400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Үш дос" өлеңі (оқушы шығармашылығынан)

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушы шығармашылығынан үзінді өлең
Материалдың қысқаша нұсқасы

Үш дос.



Тал-қайыңдар көлбеңдеп,

Нұр жамылды жер мен көк.

Келе жатты үш қоян,

Ну орманда серуендеп.


Менсінбейтін басқаны,

Ақ қоян сөз бастады:

- Ұнатады өңімді

Әлемдегі жас-кәрі.


Өңім әппақ қар сынды.

Жүгірісім қарқынды.

Адамзатты тамсантып,

Ән шырқаймын тартымды.


Тілім шешен, сөздерім-

Дана екенін сезді елім.

Дөп-дөңгелек, қып-қызыл

От шашады көздерім.


Жанарлары жарқылдап,

Қара қоян қарқылдап

Мақтанышпен сөйледі

Жон терісі жалтылдап:


- Мақтанышым сыйымды,

Өңіме ел сүйінді.

Жақтырады адамзат

Алуан түрлі биімді.


«Дәт» дегізіп жауларды,

Алдан сезем әу-жайды.

Қарақаттай көздерім,

Көрген жанды баурайды.


Ойлап талай қулықты,

Алмақ болып билікті –

Ала қоян осы сәт,

Сөзге келіп килікті.


Кез келді сыр ақтарар,

Жол менікі мақтанар.

Көз тұндырар өңімде

Қара да бар, ақ та бар.


Айтыңдаршы өздерің,

Бар ма сірә, менде мін?

Табылады тұрқымнан,

Екеуіңнің өңдерің.


Шырқап жүріп жағымды ән.

Ел көзіне танылған

Менің биім емес пе

Жан-жануар табынған?


Күндерім жоқ көңілсіз,

Кірбеңім жоқ болымсыз.

Мен тұрғанда екеуің,

Бөсулерің орынсыз



Дауыстары қарықты,

Бөлісе алмай «даңқты».

Ормандағы үш қоян

Жанжалдасып қалыпты


Көпке дейін керісті,

Тістелесті, тебісті.

Ең ақыры мынадай,

Шартқа бәрі келісті:


Аң мен құсты жинайық,

Бағаларын тыңдайық.

Белгілесін солар кеп,

Бар екенін кімде айып».


Шақырды құс, аңдарды,

Тастап шулы орманды -

Өткізуге бәсеке

Кең жазықты таңдады.


Ұмыт болды шат күлу,

Қуыстану, сақсыну.

Үшеуі кеп жазыққа

Жасап жатты жаттығу.


Түс кезінен асқанда,

Мекендейтін асқарда

Хабар алған үш бүркіт

Қалықтады аспанда.


Тамашаны жердегі,

Көрді де олар төзбеді.

Дайын тұрған жемтікке

Тұнып кетті көздері.


Аялдамай көп енді,

Үш қоянды «өнерлі»

Шүйіліп кеп үш бүркіт

Іліп ала жөнелді.


Жанжалдасқан бөсумен,

Жерге сыймай есірген.

Үш қоянның тағдыры

Тынды осылай кесірмен.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10.05.2025
175
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі