Тақырыбы: «Үш бәйтерек-үшеудің үні» зияткерлік-поэтикалық сайыс
Мақсаты: Қазақтың «Үш бәйтерегінің» өмір жолын кейінгі жас ұрпаққа таныстыру,білім алушыларды шығармашалыққа баулу, оларды марапаттау.
САЙЫС КЕЗЕҢДЕРІ:
1-кезең «Топтың үні – ұран»
2-кезең «Білімділер бәйгесі»
3-кезең «Жүйріктер жорғасы»
4-кезең «Дарындылар додасы»
5-кезең «Парасатты полиглоттар»
«ҮШ БӘЙТЕРЕК – ҮШЕУДІҢ ҮНІ»
(І.Жансүгіров, Б.Майлин, С.Сейфуллиндердің 130-жылдық мерейтойына арналған)
ЗИЯТКЕРЛІК – ПОЭТИКАЛЫҚ САЙЫС
1-жүргізуші:
Үш бәйтерек бір жыл туып, бір жыл өткен,
Азаттықты аңсауменен жырын төккен.
Үшеудің үні тоғысып бір арнаға,
Әдебиетте дара жолын салып кеткен
2-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар және білім алушылар! «ҮШ БӘЙТЕРЕК – ҮШЕУДІҢ ҮНІ» атты ЗИЯТКЕРЛІК – ПОЭТИКАЛЫҚ САЙЫСЫМЫЗҒА қош келдіңіздер! «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында биыл қазақтың ұлы қайраткерлері «Үш бәйтерегі» атанып кеткен ұлы тұлғалардың 130-жылдық мерейтойы еліміздің бүкіл аймағында аталып өткізгелі жатыр.
1-жүргізуші: Бүгінгі «Үшеудің үні» атты зияткерлік-поэтикалық сайысымызды қазақ халқының «Үш бәйтерегі»:
1-жүргізуші: ---Көп ұлтты кеңес әдебиетінің негізін салушы, Қазақстанның қоғамдық тарихында абыройлы орын алатын, революционер-коммунист Сәкен Сейфуллинге;
2-жүргізуші: Қазақ кеңес әдебиетінің ірге тасын қалаған «алыптар тобындағы» ірі ақын, іргелі прозаик және драматург Бейімбет Майлинге;
1-жүргізуші: Қазақ кеңес әдебиетінің бастау қайнарында тұрған құдіретті талант иесі, ақын, драматург, прозаик Ілияс Жансүгіровке арналады.
2-жүргізуші: Енді назарларыңызға «Үш бәтерекке» арналған бейнефильмді ұсынамыз.
2-жүргізуші:
Сәкені Жезқазғанның сұлу туған,
Жасынан өз бетінше өнер қуған.
“Үкімет” деп арпалысып жүргенінде,
Ақыры аяқ-қолын кісен қиған
1-жүргізуші:
Бейімбеті Қостанайдың сөз зергері,
Жағдайын кедейлердің бар тергені.
Қолынан қалам түспей жүрген кезде,
Таусылды оның халқына көп берері
2-жүргізуші:
Ілиясы Жетісудің дүлдүл ақын,
Жырымен ұлағатты бізге жақын.
Көп өлеңі арналған балаларға,
Сондықтан ұмытпайды оның атын
1-жүргізуші: Зияткерлік додамызда 2 топ өз бақтарын сынап, білімдері мен білгірлігін ұштап, алға шабуға дайын тұр. Олар:
1-топ «Сахара сұңқарлары»;
2-топ «Алаш құлагерлері»;
3-топ «Сарыарқа саңлақтары».
2-жүргізуші:
Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
Сайыстың әділ бағасын беретін, топтардың біліктерін сынап бағалайтын әділқазы алқасымен таныс болыңыздар:
2-жүргізуші:
1) Тәрбие ісінің меңгерушісі -Карипжанова Х.С.
2) Тарих пәнінің мұғалімі -Бакетова Б.К.
3)Колледж кітапханашысы-Сагындыкова Г.Ж.
1-жүргізуші: Жалпы зияткерлік сайысымыз 5 кезеңнен тұрады. Қатысушылардың әр кезеңдегі бағасы ереже бойынша бағаланады. Енді сол байқаулар кезеңдерімен таныстырып өтсек:
1-кезең «Топтың үні – ұран» (таныстыру)
2-кезең «Білімділер бәйгесі»
3-кезең «Жүйріктер жорғасы»
4-кезең «Дарындылар додасы»
5-кезең «Парасатты полиглоттар»
2-жүргізуші: Ал ендеше, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» демекші, бұл ойынға қатысушылар білімді, талапты білім алушылар! Алдағы жарыста қатысушыларға сәттілік тілей отырып, алғашқы кезеңді бастауға рұқсат етіңіздер!
Жұрт көңіліне жетсін әрбір сөздерің,
Көпшіліктің жеткізіңдер көздерін
Зияткерлік-танымдық бұл жарыста,
Әр топ ұрандатып, таныстырсын өздерін
1-жүргізуші:
1-кезең «Топтың үні – ұран»
Сайыскерлер өз топтарын таныстырады.
1-топ «Сахара сұңқарлары» - 24-11 топ
Ұраны С.Сейфуллиннің «Қара бүркіт» өлең шумақтарынан алынған:
Қыраным! Топшынды жи, қанат қомда!
Ұранды қаттырақ сал оңды-солға,
Жауын көп алыста да, жақында да,
Ұшсаң да, отырсаң да қамсыз болма!
2-топ «Алаш құлагерлері» - 24-103 топ
Ұраны І.Жансүгіровтың «Күн боламыз» өлең шумақтарынан алынған:
Туғанбыз күн нұрынан күн боламыз, Нұр шашып қараңғыны жарқ етіп. Ту ұстап, тұлпар мініп толғанамыз, Көк жерді көміп нұрға, қарық етіп!
3-топ «Сарыарқа саңлақтары»- 24-13 топ
Ұраны Б.Майлиннің «Елге хат» өлең шумақтарынан алынған:
Елім-ай, бір сен үшін міндім атқа,
Көзден жем қылмаймыз деп енді жатқа.
Көтеріп Алаш туын ұрандалық,
Қарамай шапқан қылыш, атқан оққа!
1-жүргізуші:
Тарихта бірге туып,бірге өткен,
Алашорда,ұлтшыл деп атап кеткен.
ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында,
Жазықсыз жаза кешіп,жапа шеккен.
2-жүргізуші:
Қарымды қаламгер дарындылар
Қалдырдың ұрпағыңа жалын жырлар
Қыршын жаста қырықтың төртін көрер көрмес.
Опат болды қазақта нар тұлғалар
2-жүргізуші:
2-кезең «Білімділер бәйгесі». Сайыс шартын мұқият тындаңыздар: бұл кезеңде тест сұрақтары оқылады. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі. Топтар кезектесіп жауап береді. Ойлануға 30 секунд уақыт беріледі.
1.Ілияс Жансүгіровтің туған жылы?
б)1894
2. Бейімбеттің шын есімі?
с) Бимағамбет
3.Сәкен Сейфуллиннің шын есімі?
в) Сәдуақас
4. «Шұғаның белгісі» шығармасы қандай үлгіде жазылған?
б) проза
5.Сәкен Сейфуллин қандай революциялық ұйым құрды?
В) «Жас қазақ» ұйымы
6.І.Жансүгіровтің прозасы
А) «Жолдастар»
7.С.Сейфуллин кай күні туылған?
Б) 15 қазан
8.«Мырқымбай», «Түйебай», «Даудың басы-Дайрабайдың көк сиыры» кімнің әңгімелері?
а) Б. Майлин
9.І.Жансүгіров үш айлық мұғалімдер курсын қашан бітірді
А)1920
10.С.Сейфуллиннің тұңғыш өлеңдер жинағы қашан шықты?
Б) 1915 Өткен күндер
11. «Үш бәйтеректі» ата:
в) І. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Сейфуллин
12.Сәкен Сейфуллин қай өңірде туылған?
А)Жезқазған
1-жүргізуші:
3-кезең «Жүйріктер жорғасы». Бұл кезеңнің шарттарымен таныстырып өтсек: топтарға Үш бәйтерекке қатысты сөздер жасырылады. 3 минут ішінде жасырынған сөздерді тауып, оқып шығасыздар. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.
1-топ «Сахара сұңқарлары»:
БЕЙІМБЕТ МАЙЛИНГЕ қатысты сөздерді қалтырып айтасыздар
ҚҰЛАГЕР, АБАЙ, ТОЛЫҚТАУЫШ, «МЫРҚЫМБАЙ» ТЕҢЕУ, ҚЫЗ ЖІБЕК, БІРЖАН САЛ, БИМАҒАМБЕТ,ӨЛІМНЕН ҚОРЫҚТЫ, «Түйебай», «ОЯН, ҚАЗАҚ», ЕСКЕНДІР, ЭССЕ, АЙТЫС, «Даудың басы-Дайрабайдың көк сиыры», ЗАР ЗАМАН, АҚҚУЛАР ҰЙЫҚТАҒАНДА, БЕС АРЫС,ШҰҒАНЫҢ БЕЛГІСІ
2-топ «Алаш құлагерлері»:
ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВКЕ қатысты сөздерді қалтырып айтасыздар
ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ, СӘДУАҚАС, ҰЛЖАН,ҚҰЛАГЕР. ҮСТЕУ, БАЛҒОЖА, КЕЙІПТЕУ, АҚСУ, МАЙҚАНОВА, УНИВЕРСИТЕТ,ҚАТАҒАН, ҚҰРТҚА, КҮЙШІ, БЕС ДҰШПАН, «АНАМА ХАТ»,КҮЙ, БЕКЕЖАН, 45 ҚАРА СӨЗ,
СӘКЕН СЕЙФУЛЛИНГЕ қатысты сөздерді қалтырып айтасыздар
СӘДУАҚАС, «ШҰҒАНЫҢ БЕЛГІСІ», ЗЕРЕ, АНЫШТАУЫШ, «ӨТКЕН КҮНДЕР», «ЕГІННІҢ БАСТАРЫ», МЕТАФОРА, ҚАЖЫМҰҚАН, ТӨЛЕ БИ, БҰҚАР ЖЫРАУ, 15 ҚАЗАН,БЕС АСЫЛ ІС, «ЖОЛДАСТАР», ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ, АТЫМТАЙ ЖОМАРТ, «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫ, ТОНЫКӨК, ҰЙҚАС, «ЖАС ҚАЗАҚ»
2-жүргізуші: Сәкен, Бейімбет, Ілияс! Үшеуінің де жөргегі – ұланғайыр бір даланың топырағы. Біреуі – соның кіндік ортасында, біреуі теріскей, біреуі – күнгей шалғайында бір жыл туыпты. Үшеуі де бір жаздың майсасынан алғаш нәр татып, бір қыстың ызғарынан алғаш қар басыпты.
2-жүргізуші:
4-кезең «Дарындылар додасы». Бұл кезеңнің шарттарымен таныстырып өтейік, мұқият тыңдаңыздар. Сіздерге берілген тақырыптар бойынша 20-30-40 ұпайлы сұрақтар жасырылады. Яғни, әр топ тақырып пен ұпай санын таңдап, сол сұраққа дұрыс жауап берулерін қажет.
Тақырып -20 ұпай 30 ұпай 40 ұпай
1.Жол басы
1.Бейімбеттің туып өскен жері (Қостанай облысы, Тобыл ауданы, Майлин кеңшары) -20 ұпай
2.Сәкен неше жасынан жетім атанды? (4 жас) -20 ұпай
3.І.Жансүгіров атында қандай университет бар? (Талдықорған қаласында Жетісу мемлекеттік университеті) -20 ұпай
4.Үш бәйтерек қашан,калай қайтыс болды? (1938 жылы репрессияға ұшырап, опат болды)- 20 ұпай
2.Ғасырлық туынды
І.Жансүгіровтің қандай поэмалары бар? («Күйші», «Күй», «Дала», «Құлагер») -30 ұпай
2.Б.Майлиннің алғашқы прозалық туындысы («Шұғаның белгісі) -30 ұпай
3.Суреттегі қай ақын? (С.Сейфуллин)- 30 ұпай
4. С.Сейфуллин қандай орденмен марапатталды? (Еңбек Қызыл Ту орденімен)- 30 ұпай
Баспалдақтар
1. «Байдың қызы», «Рәзия қызы», «Қашқын келіншек», «Зайкүл» кімнің шығармалары(Б.Майлин) -40 ұпай
2.С.Сейфуллин 1934 жылы қандай поэма жазды? («Көкшетау»)
3.Б.Майлин қайда оқыды? (Уфадағы Ғалия медресесінде)
4.С.Сейфулиннің 1916-1919 жылдың оқиғаларын қамтитын, тарихи-революциялық тақырыпта жазылған романы? («Тар жол, тайғақ кешу»)
1-жүргізуші: Үш бәйтерек… Үшеуінің туысы қандай бірдей болса, тұрысы қандай әр бөлек. Біреуі – дәйім биікке талпынып, алға ұмтылған өр халықтың асыл арманындай асқақ, біреуі – талайды бастан кешіп, тауқыметке төзіп өскен қауымның сарқылмас сабырынан жаратылғандай сом, мығым. Біреуі – көпті көріп, көпті сүйген халықтың парасат – парқын, арман – аңсарын, мұқалмас жігерін кең қамтып, кемел сіңіргендей қуатты да нәрлі. Үшеуі де – халқы мен заманның ауыздарынан түсе қалғандай адал ұл.
2-жүргізуші:
5-кезең
Парасатты полиглоттар. Сайыс шарты бойынша әр топ жұмбаққа 3 тілде жауап беруі тиіс. Мұнда тек қазақша, орысша, ағылшынша тілде дұрыс сөйлеумен қатар, қатесіз айтылуы ескеріледі. Әр дұрыс жауап – 5 ұпаймен бағаланады.
1) Тілден ұшып, құлаққа қонады. (сөз – слово – word)
2) Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама. (кітап – книга – book)
3) Көзге ілінбейді, жұтсаң білінбейді. (ауа – воздух – air)
4) Ат міндім қарала аяқ қаздақтатып, жүргенде жол салады табандатып. (қалам – ручка – pen)
5) Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі… (Көктем — весна — spring)
6) Мұрты бар, иегінде сақал жок, тон бар, киетін шапаны жок, Пайдасы үй ішінекн табылған соң, далаға кіріп шығар сапар жоқ (Мысық — кот — cat)
7) Футболшының алаңдағы ойын заты - _____ (Доп — мяч — ball)
8) Жеті қазынаның бірі, адамды қорып жүретін досы - ________ (Ит — сабака — dog)
9) Әр адамның шағын отаны - ________ ( Жанұя — семья — family)
10) Қалқиып ұзын құлағы, елеңдеп қорқып тұрады (Қоян — заяц — carrot)
11) Ер қанаты - _______ (Ат — конь — horse)
12) Ердің ____ сөйлегені өлгені (екі — два — two)
1-жүргізуші:
Сәкендей 20 жаста өлең жазып,
"Тар жол тайғақ кешуінде"айтып кеткен
"Асау тұлпар","Домбыра","Көкшетауы"
Халқының жүрегінен орын тепкен
2-жүргізуші:
Маңдайына түскен шашын орай ширап
Жазудан бас алмайтын Бейімбетім
Жиырмасында "Шұғаның белгісімен"
Зиялы қауымды сен таңқалдырдың
1-жүргізуші:
Табиғатты жырлаған Ілияс ақын
Тарих пен тағдыр ісін жырлаған шын
Айшықты көркем сөзбен әсірелеп
Сұлулыққа құштарлығын ұнатамын
2-жүргізуші: Сайысымызды қорытындылау үшін әділқазы алқасын ортаға шақырамыз!
(Марапаттау рәсімі)
2-жүргізуші:
Үш бәйтерек қазақта аты шыққан
Бейімбет, Сәкен, Ілияс даңқы шыққан
Әдебиеттің төріндегі айтулы ақын
Әр қазақ өздеріңмен болған мақтан
1-жүргізуші
Ұлттық салт -дәстүрлерге тиіп төр де,
Бейбіт күн болсын әркез сүйікті елде.
Оятып санамызды баба рухы,
Көк байрақ желбіресін биіктерде!
2-жүргізуші: Бүгінгі үш бәйтеректің 130-жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Үшеудің үні» атты зияткерлік-поэтикалық сайысымыз өз мәресіне жетті. Бұл іс-шараның өтуіне үлес қосқан қатысушы топтар мен әділқазы алқасына, сонымен қатар зер салып, топтарды ықыласқа бөлеген көрермен қауымана алғысымызды білдіре отыра, келесі кездескенше…
Бірге: Қош сау болыңыздар
САРЫАРҚА
САҢЛАҚТАРЫ
3-кезең

СӘДУАҚАС, ҰЛЖАН,ҚҰЛАГЕР. ҮСТЕУ, БАЛҒОЖА, КЕЙІПТЕУ, АҚСУ, МАЙҚАНОВА, УНИВЕРСИТЕТ,ҚАТАҒАН, ҚҰРТҚА, КҮЙШІ, БЕС ДҰШПАН, «АНАМА ХАТ»,КҮЙ, БЕКЕЖАН, 45 ҚАРА СӨЗ.
3-топ «Сарыарқа саңлақтары»:

СӘДУАҚАС, «ШҰҒАНЫҢ БЕЛГІСІ», ЗЕРЕ, АНЫҚТАУЫШ, «ӨТКЕН КҮНДЕР», «ЕГІННІҢ БАСТАРЫ», МЕТАФОРА, ҚАЖЫМҰҚАН, ТӨЛЕ БИ, БҰҚАР ЖЫРАУ, 15 ҚАЗАН,БЕС АСЫЛ ІС, «ЖОЛДАСТАР», ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ, АТЫМТАЙ ЖОМАРТ, «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫ, ТОНЫКӨК, ҰЙҚАС, «ЖАС ҚАЗАҚ»
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Үш бәйтерек-үшеудің үні» зияткерлік-поэтикалық сайыс

шағым қалдыра аласыз