КММ № 8 орта
мектебі
Ашық
сабақ
«Зәр шығару жүйесінің
құрылысымен танысу»
Биология пәні мұғалімі:
Кулданова Жадыра Шавкатқызы
Көкшетау 2018-2019 оқу
жылы.
Сабақ: Сыныбы: 8«В»
Күні:
Сабақ
тақырыбы: Зәр шығару жүйесінің
құрылысымен танысу.
Сабақ
мақсаты:
● Білімділік: Зәр шығару
мүшелерінің құрылысын түсіндіре отырып, оқушылардың білім - білік
дағдыларын
қалыптастыру.
● Тәрбиелік: Бүйректің құрылысы мен қызметін
түсіндіре отырып, шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған
азамат қалыптастыру.
● Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту, қабілетті
дамыту, белсенділікті
дамыту.
Сабақта қолданылатын
әдіс-тәсілдер: Топтық жұмыс, карточкалармен
жұмыс, әңгіме, баяндау
Сабақта қолданылатын
көрнекіліктер: Интеракт.тақта,
плакаттар
Сабақ
түрі: Жаңа
сабақ.
Сабақтың
барысы:
І.
Ұйымдастыру.
-
Амандасу
-
Түгендеу
- Топқа бөлу(түс қағаз арқылы
4 топқа бөлу)топ басшыларын сайлау.
ІІ. Үй жұмысын
тексеру.
1.Сұрақтарға жауап. Қапшықта
жасырылған сұрақтарға жауап беру. Сұрақтар 5-10-15 балдық
сұрақтар.
1.Ас
қорыту жолының ұзындығы шамамен қанша болады? /8-10
м/.
2.Ас
қандай мүшеде ағзаға сіңеді?
3.Өңештен кейін ас қайда
барады?
4.Асқазанның сыйымдылығы
қанша?
5.Тістер туралы не
білесің?
6.Ашішек пен
тоқішектің қосылған жерінде не бар?
7.Бауырдың салмағы қанша?
Қандай қызмет атқарады? /1500 г/.
2.Суреттен асқорыту
мүшелерін орналастыру. /Флипчарт
№2,№3/

ІІІ. Жаңа сабақты
түсіндіру. Адасқан әріптер арқылы жаңа
сабақты ашу және топтың аттарын қою.
Мұғалім: Балалар мынау адасқан
әріптерен сөз құрастырыңыздар.
І
топ-бүйрек
ІІ топ-
қуық
ІІІ топ-
зәр
IV топ-
дәрігер.
Мұғалім: Қысқаша зәр шығару жүйесі
туралы түсіндіріп кетеді.
Зәр шығару
жүйесі, экскреторлық
жүйе – адам мен жануарлар организмінің артық
суды, тұздарды, зат
алмасуданпайда болған қажетсіз заттарды сыртқа
шығаратын органдары. Теңізде тіршілік ететін қарапайымдардың
организмінен бөлініп шығатын өнімдер
(несеп, тер, т.б.) сыртқы
ортаға диффузия арқылы немесе жиырылғыш вакуольдар көмегімен
шығады. Төменгі сатыдағы көп клеткалы су жәндіктерінде
(губка, ішекқуыстылар) және аз қозғалатын теңіз жануарларында
(тікентерілілер) олар сыртқы ортамен байланысқан қуыстар арқылы
шығып отырады. Төменгі сатыдағы құрттарда,
сондай-ақ, приапулид, кейбір аннелид және
полихеттердің дернәсілі мен моллюскілердің Зәр шығару жүйесі қызметін арнайы
протонефридий түтікшелері атқарады. Бұл түтікшелердің бір ұшы
сыртқа ашылады, ішкі жағы ерекше клеткалардан
тұрады. Буылтық
құрттардың көпшілік
түрінің Зәр шығару жүйесі – метанефридий (метамерлі орналасқан жұп түтікше).
Моллюскілерде мезодермадан дамыған
зәр шығару органдарын целомодукта деп атайды.
Алшаянтәрізділердің Зәр
шығару жүйесі – мишық
безі (бастағы
өскін түбінде орналасқан без).
Топтық
жұмыс(постер
қорғау)
І топ-бүйрек туралы
толық мәлімет береді.
ІІ топ-
қуық
ІІІ топ-
зәр
IV топ- дәрігер – зәр
шығару жүйесіндегі аурулар және қалай емдеу керек екендігі туралы
мәлімет береді.
ІV. Жаңа сабақты
бекіту.
1-тапсырма.
Сәйкестігін табу,
карточкамен жұмыс.
|
Бүйрек
Қуық
Цистит
Энурез
Нефрон
Зәр шығару
мүшелері
|
Бүйректің құрылымдық
бірлігі
Бүйрек,қуық, несеп
ағар, зәр шығару өзегі
Үрмебұршақ пішінді
жұп мүше
Зәрдің уақытша
сақталатын орны
Салмағы
150г
Зәр шығаратын
түтіктің қабынуы
Түнде зәрдің
тоқтамауы
Бүйрек
ауруы
Қуықтың
қабынуы
|
2-тапсырма.
Әр топтан бір оқушы
шығып стикерлерде жасырылған сөздерді оқушыларға жұмбақ ретінде
жасырады.
Мысалы:
Бүйрек деген сөз . Оқушы бүйрек деген
сөзді жұмбақ ретінде жасыру керек. Оқушы: Пішіні үрмебұршақ
тәрізді,жұп мүше ол не?
Сөздер: Бүйрек, Нефрон, қуық, цистит,
уретрит, зәр шығару жүйесі, энурез, пиелонефрит, нефрит,
Нефрон.
V.
Бағалау.
VI.
Рефлексия.
VII. Үйге тапсырма
беру. Зәр шығару жүйесінің аурулары
туралы қосымша материал оқып келу.