсылар «ангариетон» деп атаған. Геродоттың көрсетуінше, парсы патшасы Кир сақтарға жету үшін Сырдария өзеніне көпір салдырады, Дарий патшаның (521-189 жж.) тұсында Азияның көп бөлігі парсыларға белгілі болады. Жаңа жерлердің жайын білу мақсатында Дарий патша ең сенімді адамдарын жан-жаққа аттандырып, мәліметтер алып отырған. Ахеменидтіктер жүргізген соғыстар оған қатысқан әскерлердің құрамындағы сақтар, бактриялықтар, соғдылар және тағы басқа халықтарға алыстағы жолдармен, елдермен танысуға мүмкіндік берді.
Батыстан Шығысқа баратын ежелгі сауда жолдарын былайша топтастыруға болады:
-
- Еуропа мен Азияны жалғастырған құрлықаралық маңызы бар жолдар (мысалы, Ұлы Жібекжолы);
-
- құрлықтық маңызы бар жолдар, бір құрлықтағы түрлі аймақтарды жалғастырды (мысалы, Бактрия мен Үндістанды);
-
- аймактық маңызға ие жолдар (мысалы, Бактрия мен Соғды елін, Бактрия мен Хорезмді жалғастырған жолдар);
-
- облыстық маңызы бар жолдар. Қала мен қала арасын, белгілі бір тарихи-мәдени аймақтың ішіндегі ірі елді мекендерді жалғап жатты;
-
- соқпақ, сүрлеу жолдар болса, елді мекеннің өз ішінде болатын.
Жолдардың арақашыктығына келсек, құрлықаралық жолдар 10 мың шақырым, құрлықтық-бірнеше мың шақырым, жергілікті-бірнеше ондаған шақырым, сүрлеу жолдар бірнеше жүз метрден бірнеше оңдаған шақырымға дейін созылды.
Ұлы Жібек жолынын бағыттары ауысып тұрғанымен, екі негізгі арнасы-оңтүстік және солтүстік жолды бөлуге болады. Оңтүстік жол Қытайдан шығып, Орта Азия арқылы Таяу Шығысқа, Солтүстік Үндістанға апаратын.
Солтүстік жол Қытайдан Памирге, Арал бойы арқылы өтіп, төменгі Еділге және Қара теңіз бойына апаратын. Оңтүстік және солтүстік жолдың аралығында бірнеше жалғаушы, аралық бағыттар болды. Уақыт өте келе негізгі бағытқа қосылған жолдар тарамдалып, көбейе берді. Ұлы Жібек жолы қызметінің дамуы әртүрлі елдердің керуен жолдарына бақылау жасауға деген геосаяси қарсыластығына аса тәуелді болды. Ұлы Жібек жолының табысты қызмет eтyi үшін халықаралық саяси тұрақтылық қажет болатын. Екі жақты жетуге болатын: Еуразия кеңістігінен өтетін маңызды керуен жолдарын бақылауға алған үлкен империялардың құрылуы арқылы немесе сауданың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қабілетті ipi мемлекеттердің "әлемді бөлуі" арқылы. Көпестердің керуенінен салық алу Азиядағы керуен жолы ететін мемлекеттердің билеушілеріне жоғары табыс беретін. Көпестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етсе, екінші шеті, Ұлы Жібек жолының үлкен бөліктеріне бақылау жасауға мүмкіндік алуға ұмтылды. Мемлекет ішіндегі соғыстар және орталықтанған биліктің құлауы Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар мен қоныстардың құлдырауына, керуендердің тоналуына жиі соқтыратын. Өз кезегінде Ұлы Жібек жолының белгілі бip бөлігінің қызметінің бұзылуына әкеліп соқты.
VI-VII ғасырларда Қытайдан батысқа баратын жол жандана түсті.Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін. VI-VIII ғасырларда Ұлы Жібек жолының негізгі бағыты: Сирия-Иран-Орта Азия-Оңтүстік Қазакстан-Талас аңғары-Шу аңғары-Ыстықкөл ойпаты-Шығыс Түркістан болды.
VI ғасырда Қазакстанның батыс бөлігін Қиыр Шығыспен, Амур өзені бойымен «Бұлғын жолы» дейтін жол жалғастырды. VI ғасырда «Жапонияға баратын жол» деп те аталған. Расында жолмен Византиядан, Ираннан, Tүрік қағанаттары мен Соғдыдан шыққан керуендер Жапонияға жететін.
VI-VII ғасырларда Ұлы Жібек жолының Оңтүстікнемесе Ферғана тармағымен жүрудің қиындап кетуіне байланысты Солтүстік немесе «Түрік жолы» ауыстырды. Ферғана жолымен жүру, біріншіден, жолдың жартысына жуығының асулы, таулы жерлер арқылы етуіне байланысты қиындық тудырса, екінші шеті, Ферғана өңіріндегі өзара қырқысуларға байланысты қауіптіболды.
Түрік қағанаттарының күшейіп, керуен жолдары бойында қалалар мен қоныстардың күшеюі Ұлы Жібек жолының «Tүрік жолы» тармағының басты қатынас жолына айналуына себепкер болды.
VIII ғасырдың екінші жартысында Орталық Азиядағы халықаралық байланыстар жүйесі біршама өзгерді. Тибеттіктер Шығыс Түркістан мен Батыс Қытайға басып кіріп, Ичжоудан Ганьсуға дейінгі Ұлы Жібек жолының басым бөлігіне иелік етті. 30 жылға жуық керуен жолының бөлігі тибеттіктердің бақылауына өтті.Бэйтиннен Баркел көліне дейін, одан солтүстік шығыстағы Ұйғыр қағанатынын астанасы Қарабаласағұнға (Харабалғас) дейін апаратын «Ұйғыр жолы» күшейді. «Ұйғыр жолы» Шығыс Түркістанды Солтүстік Моңғолиямен жалғастырды. Ұйғырлар, қытай деректеріне қарағанда, жолды «Цаньтянь қағанның жолы» деп атаған, ceбебі, жолмен қағанға түркі салық апарылған. Тан әулеті кезінде «Ұйғыр жолымен» жібек пен жылқы саудасы белсенді түрде жүрді. «Ұйғыр жолымен» Шығыс пен Батысты жалғастырған басты керуен жолы ретінде ұзақ уақыт қызмет еттi. ХIII-XIV ғасырларда жол Моңғол империясының астанасы-Қарақорымды өзге елдермен жалғастырған күретамырға айналды.
IX ғасырда Қырғыз қағанаты күшейіп, қырғыздар Орталық Азиядағы басты әскери және саяси күшке айналады. Шығыс Түркістанның солтүстік аймағынан Оңтүстік Сібірге баратын «Қырғыз жолы» жандана бастайды. Турфаннан Жоңғария арқылы Моңғол Алтайына, Саяннан Минусинск ойпатына, қырғыз қағанының ордасына апаратын «Қырғыз жолы» арқылы Қытаймен және басқа көрші елдермен сауда-саттық қарым-қатынастар жүрді. «Қырғыз жолы» Қырғыз қағанаты әлсіреген кезде өз жұмысын тоқтатқан болатын.
Ұлы Жібек жолына тармақ болып қосылатын жолдың бірі «Алтын жолы» және «Күміс жолы». «Алтын жолы» Ферғана, Ыстықкөл арқылы өтіп, Сібірге бастайтын, «Күміс жолымен» орталықазиялық күмістерді керуендер күмісі аз елдерге Киев Русі мен Еуропа елдеріне қарай апаратын.
Ұлы Жібек жолы Батыс пен Шығысты ғана емес, сонымен бірге «үш Шығысты»; Үндіні, Қытайды, Араб халифатын да байланыстырған. Мысалы үндінің «синапатто»-«қытай жібегі» деген сөзі куә, осы жөнінде деректер б.д.д. ІV ғасырда жазалған «Артхашастра» (Саясат ғылымы) трактатында кездеседі.
VII ғасырда кейін теңіз
қатынас-тасымалы дамығандықтан, «Жібек жолы» біртіндеп екінші
орынға түсті, XIII ғасырға дейін шығыс пен батыс қатынасының
маңызды жолы болды. XIX ғасырдың басында, Иcпанияның елшісі
Қытайдың 800 түйелік сауда керуенін өз көзімен көріп тұрып
Самарқанның жағдайы туралы былай деп жазады: "Төңіректің төрт
бұрышынан келген сан алуан тауарлар Самарқанға жиналыпты. Қытайдың
торғын-торқалары көз жауын алады және табиғаты ерекше көңіл-күй
береді".
Ұлы Жібек жолы туралы айтқанда, Қазақстан жері үшін аса маңызды
болғанын есте ұстау керек. Еуразялық Дала аймағы «варвар»
көшпелілерден басқа мәдени үрдістерді басынан өткізбеген. Шын
мәнісінде көшпелі түрік тайпалары мен отырықшы халықтар ежелден
қалыптастырған төл мәдениет өркендеген болатын. Ұлы Жібек жолы
мәдениетінен шығатын бір қорытынды аграрлық өркениеттегі қала мен
оның маңайындағы жер өндеушілер мен бақташылардың арақатынасындағы
көптүрліліктің жасампаздық сипатымен байланысты. Кез келген мәдени
құрылымда шығармашыл немесе басқарушы элита, ішкі және сыртқы
пролетариат бар.
Ұлы Жібек жолы
мәдениетінің элитасына отырықшы империялардағы билеуші топтармен
қатар, Іле, Шу, Талас және Сырдария алқаптарында қала орталықтары,
дихандардың алғашқы тектері орналасқан елді мекендердегі
көшпелі-отырықшылардың тұлғалары да жатты. Көпшілі халық туралы
деректер қазір Тянь-Шань тауы етегінен, Арыс өзені мен Сырдарияның
орта және төменгі ағысындағы алқаптардан ашылып отыр. Ислам
Ренессансы өкілдерімен қатар, қолдары алтын зергерлер мен
құмырашыларды, әскербасыларды, діни қайраткерлерді айтсақ та
жеткілікті.
Ұлы Жібек жолы жанданып, Орталық Азия қалаларындағы жоғары
мәдениеттің өркендеуінде маңызды рөл атқарады. Ұлы Жібек жолы
мәдениетінің бастапқы кезеңінде, І мыңжылдықтың алғашқы жартысында,
Орталық Азияда оншақты қалалардың ғана аттары аталса, Тан империясы
мен Ислам Ренессансы уақытында, VIII-ХІІ ғасырларда өңірде болған
саяхатшылар жүздеген мәдениет орталықтары туралы дерек береді,
мысалы Сюань Цзян Жетісудың өзінде осындай ондаған қалалар бар
екені жөнінде хабарлайды. Марко Поло, Ұлы Жібек жолы әрекет етіп
тұрғанда Орталық Азияда болған сирек саяхатшының бірі, моңғолдар
шапқыншылығынан кейін қалалық мәдениет күйдіруге жеткізгенгенімен,
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін Ұлы Жібек жолынан
керуен арылған жоқ дейді.
Ұлы Жібек жолының ерекшелігі оның орталықтарының басымдық таныта
алмауында болды. Оның үстіне ол кезде мәдени артерияны бақылаушы
түркілерде жалғыз үстемдік етуші жүйе әлі
қалыптаспады.
Ұлы Жібек жолы халықтардың достығы мен ынтымағының жарасымдылығы деп түсінген жөн. Оның қызметінің тарихынан тағылым ала отырып, бүгіндері жаңа мыңжылдықтың жолына түсе отырып, адамзат баласы қауіпсіздікке, тұрақтылыққа және дамудың беріктігіне ұмтылуда.
Ұлы Жібек жолы бүкіл әлемге танымал жол болатын. Батыс пен Шығысты, бітімгерлік пен ынтымақтастыққа ұмтылған халықтарды өзара байланыстырған бұл жол мәдени - экономикалық көпір іспетті еді.
Қазіргі уақытта осы көне керуен жолын жаңғыртудың, халықаралық мәдени - экономикалық байланыстағы рөлінің маңызы жөніндегі еліміздің Президенті Қ.К.Тоқаев: «Ежелгі жібек жолының жалпы сұлбасымен XXI ғасырда мұнай - газ құбырлары тартылады, солар арқылы Орталық Азияның мұнай мен газы экспортын дамыту Орталық Азия халықтарына, ежелгі замандағы сияқты, бірыңғай сыртқы экономикалық саясат, бірыңғай кеден, салық бақылауы, бірыңғай қауіпсіздік жүйесі қажет, сол тиімді», - деп көрсетіп берді.

Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес. Шын мәнінде, немістердің, италиялықтардың немесе үнді халықтарының жылнамасына көз жүгіртсек, олардың мыңдаған жылды қамтитын төл тарихындағы ұлы жетістіктерінің дені осы елдер қазір мекен етіп жатқан аумақтарға қатыстылығы жөнінде сұрақ туындайтыны орынды. Әрине, ежелгі Рим деген қазіргі Италия емес, бірақ италиялықтар өздерінің тарихи тамырымен мақтана алады. Бұл – орынды мақтаныш. Сол сияқты, ежелгі готтар мен бүгінгі немістер де бір халық емес, бірақ олар да Германияның мол тарихи мұрасының бір бөлшегі. Полиэтникалық бай мәдениеті бар ежелгі Үндістан мен бүгінгі үнді халқын тарих толқынында үздіксіз дамып келе жатқан бірегей өркениет ретінде қарастыруға болады. Бұл – тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп-тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады. Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті. Біріншіден, қосқан үлестері кейінірек сөз болатын протомемлекеттік бірлестіктердің дені қазіргі Қазақстан аумағында құрылып, қазақ ұлты этногенезінің негізгі элементтерін құрап отыр. Екіншіден, біз айтқалы отырған зор мәдени жетістіктер шоғыры даламызға сырттан келген жоқ, керісінше, көпшілігі осы кең байтақ өлкеде пайда болып, содан кейін Батыс пен Шығысқа, Күнгей мен Теріскейге таралды. Үшіншіден, кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екенін айғақтайды. Бұл жәдігерлер Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Тіпті, қазақтың кейбір ру тайпаларының атаулары «қазақ» этнонимінен талай ғасыр бұрын белгілі болған. Осының өзі біздің ұлттық тарихымыздың көкжиегі бұған дейін айтылып жүрген кезеңнен тым әріде жатқанын айғақтайды. Еуропацентристік көзқарас сақтар мен ғұндар және басқа да бүгінгі түркі халықтарының арғы бабалары саналатын этностық топтар біздің ұлтымыздың тарихи этногенезінің ажырамас бөлшегі болғаны туралы бұлтартпас фактілерді көруге мүмкіндік берген жоқ. Сонымен бірге, ұзақ уақыттан бері біздің жерімізде өмір сүріп келе жатқан көптеген этностарға ортақ Қазақстан тарихы туралы сөз болып отырғанын атап өткеніміз жөн. Бұл – түрлі этностардың көптеген көрнекті тұлғалары өз үлестерін қосқан бүкіл халқымызға ортақ тарих. Бүгінде төл тарихымызға оң көзқарас керек. Бірақ, қандай да бір тарихи оқиғаны таңдамалы және конъюнктуралық тұрғыдан ғана сипаттаумен шектелуге болмайды. Ақ пен қара – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Бұлар өзара бірлескенде жеке адамдардың да, тұтас халықтардың да өміріне қайталанбас реңк береді. Біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар мен қақтығыстар, әлеуметтік тұрғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қуғын-сүргіндер аз болмады. Мұны ұмытуға хақымыз жоқ. Көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек. Біз басқа халықтардың рөлін төмендетіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсетейін деп отырғанымыз жоқ. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз. Сонымен, Ұлы даланың жеті қырына тоқталайық.
Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес. Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйымдар кезінде біздің өлкемізде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Көне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұланғайыр Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді. Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы келесі кезеңдерге бөлінді:
1. Атқа міну мәдениеті.
2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия .
3. Аң стилі.
4. Алтын ада.
5. Түркі әлемінің бесігі.
6. Ұлы Жібек жолы. Еліміздің географиялық тұрғыдан ұтымды, яғни Еуразия құрлығының кіндігінде орналасуы ежелден әртүрлі мемлекеттер мен өркениеттер арасында транзиттік «дәліздердің» пайда болуына септігін тигізді. Біздің дәуірімізден бастап бұл құрлық жолдары Үлкен Еуразияның Шығысы мен Батысы, Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы сауда және мәдениет саласындағы байланыстардың трансконтинентальды желісіне – Ұлы Жібек жолы жүйесіне айналды. Бұл жол халықтар арасындағы жаһандық өзара тауар айналымы мен зияткерлік ынтымақтастықтың қалыптасып, дамуы үшін орнықты платформа болды. Керуен жолдарын мінсіз ұйымдастырып, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Ұлы дала халқы ежелгі және орта ғасырлардағы аса маңызды сауда қатынасының басты дәнекері саналды. Дала белдеуі Қытай, Үнді, Парсы, Жерорта теңізі, Таяу Шығыс және славян өркениеттерін байланыстырды. Алғаш пайда болған сәттен бастап, Ұлы Жібек жолы картасы, негізінен, Түрік империяларының аумағын қамтыды. Орталық Еуразияда түркілер үстемдік құрған кезеңде Ұлы Жібек жолы гүлдену шегіне жетіп, халықаралық ауқымда экономиканы өркендетуге және мәдениетті дамытуға септігін тигізді. 7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған. Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының отаны саналады. Дәл осы тұқым ең көп таралған жемісті әлемге тарту етті. Бәріміз білетін алма – біздегі алманың генетикалық бір түрі. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған. Осы танымал жемістің терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың бірі Алматы деп аталды. Қазақстан аумағындағы Шу, Іле тауларының етегінен әлі күнге дейін жергілікті өсімдіктер әлемінің жауһары саналатын Регель қызғалдақтарын бастапқы күйінде кездестіруге болады. Бұл әсем өсімдіктер біздің жерімізде Тянь-Шань тауларының етегі мен шөлейт даланың түйісер тұсында пайда болған. Қазақ топырағындағы осынау қарапайым, сондай-ақ, ерекше гүлдер өз әдемілігімен көптеген халықтың жүрегін жаулап, біртіндеп бүкіл әлемге тарады. Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар, олардың басым көпшілігі – біздің дала қызғалдағының «ұрпағы». Қазір Қазақстанда қызғалдақтың 35 түрі өседі.
ІІ.Практикалық бөлім
2.1. Жаңғырған Жібек Жолы.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында Жаңа Жібек жолын құру бойынша ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру Қазақстанға халықаралық нарықтарға қолжетімділіктің бірегей мүмкіндіктерін беріп, өңірге инвестиция тартудың қуатты құралына айналады, деп атап өтті беделді сарапшылар.
«Бар дүние жоғалмайды, жоқтан бар пайда болмайды» деген атам қазақтың дана сөзі бар. Еліміздегі «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автокөлік дәлізінің құрылысы биылғы жылы аяқталады деп ресми органнан сүйіншілеп жеткен хабарды оқығанда халқымыздың сол даналық сөзі тағы бір еске түсті. Иә, бұл жоғалғанына ғасырлар өтсе де бар дүниенің қайта табылатындығына мықты бір мысал боларлық оқиға емес пе, құрметті оқырман. Ұлы Жібек жолының нақты қай уақытта пайда болғаны туралы нақты мәлімет жоқ. Жалпы, оның халықаралық керуен жолы ретінде қалыптасып, дамуы ғасырларға созылса керек. Кейбір деректерге қарағанда, бұл жол осыдан 3-4 мың жыл бұрын пайда болып, Қытайдың Хан патшалығының тұсында жақсы өркендеген. Ал енді бір деректер бойынша бұл жолдың пайда болып, қалыптасуы біздің заманымыздан бұрынғы екінші ғасырда (яғни, 2 мың жылдан астам уақыт бұрын) бастау алады да, біздің заманымыздың алтыншы ғасырында (яғни, 1400-1500 жылдай уақыт бұрын) қазіргі Қазақстан жерін басып өтетін екі сілемі (Сырдария мен Тянь-Шань сілемдері) қалыптасып, жетіледі. Сол секілді бұл керуен жолының өз қызметін қашан тоқтатқандығын да нақты кесіп айту қиын. Біздің білуімізше, жолдың жойылып кетуіне екі үлкен фактор әсер еткен. Оның біріншісі – үлкен өңірді уысында ұстап, халықтар тыныштығы мен тәртібін қамтамасыз еткен Алтын Орда мемлекеттілігінің ыдырап, ұсақ хандықтарға бөлініп кетуі. Бұл фактор жол бойындағы кикілжің жағдайлардың көбеюіне, керуен жолы тыныштығының бұзылуына әкелсе керек. Екіншісі – Қытай мен Еуропаны жалғаған теңіз жолының ашылуы. Осыдан кейін кіре тартушылар үшін Жібек жолының қажеттілігі де азая берген. Демек, көне Жібек жолы Түркі қағанаты дәуірінен бастап, осыдан бес ғасыр бұрынғы Қазақ хандығы құрылғанға дейінгі аралықта өңір халқын сыртқы әлеммен сауда-экономикалық, өркениеттік байланыстырушы құрал ретінде өмір сүріп келген. Оның бойындағы сауда-саттықтың әлсіреуі және көрші елдердің әміршілерімен арадағы тартыстардың күшеюі жас Қазақ хандығының дербес саяси-экономикалық субъект ретінде жан-жақты дамуына қаншалықты кері әсер еткені де тайға таңба басқандай айқындала түседі. Міне, осы Ұлы Жібек жолы енді жаңа заман талабына сай қайта қалпына келтіріліп, өңір халықтарына баяғысынша қызмет ететін болса, «өлгенің тіріліп, өшкенің жанды» деген осы емес пе?! Сөйтіп, бұл жаңалық, біздің ойымызша, бүкіл Алаш жұртына ат шаптырып, шүйінші сұрататындай хабар болғалы тұр. Енді еліміздің Инвестициялар және даму министрлігі қолға алған осы ғасыр жобасы туралы қысқаша ақпараттарға назар аударайық: жолдың жалпы ұзындығы 8445 шақырым болса, оның 2233 шақырымы Ресей, 3425 шақырымы Қытай, 2452 шақырымы Қазақстан аумағына тиесілі. Қазақстандағы бөлігінің өзі Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы секілді 5 облысты, қаншама қалалар мен елді мекендерді басып өтеді. Әзірге әңгіме осы Қазақстан бөлігі туралы болмақ. Яғни, халықаралық дәліз толық пайдалануға берілген кезден көлік нөпірі көбейіп, тіршілік қайнай бастайтын болады. Өйткені, мегажоба құрылысы аяқталғаннан кейін оның бойындағы инфрақұрылым жұмыстары басталады. Яғни, үлкен жолдың бойынан халықаралық талаптарға сай келетін қонақ үйлер мен автокөліктерге техникалық қызмет көрсету орталықтары, тамақтанатын орындар және тағы басқа да көптеген нысандар салынады. Сондай-ақ, Қазақстан аумағында туризмді дамытуға жол ашылады. Халықаралық жолдың еліміздегі бөлігін салу басталғалы бері Шымкент учаскесінен Ресей шекарасына (Орынборға) дейін және Тараз – Алматы учаскелерін қосқанда 2 028 шақырым болатын жол пайдалануға берілді. Бұл жолдың игілігін көріп жатқан жұрттың ризалығында шек жоқ. Енді биылғы жылдың соңына дейін ұзақтығы 304 шақырым болатын Алматы – Қорғас, 100 шақырымдық Шымкент – Ташкент, 81 шақырымды құрайтын Шымкент шекарасы мен Жамбыл облысы учаскелеріндегі жол құрылысы аяқталуға тиіс. Сөйтіп, халықаралық дәліз толық ашылатын болады. Енді аталған жобаның Қазақ елі үшін тигізер пайдасы турасында сөз қозғасақ, бізге ақпарат берген мамандардың айтуынша, алдағы 7-8 жылдың ішінде жолдың жүк көліктерін өткізу көлемі 2,5 есе ұлғаятын болады. Жобаны іске асыру Қазақстанға жылма-жыл кем дегенде 33-34 миллиард теңгенің пайдасын беріп отырады деп күтілуде. Мультипликативтік тиімділігі де зор болмақ. Мәселен, мамандардың есептеуінше, жолдың салынуы ішкі жалпы өнімнің көлемін 82,9 миллиард теңгеге дейін өсіре түсетін болады. Басқа жанама тигізетін жағымды әсерлері де аз емес. Ең бастысы, бұл жол Қазақстанның Батыс пен Шығыс арасындағы өзінің географиялық орнын тиімді пайдаланып, алтын көпір елге айналуына өлшеусіз қызмет ететін болады. Ал мұның тигізер пайдасын ақшамен есептеудің өзі мүлдем қисынсыз.
Экономикалық «Жібек жолы» стратегиясының басты мақсаты – бұл Пекиннің стратегиялық басымдылығын нығайту, Қытай халқының арманы – бұл ежелгі Қытайдың беделі мен күш-қуатын қайта жаңғырту. Компартия басшысы Си Цзинпиннің көздеп отырған талпынысы да осы, экономиканың қарқынды дамуы, халық санының жеткіліктілігі Қытай арманының орындалуына шақ қалды. Си Цзинпиннің билікке келгеннен бергі іс-әрекетін бақыласақ, көрші елдерге қыруар инвестициялар құйып, олардың экономикасын Қытайға тәуелді етіп қойды. Мәселен, Want China Times газетінің мәліметтеріне қарағанда, Қытай болашақта «Жібек жолы» стратегиясын дамыту үшін 20 триллион АҚШ долларын құйюға даяр екенін көрсетіп отыр. Қытай көрші елдерде порт, темір жолдар, автомагистральдар, мұнай құбырларын дамыл таппай салуда, бұл арада компартия басшылары келесідей мақсаттарды көздеп отыр:
Қытайдың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
-
Өндірістік тауарларды экспорттау;
-
Көрші елдерді өзіне экономикалық жағынан тәуелді ету;
-
Жоспарлаған әскери стратегиялық мақсаттарға жету;
Қытай азаттық-халық армиясының(ҚХАА) әскери ғылым академиясының құрметті мүшесі Чжоу Бо (Zhou Bo) айтуынша Қытайдың «Жібек жолы» мегажобасы болашақта Орта Азия мен оңтүстік Азия елдерінің саяси және экономикалық ландшафтысын едәуір өзгертетініне сенімді. Қытайдың бұл әрекеттеріне үлкен сенімсіздікпен және нақты қарсы болып отырған екі мемлекет бар, ол Жапония мен Үндістан, бұлардың араларына отқа май тамызып қоятын АҚШ-ты да қосуға болады. Жалпы Қытай көршілерін шошытып алмас үшін өзінің мегажобаларын байыппен, бүркемелеп, қулықпен жүзеге асыруда. Осы арада Қытайдың әфсана-мысалын айтқым келеді: «Қазанның жылы суында құрбақа рахаттанып, өзін қауіпсізбін деп сезініп, суды шалпылдатып шомыла береді. Судың температурасы бірте-бірте көтерілгенін сезбей, ақырында өледі, ар жағында оны дастархан мәзірі үшін дайындап бере беруге болады». Міне, Қытай көрші елдерге осы тәсілді жақсы қолданады. Мысалы, Қытай «Жібек жолы» мегажобасын құруға Үндістанды тартып отыр, оның түпкі мақсаты Үндістанды АҚШ пен Жапония араларындағы стратегиялық байланысты үзу.
-
Сауалнама
Ұлы Жібек жолы мен жаңа замандағы Жібек жолын зерттеу кезінде мен оқушылармен жұмыс жасауды ұйғардым.
-
Ұлы Жібек жолы қай ғасырдан басталды?
-
Ұлы Жібек жолының тармақтарын атаңыз?
-
Ұлы Жібек жолының саудасы мен тауарлары туралы не білесіз?
-
Жібек жолы бойынан әртүрлі жердегі ескерткіштерді қазған кезде қандай материалдар табылды?
-
Ұлы Жібек жолы қай қалалар арқылы өтті?
-
Елбасымыздың Ұлы Даланың жеті қыры мақаласы аясында Ұлы Жібек Жолындаөзгерістер болды ма?
ІІІ.Қорытынды
Қортындылай келе «Жаңа Ұлы Жібек жолы» жобасын жүзеге асыру керек. Өйткені біздің еліміз тарихи рөлін қайта жаңғыртқан Еуропа мен Азия арасындағы көпір іспеттес. Орталық Азия аймағындағы ірі тасымалдаушыға айналуы тиіс. «Мега-жобаны іске асыру нәтижесінде 2020 жылға дейін Қазақстан арқылы өтетін транзиттік жүк тасымалын екі есеге арттырып, болашақта оны кем дегенде 50 млн. тоннаға жеткізу керек», – деп атап өтті Қ.К.Тоқаев. Ұлы Жібек жолының пайда болуы мен тарихи дамуы барысында әлемдік сахнада бұрын соңды болмаған мәдени, экономикалық, саяси-әлеуметтік қарым-қатынастар пайда бола отырып тарих көкжиегінде сан алуан процестер пайда болды. Шығыс пен Батыс мәдениеттер алмасуы жүзеге асты.
Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы байланыстар нәтижесінде көшпелілер территориясында жаңа үлгідегі қалалық мәдениет орнықса, отырықшылар көшпелілердің көшіп-қонуға қажетті жүк көлік арбаларынан бастап, мал шаруашылығының көптеген әдістерін игерді.
Ұлы Жібек жолының саясат пен дипломатия тұрғысындағы негізгі жетістіктері өте көп. Қытай империясымен көшпелі үйсін,қаңлы, орта ғасырдағы түрік тілдес мемлекеттер арасындағы өзара байланысты нығайта білді. Ұлы Жібек жолының қаншалықты маңыздылығын осы жолдың маршрутымен қазіргі таңда «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» магистралының салынуынан көруге болады. «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» маршруты біздің еліміздің территория аумағымен жүріп өтуі «Ұлы Жібек жолы» бойында сол заманда еліміз аумағында мекендеген мемлекеттердің осы жол арқылы Шығыс пен Батысты жақындастыруда саяси дипломатиялық маңызды рөл атқарғандығын көреміз.
Тақырыптың маңыздылығы соншалық, тарихи қиын процестерден өте отырып, қазіргі таңда осы жол торабының елдерді байланыстыру пайдалылығын ескере отырып, құрлық транспортын дамыту нәтижесінде «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» жолының салына бастауы.
Қорыта келе негізгі басты айтарым, Ұлы Жібек жолы саяси дипломатия айнасы болды десем қателеспейміз
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
«Ұлы дала тарихы», Маданов М. Алма-Ата, 1997ж
-
«Қазақстанның көне тарихы» , Мұратхан Қ. Алматы 1994ж
-
Қазақстан тарихы бес томдық
-
Ч.Мусин Қазақстан тарихы, А. 2003
-
Әлкей Марғұлан «Тамғалы тас жазуы» журналы
-
Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. А, 1997Көшербаев Қ.Е., Құттыбаева Р.С.
-
«Қазақтың қысқаша тарихы» Нығмет М. Алматы 1998ж
-
Г.В. Кан, Н.У. Шаяхметов, Қазақстан тарихы,Алматы,2009
-
Байпаков К.М. Средневековые города Казахстана Казахстана на Великом Шелковов пути. – Алматы, 1998. С. 94-99.
-
Байпаков К.М., Шарденова З.Ж., Перегудова С.Я. Раннесредневековая архитектура Семиречье и Южного Казахстана на Великом Шелковом пути. – Алматы: Ғылым, 2001. С. 81-97.
-
Зуев Ю.А. Китайские известия о Суябе // Известия АН Каз ССР. Серия истории, археологии и этнографии. 1960
-
Елеуов М. Шу мен Талас өңірлерінің ортағасырлық қалалары. – Алматы: Қазақ университеті, 1998. 210 бет.
-
Байпаков К.М. Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья. – Аламаты: Наука, 1986.
-
Шалекенов У. Х. 5-13 ғасырлардағы Баласағұн қаласы.- Алматы: Жібек жолы, 2006.
-
“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
-
Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
-
Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Жоба бойынша ұсынысым:
-
«Жаңа Ұлы Жібек Жолы» бағытында туристтік маршрут құру, буклеттер-брошюралар жасау.
-
Өлкетану бойынша жоспар құрып, жазда сахат жасауға дайындық жүргізу.
-
Ұлы Жібек жолы бойынша қазба жұмыстарына қатысу.
-
Шағын мұражай жасау.
-
Оқушылардың шығармашылық ізденісін жетілдіретін шығармашылық аудитория ашылып, «Жас тарихшы» атты үйірме ұйымдастырылса.
-
Тәжірибелі мұғалімдер оқушыларды өз бетінше ізденуге, өзіндік ой тұжырымын жеткізе білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуіне мұрындық болып, факультативті сабақтар ашылса.
-
Тарих пәнінен оқушылардың қызығушылығынын арттыратын дебаттар, семинарлар ұйымдастырылса.
-
Өскелең ұрпаққа тарихымызды , салт дәстүрімізді, Ұлы Жібек Жолының тарихы мен қазіргі таңдағы жағдайының мәселерін насихаттау, талқылау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз