Ұрықтану дамуы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұрықтану дамуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұрықтану – еркектің және әйелдің жетілген жыныс клеткаларының қосылу құбылысы. Аналық безде фолликуланы жетілдіретін гормонның әсерінен фолликулалар өсіп-өне бастайды. Олармен қоса жұмыртқа клеткасы пісіп жетіледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Ұрықтану

Сабақтың мақсаттары.

Оқыту: студенттерге анализ жасауды, қорытынды шығаруды, шешім шығаруды үйрету;

Тәрбиелік: жауапкершилик сезимді тәрбиелеу;

Дамыту: ойлау қабілетін жетілдіру.

Көрнекті құралдар: плакаттар,фантомдар,муляждар.

Хронокарта

Сабақ тарауының атауы

Теориялық сабақ 2 сағат-90 минут

Ұйымдастыру сәті (студенттерді тексеру)

5 мин

Жүктілік физиологиясы.

15 мин

Жүкті әйдерді тексеру әдістемесі

10мин

сұрау

10 мин

Қарап тексеру

15 мин

Обьективтік тексеру

20 мин

Ахуалдық есептер

10 мин

Студенттердің түсініктерін бағалау

5 мин

Сабақтың жүру барысы:

Ұйымдастырушы кезең.

Амандасу, студенттерді түгендеу. Сабаққа дайындыктарын тексеру: оқу құралдарыңың бар жоғын тексеру.

Медициналық форманың барын тексеру-халат және колпак;

Журнал толтыру;

Сабақтың тақырыбын және міндетін айту.

Жүктілік физиологиясы.

Ұрықтану – еркектің және әйелдің жетілген жыныс клеткаларының қосылу құбылысы. Аналық безде фолликуланы жетілдіретін гормонның әсерінен фолликулалар өсіп-өне бастайды. Олармен қоса жұмыртқа клеткасы пісіп жетіледі. Біріншілк фолликулалар (примордиалды) жетілмеген аналық клетка жасушасынан тұрады. Примордиалды фолликулалар сыртқы бір қабатты эпителий мен дәнекер ұлпасымен қоршалған. Әдетте осы фолликулалардың біреуі толық пісіп жетіледі де, эпителий мен дәнекер ұлпа бірқатар өзгерістерге ұшырайды.

Аналық жұмыртқа клеткасы толық пісіп жетілуі үшін екі рет бөліну сатысынан өтеді.

Бірінші реттік бөліну саысындапішіндері бірдей емес ІІ қатардағы овоцит пен редукционды денешіктер түзіледі.

Екінші реттік бөліну сатысынанөткенде, жұмыртқа клеткасынан хромосомалар бөліне бастайды. Адамда әрбір клетка 22 жұп хромосомадан тұрады. 23-жұбы – жыныс хромосома, Х-хромосома әйелде, Х және У-хромосома еркекте. Пісіп жетілген аналық клетка адам организміндегі ең үлкен клетка – диаметрі 0,2-0,3мм. Фолликулалардың толық пісіп-жетілуі, етеккірдің 13-14 күніне сәйкес келеді. Осы кезеңде овуляция поцесі жүріп, пісіп жетілген аналық клетка құрсақ қуысына, содан соң жатыр түтікшесінің ең кең ампулялық бөлігіне түседі.

Ұрықтың даму сатылары. Жатыр қабырғасына енуі.

Ұрықтанғанан кейін (24 сағатта) түтікте зигота бөлінеді де, бірінші бөлінуден екі бластомер, төрт бластомер шығады. Бластомерлер ірә қарай асинхронды бөлініп, “тұт жемісі” тәрізді болады, бұл сатыны – морула сатысы деп атайды, осы сатыда жатыр қабырғасына енеді. Ұрықтың келесі бөліну сатысы – бластоциста. Бұл сатыда екі түрлі бластомерлер түзіледі, біреуі – үлкен күңгірт, ал екіншісі – ұсақ ашық түсті. Орталығында ірі күңгірт клеткалы морула (эмбриобласт), сыртқы қабатын “трофобласт” деп атайды. Келешекте эмбриобластан ұрық, ал трофобластан плацента түзіледі. Бластоциста үзілгеннен кейін 7-8 күнге қарай трофобласт протеолиттік ферменттер өндіреді, бұл ферменттер жылтыр қабықты бұзады. Осы кезде жқмыртқа клеткасы жатыр қуысына түсіп, шырышты қабатқа жабысады (имплантация). Ұрықтанған жұмыртқа клеткасы біріккеннен кейін, ұрық морфологиялық және биологиялық өзгерістерге ұшырайды. Осыдан бастап жатырдың шырышты қабаты децидуалдыдеп аталады.

ЕРТЕ ЭМБРИОГЕНЕЗ

Эмбрионның ерте кезеңдегі дамуында,сарғылт қуық өсіп, қан тамырлар шоғырларымен қамтамасыз етіледі. Бастапқы сатыларда ұрық амниотикалық сұйықтықпен және үш қабықшамен – децидуалды,хорионмен, амнионмен қоршалып жатады. Децидуалды қабық жатырдың шырышты қабаты аналық жағы, ал хорион мен амнион ұрықтық жағы. Децидуалды қабық үш бөліктен тұрады:

  1. Deciduaparietalis – жатыр қуысын қаптап тұратын шырышты қабық.

  2. Deciduacapsularis – ұрықты жатыр қуысы жағынан жауып тұратын бөлік.

  3. Deciduabasalis– ұрық пен жатыр қабырғасының арасындағы бөлік.

 

Хорион – трофобластан дамиды. Ал,ашқы кезде хорион бүрлері ұрықты толық қоршап жатады,екінші айында атрофияланады, үшінші айында жойылады.

Амнион(сулы қабықша) плацентаны жіне кіндік бауды қаптап, кіндік сақинасының түбінде ұрық терісімен жалғасады.

Плацентаның екі беті болады: аналық беті – децидуалды қабықшамен, ұрықтық беті – түкті хоионнан тұрады.

І. Децидуалды қабықша: базалды, капсулалы бөліктерден тұрады.

А) базалды бөлігі плацента құрамына кіреді, ұрықты миометрийден бөліп тұрады.

Ә) капсулады бөлігі: жүктіліктің 18-куні капсулалы бөлік жатыр қуысына енген ұрықпен бірігіп, оны жатыр қуысынан бөліп тұрады.

Б) қабырғалық бөлігі мен децидуалды бөлік бездері қосылған кезде, бұл бөлік кішірейіп айырмашылық жоқ болады.

Адамдағы плацентаның түрі гемохориалдық – ана мен бала қаны араласпайды. Ана мен бала қанын синцитий, Лангханс клеткалары, дәнекер ұлпаның стромасы, ұрық капиллярларының эндотелийі бөліп тұрады. Плацентадағы ағып өтетін вена тамырларындағы қан артериялық.

Плацентада бірқатар гормондар түзіледі: хориалды гонадотропин, эстроген, прогестерон.

Плацентаның әр түрлі заттарды өткізу қабілеті күшті. Әр түрлі эфирлік заттар, азот тотықтары, алкоголь, морфин, никотин, антибиотиктер, токсин, антиденелер плацента арқылы ұрық қанына өтеді.

Кіндік бау– екі артериядан, бір венадан құралған. Қанды ұрықтан плацентаға, плацентадан ұыққа жеткізеді. Кіндік бау арқылы жалпы қан ағу көлемі – 500мл/мин.

1. Плацента, кіндік бауының аномалиясы (ауытқуы)

А) плацента қосымша бөліктерімен. Плацентаның қосымша бөліктері, босанғаннан кейінгі кезеңде жатыр қуысында қалып, қан шығынын арттыруы мүмкін.

Ә) екі бөлікті плацента – екі бөліктен тұрады, арасы қан тамырлармен байланысқан.

Б) терезелі плацента – бөліктері жұқарған,бүрлі хорион жоқ.

В)жқұарған плацента – көлемі өте үлкен, эндометрийдің қабыну салдарынан (аборттан кейін) пайда болады.

2. Кіндік бау ұзындығы – 70-80см.

А) кіндік баудың түсуі – кіндіктің қынапқа түсуі салдарынан босану кезінде нәрестенің басы оны жаншып, нәресте асфиксияға ұшырайды.

Ә) кіндік баудың қысқаруы. Тұрақты қысқаруы – ұзындығы 40см-ден кем емес. Тұрақсыз қысқаруы –ұзындығы әдеттегідей,бірақ қысқаруы мойынға немесе денеге оралуынан.

Бала жолдасы плацентадан, ұрық қабықшаларынан, кіндік баудан тұрады.

Қағанақ суының маңызы

Қағанақ суы немесе амниотикалық сұйықтық ұрықты қоршап жатқан биологиялық орта. Жүктілік ағымында қағанақ суы түрлі функционалдық қызмет жасайды, ана-плацента-ұрық жүйесінің дұрыс жұмысын қалыптастырады.

Қағанақ суының мөлшері жүктілік мерзіміне байланысты, мөлшері бірқалыпты емес. Мысалы: жүктіліктің 10-аптасында қағанақ суының мөлшері – 30 мл, 13-14 аптада – 100мл т.б.

Қағанақ суының алмасуы амнион, хорион және параплацентарлық жол арқылы болады.

— Ұрық қаны. Ұрық қаны ұрық имплантациясынан кейін бірден тұңғыш рет сарғылт қуықта, 5-6 аптасында бауырда пайда болады.

— Ұрықтың қан айналым жүйесі. Ұрық ана тіндерімен байланысқаннан кейін, қан айналым жүйесі арқылы оттегімен қоректенеді. Жатырішілік кезеңде қан айналым жүйелері:

  1. Сарғаю өте қысқа кезең. 2апталыққа дейін.

  2. Аллантоидты кезең. 2 айынан басталады, ұзақтығы 8 жұма.

  3. Плацентарлы кезең. 3-4 айнан басталып, жүктілік соңына дейін.






— Жүрек соғуы. Алғашқы даму кезеңінде жүрегі баяу соғады. Қалыпты соғуы – минутына 120-160рет.

— Ұрықтың тыныс алуы. Жатарішілік кезеңде ұрық плацента арқылы сыртқы тыныс алады.

— Ұрықтың қоректенуі. Плацента арқылы қамтамасыз етіледі. Плацентада бірнеше ферметтер қорытылып, қоректену талшықтарын бөлшектейді, микро-,макроэлеметтер, витаминдер, су плацента арқылы өтеді.

— Ұрықтың бөліп шығару функциясы. Зат алмасудан бөліп шығарылған қалдықтар ұрық организімінен плацента арқылы ана қанына өтеді. Ұрық бүйрегі тек ҮІ-ҮІІ айларында ғана жұмыс жасай бастайды.

— Ұрық иммунологиясы. Ұрықта антиденелер жасалуы жатырішілік кезеңнің соңына сәйкес келеді.

Әйел организмінде жүктіліктің дамуы жаңа функционалдық жүйенің – ана-ұрық пайда болуына байланысты. Ана мен ұрық арасын байланыстыратын негізгі буын – плацента. Жүкті әйел организміндегі физиологиялық өзгерістер:

  1. Жалпы өзгерістер

  2. Жыныс жүйесіндегі өзгерістер деп екі топқа бөлінеді.

Жүкті әйелдің сырт бейнесі жүктіліктің екінші жартысында қатты өзгереді: бет бейнесі дөрекіленіп, аяқ-қолдары, бет сүйек жақтары үлкейеді. Іш ұлкейген сайын омыртқа сүйектері түзеліп, иық пен желке артқа қарай шалқаяды, әйелдің жүріс-тұрысы өзгереді, Шекспир айтқандай – “жүктілердің тәкаппар жүрісі” пайда болады. Іштің төменгі аймағында, жамбаста, сүт безінде шамадан тыс майлар жинала бастайды.

— Қан және жүрек қан тамыр жүйесі.Жүктілік кезінде жүректің жұмысына салмақ түсеудің себебі – қан көлемінің шамамен 30-50% -ға ұлғаюы, жана қан айналымының пайда болуы, жатыр көлемінің және әйел салмағының өсуі. Қанның сандық және сапалық көлемі өзереді, плазма көлемі ұлғайып, гиперволемия байқалады. Плазма көлемі эритроциттерден көп болғандықтан, жүктіліктің физиологиялық анемиясы дамиды.

— Тыныс алу жүйесі.Жүктілік кезінде тыныс алу мүшелері ұрықты оттегімен қамтамасыз етеді. Әйелдің тыныс алуы терең, жиі болады.

— Бауыр.Жүктіліктің соңғы айларында бауыр жоғары,артқа, оңға жылжып, көлемі шамалы ұлғаяды, өт жолдары кеңейіп, өт көлемі артады.

— Жүйке жүйесі. Жүктілік ағымында ОЖЖ өзгеріп отырады, 3-4 айына дейін ми қыртысындағы қозу ошағы төмен, содан кейін біртіндеп жоғарылайды.

— Зәр шығару жүйесі. Әйел бүйрегінің қызметі жоғарылайды, организмнің және ұрықтың зат алмасу қалдықтарын сыртқа шығарады.

— Ішкі секреция бездерінің жұмысы.Жүктіліктің қалыпты дамуы жаңа ішкі секреция безінің – “жүктіліктің сары денесі” қызметіне байланысты. 3-4 айынан бастап сары дене кері дамып, оның қызметін түгелдей плацента алады, ол ана қанына гормондар мен биологиялық әсерлі заттар бөліп шығарады. Гипофиздің алдыңғы бөлігі жүктілік кезінде 2-3 есе ұлғаяды. Бүйрек үсті безі едәуір ө згеріске ұшырайды. Стероид гормондарының түзілуі және қанға бөлінуі артады.

 

Глоссарий:

Ұрықтың тыныс алуы. Жатарішілік кезеңде ұрық плацента арқылы сыртқы тыныс алады.

Хорион – трофобластан дамиды. Ал,ашқы кезде хорион бүрлері ұрықты толық қоршап жатады,екінші айында атрофияланады, үшінші айында жойылады.

Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар:

1.Ұрықтың тыныс алуы дегеніміз не?

2.Хорион дегеніміз не?

Тарататын материал: тесттер, ситуациялық есептер

Сабақтың жабдықталуы: оқу - жұмыс бағдарламасы, дәріс, кестелер, тесттер.

 

 

Қолданатын әдебиеттер:

1.Акушерствоподредак. Проф. В.Е. Радзинского , Москва, «ГЭОТАР-Медиа», 2008 г.

Неотложные состояния в акушерстве и гинекологии на догоспитальном этапе. Справочник. Санкт-Петербург «Спецлитература», 1998 г.

О.И. Линева, О.В. Сивогчаловва, Л.В. Гаврилова

Акушерство, Москва, изд.центр «Академия»,2009г.

В.Н.Бодяжина, К.Н.Жмакин, А.П.Кирющенков.

Акушерство, Курск, 1995 г.

И.К.Славянова

Сестринское дело в акушерстве и гинекологии Ростов-на-Дону, «Феникс», 2007г.

Л.А. Лысак

Акушерство, Ростов-на-Дону, «Феникс», 2003г.

7.Нұржанов Х.Н. және басқалары

Гинекологиядан клиникалық дәрістер, Алматы, 19

8.Р.С Бейсембаева, Ә.Т. Раисова, Р.Е. Нұрқасымова, Акушерия, Алматы, «Білім» 2006ж.

 


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2021
561
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі