жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады
Тақырыбы: «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады»
Мақсаты: Отанымыз Қазақстан мемлекеті туралы түсініктерін кеңейту. Ұлттық ойындарға қызығушылықты, сүйіспеншілікті дамыту. Тіл мерекесін, қазақ тілінің маңыздылығын сезіндіру. Отанға деген сүйгіштікі, ұлтжандылыққа, Отанды ардақтап, аялауға, қастерлеуге, құрметтеуге, қорғауға тәрбиелеу.Ойындар арқылы шынықтыру, төзімділікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу, мерекелік көңіл - күй сыйлау.
Көрнекіліктер: Түрлі - түсті шарлар, гүлдер, тунель, асықтар, арқан, қоржын, кегли, гимнастикалық отырғыштар, жалаушалар, эмблема, муз\қ сүйемел(сд, мини диск) меже, ұлттық бұйымдар.
Әдіс - тәсілдер: Эстафеталық жарыс. Көрме ұйымдастыру.
Салтанатты ашылу рәсімі
Жүргізуші:
Құрметті көрермендер «Салауатты өмір салтын сақтайық» ұранымен «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады!» атты спорттық – эстафета ойындарының қатысушы командаларды ортаға шақырамыз
Жарыстарда озатын.
Бәрінен алда болатын
Болашаққа бүгіннен
Құлшына қол созатын
«Барыс» тобын ортаға шақырамыз
Салауатты өмір салтын сақтайтын
Жаттығудан ешқашанда қашпайтын
Қыран тобы келді бүгін сайысқа
Өз топтарын жақтайтын- деп ортаға «Қыран» тобын шақырамыз.
Салтанатты ашылу әуені (марш) орындалады. Әр топтың аттары маңдайшаларына жазылған жарысқа қатысушы командаларды ортаға шығады.
Жүргізуші:
Қайырлы күн құрметті қонақтар, жарысқа қатысушылар! Бүгінгі эстафета ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне қош келдіңіздер! ( Командалар 2 қатарға тұрады.)
Жүргізуші:
Тік тұрыңдар!
Қадірменді қонақтар! (Еліміздің ән ұраны орындалу рәсіміне оң қолдарын жүрек тұсына ұсталып тұрады.)
Ән ұран орындалады.
Жүргізуші:
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.
Тілден биік асқар жоқ
Тілден асқан байлық жоқ
Тілден терең теңіз жоқ.
Ендеше ана тіліміздің құрметіне арналға «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» атты сайысымызды бастаймыз.
Құрметті сайыскерлер.
Енді әділқазы алқаларымен танысуды рұқсат етіңіздер. 1. Балабақша меңгерушісі: Керимкулова А.Ж
2. Балабақша әдіскері: Тойжигитова П.Б
3. Ата-аналар:
4.
5.
Жүргізуші: Жарыспас бұрын жаттығу жасап, денемізді қыздырып алайық
Жүру, жүгіру (тұр), шеңбер болып тұру.
1. Б. қ.: Тік тұру, екі қолды жоғары көтеру, төмен түсіру. 6р.
2. Б. қ. солай, денені оңға, солға бұру. 6 р.
3. Б. қ. солай, қолды жоғары көтеру, төмен қарай еңкею (тізе бүгілмейді) қалыпқа келу.
5. Секіру.
Шеңбер бойымен жүру, терең демалу, дем шығару.
Жеребе тастаймыз. (2 командадан жарысу)
Эстафеталық жарысымыз 9 кезеңнен тұрады.
Өз командаларыңды таныстыру. «сәлемдесу».
1.«Кім жылдам»
Шарты: Екі аяққа қапшық кигізіп жүгіру, межеден айналу, келесі қатысушыға ұсыну.
2.«Үңгірден өту.»
Шарты: Төрттағандап тунельден өту, межеден айналып кері секіртпемен жүгіру.
3.«Асық ату».
Шарты: Асықты дәлдеп,бір-бірлеп атып шығады.
4. « Ат құлағында ойнаймыз»
Шарты: гимнастикалық отырғыштың үстінен жорғалап өту, кедергілер арасынан жыланша ирелеңдеп допты жерге ұрып жүгізу
Жүргізуші:
Қазағымның ойыны арқан тартыс,
Ежелден келе жатқан, бұл-бір жарыс
Белді буып аянба, ұмтыл, қатыс.
Көтеріп, ең биікке туын намыс.
5 «Арқан тартыс» жарысы
Шарты: ортаға арқан беріледі. Арқанның қақ ортасынан бегісі бар. Екі топ арқанның екі жағынан ұстап белгі бойынша тартысады. Қай топ арқанды өзіне қарай тартып алса сол топ арқан тартыс жарысы бойынша жеңіске жетеді.
6. «Ханталапай.»
Шарты: Екі топты қосамыз, шеңбер болып отырады. Қай топ асықты көп жинайды, соған ұпай береді.
Талапай ау талапай
Бір ойын бар алақай
асықтарды шашайық
талапайға басайық!
7. Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Ер өнері білінбес,
Қоян-қолтық алыспай.
«Жүйрік ат» ойыны.
Шарты. Ойыншылар екі аяқтың ортасына допты қыстырып атша шауып, межеден айналып келу
8. «Балық аулау»
Шарты. Ойыншылар судағы балықты аулап , тетіктеріне дәл орналастыру
9 «Кенгуру» жарысы
Шарты: Үрленген шарлармен кедергілер арасымен секіріп, белгіленген межеден айналып келеміз. Біріші жеткен топ осы бөлімнің жеңімпазы атанады.
Әділқазылар алқасы шешімін шығарғанша
Шеңбер бойымен жүру, тыныс алу жаттығуы
«Мейірімді жүрек» бір-біріне жылы лебіздерін білдіру
Жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау,
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Бұл сайыста ренжімей,
Тараса бізге жарады,–демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпазды анықтап, марапаттау сөз әділқазылар алқасына беріледі.
Қатысушыларды мадақтау: алқалармен,дипломдармен марапаттау.
Ата-аналар мен балаларға рахмет айтып әуенмен залдан шығарып салу.

шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген