жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұлылардың ұлысы - Абай
«Ұлылардың ұлысы-Абай» атты іс-шара
Мақсаты:
1.Ұлы ақынның өнегелі өмірімен
таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, қара сөздерін
мәнерлеп айтқызу.
2.Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
3.Балаларды туған жерге деген
сүйіспеншілікке, Отан тыныштығын қорғауға, адамгершілікке, табиғат
әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға
тәрбиелеу.Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие
беру.
Көрнекілігі: Абай портреті, кітаптар, шығармалары,
қанатты сөздер, фотослайдтар,
буклеттер.
Әдеби шара атасы мен немересінің диалогы арқылы
басталады.
Атасы – , немересі
–
Теледидар қарап отырған атасы, қолында
газет.
Немересі ойыншық ойнап
отырады.
Теледидардан дауыс:
Абайдың «Көктем» өлеңінен үзінді оқылады:
Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы
Масатыдай құлпырар жердің жүзі
Жан-жануар,адамзат анталаса
Ата-анадай елжірер күннің
көзі
Немересі ойыншығын тастай сала атасының қасына келіп:
- Мен бұл өлеңді білемін, ата! Абайдың өлеңі.Бізге бұл өлеңді балабақшада
апайымыз үйреткен.
Атасы:
- «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас»
(немересіне жақындай түсіп). Иә, бұл – Абайдың жазған өлеңі. Қатал
табиғаттың сүреңін тамаша суреттеген. Сен біледі екенсің. Ендеше
Абайдың кім екенін білетін шығарсың.
- Иә, бірақ толық білмеймін.
- Олай болса, ендігі жерде Абайды «Абай атам», «Абай
атаның өлеңі» деп сөйле. Ол өте данышпан кісі, бүкіл қазақтың Абайы
ғой. Оны білмеген адам қазақ емес.
-Ата,бүгін біздің балабақшада
Абай атамызға арналған үлкен той болайын деп жатыр.Ата, екеумізде,
барып сол тойды көріп келейік.
Атасы:
- Жүр, балам Абай атаңның тойын көріп
келейік!(Ертіп алып, шығып
кетеді).
1-жүргізуші:
-Қайырлы күн,құрметті қонақтар!
2-жүргізуші:Армысыздар ардақты ағайын!
1-жүргізуші:Бүгін-ұлы мереке!Ұлы ақын, ағартушы,философ,композитор,аудармашы,саяси қайратке,жазба әдебиеті мен қазақ әдеби тілінің негізін салушы,реформатор Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей тойы!
2-жүргізуші: Абай есімімен қазақ топырағына философиялық және стильдік бағыттағы жаңа поэзия келді.Абай поэзиясы –сиқыр үн мен құпия сырға тұнып тұр.Абай өлеңі қуатты жан тебіреніс,қайыспас жанкештілік және ішкі бостандық.
1-жүргізуші: Ендеше,ұлы Абайды ұлықтау
күніне арналған мерекелік шарамызға қош
келдіңіздер!
2-жүргізуші:Алғашқы сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісі Гульбағда Сабыржанқызына береміз.
1-жүргізуші: Биылғы жыл Қазақ елінде үлкен тойлар аталып өткелі тұр. Ұлы Абай атамыздың 175 жылдығы және де Ұлы ғұлама,ғалым,ойшыл, әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр Әль-Фараби бабамыздың 1150 жылдығы.Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы. Осы тойлар Наурыз мерекесімен бірге қатар келіп тұр.Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мерекесіне де аз күн қалды.Ұлыстың ұлы күні бәрімізге құтты болсын!
2-жүргізуші:
Наурыз келсе құт келгені халайық!
Есік ашып ,шашу шашып,
Ел болып қарсы алайық!
(Әжелер шашу шашады) (Әлия РДК)
1-жүргізуші:
Ұлы халқым есептескен
Ата салтын ешкім атап кетпеген
Мың пәледен құтқарады бір бата
Адам болмас бата естіп өспеген.
Ұлы күнде,халайық,
Қалай қарап қалайық,
Сәйгүліктей ағайық
Жасын болып жанайық!
Ортамызға атамызды шақырып
Ақ батасын алайық! (Ортага
бата беру үшін ...........................
шақырамыз)
2-жүргізуші: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды,ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді,тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Бұл өлеңді тасыр ұқпас,талапты ұғар,
Көңілінің көзі ашық,сергек
үшін.-деп жырлаған Абай жастарға өшпес мұра
қалдырды.
1-жүргізуші : Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы.
«Абайдың .....қара сөзі» оқитын қазақ тілі пән мұғалімі Байбарақова Айман.
2-жүргізуші: Жүрегін шырақ етіп жандырған
кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,
Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып, ойланып, ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құбажон, құбақан құм, құла қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Ән: «Желсіз түнде жарық ай» орындайтын Тұрлыбай Роза
1-жүргізуші: Туғаннан дүние есігін ашады
өлең,
Өлеңмен жер қойнына кіреді денең
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңменен...
деп, Абай атамыз айтқандай келесі сөз кезегін балабақшамыздың
балапандарына берейік:
«Күз», «Қыс», «Жазғытұры», «Ғылым таппай мақтанба...», «Әсемпаз болма әрнеге..»
2-жүргізуші:Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып
Жасқанбай әр қадамын нық нық басып.
Биімен көрерменді тәнті ететін
Балалар келді міне толқып,тасып.
Би «Көктем »
1-жүргізуші:
Бүгін бізге қонаққа Абылайдың атасы өзінің ән-шашуымен келіпті.Қошеметпен қарсы алайық!
2-жүргізуші:Қазақ қоғамында да әже –ұлт дәстүрінің алтын арқауы,тәрбие бастауы болды.Әулетті тура жолдан тайдырмай,дұрыс жолға салып,мейірімі мен тағылымды тәрбиесіне қандырып өсіретін ақ жаулықты әжелер қазақта аз болмаған.Ұлы Абайдың әжесі Зере де ақылды,парасаты мол,кісі ренжітпейтін байыпты,кең мінезді,тақуа,әңгімешіл әйел болған.Зеренің ақынды парасат жолына жетелеп,кемеңгер ақынның даналығының бастауы бола білгені ақиқат.
1-жүргізуші:Олай болса,келесі кезекті қойылымға береміз «Зеренің өсиеті»
2-жүргізуші:
Қарлығаш тобының орындауында би «Орамалмен»
1-жүргізуші:
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде
өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырып келешекке,
Біздермен осы күнгі тілдескен кім?
Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?
Жауына найза сөзін шанышқан кім?
Өзендей құйған барын көк теңізге,
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
Алдарыңызда «Солнышко» тобының балақайларының орындауында Абай аудармасы «Әтеш пен көкек»
2-жүргізуші: Айтыс- қазақтың халық ауыз әдебиетінің бір түрі,яғни әдеби жанр.Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов өзінің әдебиет туралы еңбегінде «Айтыс – сөз барымтасы.Бұның бір жағы өнер жарысы, екінші жағы ойын -жиында , айт пен тойда, халықтық мерекеде орындалатын сауық есепті» деген екен.
Ендеше, алдарыңызда «Қарлығаш» тобының бүлдіршіндерінің айтыс өнерін тамашалаңыздар!
1-жүргізуші: Халқының әдеп салтына
Ойлана қарап түйін түй.
Шаттығын сыйлап жалпыға
Жалғаса берсін ән мен би
«Айгөлек «тобының балаларының орындауында қазақ биі «Илигай».
2-жүргізуші:Әннің де естісі бар, есері
бар.
Тыңдаушының құлағын кесері бар,
Ақылдының сөзіндей ойлы - күйлі.
Тыңдағанда көңілдің өсері бар, -
деп жырлаған Абайдың өлеңге, әнге қояр талабы мен талғамы өте
жоғары болды.
Хор:
«Көзімнің қарасы» балабақша
ұжымының орындауында
1-жүргізуші :Бүгінгі кешімізді Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына өлең жолдарымен аяқтағымыз келеді
Асыл сөзді іздесең
Абайды оқы,ерінбе
Адамдықты көздесең,
жаттап,тоқы көңілге.
Қамшының сабындай ғана қысқа өмірінде артына өшпес із,өлмес өсиет қалдырып кетуді ақын сөзімен айтсақ
Өлді деуге сия ма ойлаңдаршы
Өлмейтұңын артына сөз қалдырған.
2-жүргізуші:Қазақ тарихында мәңгілікке өшпес із қалдырған Ұлы Абайдың Ұлы мұралары болашақ ұрпаққа үлгі.
1-жүргізуші:
Кең байтақ,көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман,жасыл жайлау,көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстаным-елім менің.
Ұлттар достығы өнеге болған,халықтар достығы үлгі болған тәуелсіз Қазақстанымыз мәңгілік ел болсын!
Ән «Атамекен» ұжым орындауында (балалар түрлі ұлттық киімде,қолдарында гүл,шар,жалаулар болу керек,ән басталғанда бәрі жүгіріп кіреді)
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген