400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үш бәйтерек-үш ғұмыр

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге, оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Үш бәйтерек –үш ғұмыр

Ақтау қалалық білім бөлімі «Оқушы Орталығы» КММ «Зерде» аула клубында «Риторика» үйірмесінде қазақ халқының ұлы жазушылары Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров және Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойына арналған «Үш бәйтерек – үш ғұмыр» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Қазақ халқы «Үш бәйтерек» деп атап кеткен Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров және Сәкен Сейфуллин қазақ әдебиетіне айтулы ақын, қарымды қаламгер, дарынды драматург ретінде үлкен үлес қосты. Олардың қаламынан Қазақстанның дарқан даласы,өндіріс орындары мен еңбек адамдарының іс-әрекеттері, өмірге деген құштарлықтары, болашаққа деген үміт-сенімдері кеңінен көрінеді.

Қазақ руханиятының үш бәйтерегіне баланған алыптарымыздың есімі ұрпақ жадында күн өткен сайын биіктей беруге тиіс. Осы мақсатты мұрат тұтқан үйірме жетекшісі С.Х.Махамбетова ұлы жазушылардың өмірбаянымен таныстырды. Содан кейін оқушылар үлкен және кіші топ болып екіге бөлінді. Сайыс барысында ұлы жазушылардың «Толғану», «Құлагер», «Қазаққа», «Кедейлер», «Біз» сияқты өлеңдерін сайыс қатысушылары шебер орындады. Мәнерлеп оқу сайысының нәтижесі бойынша улкен және кіші топтарға жүлделі орындар берілді. Сондай-ақ бұл сайыста көпшілік назарына «Үш бәйтеректің» шығармалар жинағы және өмірінен сыр шертетін естеліктерді қамтыған ауқымды көрме ұсынылды.

– Қазір көп адамдар 1937-1938 жылғы репрессияны күні кеше ғана, осыдан мың жыл бұрын, сонау тас ғасырында болған оқиға сияқты қабылдайды. Алайда сексен-ақ жыл бұрын төгілген қан әлі кепкен жоқ. Сол кездердегі қырғынды көрген адамдардың көзі әлі тірі. Олардың есімдерін ұрпақ санасында әлдилеу біздің борышымыз, – деді әділқазылар мүшелері.


«Зерде» клубының қосымша білім педагогы

А.У.Абдирова






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 ақпан
1038
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі