Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ұлы Жібек жолы" ашық сабақ 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
әріптестеріммен тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 4 – бөлім

Қазақстанның ежелгі қалалары және Ұлы Жібек жолы

Мектеп: Ақсай қаласының №2 ЖББОМ


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Киреева Айгуль Сериковна



Сынып: 7-сынып

Қатысқандар:


Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Ұлы Жібек жолы



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.Т6.Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру.

7.Т1. Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады: мәтін үзінділері арқылы дамуын болжайды

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: оқиғаны әрі қарай жалғастырады, сұрақтарға нақты фактілермен жауап беріп, ойын дәлелдейді.

Кейбір оқушылар орындай алады: оқиғаның жалғасын болжайды, нұсқаларды салыстырады, проблемалық сұрақтардың жауабы ретінде қорытынды шешім ұсынады.

Бағалау критерийі

-мәтін мазмұны негізінде қойылған сұрақтарға жауап береді

- өзекті мәселелер бойынша өз ойын дәлелмен келтіреді

- Оқиғаның дамуын болжайды

Құндылықтарға баулу

Сын тұрғысынан ойлау, өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау.

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, тарих

Алдынғы оқу



Жалпы сұрақтарға жауап бере алады.

Жоспар



Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

























































8 мин



«Сенім аралы» тренингін ұйымдастыру. Оқушылар шеңберге тұрып, бір-бірлеріне «Мен саған сенемін, себебі сен ...» (ақылдысың, мейірімдісің т.с.с. сөздерді қолданады)

Үй тапсырмасын тексеру. Ұлы дала өркениеті туралы мәліметті оқып, мазмұндау.

«Крест-нөл» кестесі арқылы үй тапсырмасын тексеру.

Ұлы дала өркениеті ненің бастауы?

Ұлы Дала қандай екі құрлықтың басын қосты?

Жылқыны алғаш қолға үйреткен кімдер?

545 жыл

Әлемдегі ең үлкен кітапхана

Отырардың көне атауы

Отырар қаласына ерекше көңіл аударған кім?

Ең құнды сыйлық

Ең қасиетті сөз

Дескриптор:

  • Сұрақтарға жауап береді;

  • Мәселеге қатысты өзінің ойын білдіреді.

Бағалау. Оқушылар бір-біріне қолпаштауы арқылы бағалау.


Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Ой шақыру» әдісін пайдаланып, бейнероликті көрсетіп, сабақтың тақырыбын болжауға жетелеу.. Сабақ мақсатымен бағалау критерийлерімен таныстыру.



  • Бейнеролик не туралы деп ойлайсыздар?

  • Бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыздар, айтып бере аласыздар ма?





1-тапсырма.

Тыңдалым алдындағы тапсырма:

ЖЖ «БББ» әдісі.

Оқушыларға «Білемін, білдім, білгім келеді» кестесі жазылған парақтар таратылады, Ұлы Жібек жолы туралы не білетіндерін жазады.

Білемін

Білдім

Білгім келеді







Дескриптор:

  • Сұраққа жауап береді;

  • Мәселеге қатысты өзінің ойын білдіреді;

«Қолпаштау» арқылы бағалау.



Сөздік жұмысы: дәптерге жазу, оқу, қайталау.

Тасымалдау – перевозка, переносить

Жалғасу – соединять, присоединяться

Мүмкіндік – возможность, вероятность



Тыңдалым тапсырмасы:

Мәтінді мұқият тыңдап, оқиғаны әрі қарай жалғастырыңыз. Нұсқаларды салыстырыңыз.

Өте ерте кездері Қытайдан бастап Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты пайда болған. Тек ХІХ ғасырда ғана бұл жолдың атауын неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен қолданысқа енгізген екен.

- Ол қандай жол болуы мүмкін?


«Ұлы Жібек жолы» - адамзат өркениетінің тарихи ескерткіштерінің бірі. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды. Бұл жол Еуропа мен Азияның - Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір жолы болған.


- Мәліметті Қазақстанмен байланыстырып көріңіздер. Ұлы Жібек жолының біздің жерімізбен қандай байланысы бар?

Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті. Жол Қытайдан басталып, Қазақстанның ежелгі қалалары - Түркістан, Қашғар, Жетісу, Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен.


- Сонда бұл жол қандай мақсатпен салынған?

Жібек мата, былғары, темір, фарфордан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару-жарақтар, киім-кешек, шабдалы, өрік сияқты жемістер керуен арқылы сауда үшін тасымалданған.


- Сіздердің болжамдарыңыз дұрыс екен. Ал ендеше мына сұраққа жауап беріңіздер.


  • Қалай ойлайсыз, қазіргі күні Ұлы Жібек жолы сақталған ба?



Қазіргі күні Қазақстан мен Қытай елдерінің арасында ынтымақтастығын бекіту үшін конференциялар, жобалар ұйымдастырылып жатыр. Оның басты мақсаты - Қазақстан мен Қытай арасындағы Ұлы Жібек жолының қайта жаңғырту.


Дескриптор Білім алушы

- оқиғаның жалғасын болжайды;

- нұсқаларды салыстырады.



Жұптық жұмыс. Мәтіндегі ақпараттардың дұрыстығын тексеру.

Мәлімет

Дұрыс

Бұрыс

Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қытай жерінің үстімен өтті.



Алма, алмұрт сияқты жемістер сауда үшін тасымалданды.



«Ұлы Жібек жолы» -адамзат өркениетінің тарихи ескерткіштерінің бірі.



Тек ХІХ ғасырда ғана бұл жолдың атауын француз географы қолданысқа енгізген екен.



Сыныпты сергіту барысында топқа бөлу. Суреттер арқылы

Тыңдалымнан кейін:

І –топ: Ұлы Жібек жолы кезіндегі сауда

ІІ –топ: Қазіргі кездегі сауда туралы постер қорғау.

Дескрипторы:

- өз ойларын дәлелдейді;

- нақты фактілерді келтіреді;



Сараланған дескриптор:

- ұсынылған фактілерден қажеттілерін таңдай алады;

- таңдаған фактілерге сүйеніп өз ойын айта алады;



Кері байланыс







«Бас бармақ» арқылы бағалау



Сабақтың соңы



8 мин





«БББ» әдісін жалғастыру.

Білемін

Білдім

Білгім келеді










Рефлексия



2 мин













Үй тапсырмасы: 93-бет, 3-тапсырма. Ұлы дала мәдениетіне байланысты 5 сөйлем жазу.

Smk edu.kz

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланыс



Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.





Жалпы бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:



Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:



Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?























«Ақсай қаласының жалпы білім беретін №2 орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі











Ұлы Жібек жолы

(7- сынып ашық сабақ)






Пән мұғалімі: А.Киреева

















2018-2019 оқу жылы







Қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығындағы «Ұлы Жібек жолы» тақырыбында ашық сабақтың өтуі туралы

анықтама


Мақсаты: 7.Т6.Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру. 7.Т1. Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау.

Мерзімі: 08.11.2018 жыл.

2018 жылдың 8 қарашасында 7 «б» сыныбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Ұлы Жібек жолы» тақырыбында ашық сабақ өткен болатын. Сабақтың мақсаты оқушыларға айтылып, бағалау критерийлерімен таныстырылды. Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытты. Оқушыларға ой шақыру мақсатында бейнеролик көрсетіліп, жаңартылған білім беру мазмұнына сай әдіс-тәсілдер қолданылды. Сабақ өз мақсатына жетті. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жасап, сабақты қорытындылады.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.01.2019
9156
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12