жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ұлылардың ұлысы-Абай
Жамбыл облысы Тараз қаласы
№ 59 орта мектебінің 8 «ә» сынып оқушысы
Ұлықпанова Нургул Рашидқызы
ҰЛЫЛАРДЫҢ ҰЛЫСЫ – АБАЙ
Жоспары
І. Кіріспе: Абай – біртуар тұлға.
ІІ. Негізгі бөлім: Абай мұрасы - халық ұлағаты.
ІІІ.Қорытынды: Қазақ поэзиясының кемеңгері.
Қазақ халқының ұлы ақыны
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма
Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Даланы торлаған надандық түнегіне ол шамшырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті.
Біз Абайды қазір қараңғы жұмбақ ретінде емес, қазақ халқының біртуар тұлғасы және қазақ әдебиетінің шамшырағы ретінде қабылдаймыз. Ақынның қайтыс болғанына 175 жыл өтті. Бірақ біз үшін Абай өткен күннің ғана ақыны емес, біздің алға қарай қажырлы ұмтылуымызда ақын бізбен бірге болды — ал мұндай ақын өлмек емес, өйткені оның шығармаларына уақыт шек қоя алмайды.Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылысқа айналды. Сонымен қатар ол қазақ халқының ел болуы жолында ұлан-ғайыр еңбек еткен біртуар тұлға.
Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас Темірқазық іспеттес деп Елбасымыз айтқандай .Абайдың бары бұл – біздің бағымыз.Халқының күресі мен азабын, тағдырын өз үлесіне алған ақынның есімін қазақ халқы аса қастерлейді.«Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деп айтқан әр сөзі алдыңнан шығуы заңдылық. Елбасының Абайдың өсиетін, Абайдың жолын елді адастырмас Темірқазық санауы, сәт сайын ғақлия сөздеріне сүйенуі де сондықтан. Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық деп танимын.
Қазақ поэзиясының кемеңгер ақыны- ұлы Абай атамыздың жырлары мен ғибратқа толы қара сөздері – күллі әдебиет тарихының қайнар бұлағы. Ақын өлеңдері мен қара сөздерінің қай-қайсысын алып қарасақ та, олардың барлығы адам баласына үлгі өсиет-өнеге береді.. Сондықтан да Абай өлеңдерінде тәрбиелік арнасы өте мол деп сеніммен айта аламыз.
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндеАбай атамыз адам болам дегендерді өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, мал шашпақ тәрізді қасиеттерден аулақ болуға шақырса, талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды бес қасиетті бойға сіңіруге үндейді.
Абайдың пікірінше, ішкі рухани қазынамыздың молая түсуі тікелей өзіміздің қолымыздағы іс. Осы пікір Абайдың «Он тоғызыншы сөзінде» де қайталанады. Абайдың дүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірбиесінің нәтижесінен ғана туындайтын табиғи құбылыс. Сондықтан да Абай «Он тоғызыншы сөзінде»:
«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Сол естілерден есітіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады», - деп жоғарыдағы өлең үзіндісіндегі ойын осы сөзінде одан ары кеңіте отырып дамытатынын көруге болады. Ұлы ақынның әрбір айтқан сөзі -есті адам үшін өсиет-өнегенің таптырмас үлгісі. «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, таңырқа!» демекші, өмірге азық боларлық асыл ойлардың Абай жырларында тұнып тұрғаны баршаға анық. Сондай-ақ Абайдың
«Әуелде
бір суық мұз- ақыл зерек» өлеңінде:
«Тоқтаулылық,
қалыпты шыдамдылық,
Бұл
қайраттан шығады білсең керек.
Ақыл,
қайрат, жүректі бірдей ұста
Сонда
толық боласың елден ерек» ,-деп, өзгелерден
жоғары тұру үшін ақыл, қайрат, жүректі
бірдей ұстау керектігін ескертеді. Ал
Абайдың «Он
жетінші қара сөзінде»
қайрат, ақыл, жүрек, ғылымға арналады.
Алдыңғы үшеуі адам үшін өздерінің
атқаратын жұмыстарын айта келіп, әр
қайсысы өзін бірінші орынға
қойып таласады да, ғылымға төрелікке
жүгінеді. Ғылым үшеуінің де жақсылы,
жаманды қасиеттерін дәл сипаттап, әділ
сынайды. Жеке – жеке үшеуінде де кемшілік
бар. «Осы үшеуің басынды қос, оның ішінде
жүрекке билет», - деп үкім шығарады.
«Егер үшеуің ала болсаң, мен жүректі
жақтаймын», - дейді оларға ғылым. Демек
Абай жүректі, яғни адам – адамды сүю,
адам үшін қызмет етуді бірінші орынға
қояды. Бірақ ғылым бойынша да, Абайша
да ең идеал нәрсе – осы үшеуінің бірлігі.
«Осы үшеуі (ақыл, қайрат, жүрек ) бір
кісіде менің айтқанымдай табылса,
табанының топырағын көзге сүртерлік
қасиетті адам сол», - дейді. Расымен де,
осы үш қасиетті бойына тоғыстыра
білгендер кез-келген қиындыққа тайсалмай
төтеп берері анық.
Қазақ сөз өнерінің «патшасы» Ахмет Байтұрсынұлы Абай арқылы қазақ әдебиетінің өткені мен бүгіні жайлы сөз қозғап, өлең сөздің қадір-қасиеті жайлы толғаулы ой қозғап “Қазақтың бас ақыны” атты көлемді мақаласы жарияланды. Мұнда қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев туралы алғаш тереңнен тартып ой айтылған. Абай өлеңінің асыл қасиетін терең түсінген, өлең өнерінің озығы екеніне көз жеткізген А.Байтұрсынов: “Одан асқан бұрынғы-соңды заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ” деген тың да түйінді тұжырым жасады.
Абай поэзиясы – қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Тек қана Абай өлеңдерінен қазақ даласының табиғаты, қазақ өмірінің шындығы, қазақ халқының сезім-сыры, арман-тілегі, ұлттық ерекшелік қасиеттері түгел көрініп, сезіледі. Абай - қазақтың бас ақыны. Әр өлеңінде ақиқат жатқан ақынның туындылары қашан да болмасын құнды болып қала бермек. Себебі туындылары өміршең, қай заманмен де қатар өмір сүріп, адамзат өмірімен қоян-қолтық қатынаста болады. Абай өлеңдерінде мәңгілік адамгершілік тақырыптары жиі көтеріледі. "Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған", - деген екен. Иә, ақын Абай Құнанбайұлының туындылары арқылы ұзақ жасайтыны белгілі. Адам бақилыққа аттанғанымен, оның туындылары өмірін жалғастырады.
Абай
лебі,Абай үні, Абай тынысы – заман
тынысы,халық үні.Бүгін ол үн біздің де
үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс
алатынына сенімдімін.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген