Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҰОҚ денсаулық "Көңілді доп"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-сәбилер тобындағы оқу іс-әрекеті

ұйымдастырылған технологиялық картасы.

Күні: 16 – 18.01.2019

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Дене шынықтыру

Тақырыбы: «Көңілді доп»

Мақсаты: Балаларды қатармен бір-бірден жүруге, допты бір-біріне домалатуды үйрету. Музыканың басталуын сезініп, музыкаға сәйкес жүруге баулу.Тәртіпті, ережені сақтауға тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: доптар

Үш тілдік компонент: доп – мяч - boll



Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың Іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

І.Бөлім

Балалармен сәлемдесу

1.Бір-бірінің артынан жүру және жүгіру

2. Балаларды екі топқа бөлу: Бірінші топпен «Серуендейміз» деген ұранмен бөлмеде жүру. Екінші топпен де солай жасау.




Балалар тәрбиешімен сәлемдеседі.

Балалар сапта бірінің артынан бірі шеңбермен жүреді, жүгіреді.

Іздену- ұйымдастырушылық

ІІ.Бөлім

Жалпы дамыту жаттығулары:

Шеңбер бойы тұрғызып, жалпы дамыту жаттығуларын орындату.Жаттығудың жасалу ретін түсіндіріп тұрып көрсету. Балалардың дұрыс орындауларын қадағалау.

1.Б.қ.:Аяқтар иық деңгейінде, қолдар түзу төменде. Қолдарды алдыға қарай созу, шапалақтау, бастапқы қалыпқа оралу 5-рет.2.Б.қ.: сол сияқты, қолдар белде.Отырыңқырап алақандарды еденге тигізу, тұру, бастапқы қалыпқа оралу 5-рет.

3.Б.қ.: отырып, аяқтарды жан-жаққа созу, қолдарды арқаға тығу. Еңкею, қолдарын алға қарай созып саусақтарымен аяқтарының ұшына тигізу, түзу отырып, қолдарын арқаға тығу, бастапқы қалыпқа оралу 4-рет.

4. Б.қ.: Аяқтар сәл жақын, қолдар белде. Орнында тұрып секіру, орнында жүрумен алмасу 2-рет.

ІІІ.Бөлім

Негізгі қимыл – қозғалыс жаттығулары:

  • Бір-біріне доп домалату . Екі топ бір-біріне қарама –қарсы отырып 1 м. қашықтықта допты домалатады. Домалату кезінде алақандарын күрекше ұстап, допты өзінен алдыға қарай итеру керектігін түсіндіру

Қимылды ойын: «Көңілді доп»





Балалар жалпы дамыту жаттығуларын орындайды







Тәрбиешіні мұқият тыңдайды,жаттығуды бұлжытпай орындауға тырысады.









Балалар негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасайды.

Ойынға жаппай қатысады.



Рефлексті - коррекциялаушы


ІV.Бөлім

Қорытындылау.

  • Балалар, бүгінгі сабағымыз ұнады ма?

  • Бүгінгі сабақта не істедіңдер?

Сапқа тұрып, бірінің артынан бірі жүріп, тәрбиешімен қоштасу



-Иә, сабақ ұнады.

-Жаттығу жасадық, ойнадық

Тәрбиешімен қоштасу



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Қатармен бір-бірден жүруді

Қандай түсініктерді игерді: Топқа бөлініп жүруді және жүгіруді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Допты бір-біріне домалату технологиясын



Тәрбиші: Кусаинова Б.Т.











«Ботақан» 1 – сәбилер тобы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері: Сурет салу

Тақырыбы: «Торғайларға жем шашамыз».

Мақсаты:фломастер, қағазбен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, қағаз бетіне нүктелерді түсіруді үйрету;ойын тәсілдері арқылы ой-қиялдарын дамыту.құстарға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Қажетті құралдар:фломастер немесе үшкір ұшталған таяқша(гуашьқа батырылады), торғайлардың суреті, сазбалшық, жем салғыш, сүлгі. «Мысық пен торғай» ойынына қажетті суреттер.

Сөздік жұмыс:нүктелер, жем салғыш.

Үштілдік компонент: торғай - воробей -

Іс-әрекет кезеңдері


Мотивациялық қозғаушылық







Ұйымдастырушылық-ізденістік



















































Рефлексиялық-түзетушілік













Тәрбиешінің іс-әрекеті


Тәрбиеші тақтаға ілінген суретке балалардың назарын аударып, не көріп отырғандарын сұрайды.

-Суреттегі торғайларға қараңдаршы, олар не істеп отыр? Торғайларға қандай көмек көрсетуге болады?



Сурет бойынша қысқаша әңгіме-сұхбаттан соң тәрбиеші балалардың әрқайсысына торғайдың суреті салынған парақтар таратады.

-Енді біз торғайларға жем шашайық. Нүктелерді тақтадағы қағаз бетіне түсіре тұрып, келесі өлең жолдарын оқиды.


Торғай, торғай, торғайсың,

Таяу келіп қонғайсың,

Жем шашайын, тойып ал,

Суыққа сонда тоңбайсын.


Тәрбиеші қолындағы торғайдың мүсінін қозғалта отырып, салынған нүктелерді жем деп шоқытады.



-Ал енді өздеріннің торғайларыңа жем шашыңдар, мен көрейін. Менің торғайым бөтекесі бұлтиып тойып алды. Кәне, сендер торғайларыңа жемді қалай беретіңдерінді көрейік. Тәрбиеші балалардың жқмыстарын аралап жүріп көреді.

-Жемді көбірек шашсаңдар, торғайлар тез тояды. Алдарыңдағы фломастерді немесе таяқшаны пайдалаңындар.

Балалар жұмыстарын аяқтаған кезде тәрбиеші мынандай ұсыныс айтады:

-Кәне, балалар, енді маған торғайлар қалай ұшатынын көрсетіңдерші.


Сергіту сәтін жасатамын.

-Даладағы торғайлар тоңып, жем таба алмай жүр, өйткені далада күн суық, барлығын қар басып қалған. Оларға жемді домалақтап жасап көрейік. Сазбалшық немесе ермексаз кесегінен ұсақ бөлшектер бөліп аламыз. Көлемі жағынан кішкене, оны саусақтардың арасына салып, айналдырамыз, домалақ пішінге келтіреміз.

Өзі жасап көрсетеді. Жасаған жұмыстарын қағаздан жасаған жем салғыщқа салады.




Тәрбиеші балалардың жұмыстарына басшылық жасап, жеке нұсқаулар береді. Аяқталған жұмыстарды мадақтап, сабақты қорытындылайды.



Балалардың іс-әрекеті

«Торғайлар ағаш басына қонып отыр, Жем салғышқа балалар жем салып, іліп жатыр»,-деп балалар көріп тұрғандары жөнінде әңгімелеп береді.











Қолдарын жандарына созып, қанат қаққанды бейнелейді, су ішкенін, жем шоқығанын, секектеп жүргенін көрсетеді.

Балалар бірге жасайды.

Балалар тәрбиешінің түсіндіруі бойынша қағаз бетіне нүктелерді шашырата салады.












Сергіту сәтін жасап, біраз демалып алады. Қанаттарын жайып, торғай секілді ұшқанын жасайды. Сазбалшықты кесектеп көлемі жағынан кішкене ұсақ бөлшектер бөліп алады да, оны саусақтардың арасына салып дөңгелетіп, домалақ пішінге келтіреді, оны жем салғышқа салып, торғайларға береді.

«Мысық пен торғайлар» ойынын ойнайды.





Күтілген нәтиже:


Нені білді:қағаз бетіне нүктелерді түсуруді, ойын тәсілдері арқылы ой-қиялдарын дамытуды.

Қандай түсініктерді игерді:құстар және оларды тамақтандыру жайында түсініктерді.

Меңгерген дағдылары: фломастермен немесе таяқшамен, қағазбен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады.

Тәрбиешінің аты-жөні: Кунанова.А.Д.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2019
1114
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12