Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қарабұлақ тарихы

Тақырып бойынша 25 материал табылды

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қарабұлақ тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қарабұлақ тарихы
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «САЙРАМ» ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІ ЖШС





ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ





ТАҚЫРЫБЫ: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қарабұлақ тарихы

ЖЕТЕКШІ: Немьатуллаева Шохсанам Мавлонбековна

Қорғаушы: Соғинбекова Диляра.















2024-2025 оқу жыл



Мазмұны



Кіріспе...............................................................................................................3

І-тарау.Қарабұлақ туралы аңыз ..................................................................3-6

    1. Қысқаша тарихы....................................................................................7

    2. Ағарту саласы .......................................................................................7

ІІ-тарау. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қарабұлақ ..........................................................................................................................8

2.1. Ұжымдастыру және репрессия жылдары...........................................9

2.2. Ұлы Отан соғысы жылдары..................................................................10

ІІІ-тарау. Кеңес Одағының батырлары.........................................................11

3.1.Таштемір Рүстемов...................................................................................12

3.2. Білім және пән зиялылары......................................................................13

Қорытынды......................................................................................................15

Пайдаланған әдебиеттер тізімі .....................................................................16



















Кіріспе

Ғылыми жұмыс тақырыбының өзектілігі. Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы Қарабұлақ ауылының тарихына арналған бұл шығармашылық жұмыс өз оқырмандарына ауыл тарихы жайында қажетті мағлұмат беру мақсатында, бұрын соңды басқа тілде берілмегендіктен мемлекеттік тілде жазылды. Бұнда Қарабұлақ туралы аңыз, алғашқы өмір жолы, түрк қағанаты, араб, моңғол және жоңғар шапқыншылығы, Ішқорған тарихы, Ұлы Отан соғысы, бүгінгі Қарабұлақ тарихы туралы мәліметтермен сүреттелген. Ауыл тарихына қызыққан әрбір адам, оның еңбегінен өзіне қажетті мәліметтерді таба алады.

Бұл шығарманы жазумен ауыл тарихы толық баяндалды деген сөз емес. Әлі ауылдың қаншама қымбатты сырларын өзіне жасырып тұрған төбелер тарихы, бір заманда қадірлі болса, бір заманда қорланған ескерткіштер тарихы, Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы ардагерлері, ардақты аналарымыздың өмір тарихынан сыр шертер байлықтарымыз жатыр.

Ғылыми жұмыс тақырыбының мақсаты мен міндеттері. Еңбекті жазудағы мақсатым « Өткенге көз жүгіртпей, болашақты болжай алмайсың» дегендей, осы деректер арқылы келешек ұрпақтың санасына, Отаным, жерім, ауылым деп соққан әрбір жастың жүрегіне туған жеріне деген құрмет сезімі мен сүйіспеншілікті ұялатын, жастарымызды халқының ауыр тарихын білу арқылы туған жерін құрметтеуге баулу.





















І- тарау .Қарабұлақ туралы аңыз

Қарабұлақ ауылының тарихы өте тереңде жатыр. Оны біз мына аңызбен байланыстырып айтамыз.

Бұрынғы өткен заманда елге елеулі бір хан болыпты. Сол ханның жалғыз Бұлақ есімді қызы болыпты. Жылдар өте келе Бұлақ сұлулықта теңдесі жоқ қыз болып бой жетіпті. Оның сұлулығы соншалықты – қасы-көзі қиылған, қыпша белді, қара шашы иығына төгілген, ақылына көркі сай, ажарлы да келбетті ханшайым болыпты. Бұлақтың тағдырын ойлаған хан еліне өзінің үш талабын жариялады.

Оның бірінші талабы: Алатаудың биік шыңына шығу. Екінші талабы: Ханмен нарда тасын ойнап бәсекеге түсу. Ал, үшінші шарты: Алыптай айдаһарды жеңу керек болған осы шарттарды орындаған батыр ғана Бұлаққа үйлене алады деген талап қойған.

Алатаудың биіктігі аспанменен теңеседі, ол таудың шыңына шығу көптің қолынан келе бермейді. Ал нарда тасын ойнағанда ханды сол уақытқа дейін ешкім жеңе алмаған. Айдаһар аузынан от шашқан өте қорқынышты, еліне қауіпті болған екен. Осындай қиын шарттарды естіген халық, ақсүйек, бек, сұлтандар түгел хан сарайына жиналыпты. Шартқа көнген ержүрек батырлар аттарын қамшылап тауға қарай жол тартыпты. Тауға жетіп, оның биіктігін көрген батырлардың бірқатары райынан қайтып, арттарына қайтқысы келеді. Бірақ, кейбірінің жігіттік намысы жібермей, сұлу ханшайым Бұлақты көз алдына елестетіп тауғы тырысып шығыпты. Құлағаны құлап, аяқ-қолы сыныпты. Көбісінің қолынан келмепті. Ханшайым Бұлақ бәрінен хабардар болып отырған. Арадан үш күн өтіпті, бірақ әлі ешқандай нәтиже болмайды.

Апта өтті, ай өтті, соңында тағдыр өз таңдауын жасады. Алатаудың бөктерінде Қарабай деген бір жігіт өмір сүріпті. Ол бір кішкене ғана үйде жалғыз тұрады екен. Онда ешқандай байлық болмапты. Қарабай ержүрек, нағыз батыр жігіт болған екен.

Бұлақ ханшайым туралы Қарабайда хабардар болады. Өз бағын сынап көру үшін хан алдына келеді. Қарабай ханға: «Егерде мен осы шарттарыңды орындасам, сөзіңде тұрып ханшайымды маған бересің ба?» - дейді. Бұны естіген хан таң қалып, қызына хабар жібереді. Қарабайға хан өзінің шарттарын айтады: «Биік Алатаудың шыңындағы гауһар тасты алып келесің. Бірінші шартты орындай алсаң, осы еліме қауіп төндіретін айдаһардың құлағын алып келесің. Сонан соң қалған үшінші шартым, менімен нарда ойнайсың. Егер де мені жеңсең, күйеу балам боласың. Ал, осы айқандарымды орындай алмасаң, басыңды аламын» - депті.

Қарабай ұзақ жол жүріп ақыры сол Алатауға жетеді. «Нар тәуекел» - деп тауға өрмелей бастады. Бекер уақытын өткізбестен, аспанмен теңескен биік таудың шыңына да жетеді. Қанша шаршап, күштен қайтсада таудың шыңын айналып, гауһар тасты табады.

Одан кейінгі кезек айдаһарға келеді. Ол өзін рухтандыру үшін «Құстың жанындай болған айдаһардың жанын алу мен үшін ештеңе емес» - деп өзін сендіреді. Айдаһардан қорықпай, оның мекені үңгірге барып тұрады. Бір кезде жауыз айдаһар жерді дүр сілкіндіріп келіп қалады. Жан алуға жан құмар айдаһар Қарабаймен алыса бастайды. Сол уақытта жауырыны қақпақтай, қолдары тоқпақтай қас батырдың ғашықтық сезімі оны батылдыққа жетелеп, ақырған айдаһарды иреңдеген жыландай лақтырып тастады. Олар алысып жатқанда аспанда дүр сілкінгендей болады. Сол жердегі құрт-құмырсқалар да тілге келіп, айдаһарға өлім тілеп тұрады. Батыр арыстандай ақырып, қылышпенде, найзаменде алысып айдаһарға тыныштық бермеді. Арадан үш күн өтті, бірақ батыр жігіт айдаһармен түн мен күннің батқанын білмей алыса берді. Төртінші күні таң атар алдында айдаһар жерге құлады. Арадан он күн өтіп, Қарабай хан сарайына келеді. Қолындағы гауһар тас пен айдаһардың құлағын ханға береді. Хан соншалықты таң қалып, оған не айтарында білмей қалады.

Батыр үшінші соңғы шарты ханмен нарда тасын ойнауды бастады. Ханға Қарабай өзінің батырлығымен қоса ақылдылығында танытып, сегіз қырлы бір сырлы, нағыз ер екендігін дәлелдеу үшін бар жігерін жұмсады. Сол уақытқа дейін ешбір жан жеңе алмаған ханды өзінің қойған шарты бойынша сынап, аяқ-астынан қапыда, барша жұрттың көзінше жерге кірердей етіп жеңеді. Жеңілген сәтінде хан батырдың батылдығымен батырлығын, атына заты сай екендігін барша жұртқа мойындап, қызын бермеске амалы қалмайды.

Хан қызын хан сарайына шақырып, болған жайтты баяндайды. Батырдың барлық талаптарын орындағанын айтып, сіңіре шыққан, кедей әулеттен шықанын жар сала бастағанында, хан қызы қуана, жүрегі лүпілдеп, ақша жүзі албырап, сұлу сымбатты күлімсіреп, қос бұрымы желкілдеп, үнсіз тұрған Қарабай батырға, болашақ жарына қарап:

Тағдырымды білер едім

Жүрегі пәк жар тілер едім

Кеміремін тас келсе

Сіміремін су келсе

Маңдайымнан көрер едім

Сүйген жарың боламын, - деп тұрған кезінде ханның уәзірі келіп, еліне жаудың басып кіріп кле жатқанын хабарлайды.

Оны естіген хан Қарабайға батырдың батырлығын тағы бір рет паш етер оқиға екендігін сезіп, бұның ақырғы шарт екендігін айтады. Хан қызы іштей бұған налып, болашақ жарынан айрылып қалардай күй кешіп, ашуға булығып, әкесіне батырдың қайткен күндеде мерт болатындығын жеткізеді. Қарабай ашуға булығып, арыстандай ақырып, ханшайым көзіне тіке қарап, махаббаттан да ел-жұрттың тағдыры маңызды екендігін, сол жауға қарсы шайқаста, қасық қаны қалғанша соғысатындығын айтып, бұның тағдыр екендігін айтады. Атына арғып мініп, жауға аттанды. Жаудың қанын суша ағызып, арыстанша ақырып, жауды қырғынға ұшыратты. Басшысынан айырылған жаудың жаудың жартысы берілмеске амал таппады. Осылайша ту сыртынан қойға шапқан қасқырша, бір балақтап шап берген жау дүрмегі аяқ-астынан хас батырдың арқасында, барлық жау қырғынға ұшырады.

Жауды жеңіп елін жаудан арашалап қалған Қарабай, халқының есінде мәңгіге қалды. Қарабайды асыға күткен ханшайым Бұлақ әкесінің нөкерлерімен бірге, қатын-қалаш, бала-шағаны ертіп, ауыл сыртындағы төбеден Қарабайды зор қошеметпен қарсы алды. Көптен күткен ұлы той дәл бүгін Қарабай мен Бұлақтың құрметіне арналды. Хан қызының да осал еместігін, атына заты сай ару екендігіне халқы тәнті болып, екеуі үбірлі-шүбірлі болып бақытты ғұмыр кешіпті.






















1.1 Қысқаша тарихы

Шығыста Маша (Машат) өзенінің жағалауынан күнбатыста Ақтан Атадан Ақсуға дейінгі кең аймақ ерте замандарда Қарабұлақ деп аталған.Ауыл бір кездері Исфиджабтың бас кенті болған.Ұлы Жібек Жолының дәл үстінде. Әдетте, қаланың у-шуынан аулақ болғысы келген саудагерлер осындағы тып-тыныш керуен сарайда тынығып барып жолға аттануды жөн көрген.Аймақтан үш өзен (Машат. Ақсу,Арыс) және мыңдаған бұлақтар ағып өтетіндіктен ертедегі халықтар Қарабұлақты шарап сулы аймақ деп атаған екен. Қарабұлақ кентінде темір ұсталығы, зергерлік , кездеме тоқу , мата тігу, қыш құю, сәулетті құрылыс жүргізу кәсіптері кең дамыған. Ерекше айтып өтетін жайт бұл Қарабұлақ мал шаруашылығының дамуы.Соның нәтіжесінде Қарабұлақ бүкіл Қазақстан аумағы көршілес Өзбекстан Республикасында етпен қамтамасыз етіп отыр. Өзіндік тарихы дәстүрі , әлеуметтік ерекшелігі бар аймақ. Қыз-келіншектер арасында алғашқылардың бірі болып, Жамал Исақова ХТЗ тракторының рөліне отырды. 1920 жылдардан кейін бұнда 15 колхоз болған . Солардың базасында 1980 жылы Ә.Науаи атындағы совхоз құрылды . 1990 жылы совхоз тарап , 7 өндірістік кооператив дүниеге келді .

1.2. Ағарту саласы.

Ауылдық әкімшілік аймағындағы алғашқы мектеп «Ақтам » деп аталған көрінеді . Оны 1898 жылы молда Анар деген кісі ашыпты. Оны 1920 жылы ол Кеңес мектебіне айналды . 1936 жылы оған И.В.Сталиннің есімі берілді. Ал 1962 жылы Хамза атанды. Қазіргі таңда Қарабұлақта 20 орта 4 толық емес орта және 1 бастауыш мектеп жұмыс істеп тұр .

















ІІ – тарау .Ұлы Отан соғысы жылдарында Қарабұлақ 2.1.Ұжымдастыру және репрессия жылдары

1927 жылда компартияның 15 съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялад. 1930 жылы көктемде бүкіл қарабұлақ ауылында бір ғана «Робочий» колхозы болған. 1932 жылы колхоз беске бөлінеді. 1929 жылы шаруаларға мәжбүрлі астық салығы салынды. Қарапайым шаруалар қолында айтарлықтай ештеңе қалған жоқ. Шаруа мен қожалық құралдары колхозға тартып алынды. Колхоздағы жұмысқа білімсіздік пен тәжірибесіздік нәтижесінде 1932 жылы өнім болмады. Ауылда қорқынышты ашаршылық басталды. 1933 жылда ауыл тұрғындарының үштен екі пайызы қырылып кетті. 1935-1938 репрессия жылдары ауылдан 100-ден аса кісі құғынға ұшырады. Осы жылдары мәдени ескерткіштер, мешіт медреселер, көне кітап, қолжазбалар жойылды.

1938 жылы 12 болды , «Робочий», «Молтов» , «Қайтпас» , «Интернационал» , «Ғайрат» , «Қайнарбұлақ» , «Инқилоп», «Ленинизм», «Пахтазарбдор», «Маданий», «Янги турмуш», «Қызылқышлоқ» ұжымдастыру барысында көптеген қателіктер болды.























2.2 Ұлы Отан соғысы жылдары

Қарабұлақ тұрғындары үшін Ұлы Отан соғысы ең ауыр жылдары болды. 1933 жылғы аштық репрессиядан соң ауылдан 5450 адам соғысқа аттанды. Ұлы Отан соғысында Қарабұлақтықтар 1275 ер жігітінен айрылды. Ауылда қалған ақсақалдар мен аналар, қатын-қыздар, мүгедек және балалар ұжымшарлар ( колхозда) еңбек етті. Осы кезде 50 ден аса қыз-келіншектер трактор рөлін басқарды. Ауылдастарымыздан Таштемір Рустемов, Ғанитай Ташниезов Кеңес Одағы қаһарманы болды. 1938 жылы жер аударылған 26 отбасылы ирандар ауылымызға келді. 1941 жылы соғыс кезінде 20 яхуди отбасы көшіп келді. Оларға ауылдастарымыз үйлерінен орын берді. 1943 жылы 35 қарай отбасы, 1944 жылы 50 түрік отбасы келіп орналасты. Тағы да 75 басқа ұлт өкілдерінің ата-анасыз жетім балаларын өз перзенті сияқты тәрбиеледі. Соғыстан соң олар өз Отандарына, басқа елдерге көшіп кетті. Қалғандары Қарабұлақтықтармен араласып тұрып жатыр.

Майданда қанша адам қаза болды.

Қазақстанныңиадам шығыны «Қазақстан 1941-1945 жж Ұлы Отан соғысында », Алматы 2000 жыл. 1366 мың адам әскерге алынып(Академик Қозыбаев) 623429 адам қаза тапқан . 290282 адам қан майданда , 45439 адам жарақаттан және аурудан госпитальдарда , 4653 адам тұтқында қаза тауып , 283085 адам хабар – ошарсыз кеткен .

Ұлты қазақ әскери адамдар шығыны.

268034 қазақ әскерге шақырылған , олардан 156757 адам қазаға ұшыраған.

Дегенмен , бұл жөнінде зерттеушілер арасында келіспеушілік бар . Хасен Оралтай шетел зерттеушілерінің пайымдауларына қарағанда 400 мыңнан астам қазақ қаза тапұан дейді . О. Сүлейменов , М. Тәтімов 350 мың санын айтады .«Памяти павших . Великая Отечественная война (1941-1945)» кітабында 130 мың адам деп көрсетілген . Академик М.Қозыбаев осы және жоғарыда аталған кітаптар мәліметі қаза тапқан қазақтар санын кемітіп көрсету жағына қарай бұрмаланған деп айтқан.

Оңтүстік Қазақстан облысынан әскерге алынғандардың 94049 адам ажалға ұшыраған. Майданға аттанған 14970 қазақтан 6351 адам , 16304 орыстан 6006 адам , 3166 украиннен -1455 адам , 4406 өзбектен—1204 адам , 2162 татардан –473 адам , әртүрлі ұлттардың 6205 өкілінен 1023 адам қаза болған . Оңтүстікқазақстандық 38908 азамат қан майданда мерт болған , 5732 адам жарақаттан және аурудан госпитальда , 1208 адам тұтқында көз жұмған, 48201 адам хабар-ошарсыз кеткен.

Соғыстың салдарынан бала туылуы кеміп , 1941-1945 жылдарда 1940 жылғы көрсеткішпен есептегенде Қазақстан бойынша –592038 бала , Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша – 56231 сәби өмірге келмей қалған.

Дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан бері 79 жыл өткенімен , тарихшылар зұлмат келтірген адам шығынының санын әлі кунге дейін нақты айта алмауда. Біз қазіргі таңдағы статистика мәліметтерін келтіреміз.Жалпы Екінші Дүниежүзілік соғысқа әлемнің 68 мелекеті қатысты. Майданда қанша адам қаза болды?

КСРО---27 млн Австрия – 400 мың

Қытай—20 млн Чехославакия – 326 мың

Германия-- 9,3 млн Грекия – 300 мың

Польша— 6 млн Бирма – 270 мың

Индонезия—4 млн Голландия – 246 мың

Жапония – 2,7 млн Эфиопия – 100 мың

Югославия—1.7 млн Финляндия – 97 мың

Үндістан – 1,5 млн Бельгия – 86 мың

Үндіқытай—1 млн Албания – 28 мың

Румыния—850 мың Норвегия – 9,5 мың

Франция—600 мың Испания – 4,5 мың

Венгрия – 580 мың Дания – 3,2 мың

Италия – 454 мың Щвеция—2,2 мың

Англия 450 мың Люксембург—2,0 мың адам

АҚШ – 418 мың







ІІІ- тарау Кеңес Одағының Батырлары

Түркістан облысынан 48 адам Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Кеңес Одағының Батыры атағына ие қазақтар 103 адам болса, 18-і Түркістан Облысынан шыққандар.

1939 жылдың 1- қыркүйегінде басталған екінші дүниежүзілік соғыс Сталиндңк қуғын-сүргінді уақытша тоқтатты. 1945 жылдың 2- қыркүйегіне дейін, 6 жыл 1 күнге созылған соғыс кезінде 1941 жылдың 22 – маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін созылған Ұлы Отан Соғысына қаншама қазақстандық аттанса , елде қалғандар майдан үшін жанқиярлықпен еңбек етіп, ерлік үлгілерін көрсетті.

Тарихи деректерге сүйенсек , аудандық әскери комисссариат 1939 жылы құрылған екен. Оған « Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы » Заң негіз болған. Ұлы Отан Соғысы жылдары комиссариат Отан қорғауға жиырма мыңнан астам азаматты аттандыруды ұйымдастырды . Аудандық комиссариат елдің қорғаныс қуатын арттыруға , әскер ісін бір жүйеге түсіріп, қалыптастыруға , жастарды әскерге дайындауға, халық арасында қорғаныс саясатын жүргізуге елеулі үлес қосты .

Тәуелсіз Қазақстан әскер ісін қазіргі заманға сай дамытуға ерекше көңіл бөлді. Аудандық комиссариат әскері міндетті азаматтардың есебін алу мен ресурстар жинақтаудың сапасын жақсартуға бағытталды, сондай-ақ әскери оқу орындарына контингенттер іріктеумен айналысты . Тоқсаныншы жылдардан бастап Сайрам аудандық әскери комиссариаты облыс бойынша алдыңғы қатарға шықты . 1997 жылдың базасында «Центрробат-97» әскери ойыны өткізілді.Ол бейбітшілік жолындағы әріптестік рухында өтті. Соңғы жылдары ауылдық әкімшіліктер мен кәсіпорындар шеңберінде қорғаныс салалары тұрақты өтіп тұрады . 2000 жылы Қазақстанда әскери кадрлардың жалақысы мен мәртебесі өсті. 2001 жылы Американың терроршыларға қарсы Ауғанстанды бомбалауы Оңтүстік шекараны күзетудің маңызын күшейтті. Шекаралық және әскери бөлімдер нығайтылды. Бұл міндеттердің бәрі де аудандық комиссариаттар арқылы жүзеге асырылады .









3.1 Таштемір Рүстемов (1906-1943)

1906 жылы Қарабұлақ аулында дүниеге келді.Әскерге шақырылғанға дейін Қарабұлақ аулында жұмыс істеді.Майданға алғашқылардың бірі болып аттанып, 321-ші Смоленск атқыштар дивизиясының 1083полкі құрамында шайқасты. Таштемір қызмет ететін алтыншы атқыштар ротасына Смоленск облысының Борисовка древнеясын қайтару жөнінде бұйрық берілді. Қардай бораған миномет және пулемет оқтарының астында Таштемір Рүстемов сым шарбаққа алғашқылардың бірі болып жетіп , неміс траншеясына секіріп түсті. Ол гранаталармен, автоматтың оғымен жаудың 19 солдатын , 1 офицерін жер жастандырды , 4 атыс нүктесін жойып жіберді . Біздің жауынгерлерімізге жол ашты .

Таштемір Рүстемов өзінің жерлесі Шымберлеевпен бірге жау окобынан 50 кездей жерде жатты . Біздің жаяу әскерлерді жау жағы пулеметпен атқылап оқ нөсерінің астына алды . Таштемір атамыз иығымен алға жылжып барып , жау пулеметінің оқтығын кеудесімен жапты . Біздің жеуынгерлер неміс траншеясына секіріп түсті .

1944 жылғы маусымның 3-інде Таштемір Түстемовке қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры Атағы берілді.




















3.2 Білім және пән зиялылары



Ежелгі уақыттарда біздің ауылымызды мекендеген діни тайпалар білім және ғылымға әуес болған. Олар Руний , Орхан – Енисей таңбаларынан пайдаланған. Біздің ойымызша ұлы үлкен ғұламалар шыққан. Ауылымыз 1960-70 жылдардан бастап көркейе бастады. Фиология ғылымының докторы, профессор, туріктанушы ғалым Иристай Қошқартаев. Ауылдастарымыз Өзбекістанның ішкі істер басқармасында да үлкен абыроймен қызмет істеуде.

Медицина саласында 1920 жылы алғаш рет дәрігерлік пункт ашылды. Бұл дәрігерлік пункт 1939 жылға дейін өз жұмысын атқарды. Ауылымызға еңбек сіңірген дәрігерлер: Баялиев Абдусамад, Абдураимов Абдувойид тағы басқалар. Даңқы кеңге жайылған ауылымыздан шыққан дәрігерлер басқа ауылдарда және қалаларда жұмыс істеуде.

Қазіргі күнге дейін көптеген ауылдастарымыз басқа елдерге көшіп немесе оқуға барып, сонда тұрып жатыр.

Қарабұлақ ауыл аймағында алғашқы мектеп «Ақтам» деп аталды. Оны 1898 жылы Анар дамла деген кіші асқан. Ол мектеп 1920 жылы Шора мектебіне айналдырады. 1936 жылы И.В.Сталин аты берілген. 1962 жылдан бастап №3 Хамза атындағы орта мектеп атауымен аталуда.





















Қорытынды.

Ақылымен, қолымен, дарынымен заманауи Қазақстанды жасап жатқан нақты адамдарды қоғамға таныту.

Оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал етудің жаңа мультимедиялық алаңын қалыптастыру.

«100» жаңа есім жобасының өңірлік нұсқасын жасау. Ел-жұрт ұлтымыздың алатын қорына енетін тұлғаларды билуі тиіс.

Жаңа жағдайда жаңғыруға деге ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді.





































Пайдаланған әдебиеттер

  1. «Қарабұлақ тарихы» Ә.Далабаевтың еңбегі.

  2. «Қарабұлақ 21 ғасыр босағасында» атты альбом - кітап

  3. «Сайрамнама » 2002 жылғы еңбек.

  4. «Шежірелі Сайрам»-2002 жылғы еңбек

  5. «Қарабұлақ тарихы»-- С.Сайпуллаева .2014 жылғы кітап

  6. «Оңтүстік ардагерлері»--Шымкент 2006 жыл

  7. «Қазақ жауінгерлері Ұлы Отан соғысы майданында»-- Алматы 2010

  8. «Шежірелі Оңтүстік.Ежелгі дәуірден бүгінге дейін»-- Алматы 2002

  9. «Ұлы Отан соғысы: қазақтан қанша батыр шықты» --Егемен Қазақстан 2011

  10. «Отаным—ойлы Оңтүстік»-- Шымкент 2011



12


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.03.2025
189
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі