Материалдар / Ұрыстағы ату. Атыс жүйесі.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ұрыстағы ату. Атыс жүйесі.

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге әдістемелік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Ақпан 2019
605
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сабақтың тақырыбы: Ұрыстағы ату. Атыс жүйесі.

Мұғалім:
Сынып: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаттарыОқушыларды атыс жүйесімен және атыспен маневр жасауға үйрету,шыдамдылық, төзімділік қасиеттерін дамыту, өз іс-әрекетінің дұрыс орындалуын, психологиялық тқрақтылықты қалыптастыру, мергендікке баулу.
Сабақ мақсатыОқушылардың барлығы орындай алады: Атыс жүйесіне және атыспен маневр жасауға үйренеді Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Атыс жүйесін үйренеді Оқушылардың кейбірі орындай алады: Атыспен маневр жасауға үйренеді
Бағалау критерийлері
  • Атыс жүйесін біледі
  • Атыспен маневр жасайды


  • Жоспар
    Жоспарланған уақытЖоспарланған жаттығуларРесурстар
    БасталуыПсихологиялық ахуал туындатуҮй тапсырмасы "Жеміс ағашы" ойыны арқылы сұралады. «Жеміс ағашы» ойыны. Әрбір топ сол сурет артындағы сұрақтарға жауап беріп, жеміс ағашына жинақтап, тақтаға іліп шығулары керек.
  • жаяу әскердің ұрыс машинасындағы мотоатқыштар бөлімшесінің құрамын атаңдар.
  • жаяу әскердің ұрыс машинасының арналуы және жабдықталуы туралы айтыңдар.
  • мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуы және оның қарулануы жайлы айтыңдар.






  • ОртасыОқылым тапсырмасы . «Пирамидалық талқылау» әдісі бойынша:Тік төртбұрыштың сыртқы бөлігіне топтың әр мүшесі мәтін туралы өз тұжырымын бір сөйлеммен жазады. Ал ішкі төрт бұрышқа төрт пікірге ортақ көтерілетін мәселені болжайтын түйін жазылады. Қарудың барлық түрлерінің ішінде ату ұрыста қарсыласты жоюдың негізгі құралы болып табылады. Мотоатқыш бөлімшелері қарсыласты жекелеген атыс құралдарынан ату арқылы немесе шоғырланған атыс арқылы жоя алады. Шоғырланған атыс – бірнеше атыс құралдарынан қарсыластың бір маңызды нысанасын немесе жергілікті жердің шектеулі аймағындағы нысаналар тобын ату. Атыс бағытына байланысты ату жаппай, қапталдан және айқастыра ату болып бөлінеді. Жаппай ату нысананың маңдай шебіне перпендикуляр жүргізіледі. Ол терең эшелонданған анық нысанаға атыс жүргізу кезінде тиімді. Қапталдан ату – нысана қапталынан ату. Ол көбінесе қарсыластың шабуылдаушы жаяу әскеріне автоматтан, пулеметтен ату арқылы жүргізіледі. Айқастыра ату бір нысанаға екі немесе одан да көп бағыттан жүргізіледі, ол өте тиімді және қарсыласты үлкен шығынға ұшыратады. Бойлата ату бір нақты бағытта жақын қашықтықтан, кенеттен, пулеметтен және автоматтан жүргізілген атыс. Дескрипторлар:
  • мәтінді түсініп оқиды;
  • көтерілетін мәселені болжайды;
  • көтерілетін мәселені болжайды;
  • мұғалім кері байланыс жасайды.
  • Тыңдалым тапсырмасы: Бөлімшенің атыс құралдарын, командир жоспарымен, жергілікті жердің сипаты мен мүмкіншілігін ескере отырып пайдаланады. Бұның барлығы атыс жүйесін құрайды, ол бөлімшенің маңдай шебі алдында, қапталдарда және көршілермен аралықта атудың барлық түрлерін жүргізуді, сондай-ақ айнала қорғаныс жүргізу мүмкіндігін қамтиды. Бөлімшенің атыс жүйесін ұйымдастыру кезінде бөлімшеге атыс жолағы, атқылаудың (оңға және солға) қосымша секторы, ал взводқа бұдан басқа шоғырланған атыс аймағы тағайындалады. Атыс құралдарына негізгі және қосымша секторы көрсетіледі. Гранататқыштық атыс бөлімшесінің атыс жолағы да дайындалады. Көрші бөлімшелердің атқылау және атыс құралдарының секторлары мен атыс жолақтары өзара бір-бірін жабуы тиіс. Атыс жүйесінің дайындығы бекіністе атыс құралдарының орналасуымен, атыс үшін қажетті мәліметтерді дайындаумен, оқ-дәрінің болуымен анықталады. Атысты басқаруды ыңғайлы ету үшін бөлімше командирі өз бөлімшесінің атыс карточкасын жасайды. Атыс маневрі дегеніміз өз уақытында барлық бөлімшенің немесе бірнеше атыс құралдарының атысын бір маңызды нысанаға шоғырландыру, атысты бір нысанадан екіншісіне бірінен кейін бірін немесе бір мезгілде жою үшін ауыстыру. Атыс маневрін әрбір жауынгер қолдана алады. Бұл үшін ол ұрыс алаңын үздіксіз бақылап, нысананы анықтауы керек және маңыздылық деңгейі бойынша бір нысанадан екіншісіне ауыстыра отырып қарсыласты жоюы қажет. Бөлімшелер маневрі қарсыластың әлсіз тұсына атыс жүргізу үшін тиімді жағдайға ие болу мақсатында немесе қапталдан және тылдан шабуыл жасау үшін, сондай – ақ қарсыластың басым күшінің соққысы астынан шығу үшін жүргізіледі. Шабуылда және бетпе-бет ұрыста бөлімшелер қамту және айналып өту түрінде маневр жасай алады. Қамту – қарсыластың тылы мен қапталына жасалатын маневр, ол маңдай шептегі бөлімшелермен тығыз атыстық және тактикалық өзара қимыл арқылы үлкен емес тереңдікте жасалады. Айналып өту - қарсыластың тылы мен қапталына барынша терең маневр жасау. Ол маңдай шептегі бөлімшелермен тығыз тактикалық өзара қимыл арқылы жүргізіледі.Қорғаныста маневр шығынға ұшыраған бөлімшелерді күшейту, қосалқы бекіністерге, атыстық шепке ие болу, қаптал немесе тылға шыққан қарсыласты тойтару мақсатында және қарсы шабуыл үшін жүргізіледі. Бастамшылдық дегеніміз кез келген жағдайда тапсырылған міндетті орындаудың ең тиімді тәсілін табу, батыл шешім қабылдап, оны өмірге табанды түрде енгізу. Тапқыр және талапшыл жауынгер жағдайдың кез келген шартында бастамшылдық көрсете алады. Ұрыста батылдық пен ойлы бастамшылдық көрсете алу қабілеті, қарсыласты жою үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын болу - әрбір жауынгер мен командир үшін бағалы қасиет болып табылады.Топтық тапсырма1-топ. Сызбаны мәтіндегі ақпаратпен толықтырады.2-топ. «ПОПС» формуласы бойынша берілген сұраққа жазбаша жауап береді.Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, ...»Екінші сөйлем: «Мен оны былай түсіндіремін ...»Үшінші сөйлем: «Оны мына мысалдармен дәлелдей аламын: ...»Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мынандай қорытынды шешімге келдім: ...»Дескрипторлар:
  • мәтінді түсініп оқиды;
  • сызбаны мәтіндегі ақпаратпен толықтырады;
  • көтерілетін мәселені болжайды;
  • жинақы мәтін жазады;
  • Оқушылар өзара бағалау жүргізеді. Әр топ мүшелері өз ұстанымдарын дәлелдейді.Мұғалім кері байланыс жасайдыЖЖ тапсырма«Ара ұясы» техникасы: Мұғалім жұптағы оқушыларға не білгендігі туралы пікір алмасуды және екі сұрақтан дайындауын тапсырады. Содан кейін әрбір жұп кезектесіп сұрақ қояды, ол сұраққа жауапты мұғалім немесе басқа оқушылар береді. Сонымен берілген осы техника негізінде мұғалімнің берген мәліметтері қорытындыланылады, өңделеді.








































    СоңыАшық сұрақтар:
  • ұрыстық атыс түрлері қандай?
  • атыс жүйесі дегеніміз не?
  • атыс жүйесі бөлімшеде қалай ұйымдастырылады?
  • қорғаныста бөлімше командирі қандай графикалық құжат дайындайды?
  • атыспен маневр жасау дегеніміз не?
  • бөлімшелер қандай мақсатта маневр жасайды?
  • шабуылда және қарама-қарсы ұрыста қандай маневр түрлері жүзеге асырылады?
  • ұрыста бастамшылдық не үшін қажет?
  • кенеттілікке қалай қол жеткізуге болады?


  • «Кері байланыс»    «Ізгі тілек ағашы» 1.Сабақта маған ұнағаны.2.Сабақтан алған әсерім.3.Өзімнің жеке пікірім.4.Менің тілек-лебізім.-Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, сабақата не ұнады, ұсыныс, пікірлерін, тілек лебіздерін түрлі түсті жапырақша  стикерлерге жазып «Ізгі тілек ағашына» жапсырады.













    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!