400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үш өлшемді әдістемелік жүйе (УӘЖ)

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл технология негізінде оқушының жеке басының қабілетіне сәйкес ой белсенділігі мен шығармашылығы қарапайымнан күрделіге бағытталады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Үш өлшемді әдістемелік жүйе (УӘЖ) – сапалы білім беру кепілі

ХХІ ғасырдың жан – жақты зерделі, дарынды талантты тұлғасын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Егеменді елдің «Ел межесі – елулікке өту» басты мақсаты болған соң, білім мен ғылым саласы дүниежүзілік деңгейге сай болуы керек.

    Бүгінгі таңда педагогикалық технологиялардың 300- ге жуық түрі белгілі, солардың ішінде «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» (УӘЖ) педагогикалық технологиясы. Авторлары: Ж.А.Қараев және Ж.У.Кобдикова.

Әдістеменің ерекшелігі мен мазмұны неде?

    «Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясын қолдану арқылы сыныптағы оқушылардың білім сапасын көтеруге болады. Бұл технологияны негізінде оқушының жеке басының қабілетіне сәйкес ой белсенділігі мен шығармашылығы қарапайымнан күрделіге бағытталады.

     Бұл әдістеменің тағы бір ерекшелігі, оқушылардың танымдық белсенділігін ынталандырып, арттыратын құрал ретінде «ашық журналда» қолдану аталмыш технологияның оқушыларды бағалаудың ынталандыру  жағын күшейтетін ұтымды бөлігі болып табылады.

     «Ашық журнал» арқылы әр оқушы орындаған тапсырмасын осы журналға тіркеу барысында олар бір – бірінің алға жылжуын бақылау мүмкіндігіне ие болады және деңгейлік тапсырмаларды орындау дәрежесі туралы ақпарат ала алады

 

Сабақ құрылымының мазмұндылығы мен жүйелілігі реттеліп,  тақырыпты меңгеруде оқушыда өз бетіндік іс – әрекет белсенді жүреді. Мұғалім әр оқушының білім – білік дағдысын зерттеуге мүмкіндік алады.

    «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» (УӘЖ) – технологиясымен жұмыс жасауда мұғалімнің теориялық деңгейі нығайып, шығармашылық ізденісі жан – жақты дамиды.

    Нәтижесінде шынайы жарыс рухы пайда болады, тәжірибе көрсеткендей, оқушы өзінің ілгерілеу динамикасын басқа адам табыстырақ оқушылармен салыстыра отрырып олардан қалғысы  келмейді, оның табысқа итермелейтін ынта жігері артады.

  «УӘЖ» технология қолдану жағдайында оқушы мен мұғалімнің өзара тәуелді корпоративті әрекеті басым болады, сондай – ақ оқуды рефлексивті басқару жүзеге асырылады. Және педагогикалық диагностика әдістерін онтайландыратын, бұл технологияның денсаулық сақтаушы қасиеті бар.

   Технологияның тиімділігі:

   Технологияның «психо сақтаушы» екендігін айтуға болады, өйткені ол оқу процесінің барлық қатысушыларына қолайлы жағдай туғызады.

1. Баланың жеке қасиеттерін, оның темпераментін, оқу материалын қабылдау ерекшеліктерін ескеру.

2. Мұғалім технологияны жұмыс барысында қолдануда үлкен жетістіктерге қол жеткізеді.

1. Оқушылардың білім сапасы көрсетіледі олар әрбір пән бойынша мемлекеттік стандарт деңгейінің ең аз қажетті көлемін 100% үлгеріммен қамытуына кепілдік алады;

2. Қабілеті жететін пәндерден жоғары деңгейлерге дейін жете алатын болады;

3. Әр оқушыға үй жұмысы жеке басының қабілетіне сәйкес сараланып берілетін болады. Сол арқылы артық жүктемені жою мәселесі шешімін табады.

4. Дарынды балалар дер кезінде анықталып, дами алады.

5. Оқу сапасының мониторингісі және диагностикасы оқушы білімін бағалаудың әділеттілігі қамтамассыз етіледі.

6. Оқытуды ақпараттық технологиялар тиімді пайдаланады.

Атаулы технология бойынша деңгейлік тапсырмалар мазмұны: 
1-ші деңгей - стандарттың ең аз қажетті көлемін қамтиды; 
2-ші деңгей - бірінші деңгейдегі тапсырмалардан тереңдетілген, олардың себеп-салдарын анықтайтын деңгей; 
3-ші деңгей - жалпылауға, қорытындылауға арналған тапсырмалар. 

Оқушыларға берілетін деңгейлік тапсырмалар:

1-деңгей тапсырмалары: 3 балл

a+2*b/c*x

a*x/p*q

sqr(x)+sqr(y)

2-деңгей тапсырмалары: 4балл

sqrt(m+sqr(n))/exp(x)

exp(-4)/5*sin(x)

3-деңгей тапсырмалары: 5 балл

1/cos(x)+ln(abs(x/2)

программа құру

Program esep1;

Var a, b, c, z:real;

Begin

a:=0.317;

b:=3.27;

c:=4.7561;

z:=c+cos(b)/2*c-sqr(a);

write(z);

end.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
1695
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі