400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үңгірдегі сыр

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ: қазақ әдебиеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

СЫНЫП: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім: Адам жанының құпиясы

Сабақтың тақырыбы: Т. Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» ғылыми-фантастикалық әңгімесі. Үңгірдегі сыр

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау;

10.3.3.1 шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу;

Сабақтың мақсаттары

Т. Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» ғылыми-фантастикалық әңгімесіндегі құбылту мен айшықтаудың түрлерін талдап, автор стиліне баға беру, шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.

Бағалау критерийлері

  • құбылту мен айшықтаудың түрлерін талдайды;

  • автор стиліне баға береді;

  • шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады.

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен амандасу. Назарын сабаққа аудару.

Қызығушылықты ояту.

«Көршіңмен талқыла» әдісі арқылы оқушылар теориялық мәліметті талқылайды.

Троп - грекше - tropos - бұрылыс, бұрма деген сөз. Көркем тілдің басқа түрлерінен ауыстыру мағынасында қолданылатын сөздердің негізгі ерекшелігі астарлылығында. Бір нәрсені айтып, екінші мағына ұқтыруында. Мысалы, ақындар: Алатау ақ бас шалым көпті көрген не жұлдыз жымыңдады, күн күлді деп жазады. Мен Абайды оқыдым, көше ояу, ана үйдің құдасы келді дейтін сөйлемдердегі сөздерді алсақ – бәрі де ауыстыру мағынасында қолданылған сөздер. Жұлдыз жымыңдады, күн күлді - жанды нәрселердің істейтін іс-амалын жансыз нәрселерге істету, көше ояу -адамның орнына тұрағын айту. Абайды оқыдым - шығармасының орнына авторын айту т.б. осылар тәрізді сөз қолданыстар троп немесе ауыспалы мағынасында қолданылатын сөз делінеді. Троп негізінде алтыға бөлінеді: 1) метафора; 2)кейіптеу; 3) метонимия; 4) синекдоха; 5) символ 6)аллегория. Фигура (латынша келбет, бейне) - әдеби тілдің әсерлігі үшін қажет тәсіл, яғни сөз тіркестерін дағдылы синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша айшықпен құру. Мақсаты: сөздерге ерекше леп, екпін, тыныс беру арқылы олардың оқырманға әсерін күшейту. Айшықтаудың бірнеше түрі бар.Арнау – адамның, яғни ақынның өзіне не өзгеге, кейде тіпті жалпы жұртқа арнайы тіл қатуы, олармен іштей кеңесуі. Арнауды А.Байтұрсынов үш түрге бөлген: жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау. Кейін бұл үлгіге айналды.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.




«Көршіңмен талқыла» әдісі арқылы оқушылар теориялық мәліметті талқылайды.










Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.













10-сынып

Қазақ әдебиеті





Әдебиет теориясы

https://lektsii.com/1-51554.htm





































Сабақтың соңы


Мағынаны тану

Тапсырма. Оқушылар ұсынылған кестеге сай құбылту мен айшықтаудың түрі, қолданылу мақсатын, автордың стильдік ерекшелігін бағалайды.

Шығармадан мысалдар

Құбылту мен айшықтаудың түрі, қолданылу мақсаты

Автордың стильдік ерекшелігіне баға










Дескриптор:

  • Шығармадан мысал келтіріңіз;

  • Құбылту мен айшықтаудың түрін анықтаңыз;

(кемінде 3-4);

  • Көркемдегіш құралдың қолданылу мақсатын анықтайды(кемінде 3-4);

  • Автордың стильдік ерекшелігіне баға береді(кемінде 2-3).

ҚБ

  • Идея дегеніміз не?

  • Ал, бұл шығарманың идеясы қандай?

  • Адамзат үшін ғылымның маңызы қаншалықты?

Тапсырма. Берілген тақырыпқа кұрылымдық және стильдік ерекшелігін сақтай отырып 100-120сөз көлемінде әдеби эссе жазыңыз.

Тақырып: Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз...

Дескриптор:

  • Ерекшелігін сақтай отырып әдеби эссе жаза алады;

  • Тақырыптан ауытқымайды;

  • Сөз көлемін сақтайды.

ҚБ

«Автор орындығы». Үздік жұмыстар «Автор орындығында» оқылады.

Кері байланыс




Оқушылар ұсынылған кестеге сай құбылту мен айшықтаудың түрі, қолданылу мақсатын, автордың стильдік ерекшелігін бағалайды.




Оқушылар тапсырманы орындап, бір-бірін бағалайды.



Берілген тақырыпқа кұрылымдық және стильдік ерекшелігін сақтай отырып 150-200 сөз көлемінде әдеби эссе жазады.


Үздік жұмыстар «Автор орындығында» оқылады.























ҚБ












https://lektsii.com/1-51554.html
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
20 ұстаз жүктеп алған
11 ақпан
3002
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі