400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үнің кетпес құлақтан

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге, мектеп тәлімгерлеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-шілде «Ұлттық домбыра» күніне арналған «Үнің кетпес құлақтан » мерекелік шараның сценарийі



Өтетін күні: 1 шілде 2018 жыл

Өтетін уақыты: 1700

Өтетін орны: ауылдық клуб үйі



Ән: Шиелі вальсі (кештің ашылуы)

Жүргізуші: Домбыра мұнша шешен болдың неге?

Күй толған көкірегің шежіре ме?

Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесін,

Саусағым тиіп кетсе ішегіңе, - деп Қ. Аманжолов жырлағандай

қазақ халқының басқа халықтардан ерекшеліктерінің бірі ол өзінің ұлттық музыкасының болуы. Атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналды. Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы домбыра күйлері. Бұл мұра ғасырдан ғасырға іріктеліп, сұрыпталып, сүргіленіп, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отырған. Олай болса бүгінгі 1- шілде ұлттық домбыра күніне арналған «Үнің кетпес құлақтан» атты мерекелік шарамызға хош келдіңіздер.

Бүгінгі кешімізді ашу үшін сөз Қоғалы ауылдық округінің әкімі Сейітов Ғазиз ағайға беріледі.

Жүргізуші: Байырғы кезде қазақ үйінің төрінде әрдайым домбыра ілулі тұрған немесе үй-ішінің біреуі домбырада күй шертпейтін отбасы қазақ арасында кемде-кем болған. Осы орайда халық арасында сұрақтар пайда болуы мүмкін. Осы домбыра, күй сөздері қайдан шыққан? Нені білдіреді? Ол қай кезден бар? Неге домбыра қазақ арасында соншама кең таралған? Осындай сұрақтарға жауап іздеп көрелік.Белгілі зерттеуші Хайролла Жүзбасовтың пікірінше домбыра сөзі «дөпбұра», «дәлбұра», «дембұра» деген сөздердің тізбегі арқалы жасалған.

Ендеше бүгінгі кешіміздің қонағы Республикалық Құрманғазы атындағы күйшілер байқауының «Гран при» иегері, Отырар сазы оркестрінің концерт мейстері, «Мен қазақпын» мега жобасының жүлдегері Ташимов Әділбекті ортаға шақырамыз.

(Ортаға Әділбек шығып бірнеше күй орындайды)

Жүргізуші: Әйгілі әншіміз Роза Рымбаева шырқайтын «Домбыра» әнінде «Күй ойнайды қазағымның қанында, күй ойнайды қазағымның жанында» деп келетін шырайлы жыр жолдары бар емес пе еді. Дәл айтылған. Осы рухты әнді тыңдамаған қазақ кемде-кем болар десек, тыңдаған жамағаттың баршасы осынау сөздердің шындығына ден қойғаны күмәнсіз. Қалай десек те, қазақтың жаны – күйінде. Жанының барлық қатпарлары, қуанышы мен қайғысы, күйініші мен сүйініші, мұң-шері мен шаттығы баяулап, толқындап, тасқындап тек домбыра шанағынан төгіледі. Қазақтың мінезі, ерлігі мен өрлігі, сабыр-сабаты да қазақтың өзінің күйлерінде жатыр. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген Қадыр ақынның терең ақыл-парасатының меңзеп отырғаны да осы емес пе.

Келесі кезекте өз ауылдасымыз, Екінші Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивалінің лауреаты, Одақтық композиторлар одағының мүшесі, Мәдениет майталманы Маханов Батырхан ағайды ортаға шақырамыз.

(Ағай өз күйлерімен таныстырып, репертуарынан күйлер орындайды)

Жүргізуші: Бүгінгі кейіпкеріміз Әділбек Ташимовты ортаға шақырайық. Бұл кісі «Мен қазақпын» мегажобасының жүлдегері. Осы кісіні қолдау мақсатында СМС хабарламаларын жіберсеңіздер болады. (Бұл кісі күй орындайды)

Жүргізуші: Қазақ қуанса да, қапаланса да домбыраға қол созған, күймен жұбанған. Кеңес қыспағындағы қапас кездерде Мұхтар Әуезовтің «қазақтың ұяты күйінде ғана қалды» деп күңіренуінде үлкен астарлы мән жатыр. Қиналған шақтарда күй қазақтың, оның ардагер перзенттерінің қорғаны болғанын да аңдаймыз бұдан. Күй – біздің ең ардақты, ең әлеуетті, ең сәулетті ұлттық құндылығымыз, ұлттық кодымыз, ұлттық мәдениетіміздің төресі. Келесі кезекте ауылдасымыз Батырхан ағайға берейік.

(Ағай күй орындайды)

Жүргізуші: Күйші деп кімді айтамыз? Өз жанынан күй шығарған өнер иесін күйші дейміз. Белгілі бір композиторлардың күйін сахнада орындайтын өнер иесін орындаушы дейміз. Бүгінгі кейіпкерлеріміздің екеуі де өз жанынан күй шығаратын күйшілер. Ендеше осы екі кейіпкерлерімізден өз жанынан шығарған күйлерін орындауын өтініп, сахна төріне шақырсақ.

( Екеуі екі дауыста бір күй тартып, сонан соң өз күйлерін тартып береді)



Жүргізуші: Қос қазық, екі желі, сегіз ноқта,

Сөйлейді шежіредей адам соқса.

Тағы бір мінезі бар таңғажайып,

Ешуақыт сөйлемейді адам жоқта.

Қазіргі кезеңде күйшілік өнер қанатын кең жая, қазақ деген ұлттың дәстүрлі мәдениетінде самғауда. Бодандық кезеңнен аман – есен өткен домбыра аспабы елімізде айырықша орын алуда. Қазақ Ұлттық Музыка академиясы, Құрманғазы атындағы Ұлтық консерваторияда, еліміз бойынша көптеген колледждерде қаншама болашақ домбырашы мамандар білім алуда. Оған жұмыс істеп жүрген осы оқу орындарының түлектерін қосайық...Әрине, қиынға соққан мәселелер де бар, бірақ өте келе адам түзеліп, адаммен заман да түзеліп бәрі орнына келеді. Тек уақыт қажет. Жалпы қорыта айтып тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: «Қазақтың ұлттық өнері болған, қазірде бар және де болашақта да өз қасиетін жоғалтпай қала береді» !!!

Ән: Қазақстаным.

Жүргізуші: Осымен бүгінгі ұлттық домбыра күніне арналған «Үнің кетпес құлақтан» атты кешімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға, уақыт бөліп келгендеріңізге көп- көп рахмет. Келесі кездескенше сау- саламатта болыңыздар.

























1-шілде «Ұлттық домбыра» күніне арналған «Үнің кетпес құлақтан » мерекелік шараның сценарлық жоспары





Өтетін күні: 1 шілде 2018 жыл

Өтетін уақыты: 17. 00

Өтетін орны: ауылдық клуб үйі



  1. Ән: Шиелім

  2. Жүргізушінің сөзі

  3. Қоғалы ауылдық округі әкімі Сейітов Ғазиздың мерекелік шараны ашуы

  4. Жүргізуші сөзі

  5. Күйші Ташимов Әділбекті таныстыру

  6. Күйшінің күй тартуы

  7. Жүргізуші сөзі

  8. Маханов Батырханның сахнаға шығуы

  9. Жүргізуші сөзі

  10. Ташимов Әділбектің орындауындағы күйлер

  11. Жүргізуші сөзі

  12. Маханов Батырханның орындауындағы күйлер

  13. Жүргізуші сөзі

  14. Екі күйшінің өз жанынан шығарған күйлерін орындауы

  15. Жүргізуші сөзі

  16. Ән:Қазақстан

  17. Көрермендер пікірі

  18. Кештің аяқталуы

















1-шілде «Ұлттық домбыра» күніне арналған «Үнің кетпес құлақтан » мерекелік шараның өткізілуі жайлы мәлімет



1 шілде «Ұлттық домбыра» күніне байланысты ауылдық клуб үйінде «Үнің кетпес құлақтан» атты мерекелік іс- шара өткізілді. Іс- шара кейіпкерлері күйшілер Республикалық Құрманғазы атындағы күйшілер байқауының «Гран при» иегері, Отырар сазы оркестрінің концерт мейстері, «Мен қазақпын» мега жобасының жүлдегері Ташимов Әділбек және Екінші Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивалінің лауреаты, Одақтық композиторлар одағының мүшесі, Мәдениет майталманы Маханов Батырхан болды. Мерекелік шара Бектұрғанов Өмірсеріктің орындауындағы «Шиелі вальсі» әнімен ашылды. Сонан соң Қоғалы ауылдық округі әкімі Сейітов Ғазиз ауыл тұрғындарын бүгінгі мерекемен құттықтап, шараға келіп отырған ақ сақалды аталар мен ақ жаулықты аналарға уақыт бөліп келгендері үшін алғысын айтты. Кеш барысында Ташимов Әділбек халық күй «Ақсақ құлан» «Аққу», «Туған жерге махаббат» т.б. күйлер орындады. Маханов Батырхан «Ананы аңсау», «Көңіл мұңы», «Жастар , «Інілеріме» атты т.б. күйлер орындап, көрермен ықыласына бөленді. Кеш соңында көрермендер екі күйшіге өз тілектерін айтып, ауылымыздың ақсақалы Жүсіпбеков Айбек батасын берді. Мерекелік шара Бақыт Жанботаның орындауындағы «Қазақстан» әнімен аяқталды.





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 қараша
600
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі