400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлыстың Ұлы күні: Көне мен Жаңа үндестігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз мерекесі жайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлыстың Ұлы күні: Көне мен Жаңа үндестігі

Көктемнің жайма шуағын ала келген әз Наурыз – халқымыздың сан ғасырлық тарихынан сыр шертетін, өткен мен бүгінді тоғыстыратын ұлы мереке. Бұл күн – тіршіліктің қайта жанданып, жаңа өмірдің бастау алатын сәті. Ұлыстың Ұлы күні тек көктемнің ғана емес, ізгілік пен бірліктің, береке мен жаңарудың мейрамы.

Журналистика факультетінің студенттері де осы құндылықтарды дәріптеп, Қазақстан тарихы сабағының негізінде Тасилова Назия ұстаздың бастамасымен “Ұлыстың Ұлы күні Наурыз: көне мен жаңа үндестігі” атты шара ұйымдастырып, ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғыртуға атсалысты. Бұл тек мерекелік жиын ғана емес, өткеннің мұрасын бүгінгімен сабақтастырып, Наурыздың шынайы болмысын сезінуге мүмкіндік берген тағылымды басқосу болды.

Шараға Журналистика мамандығы, 1 курс студенттерінен толықтай 5 топ қатысты. 101-топ студенттері өз көріністері арқылы , сырға салу – тек екі жастың ғана емес, екі әулеттің жүректерін жақындатқан, ғасырлардан жеткен киелі дәстүр екендігін жеткізе білді. “Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра” демекші , домбырасын арқалап келіп, күмбірлеген күйімен, асқақтаған жырымен, ата дәстүрге деген шексіз құрметімен 102-топ Наурыздың шынайы рухын сезіндірсе , 103- топ мұзбалақ ақын Мұқағали жолымен мерекенің мәнін- поэзиямен жеткізді. Дәстүр мен тағылым тоғысқан қазақы қасиетті жоралғының бірегейі «Беташар» салтын көрсете білген 104- топ - ақ бата мен асыл сөзге арқау болды.Қырық үйден қызын тыйған қазақ үшін ең маңыздысы – аялаған әппақ гүлін абыроймен өз отанына аттандыру бағзыдан бергі дәстүр. Әке ақылы , аға қамқорымен өскен қыздың қолын сұрау сәтін , әрбіріміздің жүрегімізді елжірете отырып көрсеткен 105- топ көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Осылайша, тектіліктің төресі болған – Қазақтың салты мен дәстүрін нақышына келтіріп көрсете білген жас буын өкілдері, ұстаздардың Алаш деп кеуде керіп марқаятын мерекесі Наурыздағы көңіл күйін көтерді.

Шара соңында өрнектелген қазақша киімдер мен бұйымдар таққан студенттер естелікке суретке түсіп, абыроймен өткізген мереке үшін өзді-өзі мәз болысты.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 сәуір
267
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі