"Ұлы тұлға - Мұхтар Шаханов"
Түркістан облысы, Отырар ауданы,
Шәуілдір ауылы, «Жамбыл атындағы мектеп-лицейі» КММ нің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
«Ашық айтар болсақ, бүгінгі өз
замандастары арасында Еуропада
Шахановқа тең келер ақын жоқ»
Роберто Чиули
Қазақ халқының ғибратты тарихында уақыт өткен сайын еңсесi биiктеп, асыл бейнесi тұтас Алаштың асқаралы биiгiне айналатын дара тұлғалар бар. Сондай санаулы даралардың бiрi және бiрегейi, қазақ әдебиетінің жаңа биiктерге самғауына орасан зор үлес қосқан ақиық азамат – Мұхтар Шаханов!
Поэзиясы ЮНЕСКО әлемдік поэзиясының осы замандық жетістігі ретінде бағаланған, есімі Біріккен Ұлттар Ұйымының алтын кітабына жазылған, өлеңдері әлемдік деңгейде оқылатын ақын – Мұхтар Шаханов. Шаханов – бүгінгі әлемдік өркениет тағылымдарын пайымдауда өзінің қайталанбас қолтаңбасын қалдырған сан қырлы талантты философ-ақын. Қазақтың тілі мен діні, ұлттық қалып-қасиеті жайлы, адамгершілік ізгіліктер жайлы тынбай жазып келе жатқан ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов үлкеннің де, кішінің де сүйіктісіне айналғаны белгілі.
Осыған байланысты, мен, Мұхтар Шаханов туралы ғылыми жоба жазуға ниет қылдым. Ойлана келе, «М. Шаханов шығармалары тіліндегі модальділік мағынаның берілуі мен оның ақынның тілдік тұлғасын ашудағы рөлі» атты тақырып алуды жөн көрдім. Себебі, ұлы тұлғаның өмірі толықтай зерттелген десе де болады, ал оның шығармаларының тілі әлі де болса зерттеуді талап етеді.
Модаль сөздер мектеп бағдарламасына мүлдем кіргізілмеген, ол туралы «Қазақ тілі» оқулығында мағлұмат берілмейді.
Бұл жобамда М. Шаханов шығармалары негізінде модаль сөздер лексика-семантикалық тұрғыдан зерттелмек. Ғылыми жобамның тек М. Шаханов шығармаларының тілі мен ақындық тұлғасын ғана зерттегенде емес, сонымен қатар модаль сөздерді тереңірек зерттеуде де септігі тиеді деп ойлаймын.
Ақынның шығармаларының тілін зерттегенде, оның өмірі мен шығармалары туралы ой қозғамау мүмкін емес.
М. Шаханов – Қазақстан Республикасы Халық жазушысы (1996), Қырғыз Республикасының Халық ақыны (1999). 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Қасқасу ауылында дүниеге келген. Ол 1961-1965 жылдары «Оңтүстік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер, 1965-1970 жылдары «Ленишіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің оңтүстік облыстарындағы тілшісі болып қызмет атқарды.
М. Шаханов поэзиясының жас өскіндерді Отандық, ұлттық, рухани
патриоттық және шынайы шындық деңгейінде тәрбиелеуде ықпалы болатыны күмәнсіз. Оның шығармаларында тыңнан тудырған өткір драматизм, алуан қырлы философиялық рух пен ата-бабалардың тарихи-генетикалық жадын қуалаушы тылсым күш қайран қалдырмай, тамсандырмай қоймайды. 1966 жылы М.Шахановтың тұңғыш өлеңдер жинағы «Бақыт» деген атпен жарық көрді. 1968 жылы махаббат, достық тақырыбындағы, адамгершілік абзал қасиеттерді жырлаған «Балладалар», 1970 жылы «Ай туып келеді» атты өлең жинақтары жарық көрді. 1974 жылы М.Шахановтың «Қырандар төбеге қонбайды», 1979 жылы «Ғашықтық» атты жинақтары жарыққа шықты. Ақынның «Махаббатты қорғау» (1982) және «Ғасырларды безбендеу» (1988) атты өлеңдер, балладалар мен поэмалар жинақтары басылды.
М.Шаханов поэмаларының тақырыптары сан алуан. «Танакөз» шынайы достық, адал махаббат, қайырымдылықты дәріптесе, «Сейхундария» Сырдария туралы көне аңыздардың желісіне құрылған, «Күретамырды іздеу» жастық шақты жырласа, «Сенім патшалығы» көне дәуір мен бүгінгі өмір адамдарын шендестіре суреттеп, философиялық ой түйеді, «Махаббатты қорғау» махаббат триптихтарынан тұрса, «Нарынқұм трагедиясы» халық қамы үшін күрескен патриот ақын Махамбеттің өміріне арналған. Ақынның «Жеңілген жеңімпаз хақындағы Отырар дастаны немесе Шыңғыс ханның қателігі» атты поэмасы Отырар тағдырын суреттейді. «Уақыт бедерлері» (1981), «Зерде кітабы» (1984) атты жинақтары орыс тілінде жарық көрді. М.Шахановтың шығармалары шет елдерде де басылып шықты.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұлы тұлға-Мұхтар Шаханов

шағым қалдыра аласыз