Алматы облысы білім басқармасы
Талдықорған қаласы
«Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейі»
«Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Жетісулықтардың ерлігі
(1941-1945жж.)»
Бағыт:
Секция:
Ғылыми жетекшінің аты-жөні:Абдрахманова А.Е.
Жетекшінің аты-жөні: Абдрахманова А.Е.
Оқушының аты-жөні,сыныбы: Оңалған А. 10«Ә»
Талдықорған қаласы 2020жыл
Мазмұны
КІРІСПЕ.......................................................................................................................5
1 ЖЕТІСУ ЖЕРІ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА............................7
1.1 Ұлы Отан соғысына қатысқан Жетісу ардагерлері.........................................7
1.2 Жетісу ардагері Дюсебаев Шадырхан Абдыкаримович.................................8
2 ЖЕТІСУЛЫҚТАРДЫҢ ЕРЕН ЕҢБЕКТЕРІ.....................................................9
2.1 Жетісулықтардың ерен еңбектері мен тылдағы ерліктері.............................9
2.2 Жетісу жерінің тыл еңбеккері Ахан Баймұханұлы........................................10
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................11
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................12
Аннотация
10 «Ә» сынып оқушысы Оңалған Аяжан «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Жетісулықтардың ерлігі (1941-1945жж.)»
Мақсаты: Жетісудың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әлеуметтік жағдайына және неміс-фашист басқыншыларын талқандауға жетісулықтардың ерен ерліктерін, қосқан үлесіне талдау жасап, ашып зерттеу.
Зерттеу кезеңдері:
1.Жетісулықтардың майдандағы ерліктерімен танысып, ардагерлеріміз туралы мәліметтер жинау.
2. Жетісулықтардың тылдағы ерліктерімен танысып, еңбеккерімізбен сұхбат жүргізу.
Жұмыс нәтижесі мен қорытындысы:
1. Көксу ауданы, Мәмбет ауылының ардагері Шадырхан Әбдікәрімұлы әскер қатарына 1942 жылы шақырылып, Украина майданында соғысты. Ахан Баймұханұлы 1943 жылы соғыс кезінде тыл еңбеккері болды. Алматы облысы Талдықорған қаласындағы Ардагерлер үйіне жетекшіммен барып мәлімет алдым
2.Жеңіс күнін жақындатқан, қара түнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. Тірілерге құрмет көрсетіп, қаза болғандарды риясыз еске аламыз. Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс. Бұл екі сөз бір-бірінен ажырағысыз және бір – бірін толықтыра түседі. Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ.
Нәтижесі қолданылатын мекемелер:
1.Қолда бар ақпараттарды жазба деректерді жоғарғы оқу орнының студенттері жалпы тарихтану негізгі курстары теориялық білімдерін бекітуге пайдалана алады.
Аннотация
Ученица 10 "Ә" класса
Оналган Аяжан "Подвиг Жетысу в Великую Отечественную войну
(1941-1945)"
Цель: проанализировать и изучить вклад Жетысу в
социальный статус Великой Отечественной войны и героические
поступки, направленные на разгром немецко-фашистских
захватчиков.
Этапы исследования:
1. Познакомиться с героическими подвигами семиреченцев на фронте и собирать сведения о наших ветеранах
2. В ходе беседы с
трудящимся, ознакомившись с тыловыми подвигами
семиреченцев
Результат
работы:
1. Шадырхан Абдыкаримович, ветеран села Мамбет Коксуского района,
был призван в армию в 1942 году и сражался на украинском
фронте. Ахан Баймуханулы был
тружеником тыла во время войны в 1943 году.
С руководителем поехала в Дом
ветеранов г. Талдыкорган Алматинской области за
информацией.
2. Мы в долгу перед каждым воином, который борется с тьмой и
борется с фашизмом. Уважайте выживших и помните тех, кто погиб.
Великая Отечественная война и Великая Победа. Эти два слова
неделимы и дополняют друг друга. Войны войны еще не были
устранены.
Результат следующий:
1.
Письменные данные об имеющейся информации могут быть использованы
студентами высших учебных заведений для закрепления теоретических
знаний основного курса общей
историографии.
The annotation
The student of 10" Ә "class Onalgan Ayazhan took part in the Republican scientific and practical conference" feat of Semirechye during the great Patriotic war (1941-1945gg.)".)»
Purpose: to analyze and reveal the contribution of Semirechye to the social situation of Semirechye during the great Patriotic war and the exploits of the Nazi invaders.
Investigation phase:
1. Get acquainted with the heroic deeds of semirechentsev at the front and collect information about our veterans 2. During conversation with the worker, having got acquainted with rear feats of semirechentsev
Result of work:
1.Shadyrkhan Abdykarimovich, a veteran of Mambet village of Koksu district, was drafted into the army in 1942 and fought on the Ukrainian front. Akhan Baymukhanuly was a home front worker during the war in 1943. I went to the House of Veterans in Taldykorgan, Almaty region with my supervisor to get information.
2.We owe to every enemy approaching Victory Day, the dark darkness of the battles against fascism. Honor and respect for the living, selflessly remember the dead. The great Patriotic war and the Great Victory. These two words are inseparable from each other and complement each other. The damage caused by the war has not yet been fully repaired.
Institutions that apply the result: 1.available information written data University students can use to consolidate the theoretical knowledge of the main courses of General history.
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміз тәуелсіз мемлекет мәртебесіне қол жеткізгеннен бері төл тарихымыздың бұрындары бұрмаланып жазылып келген және ақиқаты ашылмаған мәселелерін қайтадан қарап, зерделеуден өткізуге мүмкіндігі туып, Ұлы Отан соғысының тарихнамасын жазуда билікті идеология біздің назарымызды Отанымыздың тарихындағы қасіретті оқиғалардан аударып әкетуі, сонымен қатар соғыс кезінде нақты ерлік көрсетіп, көзге түскен жетісулық батырларымыздың қаһармандығы мүлдем жазылмауы немесе ат-үсті ғана аталып өтілуі өзекті.
Академик Манаш Қозыбаевтың «Кеңес тарихының ең сүбелі бөлігі Ұлы Отан соғысының тарихы әлі зерттеліп келеді. Алайда, әлі де шешуін күтіп тұрған проблемалар баршылық» деуі, шындығында да Ұлы Отан соғысына қатысты кейбір мәселелерді қайта бағалауды және жаңа көзқарастарды талап етеді.
Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы – қазақстандық тарихнаманың кенже қалған саласы. Кеңес мемлекетінің «көзі тірісінде» ресми билік идеологиясы негізінде және ұлыорыстық көзқарас тұрғысынан түсіндірілген бұл соғыс тарихы біз үшін баламасыз тарихқа айналғаны белгілі. Біздің тарихшыларымыз бұл тақырыпты өз бетінше зерттеп, ұлттық көзқарас тұрғысынан зерделей бастауы тәуелсіздік кезеңіне тұспа-тұс келеді. Бірақ, қазақ ұлты мен қазақстандықтардың екінші дүниежүзілік соғыс тарихына қатысты ортақ көзқарасын білдіретін тарихи баға әлі күнге дейін беріле қойған жоқ.
Зеттеушілердің мұрағат қоймаларындағы құпияларға қолы жетпеді, тарихты зерделеуде таңдау жасау мен бөлшектеушілік үстемдік етті. Қатаң идеологиялық бақылау жағдайында зеттеушілер соғыс тарихының көлеңке жақтарын, сталиндік жүйенің соғыс жағдайын пайдаланып жасаған зұлымдықтарын ашып көрсете алмады. Соғыс және ондағы жетісулықтардың үлесі туралы басылымдардың басты кемшілігі – жаңа еңбектерде жеке басқа табынушылық заманы мен тоқырау кезінде қалыптасқан ойлау стереотиптері, зеттеу қағидалары мен әдістерінің орын алуы. Ұлы Отан соғысы жайлы еңбектердің көбісінде, барлық республика халықтары, соның ішінде жетісулықтар өз еріктерімен майданға баруға тілектерін білдіргені жайлы айтылады да, сол жылдары халық арасында Кеңес үкіметіне қарсы пиғылды адамдардың болғаны және әскери қызметтен жалтарушылық, қашушылықтың болғаны жайлы айтылмайды. Майдандағы алғашқы сәтсіздіктердің себептеріне талдау аз жасалған.
Кейінгі жылдары соғыстың «ақтаңдақ» беттері ашылып, ашық пікірлер айтылуда. Мұндай сәтте салиқалы пікірлер мен қатар жаңсақ ойлар да, тіптен белгілі бір мақсатты көздеген арандатушылық әрекеттер де көрініп қалады. Мысалы, біреулер Ұлы Отан соғысының нәтижесі мен Ұлы Жеңістің маңызын жоққа шығарғысы келеді. Ал мұндай нәрселер жас ұрпақтың санасына күдік салып, күнделікті тұрмыста олардың кейбірі соғыс ардагерлерінің намысына тиетін қылықтарға итермелейді. Біздің қарастырайық деп отырған тақырыбымыз – бұл Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Жетісулықтардың ерлігі жайында. Отанымызға қауіп төнген кезде Алматы облысынан майданға 120 мыңнан астам адам аттанып, олардың 47052-сі ұрыс далаларында ерлікпен көз жұмды. Хабар-ошарсыз кеткендері де мыңдап саналады. Майданда ерліктің ең жоғары үлгісін көрсеткен 52 жетісулық жауынгер Кеңес Одағының Батыры деген аса жоғары атаққа ие болды. Жауынгерлік Даңқ орденінің толық атанғандар саны да баршылық. Есімдері дүние жүзіне тараған 28 панфиловшы батырлардың тең жартысы біздің облыстан болуы да зор мақтаныш. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Жетісу, яғни Жетісу жерінде жасақталған әскери бөлімдер мен құрамалар, Жетісу халқының майдандағы, тылдағы ерліктері жайлы жан-жақты баяндап, талдау жасап, баға берген арнаулы ғылыми, іргелі монографиялық зеттеулер жоқ. Олай болса бұл тақырып ғылыми талдау жүргізіп, оны тереңірек зерттеу кезегін күтіп тұрған маңызды мәселе болып табылады.
Ғылыми-ізденіс жұмысының мақсаты. Жетісудың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әлеуметтік жағдайына және неміс-фашист басқыншыларын талқандауға жетісулықтардың ерен ерліктерін, қосқан үлесіне талдау жасап, ашып зерттеу. Тыл ардагерлерінің жастай көрсеткен еңбектерін зерттеп, бағалау. Және де осы зерттеп өткен ардагерлерімізді елге таныту. Бүкіл қазақ еліне демесемде, өзіміздің Жетісу азаматтарына танытқым келеді. Себебі, осы Жер Жәннәті Жетісу деп аталған байтақ жерімізді қорғауға бар күш-жігерін салған осы жандар емес пе?Және де мен өзім осы тақырыпты алмас бұрын, алысқа бармай өзімнің таныстарымнан, сыныптастарымнан мини-опрос жүргізген болатынмын. Сол опроста Ұлы Отан Соғысана қатысқан қандай батырларымызды білесіңдер дегенде көбісі Б.Момышұлы, Ә.Молдағұлова, М.Мәметова деген жауаптар қайтарған болатын. Ал өзіміздің Жетісу Жерімізден қандай батырларымызды білесіңдер дегенде қарын тоятындай, ұтымды жауап болмады. Біразы өздерінің ата-апаларын айтып жатты, бірақ көбі жауап бере алмады. Сол кезде мен өзіме “Мен кіммін?” деген сұрақ қойдым. Егерде мен өзімнің туып өскен жерімдегі ардагер батырларымызды білмесем,қалай мен осы Жетісу жерінің тумасымын дей аламын деген ой келді. Сондықтан мен батырларымызды зерттеп, көпшілікке болмасын, біраз адамға зерттеуімді жеткізіп, кейін өзіңнің тұрып жатқан жеріңнің қандай батырларын білесің дегенде ұялмай, мақтанышпен аттарын айтқызып, мақтан тұтқым келеді. Міне осы менің мақсатым!
Ғылыми-ізденіс жұмысының мақсатқа жету жолы. Зерттеудің бірінші кезеңінде 23.09.2020. Ұлы Отан соғысына қатысқан Жетісу ардагерлерін іздестірдім; Жетісу жеріндегі ардагеріміз Дюсебаев Шадырхан Абдыкаримовичтің үйіне барып, ерен ерлігіне талдау жасап, танысып мәлімет алдым. 20.10.2020 күні, Алматы облысы Талдықорған қаласындағы Ардагерлер үйі не жетекшіммен барып мәлімет алдым.Зерттеудің екінші кезеңі: 14.10.2020. Жетісулықтардың ерен еңбектері мен тылдағы ерліктерін ізденіп, зерттеуге тырыстым;
Жетісу жерінің тыл еңбеккері Ахан Баймұханұлының үйіне барып, біраз сұхбат жүргізіп, мәліметтер жинақтадым.
1. ЖЕТІСУ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА
-
Ұлы Отан соғысына қатысқан Жетісу ардагерлері
Жетісуда соғыс жылдарында Ақылша Жансерікұлы , Сәрсенбай Қаңтарбаев 1924 жылы 10 май бұрыңғы Қаратал қазіргі Көксу ауданында туылған, Сүлеймен Сиқым Сүлейменұлы(1921-1965), Жексембаев Атай, Исағұлов Тастанды, Сейсебаев Жақан, Мусралинов Жапсарбай және тағы да басқа ардагерлеріміз соғыс жылдарында ерен еңбек еткен. Осы жандардан да бөлек елім-жерім деп ұран еткен батырларымыз көп. Бірін табу оңайлыққа соқса, бірін табу қиын. Бұл мәліметті, Алматы облысы Талдықорған қаласындағы Ардагерлер үйіне жетекшіммен барғанда, Керімбеков Ақшабай Досымбекович Талдықорған қалалық ардагер үйлерінің төрағасының арқасында осы мәліметке қол жеткізіп отырмыз. Ақшабай ағамыздың айтуынша қазіргі таңда қаламызда көзі тірі ардагер батырларымыздың саны 9. Ұлы Отан соғысы жылдарында барлығы 11600 жауынгер мен офицерлерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді, солардың ішінде 497-сі қазақстандықтар. Олардың ішінде 100 батыр қазақтар. Соңғы Кеңес Одағының Батыры атағын 1991 жылы 11 желтоқсанда аты аңызға айналған ержүрек жауынгер Бауыржан Момышұлына берілді. Бұл әділетсіздік көзінің тірісінде-ақхалық аузында «батыр» атанған қазақтың өр мінезді, қайратты ұлы дүниеден өткен соң, 45 жылдан кейін ғана түзетілді...
Жауынгерлік топ осы ерлігі үшін үкімет наградасына ұсынылып, Шадырхан Әбдікәрімұлы Дюсебаев (1925-1981жж.) Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Мұның сыртында ол командованиенің тапсырмасын бұлжытпай орындағаны үшін Қызыл Жұлдыз, Отан соғысы ордендерімен және медалдарымен наградталған. [1, 320 б.]
Шадырхан Әбдікәрімұлы әскер қатарына 1942 жылы шақырылып, Украина майданында соғысты. Жаяу әскер құрамында болып Киев, Харьков қалаларын қорғауға қатысты. 1944 жылдың күзінде ауыр жараланып елге оралған соң да еңбектен қол үзбей, колхоз шаруасының бір шебінде жүрді.
1960 жылы Ауыл шаруашылық қызмет кәсіподағы Киров ауданы, Ленин ауылына Совхоз кәсіп одақ комитеті болып қызмет атқарды.
Майдан даласында неміс фашистерімен кескілескен небір шайқастарға қатысып, бәрінен де аман өтіп, Отанның тапсырмасын абыроймен орындап туған елге даңқ пен құрметке оранып, бейбіт еңбекке араласып, перзент сүйіп бүгінде өмір сүріп жатқан қас батырларымыз қаншама. Солардың қатарында міндетті шақырумен 1940 жылдың күзінде әскерге алынып, кейін небір ауыр шайқастарға қатысып, жауда талқандауда ерлігімен көзге түскен Даңқ орденінің төрт мәрте иегері Темірғали Исабаевтың есімін ерекше атаған жөн.
Көксу ауданының «Сарой» колхозында туып-өскен Темірғали Исабаев алғаш әскер қатарына алынған соң, Москва түбіндегі Балашиха қаласындағы айрықша атқыштар даярлайтын ротаға тап болған еді. Ол осында түрлі жаттығулар жасап, әскери тәртіп пен мергендікке жаттығып та қалған болатын. 1941 жылғы маусымның 22-сі күні неміс-фашистері шекарамызға басып кіргенде қаруластарымен бірге Темірғали Исабаев та фашистік қарақшыларға қарсы қолына қару алып соғысқа кірді. Содан ол сонау Батыс Пруссияға дейін жаумен шайқасып, сан рет от пен оқтың арасында жүріп, жауын жер жастандырып, 1945 жылдың маужыраған мамыр айында Москвадағы Жеңіс парадына қатысып, аман-есен туған жеріне оралды. Бүгінде Көксу ауданының орталығындағы Балпық кентінде тұрады.
-
Жетісу ардагері Дюсебаев Шадырхан Абдыкаримович
Ұлы Отан соғысының даңқты тарихының беттеріне жазылған қазақстандықтардың ерлігі аз болған жоқ. Еліміздің басқа да халықтарының ұл-қыздарымен қатар біздің республика жастары да ерліктерін көрсетті. Қазақстандықтар соғыстың алғашқы күндерінен бастап басқыншылармен кескілескен ұрыс жүргізді. Сонымен қатар Алматы облысы, Көксу ауданы, Мәмбет ауылының тумасы Дюсебаев Шадырхан Абдыкаримович тіңде ерлігі аз болған жоқ.
1925 жылы 25 қаңтарда Талапты ауылында дүниеге келді. 1943 жылы Ұлы Отан Соғысына барып, Украинаны азат етуге қатысты. 1944 жылы 29 желтоқсанда жараланып, еліне оралды. Соғыста снайпер болған. 1946 жылы Соведтехникумға түсіп, 1948 жылы бітірді. Осы Ленин колхозына мал дәрігері болып жұмысқа кірді.1998 жылға дейін еңбек етті. Осы жылға дейін зейнеткер болса да, жұмыс жасады. 5 қыз, 1 ұл тәрбиелеп өсірді. Көптеген медаль, ордендармен марапатталған. 1974 жылдан бастап, жалғыз өзі жалғыз басты әке болып тәрбиеледі. Жұбайы ерте дүниеден өтті. Балаларын ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, 2005 жылы 7 ноябрьде қайтыс болды. [2, 336 б.]
Атамыздың көзі тірі болмаса да, қазіргі Ленин ауылына жетекшім Абдрахманова Асель Ерлановнамен бірге қара шаңырағына барып қайттық. Қара шаңырақты өзінің қызы өз отбасымен тұрып жатыр. Осы қызының арқасында Шадырхан атамыздың еңбегімен танысып, медальдарын көзбен көріп қайттық.
Жауынгерлік топ осы ерлігі үшін үкімет наградасына ұсынылып, Шадырхан Әбдікәрімұлы Дюсебаев (1925-1981жж.) Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Мұның сыртында ол командованиенің тапсырмасын бұлжытпай орындағаны үшін Қызыл Жұлдыз, Отан соғысы ордендерімен және медалдарымен наградталған.
2. ЖЕТІСУЛЫҚТАРДЫҢ ЕРЕН ЕҢБЕКТЕРІ
2.1 Жетісулықтардың ерен еңбектері мен тылдағы ерліктері
Қазақстандықтар майданда ғана емес, тылда да жанқиярлықпен еңбек етті. Қазақ жерінің барлық байлығы майдан мүддесіне жұмсалады. Жұмысшы тобының едәуір бөлігі майданға аттанып, өндірістегі жұмысшылар «Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!» деген ұранмен жан аямай күні – түні еңбек етті.Соғыс кезінде ауыл шаруашылығы нағыз берекенің базасына айналды. Себебі, колхоздар мен совхоздарға миллиондаған әскерді, тылда жеңісті шыңдап жатқан жұмысшы табын, бүкіл еңбеккерді, жалпы халықты дер кезінде нанмен,етпен, маймен тағы басқа азық-түлік түрлерімен колхоз, совхоздар жабдықтап отырды.
1943 – 1944 жылдары Кеңес Одағы орта есеппен жыл сайын 30 мың танк, 40 мың самолет, 120 мың артиллерия қаруын шығарады.
Қазақстанның ауыл шаруашылығы майдан мен тылды азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен жабдықтайды. Республика колхозшылары қорғаныс мүддесі үшін жан аямай еңбек етеді. Ер-азаматтардың майданға кетуіне байланысты ауыл шаруашылығындағы жұмысшы күшінің 75 процентке әйелдер еді. Оның үстіне соғыстың алғашқы айларында 5 мыңға жуық трактор, жүздеген автомашина майдан қажетіне алынған. Осы қиыншылықтарға қарамастан Қазақстанның егіс көлемі 1942 жылы 8 млн. гектарға жуық арттырылады, жұмыс негізінен қол және мал күшімен орындалады. Қазақстан тек 1943 жылы мемлекетке 304 мың ірі қара, 1,6 млн. қой тапсырады. Республика малшылары жауынгерлерге 110 мың мініс ат береді. Республика еңбекшілері қорғаныс қорына соғыс жылдарындағы ақша өлшемімен 4 млрд. Сомнан астам қаржы қосады. Майданға 2 млн –нан астам жылы киім, 1600 вагон алуан түрлі сәлемдеме мен азық-түліктер тиелген состав жөнелтіледі [13, 43-44 бб.]. Азық-түлік, киім-кешек жетіспеді. Көшіп келген халықты орналастырумен байланысты тұрғын үй жағдайлары күрт нашарлап кетті. Отынның, Электр қуатының жетіспеуі өте-мөте білініп тұрған еді. Соғыс жағдайларына орай туған осы қиындықтардың бәріне қарамастан тыл еңбеккерлері өздерінің бүкіл тіршілік-тынысын майдан мүддесіне, фашистік басқыншыларды талқандау ісіне бағындырып отырды.
Еңбекшілердің мүддесін қорғай отырып, партия мен үкімет ең қажетті заттар мен азық-түліктің (нанның, еттің,қанттың, майдың, балықтың, матаның, аяқкиімнің, керосиннің т.б) соғысқа дейінгі бағасын сақтау жөнінде шаралар жүйесін қолданды. Жабдықтаудың карточка жүйесі енгізілді. Кәсіпорындар мен ұйымдардың көмекші шаруашылықтары, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілердің бау-бақшалары халықты азық-түлікпен қамтамасыз етудің маңызды көзі болып шықты. Жалпы Қазақстан әйелдері соғысқа кеткен ер азаматтардың орнын жоқтатпай, зауыттар мен фабрикаларда, рудниктер мен шахталарда, колхоз,совхоздарда күн-түн жұмыс істеп, жауынгерлерді қамтамасыз етіп отырды. Қазақстанға көшірілген отбасыларға көмектесті, балаларды қанатының астына алды. Ер азаматтары майданға кеткен қазақ ауылдарының жағдайы сүреңсіз болса да, әр отбасының түтіні түтеп жатты. Олардың орнын жоқтатпауға тырысты. Біреуі ерін, біреуі баласын, ағасын, бауырын, апа-қарындасын күтіп, тылда қарттармен бірге қыз-келіншектер білекті сыбанып еңбек етті [3, 227 б.]
Сонымен Ұлы Отан соғысы жылдарында майдан мен тылдың бірлігін нығайту жолында өрістеген патриоттық қозғалыс Кеңес Одағының фашистік Германия мен империалистік Жапонияны жеңіп шығу ісіне қосылған ірі үлес болды
2.2 Жетісу жерінің тыл еңбеккері Ахан Баймұханұлы
Тыл еңбеккері Ахан Баймұханұлы 1937 жылы 1 қаңтарда Науатоған ауылында дүниеге келді. 1979 жылыТалдықорған облысындағы сырттан оқитын орта мектепті бітірген. 1982 жылы маусымның 21 ауыл шаруашылық есеп бугхалтері мамандығы бойынша оқуын тәмәмдайды. 11 баласы бар, 6 баласының көзі тірі. 4 жасынан бастап соғыста тылда жұмыс жасаған.Қазіргі таңда Талдықорған қаласында тұрады. Өкінішке орай 4 жыл бұрын инсульт алып төсек тартып қалды. [4,18-19 бб.]<
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы Жетісулықтардың ерліктері (1941-1945)

шағым қалдыра аласыз