400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлылар мекені - ТҮРКІСТАН

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп оқушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ «БАЛДӘУРЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ОҚУ-САУЫҚТЫРУ

МИНИСТРЛІГІ ОРТАЛЫҒЫ ФИЛИАЛЫ



Білім кешені

_______________________________________________________



«Ұлылар мекені - ТҮРКІСТАН»

зияткерлік ойынының сценарийі


Іс – шараға жауапты:

Жумашев Бекмурат


Өткізілетін күні:

Өткізілетін уақыты:

Өткізілетін жері: «Балдәурен» РОСО, «Акт зал»

Қатысушылар: ауысым қатысушы балалар, қонақтар, педагогикалық ұжым.

Іс-шара түрі: Зияткерлік ойын

Мақсаты: Оқушылардың бойына туған жерге деген сүйіспеншілік және де туған елге, Қазақстанға деген патриоттық сезімін ояту. Түркістан облысындағыі тарихтан сыр шертетін киелі мекендермен танысу. Сонымен қатар елі үшін ерен еңбектерімен танылған қазақтың біртуар тұлғаларымен танысу.

Еліміздің өткен тарихы мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, еліміздің даму тарихы туралы ұғым қалыптастыру және де осы ойын арқылы оқушыларды тарихқа, елге, жерге, Отанға деген сезімін ояту, қызықтыру.

Міндеттері:

  • ауысымға қатысушыларды біртуар оңтүстіктің тұлғаларын таныту

  • оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту;

  • еліміздің жас азаматтарының бойына рухани тәрбиені сіңіру

Қажетті құралдар: Музыкалық құрал-жабдықтар, АКТ, слайд ,презентация

Жүргізуші:

Жумашев Бекмурат

Іс-шараның барысы:

Қайырлы күн, қымбатты балдәурендіктер мен қадірлі қонақтар!

«Ұлылар мекені - Түркістан» атты зияткерлік ойынына қош келіпсіздер!

Егеменді елімнің болашағы,

Кімге де ой тастамас бала қамы

Білімді ұрпақ елімнің шам-шырағы

Өшпесін мәңгі бақи бала шамы - дей келе, бүгінгі ойынға қатысушы білімді де алғыр топтарды сахна төріне шақырамыз

1 топ. Төлеби

2 топ. Қазығұрт

3 топ. Отырар

4 топ. Ордабасы

Түркістан- екі дүние есігі ғой,

Түркістан-ер түріктің бесігі ғой,

Тамаша Түркістандай жерде тұрған,

Түріктің тәңірі берген несібі ғой

Видео. «Түркістан туралы 10 дерек» 1:30 мин


Сайысымыздың шарттарымен таныстыруға рұқсат етіңіздер. Сайыс топтық негізде жүргізіледі, сайысқа 4 топ қатысады, әр топта 5 оқушыдан болады.

Сайыс 4 бөлімнен тұрады:

1. Менің өлкем

2. Кім жылдам?

3. Таным, тағылым

4. Ол кім?

Бүгінгі зияткерлік сайысымыздың әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1. Жұмашев Бақыт Лесбекұлы – директордың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

2. Джалаева Ляззат Ахимбековна – білім кешенінің директоры

Олай болса бірінші бөлімді бастамас бұрын, Түркістан облысы «Балдәурен» РОСО филиалы орналасқан керемет «Төлеби ауданы» туралы видеоға назар аударсақ 1:50 мин


Ендеше, барлық топтар ойын ережесімен танысып дайын болса

Бабалардың ерлігі баян болған-Түркістан

Атақ даңқы әлемге аян болған-Түркістан

Қайта түлеп жаңарған,жаса сәнді-Түркістан

Болашағың баянды,мәңгі болсын –Түркістан- дей келе 1 бөлім. «Менің өлкем» бөлімін бастаймыз. Бөлім ережесі:

Әр топ слайд арқылы өз топтарын өлкетану бағыты бойынша жан-жақты түсіндіреді. Әр топқа 3 минуттан уақыт беріледі. Ұпай саны 10 ұпайдан 30 ұпай аралығында беріледі. Мәліметтің маңыздылығы, жасалған слайдтың дұрыстығы, уақыт регламентін сақтауы басты назарда болады.

1 топ. Төлеби 2 топ. Қазығұрт

3 топ. Отырар 4 топ. Ордабасы


Ұлылардың ұрпағымыз кешегі

Ой қалдырған, сөз қалдырған еселі

Қане, «Кім жылдам?» бөліміне қатысып

Алғырлықпен жауабын кім шешеді?

2 бөлім. Кім жылдам?

Экранда жалпы Түркістан облысына қатысты 10 сұрақтар мен суреттер ретімен беріледі, барлық топ мүшелері қатысады, бірінші белгіше көтерген топ жауап беру мүмкіндігіне ие болады? Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі

Ескерту: Бұл бөлімнен соң ұпай саны ең аз бір топ ойыннан шығарылады


Әділқазы алқасынан ұпай санын анықтап, ұпайы ең аз топты ойыннан шығарамыз


Тарихы бар дастанымдай ерліктің

Дәстүрі бар үлгісіндей елдіктің

Қазақстан – алтын бесік Отаным

Ұлы ордасы татулық пен теңдіктің

3 бөлім. «Таным. Танылым» бөлімін бастаймыз

Бұл бөлімде Түркістан облысына қатысты 3 профиль берілген, Олар: Тұлғалар, Тарихи оқиғалар, Киелі мекендер. Әр профильде деңгейіне, ұпайына сәйкес сұрақтар күрделене береді. Жауап нақты болған жағдайда таңдаған ұпай санын еншілей аласыздар. Ойынды ұпай саны ең аз топ бастайды, жауап болмаған жағдайда басқа топтарға жауап беру мүмкіндігі беріледі.

Ескерту: Бұл бөлімнен кейін ұпай саны ең томен топ ойыннан шығарылады10 сұрақ


Тұлғалар

10 сұрақ

20сұрақ. Жердің жәннаты» саналатын, жеті өзеннің тоғысында түйіскен,

Қазақ хандығының іргесі қаланған ірі аймақ

Жетісу

Өлкетану

30 сұрақ. Гректің «көне», «зерттеймін» деген мағынаны білдіретін, тарихи мұралар арқылы адамзаттың өткен тарихын зерттейтін ғылым. Бұл мұралар жер қойнауында жататындықтан бұл ғылымды «күрекпен қаруланған тарих» деп айтуға болады

Әңгіме қай ғылым жайында?

Археология

Тарихи оқиғалар

10 сұрақ

Ортағасырлық сәулет өнерінің ескерткішіне жататын(1399), қазіргі таңда дүниежүзінің мәдени мұралар тізіміне енген күмбезді мемориалды құрылыс

Қожа Ахмет Яссауи

Мәдени мұра

20 сұрақ

ХIV-ХV ғасырларда салынған, қазіргі Түркістан қаласында Қожа Ахмет Яссауи Кесенесінің оңтүстік-шығысында 60м жерде орналасқан кесенені атаңыз.

Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі

Мәдени мұра

30 сұрақ

Тараз қаласынан 18 шақырымда орналасқан, ХІ-ХІІ ғғ. ескерткішіне жататын, өзінің өрнегімен ерекшеленетін, қазіргі таңда ЮНЕСКО тізіміне алынған кесене?

Салыну тарихын атап өтіңіз? Айша бибі кесенесі

Киелі мекендер

10 сұрақ

Ұлы даланың жеті қырындағы метталлургия отаны ретінде қазақ жеріндегі алғаш қолданылған металл Мыс

Ұлы даланың жеті қыры

20 сұрақ

Ұлы даланың жеті қырын атаңыз?

Атқа міну мәдениеті

Ұлы даладағы ежелгі металлургия

Аң стилі

Алтын адам

Түркі әлемінің бесігі

Ұлы жібек жолы

Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны

Ұлы даланың жеті қыры

30 сұрақ

Алтын адам киімі әшекейінде қандай жануарлар бейнесі бейнеленген? Барыс, бұлан, таутеке, арқар, жылқы, құс бейнесі


Қыран құсым көк аспанда самғасын

Желбіресін көк байрағым сан ғасыр!

Жас ұландар берік ұста туыңды,

Жарқыратып туған елдің таңбасын дей келе үшінші «Ол кім?» бөлімін бастаймыз

Екі топқа бірдей тапсырма беріледі. Әр топқа сұрақтары бар кесте парағы беріледі. Берілген сұрақ белгілі тұлға жайлы айтылады, сіздер сол тұлғаның кім екенін табуыңыз керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

Осы бөлімнен кейін бүгінгі ойын жеңімпазы анықталады

1. Отырар ауданының тумасы, аса дарынды сазгер, Қазақстанның халық әртісі. Оның әндері қазақ ән өнерінің інжу-маржаны болып табылады

2. Оңтүстіктің тумасы, Қазақстан Республикасының халық жазушысы, қоғам қайраткері, Арал, Семей апаты туралы қоғамда ой қозғап, жалынды өлеңдерімен танымал ақын

3. Жамбыл облысының тумасы, бірақ Шымкентте білім алып, қызмет етіп осында әкерге шақыртылып, кейін Ұлы Отан соғысына аттанып, ерлігімен, даралығымен, батырлығымен танымал болған Кеңес Одағының батыры, жазушы дара тұлға

4. Отырардан шыққан дана, Әлемнің екінші ұстазы

5. Бокстан Сидней олимпиадасының чемпионы, өзінің аз ғұмырында аққан жұлдыздай жарқ етіп, көп спортшыларымызға үлгі бола білген тұлға

6. Кеңес Одағының батыры, Оңтүстіктің тумасы Ұлы Отан соғысында ерекше тактикасымен жеңіске жетіп отырған Орта Азиядан шыққан тұңғыш генерал-майор

7. Кеңес Одағының батыры, минометші, Сталинград түбінде асқан ерлік көрсетіп, соңғы минасымен жау танкісінің шынжыр табанына түсіп қаза тапқан батыр

8. Тұңғыш қазақтың кәсіпқой балуаны, әлемге әйгілі палуан, еркін күрестен әлем чемпионы, алып күш иесі

9. Мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз, ғалым. «Алаш» қайраткерлерімен бірге Қазақ АКСР құрышулардың бірі, 1920-1930 жж Түркістан Компартиясының Ішкі істер Халық комиссары болған, Қызылорданың астана болуын үлес қосқан қайраткер

10. Мемлекет қайраткері, 1978-1985 жж Оңтүстік Қазақстан облысының бірінші басшысы болған, басқарған жылдары зоосаябақ, дендробақ, мәдени нысандар, спорт сарайлары салынды, әрі ақын, Ұлы Отан соғысының ардагері болған

Жауаптары:

1. Ш. Қалдаяқов

2. М. Шаханов

3. Б. Момышұлы

4. Әбу Насыр Әл Фараби

5. Б. Саттарханов

6. С. Рахымов

7. Қ. Сыпатаев

8. Қ. Мұңайтпасов

9. С. Қожанов

10. А. Асқаров

Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын әділқазылар анықтап болғанша ортаға әсем ән орындалады

Ән: «Атамекен»

Бүгінгі ойынның жеңімпаздарын анықтауға сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.( марапаттау кезеңі)

Қаратаудың баурынан қоныс тепкен-Түркістан

Ұлы Жібек жолынан ырыс төккен- Түркістан

Көк күмбезді көркімен қызықтырған- Түркістан

Құпиясы жылдардың тұнып жатқан-Түркістан

«Ұлылар мекені - Түркістан » атты зияткерлік ойынымызды аяқтаймыз!


«Балдәурен» РОСО филиалында қалыптасқан жақсы дәстүрлерінің бірі бойынша қонақтарымызды ортадан шығарып салайық.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
609
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі