Мұғалім
сөзі: Римдік философ,
атақты жазушы Л.А.Синека «Адам өз мүмкіндіктерін
тек қолданғанда ғана біле алады» деген
екен. Өнер адамның дүниетанымына, сеніміне,
адамгершілік – моральдық қасиеттердің қалыптасуына, эстетикалық
сезімдерінің тұрақтылығына, алдына қойған мақсатының айқындала
түсуіне игілікті әсер етеді. Сoл себепті де халық өз ұрпағының
өнердің сан – саласынан толық мағлұматы болуын аңсап, бұған қатты
көңіл бөлген. Oсыған орай мақал – мәтелдер “Жігітке жетпіс өнер де
аз”, “Өнер таусылмас азық, жұтылмас байлық” – деп өнерді құдіретті
күш, адамның жан серігі, ертенгі күнгі жейтін тамағы ішетін сусыны,
рухани байлығы деп
бағалаған.
1.Бал
арасының ұясын, ағаш жапырақтарының діңі, бұтақтарының орналасуын,
құрылымын т.б зерделеп, алуан түрлі ғимараттар
салды.
2. Құмырсқа илеуіне негізделген қалалар
тұрғызды.
3.Балықтың жүзуіне қарай отырып кемелер
жасалды.
4. Табиғаттағы инелікке қарай
отырып тікұшақ
жасады.
5. Аспанда қалықтап ұшқан
құсқа қарап ұшақты ойлап
шығарды.
Осы айтылған аз мысалдан-ақ
адам еңбегінің жасампаздығын, ойының ұшқырлығын
байқаймыз.
1-тапсырма: Бейнематериалға
назар аударып, тыңдалған мәтінге талдау
жасау
https://www.youtube.com/watch?v=lgLVHQiB25w
Кестеге бесіктің артықшылдығы
мен өз ойларын жазады
Бесіктің
артықшылығы
|
Менің
ойым
|
|
|
2-тапсырма Мәтінмен
жұмыс
1-топқа:
Аса тиімді гаджеттердің бірі
Sikker болуы әбден мүмкін. Бұл гаджеттің жұмыс істеу ерекшелігі сол
–білезіктің бірі баланың, екіншісі –анасы мен әкесінің қолына
тағылады. Bluetooth арқылы баланың хал-ахуалы жайлы мәлімет
білезіктің бетіне шығу арқылы ата-аналарға беріледі. Соның
арқасында олар балаларының жағдайын ұдайы бақылауда ұстап отыра
алады. Қажет болған жағдайда көмек көрсете алады. Гаджеттің қызметі
арқылы баланың жүрек соғысын да бақылап отыруға мүмкіндік бар екен.
Ата-ана балаларының дауысын естіп қана қоймай, онымен сөйлесе
алатын да көрінеді. Білезік базалық станция арқылы күні бойы
қуаттандырылып
отырады.
2-топқа
Астаналық өнертапқыш( изобретатель) Серікбол
Шәймардан өздігінен(самостоятельно) тербелетін бесік ойлап тапты.
Баланың дауысына қарай қозғалатын құрылғы дене қызуы(T –тела) мен
жаялық дымқылдығын өлшеп тұрады. Ол тербелетін бесік жасап шығуға 6
жыл уақытын жұмсаған. Smart Бесік ұзындығы – 100, ені – 40,
биіктігі – 60 см. Бесікте баланың жағдайынан хабар беретін бірнеше
(устройство) бар. Оның бірі бөбектің дене қызуын (t) бақыласа,
екіншісі жаялықтың ылғалдылығын(влажность подгузника) анықтайды.
Егер баланың қызуы бөлме температурасынан түсіп не асып кетсе:
«Балаңыз тоңып қалды» немесе «Балаңыз ауырып қалды» деген дыбыс
ескерту айтады. Бесік тербелгенде қондырғыға егізілген «Бесік
жырын»(песню) ойнатып қоюға болады. Smart Бесік ата – анаға тек
көмекші емес, сонымен бірге тәрбие құралы(средсто воспитания) да
болады.
2 топ өз мәтініндегі
ақпаратқа сүйене отырып, өз тұжырымдарын SWOT талдауымен
береді.
S – күшті
тұстары
|
W – әлсіз
тұстары
|
O -
мүмкіндіктері
|
T – қауіп -
қатерлері
|
3-тапсырма «Егер де мен...» әдісі
бойынша екі топ оқушылары ойланып, «Егер мен өнертапқыш болсам, не
ойлап табар едім?» деген тақырыбыпта өз өнертабыстарын
ұсынады
|