жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ұлы Отан соғысы кезінде тылда еңбек еткен ардагерлер туралы мәлімет
Ұлы Отан соғысы кезінде тылда еңбек еткен
ардагерлер туралы мәліметтер :
АЙМАНОВА Бибатша (1918 – 1975) Жем бойында туған. Озат колхозшы атанып еңбек еткен. Жолдасы 1941 соғысқа кетіп, майданнан оралмай қалған. Калинин атындағы, Жамбыл атындағы колхоздарда сауыншы, бұзау бақташы болып, колхоз өндірісін нығайтуға көп еңбек сіңіреді. Осындай ел таныған еңбегіне сай ол облыстық кеңеске депутат болып сайланып, бірқатар марапаттарға ие болады.
АЙТҚҰЛОВ Алаңбай (1886 – 1952) – Социалистік Еңбек Ері. Байғанин ауданының Қосарал елді мекенінде дүниеге келген. Әке – шешесі мал бағумен күн кешкен шаруа адамдар. Айтқұлов та жас кезінен осындай шаруамен айналысқан. Ел өміріндегі ұлы өзгеріске байланысты халықты көшпелі тірліктен отырықшылыққа бейімдеу жылдарында серіктестікке мүше болып кіреді және осы ұжымның малын бағады. Одан әрі Чкалов атындағы колхозда еңбек етеді. Айтқұловтың қой түлігін өсірудегі шеберлігі «Қарақоға» колхозының мүшесі болған жылдарында айқын көрініс береді. Ұлы Отан соғысы кезінде өзіне бекітіліп берілген бір отар қойды Сам қысқы жайлысында бағып, әрбір көктем сайын төл алуда жоғары әрі тұрақты көрсеткішке ие болып отырды. Мәселен, хатқа түскен дерек бойынша ол 1947 жылы қарауындағы 691 қазақы саулықтан 839 қозы алып, аман өсірген. Мұндай табысқа бұдан бұрын да, одан кейінгі жылдарда да ие болғаны сөзсіз. Сондықтан да оған ауданның бір топ озат малшыларының қатарында 1948 жылғы 23 июльде Социалистік Еңбек Ері атағы берілген.
АҚҚАҒАЗОВ Досқұл (1928, Шеңгелши е.м. Мұғалжар ауданы) – мұғалім. Қызылорда педагогика институтының химия – биология факультетін сырттай оқып бітірген. 1943 жылдан Байғанин ауданындағы Ворошилов атындағы, Абай атындағы орталау мектептерде бастауыш класс оқытушысы болды.1949 – 1950 оқу жылынан бастап Комсомолдың 30 жылдығы атындағы орта мектебінде, 1968 – 1969 оқу жылынан бастап Қарауылкелді орта мектебінде мұғалім, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. «Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен (1978), «Тың және тыңайған жерді игергені үшін» медальдарымен марапатталды. «Қазақстан мұғалімі» газетінің штаттан тыс тілшісі болып, аудан мектептерінің өмірінен мазмұнды мақалалар жариялады, білім беру ісі шеберлерінің озат тәжірибесін таратты.
АЛПЫСБАЕВА Жәншім Есенәліқызы 1915 жылы қаңтар айында Табын ауданының Ақбұлақ деген мекенінде туған. Еңбек жолын колхозшы болудан бастаған. 1939 – 43 жылдары «Ақбұлақ» колхозында қой фермасының меңгерушісі, 1943 жылдан 1949 жылға дейін «Көкбұлақ», «Ақши», Калинин атындағы колхоздарда басқарма төрағасы болып қызмет атқарады. Одан әрі Калинин атындағы колхоздың сиыр фермасының меңгерушісі, осы колхоздың балалар бақшасының меңгерушісі болып зейнет демалысына шыққанға дейін еңбек етеді. Алпысбаева бірнеше рет аудандық партия комитетінің мүшесі, ауылдық және аудандық кеңестердің депутаты болып сайланады. Ол «Еңбектегі ерлігі үшін», «1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Ерлік еңбегі үшін», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 50 жыл» медальдарымен наградталады. «СОКП қатарында 50 жыл» белгісі тапсырылған. Ол 2002 жылы Астана қаласында қайтыс болған.
ӘЙТПЕНБЕТОВ Аққожа (10.05.1930 – 08.04.1980) №2 Ақши ауылдық кеңесіне қарасты Үшбұлақ деген жерде туған. 1944 жылы Жарқамыс орта мектебінде 8 – класс бітіріп, «Ұшбұлақ» колхозына есепші болады. Соғыс кезінде сауатты адамдардың тапшы болуына байланысты кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қызметке араласуы қажеттілік еді. Әйтпенбетов 1947 жылдан 1952 жылға дейін осы Ақши ауылдық кеңесінің хатшысы, 1952 жылы Ащы ауылдық кеңесінің хатшысы, 1957 жылы Қарауылкелді ауылдық кеңесінің хатшысы, 1966 жылы аудандық Кеңес атқару комитетінде аға экономист қызметтерін атқарады. Ал 1967 жылдың мамыр айынан өмірінің ақырына дейін аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің меңгерушісі болады. 1967 жылы Ақтөбе зооветтехникумын зоотехник мамандығы бойынша бітіреді. Оның еңбегі құрмет грамоталарымен, юбилейлік медальдармен бағаланған.
ӘЛҚУАТОВ Қайырмұқан 1921 жылы №3 Қарабатыр ауылдық кеңесінің Қарауылкелді елді мекенінде шаруа отбасында туған. Әке – шешесі 1930 жылы ауыл шаруашылық артеліне мүше болып кіреді. Әлқуатов Көкбұлақ орталау мектебін бітіреді. 1941 жылы Орал қаласындағы ауыл шаруашылығы мамандарын дайындайтын мектепте оқиды. 1942 жылы Табын МТС – інде учаскелік агроном, кейіннен аға агроном болып жұмыс жасайды, ал 1945 жылы аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің бас агрономы, одан әрі осы бөлімнің меңгерушісі болады. «Қопа», Крупская атындағы, «Баршақұм» колхоздары басқармасының төрағасы қызметтерін атқарды. 1963 жылы Темір қаласындағы зоотехникалық - мал дәрігерлік техникумын өндірістен қол үзбей жүріп оқып бітіреді. Жетпісінші жылдардың бас кезінде Крупская атындағы совхоздың бас зоотехнигі, кейіннен осы совхоздың директоры болып, зейнет демалысына шыққанға дейін жұмыс жасайды. Әлқуатов өзіне сеніп тапсырылған қызметтердің қай – қайсысын да жоғары талап тұрғысында атқарып, шаруашылық ұйымдастырудың белді маманы дәрежесіне көтерілді. Осы еңбегіне сай ол екі мәрте «Ерлік еңбегі үшін» медалімен, ал 1966 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 1961 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Грамотасымен, басқа да бірқатар медальдармен наградталады. Ол 1995 жылы 23 желтоқсанда ауыр науқастан қайтыс болады.
ӘЛІШЕВ Сәрсен (1893 – 1962) Көлтабан ауылдық кеңесіне қарасты Көздіқара деген жерде туған. Қазан төңкерісіне дейін ағайындарының малын бағып, кейіннен сол ағайындарымен бірге серіктестікке мүше болады. Ортаққа жинақталған азын – аулақ мал Әлішевтің бағуында өсіп - өніп, «Қарабұлақ» колхозы кезінде қой түлігінің өзі бірнеше отарға жетті. Ұлы Отан соғысына дейін және соғыс жүріп жатқан уақытта ол отарындағы саулықтардың өнімділігін төмендетпеуге күш салды. Қыста Сам жайылымын тиімді пайдаланып, әр жүз саулықтан төл өсіру және әр қойдан жүн өндіру жөніндегі көрсеткіштері Әлішевтің еңбеккерлігін ғана емес, оның кәсіби шеберлігінің де дәлелі болатын. Осы саладағы үздік жетістіктері үшін ол 1950 жылдың күзінде Ленин орденімен наградталды.
БАЙБАЗАРОВ Қарымсақ (1887 – 1957) Жаңажол ауылдық кеңесіне қарасты Оймауыт өңірінде туған. Кешегі Одақ кезінде шыққан басылымдарда осындай адамдарды Ұлы Қазан төңкерісіне дейін байлардың малын баққан, жалшы болған деп көрсетіледі. Егер оның өзінің малы болса, өзімен - өзі күнін көрер еді ғой. Ал ондай жағдай болмағаннан соң, байдың малы ма, ағайын – туыстың малы ма, әйтеуір бір қарекетпен шұғылданып, өзінің отбасын, ата – анасын асырауға тиіс қой. Олай болса, Байбазаровтың да тағдырдың басқа салғанына көнбеске амалы болмағаны сөзсіз. Дегенмен, жас кезінен мал бағуда жинақтаған тәжірибесі өмірге келген өзгеріс кезінде зор рөл атқарғанын оның бұдан былайғы еңбек жолы айқын көрсетеді. «Тасқабақ» серіктестігінің мүшесі болғаннан бастап, қой баққан Байбазаров ұжымдық дәулетті молайтуға өлшеусіз үлес қосады. Оның әр жылы әр жүз саулықтан 120 – 130 қозы алумен өткенін ауылдастары да аңыз қылып айтады. Оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілген (1948 жылғы 23 июль) кезде ресми мәлімет ретінде тіркелген 1947 жылғы көрсеткіші әр 100 саулықтан 124 қозыдан алғаны басшылыққа алынған. Ал 1948 жылы бұл кісі отарындағы 500 саулықтың әр жүзінен 125 қозыдан өсірген. Осы еңбегі үшін ол екінші рет Ленин орденімен наградталған. Демек, ол кездегі малшылардың мал бағу тәжірибесі де, осы жолда сіңірген еңбегі де айтса сөз жеткісіз болған ғой. Атағы алысқа кеткен Жамбыл атындағы колхоздың аға шопаны Байбазаровтың еңбегі – ұрпақтарына үлгі.
БАЛМАНОВА Әліп (1907 – 01.02.1972) Қарабатыр ауылдық кеңесінің территориясында туған. Аудан құрылған алғашқы жылдары партия мүшелігіне өтеді. «Құрамыс» серіктестігіндегі партия ұясының хатшысы Отызыншы жылдардың бас кезінде аудандық кеңес атқару комитеті төрағасының орынбасары болып екі жылдай қызмет атқарады. Одан кейін аудандық партия комитетінің саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі, аудандық тұтынушылар қоғамы басқармасында қызметтерін атқарады. 1942 жылдың бас кезінде «Чкалов» колхозында басқарма төрағасы болып сайланады. 1943 жылдан 1947 жылға дейін Көлтабан, Ащы, Көкбұлақ ауылдық кеңестерін басқарады. Кейіннен «Көкбұлақ» колхозының басқарма төрағасы болады. 1957 жылдан Қарауылкелді ауылдық кеңесінің төрағасы болып зейнеткерлікке шыққанға дейін жұмыс жасайды. Балманова - аудан өміріндегі өзгерістердің бәрін көзімен көріп, олардың жүзеге асуына елеулі үлес қосқан, өзіне тапсырылған жауапты қызметтерді абыроймен атқарып, аудан көлеміне жақсы танымалы болған адам. «Қазақстанның ХV жылдығы» белгісін алуы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен наградталуы оның көп жылғы еңбегінің бағаланғаны деп есептейміз.
БАЯНОВА Тәпи (1914 - 2000) - Табын ауданына қарасты Жем бойында туған. Еңбек жолын 1935 жылы аудандық байланыс бөлімінде телефонистка болып бастаған. 1940 жылдан бастап балалар бақшасының меңгерушісі, қызыл отау меңгерушісі, аудандық қаржы бөлімінің салық агенті, маслопромның май жинаушысы болған. 1940 жылы партияға мүшелікке өтеді. 1953 – 55 жылдары №4 ауылдық кеңесіне төраға болып сайланады. 1969 жылы зейнет демалысына шыққанға дейін колхозда, «Ақжар» совхозында сауыншы болып жұмыс жасайды. Баянова бірнеше рет ауылдық кеңестің, бір рет аудандық кеңестің депутаты, ІХ және ХІІІ аудандық партия конференциясының делегаты. Ол «Тың жерлерді игергені үшін», Лениннің 100 жылдығына орай «Еңбектегі ерлігі үшін», «1941 – 1945 жыдардағы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 50 жылдығы» медальдарымен наградталады. Сондай – ақ оған «СОКП қатарында 50 жыл» белгісі тапсырылған.
БОҚАНОВ Қойлыбай (1902 – 1981) Қопа ауылдық кеңесінің территориясында туған. Отызыншы жылдардың бас кезінде құрылған «Құмкез» серіктестігінің мүшесі. Кейіннен ол «Есқуат», Жданов атындағы колхоз болып аталады. 1950 жылы «Қызылтаң», Жданов атындағы, «Қарабұлақ» колхоздары біріктіріледі де, оған сол кездегі партия көсемдерінің бірі Жданов есімі беріледі. Боқанов осы шаруашылықтарда үзбестен мал бағумен айналысады. Көп жыл қой шаруашылығы саласында еңбек етсе, колхоздар іріленген кезде жылқы түлігін бағуды қолға алады. Ол осы екі салада да айтарлықтай табыстарға ие болып, ел құрметіне бөленген. Әр жүз аналық малдан қозы және құлын өсіруде үздік көрсеткіштерге жетеді. Осындай адал да абыройлы еңбек иесі Боқанов 1948 жылы 23 июльде ССРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Указымен Социалистік Еңбек Ері атанады, кейіннен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен наградталады. Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесіне қатысады.
БЕКІШОВА Сәлімхан (1915 – қараша 2007) – Байғанин ауданының екінші ауылында туған. Колхоз құрылысының алғашқы мүшесінің бірі. Соғыс жылдарындағы ерен еңбегі үшін зор марапатқа ие болған. Ұлы жеңістің 60 жылдығына орай мерекелік медальмен наградталып, облыс Әкімі Е.Н.Сағындықовтың құтықтау хатын алған.
БЫЛШЫҚОВА Бибатпа (1917- 20.10.2003)- ауданымыздың Қаратөбе деген жерінде туған. 1935 – 37 жылдары аудандық комсомол комитетінде жұмыс жасайды. 1937 – 40 жылдар аралығында аудандық Кеңес атқару комитетінде кадрлар бөлімін басқарады. 1940 жылдан 1953 жылға дейін аудандық партия комитетінің әйелдер ісі және кадрлар жөніндегі хатшысы болады. Осы жылдарда ол Алматы қаласындағы жоғары партия мектебінің екі жылдық курсын сырттай оқып бітіреді. 1953 жылдан аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Жарқамыс ауылдық кеңесінің төрайымы, «Ақжар» совхозындағы балалар бақшасының директоры болып жауапты қызметтер атқарады. Ал 1967 жылы аудандық газет жанындағы жергілікті радио хабарларын ұйымдастырушы болып, 1973 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққанша жұмыс жасайды. Былшықова өзіне сеніп тапсырылған қызметтердің бәрінде де жоғары жауапкершілік танытып, ерекше ұйымдастырушылық қабілетін көрсете білді. Әсіресе, ол қыз – келіншектер арасынан білікті кадрлардың өсіп шығуына айтарлықтай үлес қосты. Атқарған мінсіз қызметтеріне сай бірнеше үкімет наградаларына ие болды.
БІРҚҰЛАҚОВ Кеңес (1901 – 1974) Маңғыстау өңірінде дүниеге келген. Жастайынан еңбекке араласып, қой баққан. Сол өңірде алғашқы құрылған колхозда еңбек етіп, қаракөл қойын өсірумен шұғылданады. Әр жылдардағы қажырлы еңбегін жоғары бағалаған үкімет оған 1948 жылы 15 қыркүйекте Социалистік Еңбек Ері атағын береді. Наградаға ұсынылған еңбек көрсеткішінде 1947 жылы алынған қаракөл елтірісінің 98,7 процентін бірінші сортпен тапсырған. Ал 915 саулықтың әр жүзінен 106 қозыны өсімге алған. Осындай еңбек жетістігін алпысыншы жылдардың бас кезінде Байғанин ауданының «Сағыз» совхозында аға шопан болып жүріп те көпке паш еткен. Сондықтан да оны «Сағыз» совхозының еңбекшілері ғана емес, бүкіл аудан жұртшылығы құрмет түтып, марапаттай білді.
БІРІМОВА Балым (1923, №14 ауылдық кеңес Табын ауданы) – ауыл шаруашылығы өндірісінің озаты, колхозшы. Қазіргі Қызылбұлақ ауылдық Кеңесі территориясында туған. 1940 жылдан Мұғалжар ауданында (бұрынғы Жұрын) тұрды, Жұрын колхозында жылқышы болды. 1949 жылы бағымындағы 70 биеден 70 құлын алып, мал басын аман сақтағаны және бұған дейінгі еңбегі үшін Б.Бірімоваға СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Указымен Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені мен «Орақ - Балға» алтын медалі қоса тапсырылған. Б.Бірімова Бүкілодақтың халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің күміс медалімен, басқа да наградалармен марапатталды. ҚР Президентінің 5.05.2003 жылғы жарлығымен «Шапағат» медалі берілді.
ДӘРЖАНОВ Шайхы (1927 – 1997) – Байғанин ауданы өңірінде шаруа отбасында дүниеге келген. Отызыншы жылдың аяғы, қырықыншы жылдардағы ауыртпалықтарға қарамастан орта білім алады. Сонымен бірге бозбала шағында колхоз өндірісіне қолдап атсалысқан. Елуінші жылдары ішкі істер органында қызмет еткен. Кейіннен Темір қаласындағы зоовет техникумын үздік бітіріп, ауданымызда мал шаруашылығын өркендету ісіне белсене араласады. 1959 – 63 жылдары Калинин атындағы колхозда басқарма төрағасының орынбасары, 1963 -66 жылдары «Ақжар» совхозында ферма басқарушысы болып еңбек етеді. 1966 жылдан 1987 жылы облыстық дәрежедегі зейнеткерлікке шыққанға дейін «Сағыз» совхозы №1 фермасының басқарушысы болып қызмет жасайды. Ш.Дәріжанов ауыл шаруашылығының білікті ұйымдастырушысы, қарауындағы еңбек адамдарымен ынтымақтаса білетін, азаматтығы биік, адамгершілігі мол, ұжымына беделді басшы болды. Елге сіңірген еңбегі лайықты бағаланып, «1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі үздік еңбегі үшін», В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына арналған және «Тың және тыңайған жерлерді игерген үшін» медальдарымен, бірнеше Құрмет грамоталарымен марапатталған.
ЕРЖАЕВ МҰХАНБЕТҚАЗЫ (1912 – 1969) Ойыл ауданының № 3 Қуырдақты ауылдық кеңесінің елді мекенінде дүниеге келген. Қонжардағы мектепте оқыған. 1929 – 33 жылдары Ақтөбе малдәрігерлік – зоотехникалық техникумында оқып, зоотехник мамандығын алады. Оқуды бітіргеннен кейін Темір ауданында жер бөлімінің зоотехнигі, қой совхозының зоотехнигі, 1934 жылы Ойыл аудандық жер бөлімінің зоотехнигі, осы бөлімнің бас зоотехнигі, 1945 жылдан Байғанин аудандық ауылшаруашылық бөлімінің бас зоотехнигі, Қарауылкелді МТС – інің бас зоотехнигі болып қызмет атқарады. 1955 жылы аудандық кеңес атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасарлығына сайланады. 1958 жылы "Сағыз" қаракөл қой совхозының директоры болып тағайындалады. 1960 жылғы желтоқсан айынан бері қарай аудандық ауылшаруашылық инспекторының зоотехнигі, мемлекеттік дайындау инспекциясының инспекторы, Темір территориялық өндірістік басқармасының үйлестіруші инспекторы, 1963 жылы "Қарауылкелді" совхозының бас зоотехнигі болады. 1965 жылдан зейнет демалысына шыққанға дейін осы шаруашылықта зоотехник болып жұмыс жасайды. Байғанин ауданында жұмыс істеген жылдарында аудан партия ұйымының IV – XVII партия конференцияларына үзбестен және ХХ – ХХІ конференцияларына делегат болып қатысады. Ойыл және Байғанин аудандық кеңесіне әлденеше рет депутат болып сайланады. Үш рет Ақтөбе облыстық партия конференциясына делегат болады. Ауылшаруашылығы саласына арнаған ұзақ жылдардағы еңбегіне орай көптеген марапаттарға ие болады. Оған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасы (1940), "Құрмет белгісі" ордені (1950), "Тың жерлерді игергені үшін" (1956), екі рет "Еңбектегі ерлігі үшін" (1957, 1966) медальдары, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасы (1967) беріледі. Сол жылы "Қазақ КСР – іне еңбек сіңірген зоотехник" құрметті атағын алады.
Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы дәурінде.
1. Соғыстың басталуы, оның сипаты.
Соғыстың басталуы.
Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Оотан соғысы осылай басталды.
Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды.
1940 жылдың орта кезеңінде – ақ (18 желтоқсан) Гитлер командованиесі СССР – ге басып кірудің «Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрғақтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты (идеясы) қысқа мерзім ішінде (3–4 ай), «қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде (қараша) аяқтау тиіс еді.
«Барбаросса» жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның басшылары КСРО – ны «сансыз» көп ұлттың жасанды және «тұрақсыз бірлестігі», өзінше бір «ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат» деп қарастырды. «Россияның кең – байтақ жерін мекендеген халықтар жөніндегі біздің саясатымыз, - деді Гитлер өз сыбайластарына, - алауыздық пен жікке бөлінудің кез келген түріне қолдау көрсету болуға тиіс.
Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық – түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді.
Қуыршақ мемлекет жобасы фашистер жасап «Барбаросса» жоспарында көрсетілді. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде Остланд, Украина, Московия, Еділ – Орал, Түркістан сияқты рейх комиссарияттарын құруды көздеді. Жоспарда көрсетілген «Үлкен Түркістан» отарының құрамына Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шыңжан кіргізілді. Фашистер Кеңес адамдарын қырып – жою жолына осылай түсті.
Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Маншүк Мәметова: «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін», - деп әскери комитетке өтініш берді. Республикада 2 млн. – нан астам адам әскери даярлықтан өтті.
Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 – жеке атқыштар бригадасы 30 – дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316 – атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына 1 млн. 196164 (1 млн. 196300) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды.
Қазақстанда еңбек армиясы құрылып, Қазақ КСР – нен 700 мыңнан астам адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды. 1941 – 1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді. Соғыс жылдарында Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлектерінің бірі И. Н. Кожедуб үш мәртебе Кеңес Одағының Батыры атағын алды.
2. Қазақстан Экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру.
Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу басталды. Республика экономикасы әскери бағытқа көшірілді (милитарландырылды).
Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды.
Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады.
Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары сияқты соғысқа қажетті өнімдер шығаратын өнеркісіп құрылыстарын салып аяқтады. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 завод пен фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға көшіру жүргізілді.
Өнеркәсіптерді Қазақстанға көшіру екі рет
жүргізілді:
1. 1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың
басы;
2. 1942 жылдың күзінде өнеркәсіп орындары, кәсіпорындар, негізінен,
Москва, Ленинград облыстарынан, Украина, Белорусь жерлерінен
әкелінді.
Көшіріліп әкелінген 54 завод пен фабрика тамақ өнеркәсібі халық комиссариатының қарамағында болды. Жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің 53 кәсіпорны көшіріліп әкелінді. Республикада аяқ киім саласының қуаты 12 есе, былғары саласының қуаты 10 есе өсті.
Москва қаласы және Москва облысынан көшірілген кәсіпорындар: Москва авициация жасау заводы, Урюпа етконсерв заводы, Дзержинский атындағы электротехника заводы, Москва рентген заводы, № 3 Александр радио заводы, С. Орджоникидзе атындағы механика заводы т. б. Жалпы Қазақстанда Москва қаласы мен облысынан көшірілген 40 завод орналастырылды.
Украинадан Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар: Харьков электротехника заводы, Подольск механика заводы, Запорожье ферроқорытпа заводы, Днепропетровск вагон жасау заводы т. б. Украина ККС – інен Қазақстанға 70 өнеркәсіп орны мен жабдығы әкелінді.
Қазақ КСР – не әкелінген өнеркәсіптер мен фабрикалар, кәсіпорындар, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Орал қалаларында орналастырылды.
Әрине, Қазақстанға әкелінген кәсіпорындар өте қиын жағдайда жұмыс істеді. Өнеркісіп орындарымен бірге Қазақстанға майдан өңірінен көптеген мамандар да көшірілді. Мысалы, тек қана Домбасстан 3200– ге жуық шахтер, 2000– дай құрылысшы келді. Майдан өңірлерінен келген инженер– техниктер саны 700 – дай болды.
Қазақстан КСРО – ның негізгі әскери - өнеркәсіп базасына айналды. 1942 жылы Одақта өндірілген қорғасынның 85 % - ын, көмірден 18 % -ын, молибденнің 60 % - ын, оқтанды мұнайдың 1 млн тоннаға жуығын берді.
1942 жылы 21 тамызда кеншілер еңбегіне үдемі – кесімді ақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілді.
1942 жылы 24 тамызда Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің «Қарағанды көмір алабында көмір өндіруді арттыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» қаулысы шықты. Облыстың және ауданның еңбеккерлері Қарағанды шахталарын қамқорлыққа алу жөнінде патриоттық қозғалыс бастады. Шахтерлерді азық – түлікпен қамтамасыз ету, шахталарда тұрақты жұмыс істеу үшін адамдар жіберу, Қарағанды облысындағы 30 желісі 3 есе, оқушылар саны 5 есе көбейді. 1943 жылы забойлар желісі көбейіп, жер астында екінші Қарағанды пайда болды. Мұнайлы аудандарға көмек көрсетілді. Атырау мұнай өңдеу заводын, Каспий – Орск мұнай құбырын салу үшін қуатты құрылыс ұжымы ұйымдастырылды. Ембіге Әзірбайжаннан 400 маман мен жұмысшылар келді.
Соғыс жылдыры салынған құрылыстар:
Мақат – Қосшағыл темір жолы, Петровский машина жасау заводының екінші кезегі, Пешной аралы – Шарин құбыр жолы, Атырауда теңіз порты мен мұнай өңдеу заводы, «Комсомол» кәсіпшілігі т. б.
1944 – 1945 жылдары салынған жаңа өнеркәсіп обьектілері:
Текелі қорғасын – мырыш комбинатының алғашқы кезегі. Белоусов байыту фабрикасы. Ақмола ауылшаруашылық маши

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген