Әуезов орта мектебі
КММ
Сабақтың тақырыбы: Ұлы
Жібек жолының Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық
маңызы
/ашық
сабақ/
Пәні: Қазақстан
тарихы
7-сынып
Солтүстік Қазақстан
облысы
Уалиханов
ауданы
Әуезов орта мектебі
КММ
Тарих пәнінің мұғалімі: Д.К.
Шарипбаева
Сабақтың тақырыбы: §15 Ұлы жібек жолының
Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық
маңызы.
Мақсаты:Жібек жолының маңызын
түсіндіру, ойын арқылы ой-өрістерін дамытуға ықпал
жасау.
Білімділік:Ұлы Жібек жолы бойымен сауда
кезіндегі қарым-қатынас, әлеуметтік-экономикалық байланысын, Жібек
жолының маңызын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой–өрісін дамыта
отырып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, деректер мен өзіндік
жұмыстар ұйымдастыруға, пікір айтуға, өз бетінше жұмыс жасауына
бағыт–бағдар беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды Отан тарихындағы
мәдени құндылықтарды бағалап, қастерлеп, сақтай білуге
баулу.
Сабақтың түрі: білік пен дағдыны
қалыптастыру, ойын сабағы.
Сабақтың типі: жаңа білімді
меңгерту.
Сабақтың әдісі:Сын тұрғысынан ойлау
технологиясының элементтері, интерактивті тақтамен
жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта, Ұлы
Жібек жолының картасы, суреттер, тақырыптық
тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі,
ағылшын тілі, география, геометрия.
Сабақтың барысы:
І.
Ұйымдастыру сәті
Сыныпты
екі топқа бөлу, топ басшыларын сайлау. Топтың
аты:
І топ:
Алғырлар
ІІ топ:
Білгірлер
Оқушыларды сабаққа даярлау
Ізгі арманын,
үмітін
Бабалардың
жалғаймыз!
Білім
көкжиегінде
Жалындаймыз, самғаймыз!- дегендей қазір бізде қай
сабақ?
-Қазақстан тарихы сабағы
-Қазақстан тарихы пәніне дайын болу үшін біз не
айтамыз?
Психологиялық дайындық
«Өз
елінің тарихын білмеген адам, басқа елдің тарихын біліп жарытпас»
(хормен айту).
ІІ.
Үй тапсырмасын тексеру:
Оқушылардың ынтасын жаңа білімді меңгеруге көтеру.
Оны «Полиглот»
ойыны
арқылы орындау
1–ші
сұрақ: Қазақ жазба әдебиетінің
негізін қалаған ... ақын Абай.
(ұлы,
великий, great)
2–ші
сұрақ: Қағанат жерінде жібек
саудасының дамығандығын қаған ордасында болған қытай монахы Сюань
Цзяньнің мына жазбасынан анық байқауға болады. Ол: «Қаған жасыл
...тен желбегей шапан киген».
(жібек, шёлк, silk).
3–ші
сұрақ: М.Әуезовтың атақты романы:
«Абай ...»
(жолы,
путь, way).
Жаңа сабақты
меңгерту.
Ұлы
Жібек жолының қазақ елі үшін маңызы:
-
Түрік
тілдес ру-тайпалардың отырықшы ел болуына, тұрақты мекен-жайлар
салып, қоныстануына зор пайдасын тигізді.
-
Сауда
кезінде қарым-қатынас, алыс-беріс, экономикалық байланыс
бір-бірінен шаруашылықтың ең қажетті, пайдалы түрлерін үйренуіне
себеп болды.
-
Орта
ғасырдың соңғы кезеңіне дейін өмір сүрген Тараз, Сайрам, Талғар,
Отырар, Йасы сияқты атақты қалалар экономикалық жағынан өркендеп,
көркейе түсті.
Ал енді
оқушылар өткен тақырыптарды еске түсіре отырып тапсырмалар
орындаймыз.
1.Картамен жұмыс.Ұлы Жібек жолының
бағыттарын картаға түсіру.
1-бағыт:
Оңтүстік-батыс Жетісу жерінен өтеді. Тараз қаласы арқылы Алматыға
жеткен.
2-бағыт:
Солтүстік-Шығыс бағыт Қапшағайдан өтіп, Шеңгелді, Алтынемел,
Дүнгене, Қойлық қалаларын басып өтіп, Алакөл жанымен Жоңғар қақпасы
арқылы шығысұа ұарай өтеді.
3-бағыт:
Тараздан шығып, Сарқан жері арқылы солтүстік-шығыс Қазақстанға бет
алады. Бұл бағыт Құлан, Хантау, Балатопар, Айнабұлақ бекеттерін
басып өтеді.
2.
Жібек жолы бойымен саяхат ойыны.
Әр топ
белгілі бір түстермен берілген әріптермен «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ» деген
сөз құрастырылады. Әрбір тапсырманы орындаған соң жеңіске жеткен
топ өз әріптерін Еуразия картасына орналастыру қажет. Саяхат
соңында «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ» деген атау шығады және қай түстегі әріптер
картада көбірек болса, сол топ жеңіске жеткен болып
саналады.
Ұ – Дала жануарларына
әңгіме
Л – Жол, сауда, базар, ақша
жөнінде мақал-мәтел
Ы – қала
(Испиджаб)
Ж – Тауарларын
өткізу
І – қала
(Тараз)
Б –не зат екенін
анықтау
Е – қала
(Отырар)
К – ұлттық киім үлгісін
көрсету
Ж – қала
(Баласағұн)
О– Ою-өрнек ойып, мәнін
түсіндіру
Л – қала (Яссы,
Түркістан)
Ы
– Ұлттық
ойын ережесін таныстыру
3.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді
қою.
-
Соғдыда
жібек
өндірудің дамығаны сонша, жібек сатуда Қытай мемлекетімен
бәсекеге түскен.
-
Мәселен,
Қытайдың кейбір
қалаларында олардың отарлары
болған.
-
Ал Жібек жолының
Жапонияның сілемі – ертедегі
астанасы Нара
қаласында
жібек сататын
орындар
болған.
-
Оның басты бір
дәлелі, ондағы
ғибадатханада осы уақытқа
дейін соғды
тілінде
жазылған қолжазбаның сақталуы.
4.«Көш керуені» ойыны.
-
Ұлы Жібек
жолымен алғашқы сауда байланысы қашан жасалған?
(б.з.б
ІІ-І ғ).
-
Жібек
жолы қайдан басталды? /Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы
аймақтан/.
-
Жібек
жолының Жапониядағы сілемі? /Астанасы Нарга
қаласы/.
-
Қытайдың
әдемі фарфордан жасаған ыдыстары Қазақстанның қандай қалаларынан
көптеп табылған? /Талғар, Испиджаб, Отырар/.
-
Византия
шеберлерінің қолынан шыққан күміс құмыралар Қазақстанның қай
қаласынан табылған? /Тараз/.
-
Жібек
сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен ел?
/Соғды/.
-
Жібек
жолының арқасында көп елге тараған әлі күнге базарларда сатылып
жүрген өнім? /Болгар бұрышы/.
-
Б.з.б. ІІ
ғ. Қытайдан Батысқа аттанып 13 жыл болған император?
/У-ди/.
-
Жібек
жолының үшінші тармағы Қазақстанның қай қаласынан шықты?
/Тараз/.
-
Жібек
жолы арқылы таралған діндер? /буддизм, манихей, христиан,
зорастризм/.
5.Сәйкестендір.
6.«Тарихи домино» ойыны.
Жібек
|
жолы
|
халықтар
|
арасындағы
|
сауданың
|
дамуына
|
ғана
|
зор
|
үлесін
|
қосып
|
қойған
|
жоқ,
|
ол
|
Шығыс
|
пен
|
Батыс
|
елдерінің
|
арасындағы
|
халықаралық
|
(дипломатикалық)
|
қарым-
|
қатынастың
|
дамуына
|
да
|
өзінің
|
үлкен
|
пайдасын
|
тигізген.
|
7.Бекіту:10 сұрақ
тест
1) Жібек сауда жолына «ұлы»
сөзінің қосылу себебі:
-
Шығыс пен Батысты
байланыстырды
-
Ежелгі жол
болғандықтан
-
Үлкен сауда жолы
болуынан
2) Жібек жолының бас
басталатын аймақ:
-
Ыстықкөл
өңірінен
-
Қытай жеріндегі Хуанхэ
өзенінің аңғарынан
-
Византия
елінен
3) Қытай елінен алғаш рет
жібек артқан керуендер Батысқа қарай жолға шыққан
ғасыр:
-
б.з.б. ІІІ ғ.
ортасы
-
б.з.б. ІІ ғ.
ортасы
-
б.з.б. І ғ.
ортасы
4) Жібек сауда жолы арқылы
ерте кезден көп елге тараған қазіргі кезге дейін базарда сатылатын
көкөніс түрі:
-
шабдалы мен
қауын
-
жүзім мен
қызанақ
-
қытай немесе болгар
бұрышы
5) Жібек өндіруді дамытып,
Қытаймен бәсекеге түскен ел:
-
Соғды
-
Парсы
-
Араб
6) Византия шеберлерінің
жасаған күміс құмыралар табылған қала:
-
Талғар
-
Тараз
-
Отырар
7) Жібек жолының халықаралық
қарым-қатынас жағынан дами бастаған кезеңі:
-
б.з.б. ІІ ғ.
ортасы
-
б.з.б. І ғ.
ортасы
-
б.з.б. ІІІ ғ.
ортасы
8) Қытай императоры У-Дидің
138 жылы Жібек жолы арқылы Батыс елдеріне жіберген елшілігі қайтып
оралды:
-
15 ж. кейін
-
13 ж. кейін
-
12 ж. кейін
9) Қытай императоры жібектен
жасалған әшекейлі киімдерді сыйлық ретінде
жіберді:
-
Түрік
сұлтанына
-
Парсы
патшасына
-
Иран шахына
10) Ұлы Жібек жолы қатынасының
әлсірей бастауына әсер еткен басты оқиға:
-
ХVІІ ғ. бастап теңіз жолының
ашылуы
-
ХІV ғ. бастап теңіз жолының
ашылуы
-
ХVІ ғ. бастап теңіз жолының
ашылуы
1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
c
b
а
Сабақты
қорытындылау: «Қызықты сандар» (аталған
ғасырларды қосу)
ІІ+VI+VI+I+II=XVII ғ. бастап теңіз жолдарының
ашылуы, Жібек жолының әлсіреп, тоқтауына әсер
етті.
Жібек
жолы – Азиядан Еуропаға шексіз дала, асқар тау арқылы салған
әлемдік өркениеттің жарқын көрінісі. Осы жолға сипаттама бере
отырып, таңғажайып жерлермен таныстық. Сан ғасырлар бойы осының
бәрін жинақтап, сақтап бізге жеткізуші болған Жібек жолындағы
сапарымызды аяқтай отырып, ортағасырлардың тарихи, рухани өмірінің
көп қырлылығын атай кетуіміз керек.
«Ұлы
Жібек жолы» туралы деректер қазіргі таңда түкпір-түкпірден келетін
туристердің назарын өзіне аударуда. БҰҰ шешімімен мәдениетті
дамытудың Халықаралық онжылдығы болып жарияланған 1987-1997 ж.ж.
аралығында Жібек жолын жаңғыртуға қатысты жобалар жасалып, жүзеге
асты. 2000 жылы Қазақстан бойынша Мәдениетті қолдау жылында көне
тарихи мәдени ескерткіштер қамтылып, халықаралық дәрежеде керуен
жолдарының бағыттарын жандандыру жөнінде шешім қабылданды.
Сондықтан осы бағытта жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары
мәдени мұраға үлкен жаңалықтар енгізетіндігіне сеніміміз
зор.
Үйге
тапсырма: §15 оқу, деректер
әкелу.
Бағалау: