400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» эстафеталық жарыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың ұлттық ойындары арқылы оқушыларды қазақ халқының салт -дәстүрлерін, ұлттық ерекшелігін бойларына сіңіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

Мектеп директоры

_________

« » __________



«Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» эстафеталық жарыс


Мақсаты:

1. Білімділік: Ұлттық ойындарды дене шынықтыру іс – әрекетерінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру.

2. Дамытушылық: Өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі оқушыларды тәрбиелеу;

3. Тәрбиелік: Жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.

Түрі: эстафеталық жарыс

Өтілетін орны: спорт зал

Қажетті құралдары: арқан, кеглийлер, теңге, кубиктар,доптар.

Өтілу барысы:

Құрметті оқушылар, спортшылар! Бүгінгі «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» атты спорттық ойындар жарысына қош келдіңіздер! Топтарды ортаға шақырайық. (Қаражорға әуенімен балалар ортаға шығады.)
Жүргізуші: Міне, балалар шықты алаңға,
Жас спортшылар жеке – жеке команда

«Ура» деген ұранды біз тастаймыз
Жарысымызды ал енді бастаймыз
Бүгінгі жарысқа қатысуға келген топтар:1 - топ «Тұлпар»,топ капитаны –
2 - топ «Қыран», топ капитаны –

3-топ «Барыс», топ капитаны –

4-топ «Жүйріктер», топ капитаны -

5-топ «Мықтылар», топ капитаны -
Осы топтардың жарысына әділ баға беретін әділ-қазылар алқасы:

1.

2.

3.
Ал, құрметті халайық
Жарысты енді көріңіз
Әділ қазы алқасы
Әділбаға беріңдер




Ал, енді сайысымыздың шарттарымен таныстырайық...

Сайыс шарттары:
1. «Бәйге»

Ойын: «Бәйге»
Ойын шарты: Екі топтың балалары ( арақашықтық 2м) сап түзеп тұрады. Эстафеталық таяқшамен жүгіріп кеглийді айналып келесі балаға тапсыру. Сөйтіп белгі бойынша әр топтан бір баладан жарысады.Қай топ тез келсе сол жеңіске жетеді. (1-5ұпай)
2. «Теңге алу»

Ойын: «Теңге алу»
Ойын шарты: Жердегі шашылып жатқан теңгелерді себетке жинап алу керек. Қай команда тез бітсе, сол жеңіске жетеді.(1-5 ұпай)
3. «Қол күрес»

Ойын: « Қол күрес»
Ойын шарты: Ортаға әр команданың капитандары шығып қол күреседі. Қарсыластың қолын жерге тигізген ойыншы жеңіске жетеді. (1-5ұпай)
4. «Қыз қуу»

Ойын: «Қыз қуу»

Ойын шарты: Спорт залдың бір жағында қыздар, екінші жағында ұлдар тұрады. Белгі бойынша бір ұл жүгіріп келіп бір қызды алып өз жағына әкелу керек.Сөйтіп жалғаса береді.Қай команда тез битсе сол жеңіске жетеді. (1-5ұпай)
5. «Арқан тартыс»

Ойын: «Арқан тартыс»
Ойын шарты: Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ өз жағына арқанды тартып алса, сол топ жеңіске жетеді. (1-5ұпай)

Жүргізуші:
Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз
Әділ қазы ел сенген
Өнерге баға беріңіз.

Жүргізуші: Бүгінгі «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» эстафеталық жарысты қорытындыласақ. (Топтарды марапаттау) Осымен спорттық жарысымыз аяқталды. Қатысқандарыңызға рахмет!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
15 ұстаз жүктеп алған
04.01.2019
4517
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі