Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұрпаққа ұлағат: Бауыржан Момышұлы «Ана тілін ардақта» өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бауыржан Момышұлының шығармашылығындағы тәлім-тәрбие.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дубаева Светлана Турсынбаевна

Тұрар Рысқұлов атындағы №48 орта мектеп

«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі

Тараз қаласы





Ұрпаққа ұлағат: Бауыржан Момышұлы

«Ана тілін ардақта» өлеңі

Отан үшін отқа түсіп жанбаған, ел алдында ант етіп, берген серттен танбаған, жауынгер жазушы - Бауыржан Момышұлы атамыздың ел алдындағы абыройы ғасырлар бойы асқақтап қала бермек. Батыр бабамызды қайсарлығы мен даналығы қатар жүрген дара да дана тұлға деп танысақ артық айтпас едік. Оған дәлел: Бауыржан атаның шығармашылық қасиеті.

«Найзадан қол босаса қалам алдым,

Толғанып оқиғаны көп ойландым.

Тырмысып әл келгенше көргенімді,

Жалтақтамай, именбей ашық жаздым [1] - деп, 1943 жылы жазылған «Ескертпе» өлеңінде айтқандай батыр Бауыржан атамыз қан майданда ел мен жер үшін күресіп қана қоймай, сол сұрапыл соғыста көрген-білгендерін, таныған, түсінгендерін, соғыс өмірінің оған берген тәрбиесін халқына өз шығармалары арқылы аманат етіп қалдырды. Соғыс жылдарында және соғыстан кейін жазылған роман - әңгімелері, очерктері мен аудармалары, толғаулары мен өлеңдері, күнделіктері мен естелістері, қанатты сөздері осының айғағы.

«Жазушы болмаған соң менің затым,

Көркемді, жұмыр емес жазған хатым.

Салмақтайтын саналы ер табылса,

Атаусыз неге қалсын менің атым» - деген «Ескертпе» өлеңінің жолдарында Абай атамыздың бірінші қара сөзімен сәйкестік табамыз. Абай: «..осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым...» [2]. Екі тұлғаның да айтар ойы бір жерде түйіседі. Өмірден, алған білімдерінен білген-түйгендерін өсиет етіп қалдырмақ. Кім қажет етсе, санасына түйсін, түсінгендер болса, атым елеусіз қалмас деп үміт етеді.

Батырдың шығармаларын оқи отырып, 1944 жылы 15 ақпанда жазылған «Ана тілін ардақта» өлеңін өз бетімше «салмақтадым»:

«Көшеде бояу ерін сылқылдаған,

Былдырап орысшылап жырқылдаған,

Ұмытып ана тілін, салт – санасын,

Не қалды тілімізде жыртылмаған» - деген шумақта ақын қазақтың қара көз қыздарын қатты сынға алады. Қазақы биязылық пен сыпайылықты ұмытып, бет-жүзін әрлеп, көшеде сылаң қағып жүргенімен қоймай, өз тілінде сөйлеуді намыс санап, тілі күрмелсе де, орысшалап былдырлап, ұлттық дәстүр мен салтты ұмытып, ана тілін аяққа таптап жүргеніне ашына қарайды. Неге жазушы өзгені емес, қыз баланы сынға алды? Өйткені, қай халықтың болса да ұяты мен абыройы қыз баламен өлшенеді. Қыз бала – ана, ұлттың ұрпағын өрбітуші, тәлімі мен тәрбиесін беруші. Тіл не себепті «Ана тілі» деп аталады? Өйткені, ол тіл дүние есігін ашқаннан бастап анамыздың «жаным, күнім, бөпем, ботам» деген сөздерінен басталып, ана сүтімен таралады. Ақынның да айпағы – осы. Қазіргі қыздың болмысы – бүкіл ұлттың болашағы екенің айтқысы келеді.

«Отбасы түсініксіз жатқан балдыр,

Газетте қазақ сөзі аз, шылдыр – мылдыр.

Оқысаң алып кітап шым – шытырық,

Опырмай, сандырақ па, бұл не бұлжыр?!» - деген шумақта ұлттық тілдің қасіретін әлеумет пен қоғамнан табады. Ұлттық тілді ұмыту тек көшеде емес, үй ішіндеде, отбасындада белең алып жатқанына, баспасөз беттерінде қазақ тілді лексиканың күрт азайып, қазақша кітаптардың шым-шытырық түсініксіздігіне күйінеді.

«Ержеткендер сөйлейді орысшылап,

Кім отыр сөз құрылысын қынап – сынап,

«Мамасы» мен «папасы» шүршіт болып,

Күйдірді – ау, шүршітшілеп, бала жылап» - деген соңғы шумақта қоғамдағы ана тілінің ролі төмендеп, ақсап жатқанына, қазақша басылымдардағы сөз құрылысына бей-жай қараушылыққа жаны ауырады. Ақын қолданысындағы «Шүршіт» сөзі түсіндірме сөздікте: «Шүршіт» деп қазақ халқы қара қытайларды атаған немесе ауыспалы мағынасында «бөтен», «жат» деген мағынаны білдіреді екен. Демек ата-анасы баласына бөтен тілде сөйлеп, жат болды, балаларын да «шүршілдетіп» өз еліне өзін жат етті дегісі келеді.

Қорыта айтар болсақ, Бауыржандай атамызды қазақтың айбынды қалқаны, өрлігін жоғалтпаған ұлы тұлға ретінде көремін. Батырдың бойындағы ұлттық намыс, отаншылдық пен патриотизм оны батырлықтың да, даналықтың да шыңына жеткізді. Батырдың «Ана тілін ардақта» өлеңі мәңгілікке ұлт үшін өнеге, ұрпаққа аманат болып қала бермек.

Ақпарат дереккөзі:

1. https://massaget.kz/layfstayl/debiet/bauyirjan_momyishulyi/39396

2. https://massaget.kz/layfstayl/debiet/bauyirjan_momyishulyi/39396

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.05.2021
574
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12