-
Құрметті студенттер! Қазақстанның қоғамдық
тарихында абыройлы орын алатын, революционер - коммунист, қазақтың
белгілі жазушысы, ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері,
қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің 130
жыл толуына орай «Ұлылар
ізімен» атты топ сағатымызға қош
келдіңіздер.
-Балалар барлығымыз топ
сағатымызды бастамас бұрын шаттық шеңберіне тұрып көңіл күйімізді
көтеріп алайықшы.
Тарихта қалған тарландар өмірі біз үшін үлгі.
Қазақтың қазыналы тілінің бір пұшпағын илеген талай ақын -
жазушыларымыз сөз маржанының қандай болатынын қарға тамырлы қазаққа
дәлелдеп айтып кетті. Өмір атты теңізде қолдарына қалам алып дүние
сырына тоймай тамсана жазған талай дана адамдар болды. Өмірге
жұлдыз болып келетін, халықтың еркесі, халық жүгін көтеретін дара
адамдар, дарынды жандар аз - ақ. Бірақ қазақ әдебиеті поэзия
әлемінде әлемдік деңгеймен салыстырғанда 20 - сыншы ғасырда кенже
қалған емес. Керісінше өзінше жаңа қырымен дами бастады. Қандай
марғасқа, жаны жайсаң адамдар өмір сүрді сол кезеңде. Әр адамның өз
келбеті, өз жан - дүниесі
болады.
Егер ақынға сезім мен сұлулықты, қосып берген
жағдайда одан нағыз шедевр дүниелерді күтуге болады. Қазақтың
маңдайына біткен Сәкен Сейфуллин дәл сондай сері адам болатын.
Қазақ халқы келбетті ер адамдарды көргенде сері деген. Дәл сол сері
Сәкен ақынның сұлу жанынан өріліп, талай дүниелер дүниеге келді.
Соғыстың да ащы дәмін татып, бала оқытуды да меңгерген ірі ұстаз
өмірінің соңғы кезіне дейін құдіретті ақындық өнердің жүректе
жатқан шырағын сөндірген емес. Жаңалыққа толы қым - қуыт
жиырмасыншы ғасыр өмір майданына, өмір жағалауына таңдаулыларды өзі
шығарып тастап отырды. Жазушы туралы қанша айтса да жарасады. Дәл
осы уақытта біздің арамызда жүрмесе де, мектебіміздің Сәкен
есімімен аталуының өзі, шығармалары, өлеңдері бізбен
бірге. Сәкен – қазақ кеңес әдебиетінің қарыштап
дамуында үлкен роль атқарған жаңашыл ақын. Өзінің бар өнерін халық
мақсатына, туған елінің жарқын болашағына арнап, жаңа заманның
дауылпазы болды. Абайдан кейін қазақ поэзиясына жаңалық
қосқандардың ішінде оның орны
бөлек. Атыңнан айналайын қайран
Сәкен, Ұмытпан демім бар да тұлғаңды
әсем. Ту ұстап, тұлпар мініп, қол
бастаған, «Тар жолда, тайғақ кешіп болдың көсем»- деп
Сәбит Мұқанұлы
жырлағандай,
С. Сейфуллин ұрпақтарға ұлан - ғайыр мұра
қалдырып кеткені баршамызға
аян. Сәкен Сейфуллин 1894 жылы қазан айының 15 -
інде Ақмола уезіне қарасты Нілді болысында (қазіргі Жезқазған
облысы Ағадыр ауданы) көшпелі кедей шаруасының семьясында туған.
Сәкен Сейфуллин – қазақ Кеңес әдебиетінің негізін салушы, көрнекті
ақын, қоғам қайраткері. Оның есімі халық арасына революция жылдары
және одан кейінгі кезеңде кеңінен тарады. Ол қазақ ақындарының
ішінде бірінші болып революцияны жырлады, Совет өкіметі үшін
күреске белсене
қатысты. Табиғаттың дарынды жаратылған мөлдір қара
көз, толқынды шашты, қыр мұрынды, қайратты ұлдарын Сейфолла мен
Жамал азан айтып қойған Сәдуақас деген есімінің орнына, еркелетіп
Сәкен атап кеткен. 1937 - 1938 жылдарда қара дауылдай соғып
тұрған сталиндік репрессия қазақ халқының ең білімді, ең саналы
зиялыларын баудай түсірді: қазақ әдебиетінің негізін қалауға ат
салысқан С. Сейфуллин нақақ жаланың құрбаны болды. Жалған айып
тағылып, өлім жазасына ұшыраған көрнекті ақын, жазушылардың
қырқылып кетуі қазақ мәдениетін орны толмас шығынға душар
етті. Дәл осы кезде де өз басына қауіп - қатер
төніп тұрғанына қарамастан, азаматтық келбетін жоғалтпай, адал
бағытынан таймағандардың бірі - осы Сәкен Сейфуллин еді.
Сейфуллинді НКВД 1937 жылғы қыркүйектің 24 - інде тұтқынға алып,
1938 жылғы ақпанның 25 - інде атып
тастады.
Көк орман, көркем
тоғай маужыраған,
Сұлудың көзіндей
көл жаудыраған.
Малта тас, маржан,
ақық, меруерт тас
Төгіліп көк жиекке
саудыраған, - деп Сәкен жырлағандай, келесі кезекте табиғат, туған
жер жайлы
жазылған
өлеңдерінен жыр шумақтарын тыңдайық.
(Оқушылар сахнаға
шығып, жыр шумақтарын оқиды.)
Сәкен лирикасының
өзіндік сыр - сипаты алуан түрлі. Туған жерге сүйіспеншілік,
табиғат көріністері мен құбылыстары, махаббат сырлары, сағыныш
сазы, мезгіл суреттері, аң -кұсты аялау, ана - бала сүйіспеншілігі
— ақын лирикасының басты тақырыптары.
Ол, әсіресе,
табиғатты жан - жүрегімен нәзік сезініп, сүйіне жырлады. Ақынның
әйгілі «Көкшетау» поэмасы қазақ жерінің ең бір көркем, сәулетті
өңірінің естен кетпес мынандай керемет сұлу суреттерінен
басталады.
С. Сейфуллин
өмірде де, әдебиетте де белсенді күрескер болды. «Көкшетау», «Қызыл
ат» дастандарында заманалық мәселелер көрсетілген. «Қызыл атта» 30
жылдардың бас кезінде Қазақстанның ауыл шаруашылығында орын алған
асыра сілтеу оқиғалары сыналады.
«Ақсақ киік»,
«Аққудың айрылуы» шығармаларында туған даланың табиғатын, адамның
ішкі сезім күйлерін суреттейді.
(Оқушылар
өлеңдерін жатқа оқиды)
Өмір, достық
туралы терең толғанған ақынның жаны таза, ешкімге қиянаты
жоқ.
Адалдық пен
арамдық, мансап пен ар - ұждан, достық пен қастықтың ара жігін аша
жазып, адам
үшін құнды байлық
- достықты жырлайды. Дос көңілін шыңдағы қоймаға, алтын сарайға
балайды.
Алтын сарай - шын
достыққа нағыз дос ие болады дегенді
айтады.
Балалар ендеше атамыз жайлы
бейнероликке назар
аударайықшы.
Бейнеролик:«
Сәкен
Сейфуллин өмірбаяны.»
«Анаға хат», «Анаға
жауап» өлеңдерінде аналық - балалық махаббаттың, сағыныш - мұңның,
өкпе - наздың, жүрек қылын шертер, көзге жас үйірілтіп, ет жүректі
елжіретер нәзік лирикалық сезім аса сәтті
бейнеленеді.
Анаға арналған
өлеңдері
Ақбоз атты құлатқан – жала -
керме,
Магаданға мола іздеп бара
берме.
Сәкен деген – халқымның рухы
ғой,
Рухтарды көмбейді қара жерге! - деп Алаштың ақберен ақыны
Ғалым Жайлыбай айтпақшы, Сәкен – қазақ халқының көгінде мәңгі
жарқырап тұра беретін жарық жұлдыздарымыздың
бірі.
Сәкен Сейфуллин – айтулы ақын, қарымды қаламгерлігімен
қатар, көрнекті қоғам қайраткері.
Қызылдардың жыршысы болып жүріп - ақ Қазақ үкіметін
басқарған тұста «қырғыз» атауын
«қазақ» деп түзеуді именбей көтеріп, «Қазақты қазақ дейік»
деп мақала жазып, атымызды
қайтарып бергенінің өзі ұлының ұлы ісі деп білеміз. Сол
секілді Қазақ тілі туралы декрет қабылдауға ұйытқы болғаны және
бар.
Сол аласапыранда: «Қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын, іс -
қағаз қазақ тілінде жүрсін, ол қазақ ауылдары мен болыстарында 1924
жылдың 1 қаңтарынан шілдеге дейін жүзеге ассын. Ал 1 шілдеден әрі
қарай қазақ пен орыс аралас отырған жердің барлығында да іс –
қағазы қазақ тілінде жүргізілсін» деп шешім шығарған еді. Міне,
осының өзінен - ақ оның өз заманының ұлы болуымен қатар, үрей
туғызып тұрған орталық биліктен жасқанбай ұлты үшін басын бәйгеге
тіккенін көруге болады. Осыны сол кезде тереңнен аңғарған болу
керек, өлең сөздің құлагері Ілияс Жансүгіров «Жырламасқа теңіздей,
қуаныштың шегі жоқ. Ардақталған өзіңдей, қазақта ақын тегі жоқ»,
деп ақиқат сөзді тап басып айтыпты.
Әнін тыңдау: « Қазақ тілі - ғажап
тілім»
Сәкен Сейфуллин теңдікті аңсады. Бай мен кедей арасындағы
тартысты,
әділетсіздікті жырлады. Болашағымыздың бостандығы үшін
күресіп, арттарында өшпестей із
қалдырды.
С. Сейфуллин 1920 - 1924 жылдары Қазақ Автономиясының
өркендеп, нығаюы үшін зор үлес қосқан үкімет
басшысы;
Ол – Қазақстандағы ағарту ісін ұйымдастырып, дамытуға
ерекше күш салған
қайраткер;
С. Сейфуллин – қазақ әдебиеттану ғылымына өзіндік үлес
қосқан ғалым.
С. Сейфуллин есімімен көптеген ауыл, елді мекендер, театр,
мектеп, кітапхана, көшелер аталады.
1985 жылдан Целиноград қаласында (қазіргі Астана қаласы) С.
Сейфуллин мұражайы жұмыс істеді. Мұражай жанында ақынның ескерткіші
орналасқан.
«Ақын жыры алыстарды жақындатты, биіктерге көзімізді
жеткізді. Біздің сана -сезімімізге жырдан жаңа таныс, жаңа көз
тапты. Бұл ұстаз болатын ағаға лайық қасиет еді. Мен бүгін де сол
үшін ақын шабытының алдында бас иемін», - деген болатын Әбділда
Тәжібаев
Мектебіміздің кішкентай Сәкендерін ортаға шақырып, Сәкен
аталарына арнаған
арнау өлеңдеріне кезек
берейік.
Сәкен ақынға хат
Сәкен аға!
Біз, кейінгі ұрпақ, сіздерді ешқашан ұмытпаймыз. Сіздердің
өмірлік жолдарыңызды, халық үшін
жасаған игіліктеріңіз жайлы енді кітаптардан оқып,
көзімізге елестетеміз...
... Ел үшін, туған халқы үшін құрбан болған, сіз мәңгі есте
қалмақсыз. Арман еткен тәуелсіздіктің таңы атты. Біз, сол таңның
куәгері, еліміздің бейбіт өмір сүруіне бар күш - жігерімізді
саламыз.
Сондықтан жақсы оқып, елжанды азамат болуға
тырысамыз.
(Барлық оқушылар шығады.)
Жалынды күрескер - патриот, сегіз қырлы, бір сырлы: ақын,
жазушы, драматург, публицист, сыншы, әдебиеттанушы, композитор,
педагог, қоғам және мемлекет қайраткері – Сәкен Сейфуллин есімі
халық есінде мәңгі сақталады.
Асуы жоқ асулардан асайық,
Ашылмаған тас қақпаны
ашайық.
Болмағанды болдырайық
дүниеге,
Жаңа тұрмыс жаңа жерге жасайық!- деп ақынның ой мен сезім
астасқан жырларын жаттаған жас қауым да ақын өлендерін ешқашан
естен шығармайды деп сенеміз дей келе, бүгінгі «Қазақ әдебиетінің
ақсұңқары» атты кешіміз аяқталды. Көңіл қойып таңдағандарыңызға көп
рахмет.
«Өмірі – аңыз, өзі –
абыз»
Сәкен
Сейфуллин атамыздың өмірінен алынған
тағылымды деректер, суреттер, фотосуреттер бойынша зерттеу
жұмыстарын жасайды, өлеңдерінің шығу тарихы жайлы баяндайды
(ақынның танымал адамдармен қандай қарым-қатынаста
болғандығын әңгімелейді).
|