Үш тілде білім беруді дамыту

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үш тілде білім беруді дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі таңда үштілді білу – заман талабы. Бірнеше тілді меңгеру арқылы жас ұрпақ білім кеңістігінде еркін самғап, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуға мүмкіндік алады. Осы орайда,жан-жақты білімді, бәсекеге қабілетті, мәдениетті тұлғаны қалыптастыру балабақшалар мен мектептерде үштілді оқытуды қолға алудағы негізгі мақсат–бірнеше тілді меңгерген болып табылады
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мақала


ҮШ ТІЛДЕ БІЛІМ БЕРУдІ

ДАМЫТУ

Бүгінгі таңда үштілді білу – заман талабы. Бірнеше тілді меңгеру арқылы жас ұрпақ білім кеңістігінде еркін самғап, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуға мүмкіндік алады. Осы орайда,жан-жақты білімді, бәсекеге қабілетті, мәдениетті тұлғаны қалыптастыру балабақшалар мен мектептерде үштілді оқытуды қолға алудағы негізгі мақсат–бірнеше тілді меңгерген болып табылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың:«Қазақстан бүкіл әлемде халқы үштілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс,қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі -ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі», -деген болатын.Балабақшадан бастап үштілде оқыту жаңа заманның талабына, сұранысына сай болмақ . Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады және ерте жастан ағылшын тілін оқыту сәбилердің коммуникативті даму біліктілігін арттыра отырып,қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден үш тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады.Ағылшын тілінде қатынас жасау мақсатқа сай болуы тиіс. Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың тілді жақсы әрі еркін меңгеруде тигізер әсері мол.Ол адамның интеллектуалдық,тәрбиелік және рухани әлеуетін жақсартады.Ағылшын тілін ерте жастан оқыту балалардың жалпы және тілдік дамуын реттейді, балаларды өзге ұлт мәдениетін білуге және құрметтеуге үйретеді. Ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, ересек адамға қарағанда кішкентай бала ағылшын тілін тез меңгереді. Баланың ағылшын тілін үйренуге деген қабілеттілігі өсе келе бәсеңдейді .Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тілінде, дыбыстарды дұрыс дыбыстауға үйрету арқылы шет тілінің бастапқы дәні себіледі.Елімізді жаңа саяси жолға бастайтын Президентіміздің «Қазақстан –2050»Стратегиялық Жолдауында Қазақстан азаматтары 2025 жылға дейін үштілді меңгеру керектігі, білім арқылы интеграциялау үшін ағылшын тілін де жақсы білу қажеттігі айтылған болатын.Сондықтан Елбасы Жолдауының басымдықтарының бірі–үштілді азаматтар қалыптастыру.Ағылшын тілін оқытуды мектепке дейінгі мекемелерден басқа, отбасы ортасында да жүзеге асыруға болады.Бұл үшін педагогикалық білімнің болуы міндетті емес, жай ғана үй жағдайында балалармен ойындарды ұйымдастырып өткізу ғана жеткілікті, мысалы ас дайындау, немесе серуен кезінде белгілі бір заттарды ағылшын тілінде атауын қайталату.

Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналармен байланыста ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне,ертеңгіліктерге пікір алмасу мақсатында дөңгелек үстелге шақырылады, сауалнамалар жүргізіледі. Ағылшын тілінде бөлмедегі жиһаздарды орнына қою, дүкендерді аралау, телефонмен сөйлесу, т. б. түрінде де ойналады . Жүйелі және мақсатты ағылшын тілін оқыту ережеге сай мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балаларға білім беру үрдісінің негізгі формасы болып табылатын арнайы сабақтарда жүргізіледі .Ағылшын тілі сабағында барлық тапсырма жалпы тақырыппен байланысты болу керек.Мектепке дейінгі жас тіл меңгеруге әсіресе қажетті жас деп есептеледі. Бұл жерде осы жаста білім беруді интенсивті түрде өткізудің қажеттілігі туындайды. Балаларды шет тіліне оқытуға бағытталған жұмыс негізінен оқыту мақсаттары , яғни оқыту үрдісі балалардың сөйлеу қабілетін меңгерумен қатар,тілдік біліктіліктеріне диалогтық сөйлеу, тыңдау бағытталған.Тіл ол психология, этика, ол әр халықтың тарихи жады, өмір-тіршілік өрісі, эстетикалық қуанышы, кеудесінен жарып шыққан өкініші мен мұң-налысы, өнер алды жалғыз-дара қазақ тіліміз.Ғылым тілі ағылшын, немесе, орыс тілі емес. Ғылым тілі халықаралық тіл. Оны адамзат баласы өзі жасаған. Әлемдік білім беру іс-тәжірибесінде көптілді және билингвалды білім беру. Қазақстандық білім беру жүйесінде көптілді және билингвалды білім берудің халықаралық іс-тәжірибесінде қолданыс тапқан моделдерін енгізу – жаңа педагогикалық проблема, өйткені ол жаңа жағдайларда шығармашылық тұрғыдан іске асырылуы тиіс. Ағылшын тілін оқыту әдістемесінің балаларға бірден-бір тәсілі ойын болып табылады. Ойын – баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы. Мектепке дейінгі жаста ойын әрекеті жетекші әрекет екенін ескере отырып, балалар өзінің жеткен нәтижесін ертерек көру үшін ұйымдастырылған оқу-іс әрекеттерін көбіне сөйлеу қабілетін дамытуға бағытталған ойын формасында өткізу өте тиімді. Ойын тілді әр жаста тез меңгеруге өте жақсы жағдай жасайды әрі көмектеседі Мектеп жасына дейінгі балалалрдың негізгі іс-әрекеті – ойын болып табылады. Ойын – балалардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан да мектепке дейінгі балалар іс-әрекет үстінде ойынды көп қажет етеді. Оқу іс-әрекет мазмұнда суреттер, ойыншықтар қолданған дұрыс. Ойын балалардың іс-әрекет деген қызығушылықтарын арттырады. Сол себептен әр іс-әрекет ойынын пайдалану – басты мақсат.Ойын әдістемесі балаларды да,тәрбиешілерді де қызықтырады.Ол қарапайымдылығымен тиімді.Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде ойын элементтері қолданылады, тілді үйрету және жетілдіру бойынша оқу-қызметін ойын түрінде жүргізеді. Осы ойын әдістемесін қолдану «Мектеп жасына дейінгі балаларға ойын арқылы ағылшын тілін үйрету»жобасы арқылы үйретіледі.

Ойыншықпен жұмыс: ойыншықпен диалог.Суретпен жұмыс, суреттерді суреттеу, мәнерлеп сөйлеу әндерді жаттау.Қысқа әңгімелерді және көріністерді сахналау.Зайцев методикасы үш жасар балаларға арналған. Әдістеме алғашында қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруға әзірленген. Ендігі кезекте оны ағылшын тілін үйрету үшін бейімдеп, лайықтады. «Зайцев текшелеріне» ағылшын тіліндегі әріптер қолданыла бастады. Глен Домен әдістемесі нәрестелерге арналған. Баланың көру есіне әсер етеді, болашақта білім беру үрдісінде оқуға көмектеседі және сөздерді есте сақтауға әсер етеді. Әдістеме қарапайым, өздігінше карточка ретінде әзірлеуге болады. Карточкалармен тек сәбилер ғана емес, сонымен қатар ересек жастағы балалар да, мектепке дейінгі жастағы балалар да қолдана алады. Ұйымдастырылған оқу қызметінде балалармен келесі жұмыс түрлері қолданылады:Балалардың сөйлеу,есту қабілеттерін дамыту; оқытудың әр түрлі формалары (топпен жұмыс, жеке жұмыс, жұппен жұмыс) қолданылуы керек; Көзбен көріп есте сақтау қабілеттерін дамыту барысында әр түрлі көрнекілік құралдарын қолдану;Есту қабілеттерін дамыту үшін үнтаспа құралдарын пайдалану;Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті балаларға арналған дамыту барысында ағылшынша өлеңдер, тақпақтар, санамақтар, ертегілер, жұмбақтар пайдалану керек;Балалардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттыра отырып,отбасына,қошаған ортаға,Отанға, сұлулыққа, тазалыққа, табиғатқа т.б.деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Мектепке дейінгі білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты мазмұны аясында балаларды тілдік дайындау«Коммуникация», «Денсаулық», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» салалары бойынша жүргізіледі.Сол салалардың мектепке дейінгі ұйымдарда үштілді енгізуге мүмкіндік беретіндерінің бірі–«Коммуникация»саласы.Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарын іске асыру барысында үштілде оқыту дамыту бойынша арнайы бағдарламалар,мектепке дейінгі білім беруде педагогтарының алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелеріне негізделген оқытудың инновациялық технологиялары енгізіліп жатыр.Қазіргі таңда Лебяжі ауданының «Айналайын» балабақшасы үштілдікті оқутуда.




Бейсенова Айжан Бектурсыновна «Айналайын» балабақшасының тәрбиешісі



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 







 








































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.05.2018
528
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі