400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ұлылықтың ұстаз тұрар басында"

Материал туралы қысқаша түсінік
Индер ауданы,Бөдене орта мектебінің ардагер ұстазы, Қазақстан Білім беру ісінің үздігі Мәриам Есқазиева туралы естелік.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ұлылықтың ұстаз тұрар басында»

«Ғалым да шахтер де бас иетін,Ұстазым бар сенің қасиетің» деп өлең жолдарына арқау болған ұстаз еңбегі өлшеусіз. Ұстаз алдынан өтпеген, ұстаздан білім алмаған, тәлімі мен тәрбиесін көрмеген адам баласы жоқ шығар мына жарық дүниеде. Тал бойына адамгершілік пен ізгілікті, мейірімділік пен қатаң талап қойғыштықты, терең білім мен ойшылдықты жинаған, парасатты да ақылды тұлға, Ол - ұстаз!

Осындай ұлы есімге лайықты, ұстаздардың ұстазы, ұзақ жылдар химия пәнінен дәріс берген, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі-Мариям Есқазиева. Шәкірттерін білімнің қайнар бұлағымен сусындата отырып, өз пәніне деген асқан сүйіспеншілігінің арқасында алдынан өткен талай шәкірті үлкен асуларды бағындыра білді. Ұстаздық жылдары Атырау облысының Индер ауданындағы шағын ғана Бөдене ауылында, Бөдене орта мектебінде өтті. Алғашқы еңбек жолын қарапайым мұғалімдіктен бастаған Мариям апай мектеп директорының оқу- тәрбие ісінің меңгерушісі, кейіннен зейнеткерлікке шыққанға дейін осы мектептің басшысы болып, ақыл парасаттылығы, ұйымдастырушылық қабілеті арқасында Бөдене орта мектебін облыс, республика көлеміне танытты.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер- бүгінгі мектеп оқушылары, мектеп оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады» деп тұжырым жасаған еді. Елбасының осы қанатты сөзін мақсат еткен ұстаз мектеп оқушылары арасынан дарынды оқушыларды танып, және шығармашылықпен жұмыс жасауға бағыт берді. Шығармашылықпен жұмыс жасауға қабілетті баланы іздеу, оларды тәрбиелеу болашақ қоғам үшін өте қажет екенін тани білді.Сол себепті оқушыны зерттеу, бейімдеу, ынталандыру жұмыстарын көптеп жүргізу қажеттігін түсініп, алғыр шәкірт пен ізденімпаз ұстаздарды топтастырып мектепте «Жас дарын» оқушылардың ғылыми қоғамын құрып, өзі жетекшілік етті. Оқушылардың ғылыми қоғамы- бұл белгілі бір ғылым саласын терең меңгеру үшін өз білімін жетілдіруге талаптанған оқушылардың ерікті шығармашылық бірлестігі.

Мариям апай жетекшілік еткен, өз маңдай терімен, көп ізденісінің арқасында талай биіктерге көтерілген бұл қоғамнан білімді, саналы, ізденімпаз шәкірттер өсіп, жетіліп, өмірдің сан тарау жолдарына сапар шекті.

Әрине, ұстазының тынымсыз еңбегінің жемісін көрсеткен шәкірттері аз емес.

Солардың бірнешеуін атар болсақ: Ишанова Айшабибі Жүсіпқызы. Ол республикалық ғылыми жобалар байқауында жүлделі ІІІ орынға ие болып, республикалық «Дарын» орталығының грантын иеленді. Нығыметова Аймекен Мұратқызы- ОҒҚ-ның ең алғашқы мүшесі, Астанадағы Евразиялық Ұлттық университетінің биология факультетін бітірді. «Болашақ» бағдарламасымен Австралия Брисбен қаласындағы Квинсленд университетінде оқыды.

«Шәкіртсіз- ұстаз тұл» десек Мариям Есқазиеваның шәкірттерінің бірі де бірегейі- Талтенов Абзал Ахатұлы. 1987-1988 жылдары 8-9 сыныптарда Көкшетау мен Петропавл қалаларында өткен химия пәні бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасына қатысып жүлделі ІІ орынды иеленген. Мектепті үздік бітірген соң сүйікті ұстазы Мариям апайының жолын қуып, Қаз.МҰУ-нің химия факультетіне түсіп, үздік аяқтады.Бүгінде Халықаралық білім Академиясының мүше корреспонденті және ҚР.Педагогика ғылымдары Академиясының академигі. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры қызметін атқаруда.

Осылай санамалай берсек Мариям апайдың өткен жолында өрнектей өрілген саналы да сарқылмас білімді, адамгершілігі мол шәкірттерін көптеп айтуға болады.

Кейбір адамдар болады айналасына күн сәулесіндей жарық шашып, жан дүниесін жадырататын, қарапайымдылығы мен парасаттылықты қатар ұстайтын, асқан білімділігі мен еңбекқорлығы әр ізінен көрініп тұратын. Міне, менің бүгінгі әңгімеме арқау болып отырған- ұстаздардың ұстазы, ұзақ жылдарын шәкірт тәрбиелеуге арнаған, тұла бойы адамгершілік пен ізгілікке толы, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған ардагер ұстаз, Қазақстан Білім беру ісінің үздігі- Мариям Есқазиева осындай жан.

Мен, Мариям апайдың ұлылыққа толы ұстаздық жолын, мектепті басқарған жылдардағы өлшеусіз еңбегін кейінгі жылдардағы өлшеусіз еңбегін кейінгі ұрпақ есте сақтаса екен деймін.

Әрине, артында саналы шәкірті қалған ұстаздың жолы ғасыр өтсе де ұмытылмасы анық.

Атырау облысы

Индер ауданы

Бөдене орта мектебінің шағын топ тәрбиешісі:

Үсенғалиева Лаура Жарылғасынқызы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
965
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі