Материалдар / Ұлы Отан соғысы

Ұлы Отан соғысы

Материал туралы қысқаша түсінік
жалпы оқырмандарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қаңтар 2019
353
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағының халықтары, соның ішінде қазақ халқы үшін үлкен сынақ болды. Әйгілі қолбасшы, соғыс батыры Бауыржан Момышұлы «Соғыс қазақ халқының тарихын күрт өзгерткен, бұрылыс әкелген, милииондаған отандастарымыздың арасында өшпес із, жазылмас жара қалдырды» дей отырып, ол «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» тек біздің замандастарымызды ғана емес, адамгершілік, игілік сезімдер тұрғысынан болашақты да толғандыратын тақырып деп өз ойын жалғастырады. Бұл халық өмірімен, тағдырымен тығыз байланысымен, тереңдігімен ерекшеленетін болғандықтан бүгінгі тарихтың да, болашақтың да күн тәртібінен ешкім де алып тастай алмайтын, ешқандай оқиғалар мен күтпеген жағдайлар әсерін тигізе алмайтын оқиға. Соғыс аяқталғаннан бері арада 70 жыл уақыт өтсе де, бұл тарих қазіргі замандастарымызыдың жадын жаңғыртып, сезімдерін толқытады. 1418 күнге созылған Ұлы Отан соғысы қазақстандық әрбір отбасын шарпыды. Миллиондаған адам әскерге, еңбек армиясына шақырылды, жүздеген мың жауынгер ұрыс даласынан қайтпай қалды, қапыда қолға түскендері неміс тұтқынында азап шекті. Жауды талқандап, елге аман-есен жеткендері майданда жоғалтқан денсаулықтарын қалпына келтіре алмай, тән азабын бастан кешті. Соғыстың бірінші күнінен Қазақстан халқы фашизмді жеңуге бар күшін салды. Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін сын сағаты туғанын түсініп, бір-ақ сәтте ширығып алды. Қазақстаннан әскерге аттанғандар Брест қамалын қорғаушылар ішінде де, Москва мен Сталинград түбіндегі шайқастарда да, Ленинградты қорғауда да Украинадағы партизан қозғалысында да Еуропаны жаудан азатету кезінде де аянбай соғысты. Қазақстандықтардың асқақ жауынгерлік рухының мәңгі ескерткіші – 28 панфиловшылар ерлігі. Жеңімпаз рух генералл Панфиловтың, қатардағы жауынгер Төлеген Тоқтаровтың, Кеңес Одағының Батыры атағының екі мәрте иегері С.Луганский, Л.Беда, Т.Бегельдинов, қос шынар Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова, жасындай жарқылдаған Н.Әбдіров пен Б.Бейсекбаевтің тағдырымен көмкерілді. 1945 жылы мамырда Рейхстагқа ту тіккен алғашқылардың ішіндежерлесіміз Рахымжан Қошқарбаевтың, Ұлы Отан соғысында асқан ерлігі үшін Кеңес Одағының батыры атағын 1991 жылдың желтоқсанында алған соңғы қаһармандардың қатарында Бауыржан Момышұлының болуы – осының айғақ-дәлелі. Фашистік Германияны тізе бүктіру – адамзат баласының ХХ ғасырдағы ұлы мерекесі болып табылады. Бұл мерекеге қазақстандықтар қомақы үлес қосып қана қойған жоқ, бүгінгі азаттық пен тәуелсіздіктің іргетасын да қалады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев былай деген: «Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, біздің әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын күллі әлемге танытқан қасиетті соғыс болса, Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың сол ұлы ерлігін мәңгілік ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Егер сол сұрапыл соғыстағы жеңіс болмаса, бүгін жарқын болашаққа батыл қадам жасаған тәуелсіз Қазақстан да болмас еді.»Ұлы Отан соғысының тағылымы ұрпақтан ұрпаққа жалғасуы керек. Оның маңдайалдысы – ұлтаралық үйлесім мен азаматтық келісімді қастерлей білу. Баға жетпес осы құндылықтар арқасында кеңес халқы жантүршігерлік қиыншылықтарды, тоталитарлық жүйенің қысымын артта қалдырып, азаттығын сақтап қала алды. Береке басы – бірлік екенін тәуелсіз Қазақстанның тәжірибесі тағы да айдай әлемге паш етті.бүгінгі ұрпақты береке-бірлікке, тату-тәтті тірлікке тәрбиелеу ісіне соғыс ардагерлері мол олжа салғаны ақиқат.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ