Материалдар / «Ұрпаққа ұран болған -Үлы жеңіс!»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ұрпаққа ұран болған -Үлы жеңіс!»

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2018
657
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ұрпаққа ұран болған -Үлы жеңіс!»

Тақырыбы: Ұрпақтарға ұран болған-Ұлы Жеңіс!

Мақсаты: Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеруге, үлгі - өнеге тұту.
Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы жылдарына арналған слайд. Кітап көрмесі. Қанатты сөздер
• «Сен жаудан қашсаң, өмір сеннен қашады.» Бауыржан Момышұлы.
• «Соғыстың ең алғашқы құрбаны – ақиқат» Джонсон Хайрам.
• «Жаңашыл ұлдан Отаншыл ұл артық» Мұхтар Шаханов.
Кітап көрмесі: «Мың тағзым саған Ұлы жеңіс.»
Кітапханашы:

Армысың! Ары таза абзал жандар,
Ертерек шешек атқан ақ армандар.
Байсалдық, батырлықпен баға алғандар,
Бейбіт күн таңы болып ағарғандар.
Көңілде желбіретіп жеңіс туын,
Сөндірмей сенім отын жаға алғандар.
Бейбіт күн таңы болып ағарғандар.
Күш, жігер таба алғандар,
Отызда самай шашы ағарғандар.
Екенбіз өздеріңе біз қарыздар,
Құрметті қонақтар, ұстаздармен оқушылар, бүгінгі мерекелік кешіміз Ұлы Жеңіске 73 жыл толуына байланысты «Ұрпаққа ұран болған – ұлы жеңіс.» деген атпен өткелі отыр. Бүгінгі кешіміздің басты мақсаты Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, туған елін қорғай білуге, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеруге, оларды үлгі - өнеге тұтуға тәрбиелеу.
Ұмыт болған, ұмыт қалған жоқ ешкім,
Ешбір адам ұмытпайтын мәңгі есім,
Ұрпақ үшін тозбайтұғын, бітпейтін
Ардагерлер – естелігі соғыстың.
Видео

Осы видеода көріп отырсыздар біздің ата бабаларымыздың басынан не өтпеген бәріне де көніп жеңіп шықты. Ендігі кезекті тарих пәнінің мұғалімі Акчаганова Күлзия апайымыздың ойын тыңдап көрейік.

Оқушылар:
Нариман Армысың! От жалыннан оралғандар,
Аттарың аңыз болып таралғандар.
Тірлікте жаны жарқын алау жандар,
Тойымсыз ажалға тосқауыл боп,
Топ жарып тайсалмай - ақ бара алғандар,
Армысың!
От жалыннан оралғандар!
Алтынай аспаған арман ойлар,
Сәтінде тойланбаған бақыт - тойлар.
Өздерін Отан үшін оққа байлап,
Жауына жасын болған найзағайлар.
Алаңда «Ескерткіштер, мүсіндер» боп,
Шырқаушың созып тұрған көкке бойлар.
Уақыт уысына сыймағандар,
Бақытты ұрпағына сыйлағандар.
Жандарын ұрпақ үшін қиғандар,
Бал нәрін ұрпақ үшін жинағандар.
Бір уыс туған жердің топырағын
Қыршыннан қиылса да қимағандар!

Ән: Ұлдардың орындауында «Катюша»

Қыздар топ би «Катюша»

Келесі сұрақтарды сұрақтарды мұқият тыңдап жауап берейік

1 Ұлы отан соғысы қай жылы күні айын кім біледі?

Жадыра Шығыстың шапағы жаңа біліне бастаған кез. Еңбек адамдары ұйқыда болатын. Ояу жүрген тек шекарашылар ғана. Кенет батыс жақтан қызылды - жасылды оттар жарқылдап шекараға тақап ұшақтар гүрілдеп ұшып келді. Бұл 1941 жылдың 22 маусым күні еді.

Соғыс осылай басталды
Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталған.
Қара түнек серпілді
Ұйқысынан ел тұрды.
Аңсаған атты алтын таң,
Майданға Майданға.
Нияз Отан – Ана жылағанда шерленіп,
Табжылмастан төгеді екен жерге бұлт.
«Қара бұлтты қақ жарайық» - деді де,
Қолдарына қару алды ерленіп.
Жалғас Оқ борады күні – түні
Жапты жерді от қарып.
Алға қарай ұмтылды
Батыр қазақтың ұл - қызы
Туын тықпай қолдағы
Өжет болды ел үшін
Кеудесімен қорғады
Жауға қарсы аттанды,

Малика 1941 жылдың маусымы
Күндердің аса қиыны.
Тарқатты елдің базарын
Соқты да соғыс құйыны.
Орманы көкпен таласқан
Өксіді өмір адасқан.
Қан жоса боп қара жер,
Қақырап түсті көк аспан.
Нариман Қанға бояп сұм соғыс,
Боздақтарды жалмады.
Жүректі қозғап бұлқыныс,
Ерлер елін қорғады.
Намыс керек әр іске,
Қайраттың жақсы болғаны.

2 Фашисттер қай кезге дейін Кеңес Одағын басып алмашқы болды?
Назым Фашисттік Германия Кеңес Одағының шекарасын бұзып басып кірді, соғыс басталып кетті. Фашисттер күзге дейін ақ Кеңес Одағын талқандаймыз деп даурықты. Фашисттерге қарсы бүкіл Кеңес елі көтерілді.
Тас талқан ғып фашистті,
Қиратқан біздің ер күшті
Москава, Ленин қаласын,
Ағы мен көздің қарасын,
Отаның гүлді даласын
Қорғап жатқан ерлерім,
Жауға қарсы аттанды,
Бақыт деген келер дәйім күреспен
Бақыт үшін қарт бабалар күрескен
Бақыт үшін арпалысты қол созумен ұл өскен.

3 Соғысқа Қазақстанның қаншама халқы қатысты?
Аяулым Ұлы Отан Соғысына Қазақстаннан 1 миллион 7000 мыңнан астам жауынгер қатысты. Олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тауып, хабар ошарсыз кетті. Соғыс оты шарпымаған шаңырақ кем де кем. Жүз мыңдаған ата әкелеріміз соғыстың алғашқы сәтінде ақ майданға аттанды. Жауға қарсы атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауы тиіс.
Әсем: Біз қашаннан ер қаһарман халықпыз,
Біз тарихта теңдесі жоқ алыппыз.
Біз күштіміз күштілердің бәрінен,
Біз сөнбейтін күн тәрізді жарықпыз.
Біздер нағыз құдіретті елден біз,

4 Батыр апаларымыздың жазған хаттарынан үзінді кім білер екен?

Назым Мәншүктің майданнан анасына жазған хаты:
«Қымбатты апа! Бүгін күндіз сәл тынығайын деп жатыр едім бірден ұйықтап кетіппін. Сізді түсімде көрдім. Жеңіспен оралған соң айтатын нәрсе көп ақ. Қолыңызды қатты қысып, құшып сүйемін. Қызыңыз Мәншүк. Менің майдандас жолдастарым сәлем айтып жатыр! 1943 жыл 22 - қыркүйек».

Әлия апамыздың хатын кім біледі?
Алтынай Әлияның Сапура әпкесіне жазған хаты:
«Қымбатты менің Сапурам. Амансың ба? Қазір біз алғы шептеміз. Терең окопта хат жазып отырмын. Немістермен бетпе-бет келіп жүрміз. Менің басымда каска, белімде граната, қолымда винтовка. Солдаттар таңқалады. Фашисттерді аямаймын. Таң ертең командиріміз былай деді: «Мерген Әлия Молдағұлова үш күннің ішінде 14фашистті өлтірді. Иә, Сапура, командир алғыс жариялады. Көріскенше. Жеңіспен қауышайық. Сүйдім. Әлияң. 1943 жыл 13 - желтоқсан».
Мәншүк:
Айтшы, ана, сезіп пе едің сонда сен
Жақындаған қара бұлтты.
Қара нөсер дауылды?
Естіппе едің сонда сен
Өз еліңе жақындаған
Үрей болған сарынды?
Әлия:
О, анашым, күнім деген сенсің ғой,
Әрең жетті әлсіреген дауысың.
Жыламашы, шыдап бақшы ерсің ғой,
Бар емес пе бір жігіттей намысың.
Мәншүк:
Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік,
Жерге бақыт, елге бақыт тіледік.
Отан ана отқа күйіп жатқанда,
Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.
Әлия:
Бірақ ерте, тым ертерек жандық біз,
Жанарлардан мөлдір жас боп жандық біз.
Қолымыздан осы болды келгені
Біздей ерте солмау үшін барлық қыз.
Мәншүк:
Жетсек те арманымыз көп еді,
Айтылған жоқ махаббаттың өлеңі.
Біздің туған күнімізді құттықтап,
Бізге ешкім жыр ұсынған жоқ еді.
Ән тыңдау «Әлия» видео

5 Жеңіске қалай қол жеткіздік?

Жалғас - Бұл соғыс дүниежүзін қамтыды, 1945 жылы 8 - мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылы мамырдың 9 - да бұрын соңды болмаған мың зеңбірек 30 дүркін салют атты. Міне, жеңіс күні осылай келді.
- Дүниежүзі халқы бостандық алды. Халық Отан, жер, ел ұғымын терең сезіне түсті.
- Ешкімде ұмытылған жоқ, еш нәрседе ұмыт қалған жоқ.
- Жеңіс деген жақсылықтың сыңары, Жауды жеңген солдаттар.
- Қазақ ұлдары Брест қамалын қорғады. Мәскеу түбінде өлімге бас тікті, Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинді шабуылдады. Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев жеңіс туын тікті.(1945 жылы 30сәуірде)
Біздің халқымыздың қаһармандық ерлігі жеңіспен аяқталды! Бұл Жеңіс 20 миллион жерлестеріміздің қанымен, тірілердің табан ет, маңдай терімен келді.
Соғыста ерлікпен қаза тапқан қыршын жастарымыздың қаһармандық рухы ұрпақтан ұрпаққа мәңгі өнеге!

Кітапханашы:

Жеңіс! Осы бір сөз әрбір адам үшін қасиетті де құдіретті! Жеңіс деген сөзді халқымыз 4 жыл бойы күтті емес пе? От пен жалынға оранған 1418 күн мен түн кімнің есінен шығар дейсің? 1418 күннің әрбір сағаты, әр минуты қауіп қатерге толы болғанын қолына қару алып, соғысқа аттанған ата - апаларымыз жақсы біледі. Жеңіс оңай келген жоқ. Бізді осы тәуелсіз бақытты күнге жеткізген батыр ата – апаларымыздың күш жігерінің арқасы екенін еш уақытта естен шығарман жоқ балалар.
Назарларыңызға рахмет!



Picture 7


















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!