15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұлыстың ұлы күні
Құмжарған орта мектебі

Мектепішілік наурыз мерекесі
Дайындаған: Ж.Идрисова
2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы: «Ұлыстың ұлы күні»
Мақсаты: Оқушылардың наурыз мерекесі жөніндегі білген, түәгенін одан әрі толықтыра отырып, мерекедегі айтылған ұлағатты салт-дәстүрлерді дәріптеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тақырыбы, ұлттық нақышта безендірулер, алты бақан т.б.
Барысы.
Балалар жүгіріп шығады.
Жүргізуші: Уа, халайық құтты болсын мерекең,
Құтты болсын, құтты болсын берекең.
Наурыз той тойланады мектепте,
Қош келдіңдер, мерекені көріңдер!
Жүргізуші: Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,
Жап-жасыл боп кетті дүние жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған Наурызым,
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік.
Жүргізуші: Құт-береке Наурыз айым келді деп,
Жер түледі, жасыл желек жедбіреп.
Айналайын атамекен, кең далам,
Толықсиды нұрға балқып, елжіреп.
Жүргізуші: Аспанымда ақша бұлттар аунайды,
Наурыз тойы көңілімді баурайды.
Тебіренген табиғат та мәз-мәйрам,
Аңқылдаған қазағымнан аумайды.
Жүргізуші: Елім менен жеріме
Ырысын шашқан- Наурыз.
Күлімдеген көктемге
Шуағын шашқан – Наурыз.
Жүргізуші: Жеті түрлі дәм салып,
Дәм татқызған – Наурыз!
Жақсылық тілеп халыққа
Молшылық берсін – Наурыз.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Көптен күткен қазағымның ұлттық мерекесі де бүгін біздің табалдырығымыздан аттап тұр. Наурыз тойларыңыз құтты болсын!Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын!
Жүргізуші: Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді, тілектеріңіз қабыл боп, аман –есен тойдан тойға жетіп, жаңа жылда жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы Ұлыстың Ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурыз есігін қуанышпен ашсын. Той тойға ұлассын ағайын!
Ән: «Наурыз» Орындайтын : А.Қоғабаева
Жүргізуші: Қос жанары аспанның,
Қос арқауы дастанның,
Домбыраның қос ішегі-
Мына тұрған Ай мен Күн.
Күн: Сәлем ата-аналар,
Айналайын балалар!
Ұстаздарым аман ба,
Жаса, жайлы заманда.
Уақыт үдеп келдім мен
Бақыт тілеп адамға!
Күн: Сәулесі мол күнмін
Түн: Жұлдызы көп түнмін.
Екеуі: Бірдей болып біздер
Теңелеміз бүгін.
Түн: Ал, ертең күн ұзақ
Күн: Түн қысқарар бірақ.
Екеуі: Ұйқы қанбай қалып
Жүрмеңдер тек жылап.
1-жүргізуші: Жүріңдер Наурызға басып аяқ,
Қалыс қауым болмасын некен саяқ.
Ән шырқап, би билейік қауым болып,
Тұрмайық уақыт келді өнерді аяп- дей келе мектебіміздің ұстаздарының орындауында үрдіске айналған
қазақтың халық әндерін қабыл алыңыздар. Қазақтың халық әндері «Көзіңнің мөлдірін-ай» және «Белеске». Алдарыңызда мектебіміздің ұстаздары.
1-оқушы: Наурыз Шығыс халықтарының көбінің мейрамы. Солардың ішінде әсіресе көшпелі түркілер арасында ең қадірлі, ең ұлы мейрам болып саналған. Қыс өтіп, күн шырайы түзелген сәтте Тәңірден ел тіршілігіне кеңшілік келеді деп есептелген. Сондықтан жазғытұрым, наурыздың кірген күні – жаңалық күні. Ескі ауыртпалықтың бәрі қыспен бірге кетіп, енді жаңа үміт, жаңа тіршілік иесінің есігі ашылған күн.
2 оқушы:Ал, халайық, жараңдар,
Наурыз келді, қараңдар.
Құлпыруда далам бар,
Қуануда адамдар,
Наурыз келді , қараңдар!
Наурыз келді, жыл келді,
Дала жайнап гүлденді.
Көңілдерге қуаныш,
Жүректерге нұр берді,
Наурыз келді , жыл келді!
3-оқушы: Қырлар көкке оранды,
Құстар қайта оралды.
Жылы шуақ молайды,
Қарлы ызғар жоғалды.
Толған кезі ырыстың,
Қызған кезі жұмыстың.
Келді Наурыз, Жаңа жыл,
Ұлы күні ұлыстың,
Ұлы күні ұлыстың,
4-оқушы: Тыңда ағайын, тыңдаңдар,
Тойда босқа тұрмаңдар.
Наурыз әнін шалқытып,
Наурыз жырын жырлаңдар!
Бар жанменен туыспын,
Бар жанменен ұғыстым.
Наурыз- достық, ынтымақ,
Ұлы күні ұлыстың,
Ұлы күні ұлыстың,
5 оқушы: Наурыз келді, наурыз келді, ағайын,
Құшарланып құшағымды жазайын.
Көктем шыға күлімсіреп көк аспан,
Әнге толды, күйге толды маңайым.
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн өткен.
Жарығыңмен, шуағыңмен, Күн Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
6-оқушы: Жарқыраған жас нұрлы,
Жаса, Наурыз дәстүрлі!
Бақытыма шалқыдым,
Ашылады нұрымыз.
Осынау байтақ елімде
Айтылады жырымыз.
7-оқушы: Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерледік, қадіріңді білдік те.
Құтты болсын, Ұлыс күні жұмылдыр
Бәрімізді Ынтымақ пен Бірлікке!
8-оқушы: Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлап еліме
Күлімде, Наурыз, күлімде.
Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
Соны тойлар ел енді
9-оқушы: Бәрі едің жоғалған қазынаның,
Төріне кел Наурызым жазираның.
Ырыс кел, құт әкел, бақыт әкел,
Мейрамысың сен ұлы Азияның!
«Қазақ » биі. Орындайтын: мектебіміздің бишілері. Жетекшісі: Ақтоты Үксикбаева. Қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші: Ару көктем, әз Наурызым, ақ күнім,
Ала келген бар әлемнің шаттығын.
Қазан-қазан көже жасап,
Азан-қазан күй кешу
Біздер үшін бақ бүгін.
2-жүргізуші: Наурыз келді нұрландырып дүиені,
Жерге басын алтын тәжді күн иді.
Бүкіл әлем жаңарады, түрленеді,
Кәрі дала жасарып гүлденеді.
Жан дүниемде ғажап сезім оянды,
Ой да, қыр да алуан түске боялды.
1-жүргізуші: Иә, Наурыз тойына жиналған халайық! Ойын – тойымызды жалғастырайық. Той тойға ұлассын. Қазақ қазақ болғалы салт-дәстүрден кенде емес. Сол салт дәстүрді жалғастырған ата-бабаларымыз біздерге салтымызды сақтауды аманат етіп кеткен. Бүгінгі ұрпақ кешегі ата-бабамыздың аманатына қиянат етпеуде деп ойлаймыз.
2-жүргізуші: Бүгінгі күн – салт-дәстүрімізді жаңғыртып, көсегеміз көгерген күн ағайын! Той тойға ұласуда.
Көрініс. «Сыңсу» Қыз- А.Есбосинова
1-жүргізуші: Қыз ұзату тойында ата-ана ренжиді және қуанады. Құшағында мәпелеп өсірген қызын шыңға ұшырып, ұясына қондыру міндет болғанымен қиынға соғады.
2-жүргізуші: Қыз ұзату тойына жігіт жақтан қызда алып кетуге көп дегенде 5 адам келеді. Ол келге ет жақын адамдарды құдалар дейді. Ал қыздың ұзатылатын жігітін «күйеу» деп атайды.
Ән: «Балқадиша» Орындайтын: Мектебіміздің әншілері Е.Қонысбай мен Ә.Тоқаш.
Ән: Қазақтың халық әні «Балапан қаз» Орындайтын: Н.Қуанышбаева
1-жүргізуші: Білесіңдер ме? Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы- Наурыз көже. Наурыз көже – кем дегенде 7 түрлі тағамнан жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылдық, молшылық, мәнді де татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді.
2-жүргізуші: Наурыз тойндаға тағамдара көбінесе ақ жағы басым болады, өйткені бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез.
1-жүргізуші: Сондықтан да тойшылар бір-біріне «Ақ мол болсын», «Сауыр көбейсін» деген тілектер айтады. Халық аңызы бойынша Қыдыр баба барлық босағаны аттап қуаныш әкеледі, жақсылық шашады.
2-жүргізуші: Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты
Молшылыққа аңыз боп
Басталыпты Наурыздан!
Ән: 6-сынып оқушысы Ғлажадинова Дильназдың орындауында қазақтың халық әні «Беу, құрбым-ай». Қабыл алыңыздар
1-жүргізуші: Мерекелі думанда
Өнерлі қауым жиыппыз.
Қазақ елі тұрғанда
Той болмайды айтыссыз.
2-жүргізуші: Ән мен күйі- бойтұмар,
Салтанатын сағынар.
Ұлы күні айтылар
Наурыз айтыс тағы бар.
1-жүргізуші: Таразылап тақымдап,
Алдыда тұр, асқар сын.
Ортаға шық ақындар,
Наурыз айтыс басталсын!
Жігіт: Ата-баба дәстүрін
Үйренуден қашпаймыз
«Айтыс» десе сәнденіп
Қыздар іздей бастаймыз
Қыз: Біржан болып сен келсең
Ақын Сараң мен болам
Сәйгүлік болып сен шапсаң
Аққу құсың мен болам
Жігіт: Біздің топтың ұлдары
Шеттерінен ақылды –ақ
Жұмбақ, тақпақ бұл тойға
Айтып берер тақылдап
Қыз: Үй жабдығын бұл тойға
Біздің қыздар сәнденді
Қонақ күтіп, ән салды
Ұлдарынан кем бе еді
Жігіт: Түрлендіріп қамшы өрсем
Қыздарың таң қалады
Күмбірлетіп күй шертсем
Мұнда думан болады
Қыз: Мақтандың ғой жігітім
Өнеріңді көрейік
Көрсет сәнді қамшыңды
Біздер баға берейік.
Жігіт: Тойға барам деген соң
Домбыра ұстап жетіп ем
Шашақталған қамшымды.
Үйге тастап кетіп ем
Қыз: Қалып қойса қамшыңыз.
Тағы тойға келерсіз.
Сол қамшыны мына бізге
Сонда сыйға берерсіз
Жігіт: Қоштасайық халықпен
Ақындарын пір тұтқан.
Сөз өнерін шөлдегенде
Рахаттана бір жұтқан
Ән: «Дайдидау» Орындайтын: Мектебіміздің әншісі Таңатар Бейбарыс.
1-жүргізуші: Бүгінгі той тойға ұласуда ағайын. Жаңа ғана «сыңсу», «айтыс» дәстүрін тамашаладыңыздар.
2-жүргізуші: Олай болса, дәстүрге бай тағы бір салтын тамашалаңыздар!
Көрініс: «Келін түсіру» Келін: А.Есбосинова «Бет ашар».
Қызыр ата келін мен күйеуге бата береді:
Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын!
Жас ұрпақ өмірлі болсын
Әр күндерің көңілді болсын!
Мерейлерің тым биік болсын,
Білімдерің аса терең болсын.
Жетістіктерің орасан зор болсын.
Мәртебелерің тасып,
Аспандарың ашық болсын,
Дұшпандарың қашық болсын.
Бақытты болыңдар!
Әумин!
1-жүргізуші: Тойдың тойға ұласқаны өте
жақсы.
Осындай той сіздерде де
болсын!
Мектебімізідің бишілерінің орындауында «Қазақ биін» тамашалаңыздар. Жетекшісі: Жамила Алиманова.
1-жүргізуші: Наурыз- тойы береке,
Наурыз тойы- жыр аңыз.
Қызық дулы мереке,
Қызық думан құрамыз.
2-жүргізуші: Күн әкелген жыл көрім,
Күллі дүние жайдары.
Желкілдеген гүлдерін,
Жер-анамыз жайнайды.
1-жүргізуші: Наурыз-шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән салып жас-кәріміз,
Би билейік бәріміз!- Ән: Байтақ Мерейдің орындауында «Туған жер» әнін қабыл алыңызар
1-жүргізуші: Сіз боп, біз боп, жалпымен,
Қадірімен, парқымен
Наурыз тойын өткердік,
Ата-дәстүр салтымен.
2-жүргізуші: Жалғасумен жылма-жыл,
Шабыт берсін жылға-жыл.
Өнер сүйер өрендер,
Рахмет мың да бір!
1-жүргізуші: Ән қосылсын әніңе,
Сән қосылсын сәніңе
Ырысты боп Жаңа жыл,
Бақ дарысын бәріңе!
2-жүргізуші: Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылып бойыңа,
Аман –есен жетейік,
Келер Наурыз тойына.
1- жүргізуші: Жиналған мыныау халыққа,
Жыр маржаннан шашайық.
Батасын алып қарттардың,
Наурыз көже беру рәсімін жасайық!
2-жүргізуші: Ұлыс күні Баршамызға құтты болсын! Қазақтың Наурызында ризық- несібелеріміз мол болсын!
Тойымыздың келесі бөлімі көжеден дәм тату рәсімімен жалғасады. Барлықтарыңызды мектебіміздің акт залына шақырамыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген