400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы" атты мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мамандарына аса қажет, бұл материалды жүктеп оқу арқылы, мақаладан ой түйіп, мақала жазу үлгісін түсінуге пайдасын тигізері сөзсіз
Материалдың қысқаша нұсқасы

Эссе

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы


«Балаға білім беру үшін ең алдымен оны тәрбиелеу керек,

тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»

Әл-Фараби


Әр халықтың қай кезде болмасын алдында тұратын ұлы міндеттерінің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу біздің қоғам алдындағы зор борышымыз.

Халқымыз рухани мол байлықтың мұрагері. Ата-бабаларымыздың күмбірлеген күміс күйі, сыбызғы сырнайының үні, асқақтата салған әсем әні, мақал-мәтел, шешендік сөз, айтыс өлеңдері сынды фольклорлық шығармалары сан ғасыр бойы өз ұрпағын сегіз қырлы, бір сырлы, өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар-ожданы жоғары намысқой азамат етіп тәрбиелегені тарихи шындық.

Ал қазіргі жаңа қоғамдағы, жаңа ғасырдағы тәрбиенің бастау көзі неде? Тәрбие ең алдымен отбасында беріледі. Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені, адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті әрі қасиетті алтын мектебі. Ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын ешнәрсе толтыра алмайды. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» - деген нақыл сөз отбасы маңызын айқындап тұр. Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған. «Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің», «Анасына қарап, қызын ал», — деп халқымыз бекер айтпаса керек.

Балаға отбасы, ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік және ұлттық тәрбиені сіңіруші – ұстаз, мектеп. XXI ғасыр мектептеріндегі тәрбиенің негізгі мақсаты – жас жеткіншектердің бойында азаматтық пен патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін дәріптеуге, әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін оқып үйренуге тәрбиелеу. Еліміз білім мен ғылымның дамуына жете көңіл аударып, замана рухына сай келетін ұлттық білім үлгісін жасауды басты мақсат етіп отыр. Еліміздің келешегі жас ұрпақтың қолында десек, сол ұрпақтың сапалы білім мен саналы тәрбие алуы «отбасы-мектеп-мемлекет» триадасы бірлігімен тығыз байланысты. Бүгінгі оқушының қоғамға лайықты азамат болып қалыптасуы отбасы мен мектептен алар білім мен тәрбиенің түп тамырында жатыр.

Даналық сөздермен оза білген қазақ халқымызда «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген сөз бар. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, біз халықтың нақыл сөзінен сусындаған, аталар сөзімен өсіп-өнген, даналар өсиетінен тәрбие алған, ұлылар тәрбиесінен тағзым еткен дана халықтың ұрпағымыз. Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы, батыры Бауыржан Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке - шеше жоқ», - деп мұнайған екен. Бауыржан атамыз бүгінде біздің арамызда жоқ. Осы атамыз көтерген мәселе бүгінде бәрімізді алаңдатуы тиіс. Бұл ата-анаға да, ұстаздарға да, балаларға да ой салады деп ойлаймын. Тәуелсіздік туы желбіреген егеменді еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде, олардың бойына ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, елін, жерін, Отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерді қан мен жанына сіңіруде жоғарыда айтылған ата-бабамыздың салт-дәстүр негізін ұстансақ, көп нәрседен ұтарымыз анық.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
592
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі