|
Еліміздің айқын мақсаттарының
бірі — бәсекеге қабілетті жас ұрпақты жан-жақты жетілген, парасатты
азамат етіп тәрбиелеу. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауында
«Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің
балаларымыз бен немерелеріміз осымен бірге ер жетеді. Олар өз
ұрпағының жауапты да жігерлі, білімді, өрісі биік, денсаулығы мықты
өкілдер болады…» деген сенімі бүгінгі тәрбие ошагына артқан жүк
екені сөзсіз.
Қай елдің болмасын өсіп
өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның білім беру
жүйесіне, даму бағытына тікелей байланысты екені белгілі. Осы
тұрғыдан алып қарағанда жеке тұлғаны дамытуға қызмет ететін білім
мен тәрбие негізі- бастауышта, барша білімнің іргетасы да осында
қаланады десек те, білім мен тәрбие өзегі балабақшадан бастау
алатынын бүгінгі күні білім беру әлемінде дәлелденіп тұрғаны
айқын.
Тағылымды тәрбиенің тәлімін
бала бойына қалыптастыратын, ұлтжандылық пен адамгершілікті
жүрегіне ұялататын тәрбие ошағының қазіргі таңда бәсекеге қабілетті
жас ұрпақ тәрбиелеуде өзіндік орны мен үлесі қомақты. Тәрбиенің тал
бесігі- балабақша табалдырығынан бастау алып, ізгілік пен
парасаттылыққа жол көрсетер іргелі орынның бала тәрбиесінде маңызды
рөл атқаратынын есімізден шығармағанымыз абзал. Ғибратты сөздердің
легінен жақұт теріп, інжу тізген дана халқымыз бала тәрбиесінің
маңыздылығына түйінді сөз, салиқалы ой
өрбіткен.
Мектепке дейінгі білім беру
мекемелерінде тәрбие жұмысын ұтымды ұйымдастыру баланың ақыл-ойын
дамытып, қиялын шарықтатуға, ептілік, бейімділік, іскерлік
дағдыларын бойына сіңіруіне әсерін тигізеді. Тәрбие мен білім беру
ісін бір-бірімен ұштастырып, бала санасына тәлімді тәрбие негізін
ұялатуға үлкен жүрек, мол мейірімділікпен қоса кәсіби талант,
ізденіс, тәжірибемен ұштасқан аса жауапты іскерлік
қажет.
1 топ : «Тәрбие» сөзіне постер
қорғайды
2 топ : «Білім» сөзіне постер
қорғайды
Тәлім-тәрбие
туралы мақал-мәтелдер
Жеті атасын білген ұл, жеті
жұрттың қамын жер.
Жақсы келін — қызыңдай,
Жақсы күйеу — ұлыңдай.
Қызым, саған айтам,
Келінім, сен тыңда.
Айтушы
ақылды болса,
Тыңдаушы дана болады.
Өзіңді-өзің сыйламасаң, өзгеден сый дәметпе.
Сиыр су ішсе, бұзау мұз
жалайды.
Сұңқар
қанаты ұшқанда қатаяды.
Әкесі қой
баға білмегеннің,
Баласы қозы баға білмейді.
Кеме келсе, қайық судан
шығады.
Сақтықты соқырдан үйрен,
Кішілікті түйеден үйрен.
Сын түзілмей, мін
түзілмейді.
Бабасы еккенді, баласы
орады.
Апасының киген тонын сіңлісі
де киеді.
Елгезек екі
айтқызбайды
|